Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал


 Ірі қара малдарда ми қабыршағының энцефалопатиясы



Pdf көрінісі
бет60/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81
3.5 Ірі қара малдарда ми қабыршағының энцефалопатиясы
Бұл ақырын таралатын инфекциялық ауру, ол жүйке жүйесінің 
зақымдануымен сипатталады: бас миында вакуола пайда болғандағы 
дегенеративті өзгеріс.
Аурудың қоздырғыштары – прион – ақуыз тәрізді инфекциялық бөлік, 
инактивация факторына қарсы тұра алады. 
Бұл аурумен ересек ірі қара мал ауырады – 2,9 жастан 11 жасқа дейін. 
Инфекция көздері – ауру малдар. Олар ақырындап, жыл мезгіліне қарамастан 
әр уақытта шығады. Бұзау да инфекциялық қоздырғыш болып табылады.
Микроскоппен қарағанда ми кемік сияқты болады, сондықтан оны 
“кеміктәріздес энцефалопатия” деп атаған. 


85 
22 Сурет - Ірі қараның ми қабыршағының энцефалопатия ауруынан 
өлген малдар суреті 
Аурудық инкубациялық уақыты 2,5 жастан 8 жасқа дейін бөлінеді. 
Аурудың бегілері тек ересек малдарда ғана көрінеді. Буаздық, қорқыныш, 
шудың және түртудің әсерінен құлау, кейде шыдамсыздық, тіс қайрау
бұлшықеттің босаңсуы, атаксия, теңселіп жүру, жамбас буындарының 
әлсіздігі, ауруды сезіну сезімдерінің жоғарылауы байқалады (сур. 22,23). 
Дененің температурасы қалыпты жағдайда болады. Клиникалық кезең 1–5 
айға дейін және одан да көпке созылады. Өлімге әкеледі.
23 Сурет - Ірі қараның ми қабыршағының энцефалопатия ауруы кезінде 
мал күйі 
Диагноз бас миын гистологиялық зерттеудің негізінде қойылады.
Бұл аурудың қоздырғыштары шетелден келетін болғандықтан
қордырғыштарды алып кіруді болдырмау үшін қажетті шаралар жасау қажет, 
оның ішінде сойылған ірі қара мал өнімдерінен сақ болған дұрыс.


86 
3.6 Сальмонеллез 
Бұл жас ірі қара малының және т.б ауыл шаруашылық малдарының 
жұқпалы ауруы. Көбінесе емшектен айырғанда, жиналмалы сүтке 
ауыстырғанда болады, және асқазан, өкпе- бауыр және т.б мүшелердің 
зақымдалуымен сипатталады.
Қоздырғышы – сальмонелла микробы, дезинфекциялық заттар әсеріне 
төзімсіз. 
10 күннен бастап 2 айлық жастағы бұзаулар ауру жануарлардан және 
вирустасушылардан жылдың барлық мезгілінде жұқтырады, көбінесе қыс-
көктем мезглінде, алиментарлық жолмен, көбінесе сүт арқылы. 
Инкубационды период 1-8 күнге созылады. Ауру өткір және 
созылмалы болып келеді. Өткір түрінде ауырып қалған жануарларда дене 
температурасы көтеріліп(безгектік), жемнен бастартады және көп жатады. 2-
3 күннен соң тышқақтық пайда болады, дәреті сұйық қан араласқан болып 
келеді. Ентігу және конъюнктивит байқалады. 3-5 күннен кейін ауырған 
жауар құламаса , созылмалы түрі дамып жатыр, ол жөтелдің пайда болуымен, 
ентігу, пневмания, буындардаң қабынумен сипатталады. Ауру жануарлар 5-
10 күннен соң опат болады, кейбіреуі жазылып, көп уақыт бойы дамудан 
қалып қояды. Мұндай жануарлар дені сау жануарларға жұқтыруы мүмкін. 
Диагнозды өліктіңклиникалық және эпизоотологикалықбелгілерінің негізіне 
қарай, сонымен қатар өлген жануарлардың тіндері мен қанының 
бактериологиялық және сриологиялық зерттеулерінің қорытындысы 
бойынша қояды. Сальмонеллезды диспепсиядан және колибактериоздан 
дифференциалдайды. 
Ауру жануарларға ішке антибиотиктер (синтомицин, левомицетин, 
хлортетрациклин, террамицин), сульфаниламидты (норсульфазол, этазол) 
және нитрофуранды (фуразолидон, фурагин) препараттар береді. 
Жануарларды уақытымен суалтып, емшектегі жануарлардың толық 
емізілуі, жас мал рационына бактериалды препараттардың енуі аурудын 
алдын алуға әсер етеді. 
Профилактика үшін буаз сиырларды, содан соң бұзауларды вакциналайды. 
Ауырып жазылған жануарларда мықты иммунитет қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет