82
нашарлап, коректік зат, оттегі дер кезінде жеткізілмегендіктен, сол
жерлердегі ұлпалар өліксе жағдайына ұшырап, ақырында жайылып кеткен
жалпы өліеттенген ұлпалардан құралған үлкен іріңді жара орнында тыртық
қалады. Өліеттену процесі теріден, шел торшалардан да әрмен тереңдей
түсіп, кейде қара ет немесе бұлшық еттерді жауып тұратын фасцияны да
ерітіп, шірітіп жіберетін қауіпі бар екенін есте сақтау керек.
Клиникалық сипаты мен белгілері. Ауру ең алғаш түймедей ісіктен
басталады. Бірақ ісік күн сайын жайылып, көлемі ұлғая түседі де,
шыдатқызбай, сыздап, солқылдап, әкете береді. Қол тигізе алмайсыз. Ісік
пайда болған жердің терісі қара-күрең тарта ісініп, қатайып кетеді. Терінің
эпидермис атты қабығында шұрық-шұрық тесіктер пайда болып, сол
тесіктерден елек көздерінен түскен ұн сияқты, жасыл қошқыл қою ірің аға
бастайды. Терең үңіліп, қадағалап қарайтын болсақ, сол тесіктер түбінен
өліеттену жағдайына ұшыраған ұлпалар көрінер еді. Біраздан соң, осы
кішігірім тесіктер өзара қосылып, тері бетінде көлемі үлкен жара пайда
болады да, сол жарадан ірің, өліеттенген ұлпалар шыға бастамақ. Карбункул
ауруына шалдыққан жануардың жалпы хал-жағдайы нашарлап, бүкіл ағзада
жалпы өзгерістер байқалады. Жануарды жай-күйін тексерген дәрігер, оның
дене қызуы 41 градусқа дейін көтерілген, тамыр соғуының жиілегенін,
денесін суық қара тер басқанын, кейде есінен айырылып қалады. Жарадан
ірің өліеттенген ұлпалар тері сыртына шыға бастаған күннен бастап,
жануардың жалпы жағдайы жақсара түспек. Дененің басқа жерлерінде пайда
болса, ол лимфаденит, лимфангит, тромбофлейбит, сепсис, іріңді менингит
жағдайына ұрындыруы мүмкін. Стафилоккок немесе стрептококк
микробтарының салдарынан пайда болған карбункул ауруын топалаң
ауруынан айыра білу керек. Карбункул ауруына шалдыққан жануарды емдеу.
Карбункул ауруы асқынып бара жатса аталмыш шалдыққандарды
клиниканың хирургиялық бөлімшесіне орналастыру керек. Жаңа басталған
дертке антибиотиктерді новокаин ертіндісімен қосып, бұлшық еттерге
енгізеді. Жаңа басталған ауруға УВЧ әдісі де қолданылады. Қабыну ісігінің
үстіне құрғақ таза шүберек салады. Немесе синтомициндік эмульсия жағып,
байлап таңады. Осындай емдердің айтарлықтай көмегі болмай жағдай
қиындай түссе, ол малға операция жасалынады. Ол үшін наркоз беріледі,
карбункул ісігінің беті айқастыра тілініп, ірің-шіріп кеткен барлық өліксі
ұлпаларды алып тастайды да, ірің жиналған жерлер тазартылады. Операция
кезінде қансырау аз болады. Операциядан кейін пайда болған жараны тікпей-
ақ сол жараға тұзды суға малынған дәке салып, протеолиттикалық
ферменттер ертіндісімен жараны жуып күн сайын таңып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: