Тіл дамыту, айналамен танысу және математика бойынша материалдарды меңгерудегі бақылау ұйымдастырылған оқу іс-әрекет конспектілері
1 ұйымдастырылған оқу іс-әрекет
Тақырып: ”Астық мерекесі" Ескерту: Осы және келесі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте балаларға ұсынылған міндеттер анық тұжырымдалу қажет, балаларға сұрақтарды айқын қою, түсіндіруден соң ойлануға уақыт беру, балалардың жауабын бөлмеу қажет.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы: Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде әдеттен тыс сабақ. Біз сендермен астық мерекесін ұйымдастырайық, бірақ алдымен астықты жинап алайық. Оларды қайда жинайды?
Ал біз өнімді былай жинаймыз: әрбір қатар - бұл бригада. Міне әр бригада үшін себет (жазық себеттер орнатады). ,
Ал міне өнімдер (жазық жемістер, көкөністер, саңырауқұлақтар, жидектер бейнелері көрсетіледі), бірақ та менің есебімді дұрыс шешкеннен соң ғана оларды себетке салуға болады. Бригадалар өзара жарысады, кім көп есеп шешсе - солардың өнімі көп болады. Мұқият болыңдар. Жауабы дұрыс және барлығына түсінікті болу қажет.
1.Мақсаты: қозғалатын нәрселерді ажырату және олардың ерекшеліктерін алу қабілеттерін анықтау.
Тақтаға көліктің түрлері: велосипед, автобус, самолет, троллейбус және т.б. бейнеленген затгық суреттер ілінеді.
-Суреттерге мұқият қараңдар да, ойланыңдар, мұндағы бейнелерді бір сөзбен қалай айтуга болады.
-Ал енді әрбір бригада қандай көлікпен жолға шығатынын білу қажет. Міндет: Мен көліктің әр түрі туралы (оның түрі қандай, қалай жұмыс істейді, кім оны жүргізеді) әңгімелеймін. Сендер оның атын атап, неге олай шешкендеріңді сөзбен түсіндірулерің қажет. Әрбір бригадаға жеке айтамын. Дұрыс жауабы үшін ұтысқа жеміс немесе көкөніс алады. Тәрбиеші алдын ала жұмбақ қарастырады. Мысалы: Бұл қалалық көлік. Ол бір немесе бірнеше вагоннан тұрады. Бір вагонында электр сымына қосылған доғасы бар. Көлік рельспен ғана жүреді. Оны жүргізуші жүргізеді. Бұл не? (Барлық бригадаларға осылайша тапсырма беріледі).
2.Мақсаты: заттардың белгілі бір қасиеттерін боліп алу, салыстыру және топтау біліктерін анықтау.
Материал: әр балада жеміс пен коконіс бейнеленген сурет. Суреттер әр бала екі рет ойнай алатындай етіп алыну керек.
-Міне енді біз жолға шығамыз. Бірінші аялдама бақшада немесе бауда.
-Бізде үстелдің үстінде жеміс пен көкөніс бейнеленген заттық суреттер бар. Әрқайсыларың өз суреттеріңді алып, мұқият қараңдар (пауза).
Ал енді тапсырманы тыңдаңдар:
Балалар, кімде: а) дөңгелек пішінді; б) сопақша пішінді жемістер бар, солар менің қасыма келіңдер.
Балалар суреттерін көрсетіп, жемістерді атайды.
Ойын тағы да осылайша бір рет қайталанады.
3.Мақсаты: сөздегі алғашқы дыбысты ажырата білу қабілетін аныктау.
-"к" дыбысына басталатын жеміс суреттері бар балалар, менің қасыма келеді.
Қолындағы суреттегі жемістер атауы "а", "қ", "с", "ш" дыбысынан басталатын балалар үстелден шығыңдар. Топқа жалпы сұрақ: "Балалар тапсырманы дұрыс орындады ма?" (Тәрбиеші бақылау жүргізу үшін әрбір тапсырмаға берілетін суреттер санын толық білу қажет. Егер кейбір балалар шықпаса, тапсырманы еске алып, топпен бірге тағы бір рет суретгерді тексеру қажет).
Сергіту сәті Мақсаты: балабақша қызметкерлері, еңбекке қажетті жабдықтар туралы білімін анықтау. Үлкендердің мамандықтарына қызығушылық, үлкендерді және олардың еңбектерінің нәтижесін қүрметтей білуге, жұмысқа деген ықыласын тәрбиелеу
Материал: заттық суреттер: қуыршақ, кітап, пирамида, қарындаштар (тәрбиеші жұмысы үшін); градусник, дәрілер, шприц, дәке (мед бике жүмысы үшін); сыпырғыш, арбаша, қалақша, күрек (аула сыпырушы жұмысы үшін); пышақ, кәстрөл, ожау, таразы, таба (аспазшы жүмысы үшін). Суреттерді ойыншық заттармен алмастыруға болады.
-Біздің саяхат жалғастырылады. "Балабақша" аялдамасы. Балабақшада кімдер жүмыс істейді?( балалардың жауабы)
-Адамдарға жұмыс істеу үшін әртүрлі жабдықтар, құралдар керек. Тақтада бірнеше еңбек құралдары бейнеленген суреттер ілулі түр. Мұқият қарап алыңдар. (Сэл үзіліс жасалады).
-Ал енді ойнаймыз. Кім тәрбиеші болғысы келеді? Медбике, аула сыпырушы, аспаз болғысы келеді? (Балалар шығады).
-Өздеріңнің мамандықтарыңа қажетті құралдар бейнеленген суретгерді таңдап алындар.
Енді құралдарды атап, онымен не істейтіндіктеріңці түсіндіріңдер.
Мақсаты: жануарлар, олардың өмір сүру әдістері, қөректенуі, қорғануы туралы балалардың білімін анықnау; шартты өлшемдерді қолдана білетіндігін анықтау, ұжымдық әңгімелесуге қатысуға: жолдастарының жауаптарын зейін қойып тындай білу, топқа берілген сұраққа жауап беру қабілетін анықтау.
Материал: кұрбақа, қоян және тиін бейнеленген заттық суреттер, осы жануарлардың маскасы. Ұзындықгары бойынша әртүрлі үш өлшеуіш- сызғыштар.
-Келееі аялдама "Орман". Ертегіні тыңдаңдар: "Орманда дос андар: Құрбака, Қоян, Тиін өмір сүріпті.Олар секіре алатындықтан үшеуі дос болыпты. Сендер қалай ойлайсыңдар. Олар неге секіреді?".
-Бір күні олар жарыс ұйымдастырыпты: Бір ағаштан екінші ағашқа кім тез секіреді. Олар белгі бойынша секіре бастайды. Үшеуі де өте тырысады.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, кім бірінші болуы мүмкін? Неге?
-Енді олар қалай жарысқандығын көрейік. Міне спортшы-достар мыналар. (тілек білдірген балаларға маскалар беріледі). Ал міне мынау секіру ұзындығын белгілейтін өлшеуіш-сызғыштар. Кімге қайсысы керек? ("Спортшылар" өздері таңдайды).
-Сөре мен мэренің белгілері міне! (Затпен немесе жалаушамен белгілейді). Былай секіресіңдер: белгі бойынша бәрің бір уақытта өлшеуіш-сызғыштарыңмен өлшеп, бормен белгілейсіңдер, Төреші секіру-өлшемінің дәлдігін қадағалайды.
-Дайындалындар! Сөреге! Марш!
-Достар орманда жарысып жүргенде, көрермен-аңдар сыйлықтар дайындайды. Бұл олардың сүйікті астары болады.
-Қалай ойлайсыңдар, кімге қандай сыйлық сыйлаймыз?
-Осы кезде Қасқыр жетіп келді. Біздің достар қорқып, қасқырдан қорғануға кірісті. Қалай ойлайсыңдар, олар қалайша қорғанды?
-Міне, ертегі де аяқталды. Жарайсыңдар!