Тақырыбы: «Кітаптар еліне саяхат» Мақсаты: балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұны бойынша сұрақтар қоя білу, жолдастарының жауабын мұқият тыңдай білу, тақырыптан ауытқымай көргенін немесе естігенін байланыстыра әңгімелей алу білігін анықтау. Шығармадағы кейіпкерлердің адамгершілік қасиетгерін айыра білу және оларды бағалай білу.
Балалар, біз сүйікті кітаптар еліне келдік. Саяхатты былайша жасаймыз: мен сендерге сурет, зат көрсетемін немесе шығармадан үзінді окимын, ал сендер осы шығарманың атын және онда не туралы айтылатынын еске түсіресіңдер.
Тәрбиеші заттарды көрсетеді: құмыра мен табақ, ("Түлкі мен тырна" ертегісі бойынша). "Алдар көсе мен шықбермес Шығайбай" ертегісіне иллюстрация немесе ертегіден үзінді оқылады. Қызыл телпек немесе қызыл телпек киген қуыршақ ( Ш.Перроның «Қызыл телпекті қыз» ертегісі бойынша) және т.б.
1.Мақсаты: балалардың жеке гигиена заттарын қолдана білу қабілеттерін анықтау; затты сипаттай білуі
Материал: Заттар: тарақ, тіс щеткасы, киім щеткасы, сабын орамал, тіс пастасы.
-Бұл қапта да сендердің сүйікті кітапшаларыңның кейіпкерлері. Мен қапшықтан заттарды аламын, ал сендер оларды атап және қалай қолдануға болатынын түсіндіріңцер.
Барлық заттарды шығарган соң, тәрбиеші сұрайды? "Бұл кейіпкер-заттар бізге қандай кітаптан келді?" (К.Чуковский "Мойдодыр")
3 Үйымдастырылған оқу іс-әрекет
Ойын "Бәрін білгім келеді” Мақсаты: Күн жүйесінің планеталары бойынша балаларға қарапайым түсінік беру; Жер бетінде жерліктер, басқа планетада - инопланетяндар, басқа планета адамдары тұратындығын білу.
1.Өлең шығармашылығына үйрету.
2.Қазақ даласының жануарлары туралы бІлімдерін тереңдету; туған жерінің табиғатын сақтауға жауапкершілік сезімін дамыту.
3.«Ертегі» жанырымен жұмысты жалғастыру; "Тапқыр бала" қазақтың халық ертегісімен таныстыру; тілді жаңа сөздермен байыту-батыр, жігіт, шапан, аңыз, талқан, ұршық, пері.
4.Туған елімен таныстыруды жадғастыру.
5.Дене шынықтыру сапаласы мен дағдьшарын дамытып жаттықтыру.
6.Аспаптық музыкаға сәйкес вальс биінің қозғалыстарын орындау.
7.Эмоциональдық жэне психологиялық қабылдауды және ойын арқылы жаңаны тану ықыласын дамыту.
8.Қазақстандық патриотизмді дамытуға қолдау жасау.
Материал: Күн жүйесі планеталарының тақтадағы модуль-сызбасы (схема); таяқтар, дауылпаз; "Космонавт" медалі; "Қазақстан жануарлары" иллюстрациясы; ертегіші Рахат Лукумның чалмасы; ұршық; ертегілерге иллюстрациялар; теледидар; проигрыватель; "Бәрін білгім келеді" деген өлеңі бар күйтабағы, магнитофон; Хамидидің "Казақ вальсі" фонограммасы; "Жайлау" ойынына казақ халқы сазының фонограммасы; "сиқырлы" таяқшалар; фишкалар.
-"Психологиялық шеңбер" - бір біріне жақсылық, табыс тілеу.
-Іс-әрекетке ынталандыру:
1.Тақгаға қараңдар! Бүл не екенін білгілерің келе ме? Балалардың жауабы.
2.Міне сендер бүгінгі күннің ұранын анықтадыңдар, яғни бүгін немен айналысатындықтарыңа мақсат қойдыңдар. Оны бәріміз қосылып айтайық: Бәрін білгім келеді!
3.Бүгін біз космосқа ұшамыз. әртүрлі планеталарда боламыз, одан соң елге қайтып ораламыз. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетгі бастамас бұрын ұранды тағы еске түсірейік.
Балалар: "Бәрін білгім келеді!"
2.Күн жүйесінің планеталарымен танысу. -Мұнда қараңдаршы! Бұл күн жүйесінің планеталары. Планеталар деп қандай да бір жұлдызды айналып қозғалатын аспан денелерін айтамыз.
-Сендер жұлдызды көрдіңдер ме? Ал қандай да бір планетаны көрдіңдер ме? Менің ойымша көрдіңдер. Қараңғы түндер болады, тек қана жүлдыздар жарқырайды. Жарық түндер де болады, өйткені бір планета жарық береді, ол-Ай. Міне ол-Ай планетасы. Ал мына планеталар Меркурий, Венера, Марс, Европа, Юпитер, Сатурн. Ал, планета атауларьш қайталайық.
-Қараңцаршы, міне біздің Жер планетамыз. Ол басқа планеталардан түсі жағынан бөліктенеді. Басқа планеталар - оттай қызыл, Ай-суық, ал Жер - көгілдір -жасыл, өйткені мұнда ормандар, теңіздер, өзендер өте көп. Сондықтан да мұңда өмір сүру бізге жақсы және ыңғайлы.
-Қалай ойлайсындар бұл не? (Күнді көрсетеді). Одан жылу мен жарық шығады. Иә, бұл күн. Күн-планета емес, ол ең үлкен жұлдыз. Барлық планеталар күнді айналады. Мүмкін оларда жерлік емес, басқа планеталықтар - инопланетяндар өмір сүретін болар. Біз Жер планетасында тұрамыз, біз оның тұрғындары, жер адамдарымыз. Біз кімбіз? (Жер адамдары, жерліктер).
- Өзге планеталарда болғыларың келеді ме? (Олай болса, бізді жүйрік ракеталар күтіп тұр) Ал ракеталарда ғарышкерлер ұшады. Ғарышкерлер қатарына жазылу - тек жаттығудан қейін. Жаттығуға сап түзейміз! (Сапқа тұрады).