32
кезінде ересек төл және ондағы ұрықтыұ су жатырдан шығады. Сиырларда
төлдеуге дайындық кезеңі 30 минуттан 12 сағатқа (орташа 6 сағ) созылады,
төлдің шығу периоды – 4 сағат, одан кейінгі кезең – 6–8 сағат. Кез келген
бөгеттер әр трлі патологияларға әкелуі мүмкін. Кез-келген бұзылыс әр түрлі
патологияға ұшыратады. Әдетте ірі қара малда 1 бұзау 20- 50 кг салмақпен,
егіз – сирек туылады. Егер әр түрлі жынысты егіз туылған жағдайда, ұрғашы
малы әрдайым ұрықсыз келеді, себебі еркек гормондары әйелдің жыныс
мүшесінің жетілуіне кедергі жасайды. Бұқаға ұқсас мұндай ұрғашыларды
фримартин деп атайды.
Туғаннан кейінгі кезең, жүктілік кезеңі және туу
кезінде 3-4 апта уақытында өзгерген жыныстық және т.б мүшелерінің
инволюциясы аяқталғанға дейін жалғасады. Жатырдың инволюция процессі
жатыр қуысынан- қағанақ суының қалдықтары, ұрықжолдас, жолдас бөлігі,
қан және т.б заттар бөлінеді. Ірі қара малында олар ағыл-тегіл болып келеді.
Көбінесе жатқан кезде, ең алдымен қан тәрізді, сосын қоңырлау болып, содан
соң ақшылдананып келеді.Туғаннан кейін 10-14 күнге қарай кетеді. Ірі қара
малын бұзаулағаннан кейін, үнемі сауып және төлін емізіп отырса, жобамен
11 ай бойы лактация (сүт бездерінен сүттің бөліну процессі) процессі жүреді.
Сүт бездері жүктілік кезкңінің аяғында жетіледі, туғаннан кейін ең жоғарғы
жетілуге жетеді. Туғанға дейін бірнеше күн бұрын
ақуыз бөлінуі басталады
және туғаннан кейін оның бөлінуі жоғарылайды. Туғаннан кейін 2-3 күннен
соң ақуыз құрамы өзгеріп, 5-8 күннен соң сүтке айналады. Жас аналар 9 айға
дейін емізеді(етті тұқымдарда, әдеттегідей, 6-8 айға дейін), бірақ бұзаулар
шөп жей бастаған 3 айлық жасында анасынан суалтып алып кетуге болады.
Суалғаннан кейін сиырды қайтадан шағылыстыру керек (әдетте 2 ай
демалады), сонда сүт келесі төлімен бірге шығады.
2 кесте - Малдың күйлейтін мерзімі және овуляция өтетін уакыт
Күйлейтін мерзімі
Овуляция өтетін уакыты
Мал
түлігі
Төлдегеннен
кейін
Қайталануы Үзақтығы
Сиыр
20-30 күнде
21 күнде
15-20 сағат
Күйлеуі тоқтағаннанкейін
10-15 сағаттан соң.
Егер де овуляциядан кейін мал тоқтап кетіп буаз болған жағдайда, сары
дене мал төлдегенге дейін өзінің қызметін тоқтатпай, сақталып қалады.
Мұндай сарыденені
буаздықтың сары денесі деп атайды. Ал егер де,
буаздық
болмай жыныстықцикл қайталанатын болса, пайда болған сары дене 7-10
күннің ішінде ыдырап, жоқболып, сіңіп кетеді де,
ұрық безінде қайтадан
фолликулдер өсіп жетіле бастайды.Бұндай жағдайда сары дене
жыныстык,
циклдің сары денесі деп аталады. Буаздықтыңсары денесі мал төлдегеннен
кейін 30 күннің ішінде, жыныстық циклдің сарыденесі 15-20 күннің ішінде
33
ыдырап
сіңіп кетпей тұрып қалса, ондай сары дене
түрып қалған немесе
персистентті сары дене деп аталады. Бұл аурудың белгісі.
Көп
төлді
жануарлардың
жұмыртқалығында
бір
мезгілде
бірнешефолликулдер пісіп жетіледі де, овуляция үрдісі ұзаққа созылады.
Бұқаларда агрессияшылдықты төмендету немесе жегін мал ретінде
қолдану
үшін,
оларды
аталықсыздандырады(піштіреді)
немесе
кастрациялайды. Кастрация –деп жыныстық мүшенің оперативті жойылуын
айтамыз. Жыныстық мүшемен ешқандай мәселе шықпас үшін, оған
стерилизация жасайды.Стерилизация кезінде жыныстық мүшелерге ештеңе
болмайды, ал оперативті араласу кезінде оның функциялары бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: