91
бұзылуымен, басын артқа еңкейтумен, айналмалы қозғалумен,
көп жатумен
және тез өлумен өтеді. Обтурационды түрі сырттай сау бұзауларда кенеттен
шаншудың пайда болуымен сипатталады: жерге кенеттен құлау, басты ішке
қарай қысу, бір орында айналу.8 айдан үлкен ірі қара малда ауру айқын
белгілерсіз өтеді
Мониезиозға диагнозды клинико-эпизоотологиялық мәліметтер,
гельминтоскопиялық
зерттеулер,
диагностикалық
дегельминтизация
(буындар мен фрагменттерін табу) және овоскопия негізінде қояды.
Ауруды емдеу үшін антгельминттік заттарды пайдаланады: бұзауларға
фенасал 0,15 г/кг жекелеп, 10–12 бастан тұратын топқа –
құрама азықпен
қосып 0,2 г/кг, мыс сульфаты 1 % сулы ерітінді түрінде қолданылады, 1 л
қайнатылған суға 1-4 мл тұз қышқылын қосу арқылы шыны ыдыста
дайындалады, ерітіндіні резеңке түтік арқылы3-тен 6 айға дейінгі бұзауларға
120-150 мл көлемде енгізеді.
Алдын алу мақсатында бұзауларды екі рет дегильминтизациялайды:
алғаш рет өріске шығарғаннан кейінгі 35-40 күнде, екінші рет- біріншіден 35-
40 күн
өткен соң, ал 1 жасқа дейінгі төлдерді- жайылымға шығарғаннан
кейінгі 35-40 күннен кейін. Ағымдағы жылы туған бұзауларды жасанды
жайылымда немесе лагерльлерде ұстау ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: