21
Дәм сезу мүшесі немесе дем сезу анализаторы.
Дәм сезу мүшесі ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды. Дәм
сезу
рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде,
жиегінде, жұмсақ
таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасады.
Дәм сезу
рецепторлары тағамның химиялық құрамын жақсы сезеді. Әсіресе тәтті, ащы,
тұзды, қышқылдың әсерін сезеді. Жаңадан туылған төлдерде дәм сезу
басқаларға қарағанда ертерек шығады.Тілдің
сілемейлі қабықшасында дәм
сезу емізікшелері болады. Бүртік жасушаларының ұшында 40-50дей жіңішке
түтікшелер болады. Тамақ заттары дәм сезу жасушаларының түтікшелерін
тітіркендіреді. Қозу дәм сезу рецепторларынан тілге келетін жүйке талшығы
арқылы сопақша миға, одан ортаңғы мидағы
көру төмпешіктері мен ми
қыртысына беріледі. Тілде сезімтал рецепторлар біркелкі орналаспайды.
Мысалы, тілдің ұшы тәттіні,
артқы бөлігі ащыны, жиегі қышқылды, ұшы
тұздыны сезеді.
Достарыңызбен бөлісу: