Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет13/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

1.2 Ірі қара малдың ішек құрылысы 
Ішектің жіңішке бөлігі асқазаннан басталады және үш негізгі бөлікке 
бөлінеді. (сур. 6) 
Он екі елі ішек (жіңішке ішектің бірінші және ең қысқа бөлігі, 
ұзындығы 90-120 см. Оған без жолдары кіреді. Аш ішекке ( ішектің ең ұзын 
бөлігі – 35–38 м, шажырқайда көптеген ілмектер ретінде ілінген);Мықын 
ішек ( аш ішектің жалғасы, оның ұзындығы 1 м). 
Ішектің жіңішке бөлігі оң жақ қабырға астында болады және бел 
омыртқаның 4 ші деңгейіне дейін жетеді. Жіңішке ішектің кілегейлі қабығы 
азықты қорыту мен абсорбациясына маманданған: ол қатпарларға бөлінген, 
олар ворсинкалар деп аталады. Олар ішектің сіңіруші бөлігінің көлемін 
үлкейтіп отырады.
6 Сурет Ірі қара малының ішек схемасы 
Ұйқы безіде оң жақ қабырға асытнда орналасқан және бір тәулік 
уақытта он екі елі ішекке бірнеше литр панкреатитік секрет бөледі, ол 
секретте нәруыз, көміртегі, май, қандағы қант мөлшерін реттейтін инсулин 
гармонын ыдырататын фермент болады.


25 
Бауыр ірі қара малдың оң жақ қабырға астында орналасқан. Ол арқылы 
кежек, ішек асқазаннан келіп күре тамыр арқылы ағатын қан өтіп, 
фильтрленеді. Бауырда майды түрлендіретін без бөлінеді, ол ішек 
қабырғасына қанның сіңуін қамтамассыз етеді.
Бауырдің көлемі ірі қара денесінің 1,1 мен 1,4 % арасында ауытқиды.
Ішектің жіңішке бөлігінде асқазанның ішіндегі азық бездің қызметіне 
тап болады, сонымен қатар асқазандық және ішек сөлдерінің әсері болады, ол 
азықтың күрделіден жай бөліктерге бөлініп, одан кейін сіңуіне әкеледі.
Жуан ішек соқыр ішек, қарта, тік ішектен тұрады. Соқыр ішек ол қысқа 
түтік, ұзындығы 30–70 см. Қарта ол ұзындығы 6–9 м қысқа ішек. Тік ішек 
құйымшақтан 4-5-ші деңгейде орналасқан, бұлшық ет құрылымы мықты 
және анал мен анус каналынан аяқталады.
Ірі қараның жуан ішегінің диаметрі аш ішек диаметрінен бірнеше есе 
үлкен, Кілегейлі қабатында ворсинкалар болмады, бірақ тереңдетілген 
жерлері крипттар бар, оларда жалпы ішектік бездер боладі, дегенмен 
фермент бөлетін жасушалары аз. Бұл бөлікте калдық массалар қалыптасады. 
Жуан ішекте клетчатка 15–20 % сіңеді. Кілегейлі қабат бөлетін сөлде кілегей 
көп те, ферменттер аз. Ішек құрамындағы микробтар көміртегінің ашуына 
әкеліп соқса, шіріткіш бастериялар асқорытудан қалған протейннің бүлінуіне 
әкеледі, сонымен қатар индол, скатол, фенол сияқты зиянды заттардың пайда 
болуына әкелуі мүмкін, олар интоксикацияны болдырады, мысалы 
нәруызбен шеттен тыс қоректендірілу, дисбактериоз, рационда көміртегі 
жетіспеушілігі. Бұл заттар бауырда жойылады. Жуан ішек бөлігі арқылы 
минералды және тағы да басқа қосылыстар бөлінеді. Қатты перисталтикалық 
қасиетке байланысты жуан ішектің ішіндегі барлық масса қарта арқылы тік 
ішекке түседі, ол жерде калдық массалар жиналады. Калдық массалардың 
сыртқы ортаға шығуы аналды канал (анус) арқылы жүздеге асады.
Жануарларда дене қызуын ректалды әдіспен 10 мин ішінде 
анықтайды, тік ішекке 7-10 см тереңдікте алдын ала вазелин жағылған 
термометрды енгізу арқылы. Құралды кіргізу алдында шайқап алу керек. 
Термометрге резенке түтік орнап қоюға болады, ол қайта суырып алуға оңай 
болу үшін жасалады. Резенге трубканы құйрыққа бекітіп қоюға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет