Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет59/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   81
 Ринотрахеит жұқпалы ауруы.
Бұл тез гениталды, өткір, конъюнктивті, жүйке формалары мен 
қалыптан тыс ауру белгілері бар жұқпалы ауру.Ауру қоздырғышы -
ұшық (герпес) вирусы. 
Герпес-вирус, дезинфекциялық заттарға шыдамсыз, қышқылды ортады 
әлсізденеді және формальдегид ерітіндісінде өледі. (1:500) 
Рнотрахеит жұқпалы ауруына ірі қара малы қандай жаста болмасын 
төзімді болып келеді. 
Вирустардың көзі – ауру жануарлар (өмір бойы). Вирус жөтелгенде, 
мұрыннан аққанда, сперма арқылы, тұқымқуалаушылық арқылы 
таралады. Дені сау және ауру малдарды бірге ұстағанда ауру вирусы тез 
жұғады. Аурудың өткір түрі көбінесе семірген бұзауларда болады. Олар 
жөтеліп, мұрындарынан, ауыздарынан сұйықтық ағып, тәбетінің қашуы 


84 
және т.б белгілері болады. Ауру асқынбаса, жануар 5-7 күнде жазылып 
шығады. Егер ауру асқынып кетсе, онда ол 1-3 аптаға дейін созылады. 
Генитальды формасы сиырлар мен бұқаларда болады. Бұл ауру 
жануардың жыныс мүшесінің бұзылуына әкеп соқтырады. Кіші дәретке 
көп барады.Ауру соңы жазылумен аяқталады.Бұл аурумен ауырған буаз 
сиырлар түсік тастайды.Аурудың жүйкелік формасы 6-айға дейінгі 
бұзауларда болады. Дене температурасы көтеріліп, тіпті бұзау талып 
құлауы мүмкін. Бұзаулар арып, 3-7 тәуліктен соң өледі. 
Аурудың емделуіне гипериммундық іріткілер, глобулиндар т.б дәрілік 
заттар қолданылады. 
Ірі қара малды бұл аурудан сақтандыру үшін вакцина егеді. 
Ірі қара малының вирусты диареясы. 
Ірі қара малының вирусты диареясы - ас қорыту жолдарының сілекей 
қабықтарының 
зақымдалуымен, 
ринитпен, 
жалпы 
жағдайының 
төмендеуімен, диареямен сипатталатын жедел түрде өтетін ауру. 
Қоздырғышы - тогавирус тобына жататын вирус. Минус 20оС-тан 
төмен температурада тіршілікке қабілеттілігі ұзақ сақталады, 37оС 
температурада бірнеше күн бойы әлсірейді. 
Вирусты диареямен мүйізді ірі қара, бұғы, еліктер, дала ешкілері 
ауырады. Ауру көбінесе ірі қара малында 2 жасқа дейін байқалады; жас 
төлдер аурудың ауа мен азық арқылы жұғуына өте бейім келеді. Сонымен 
қатар вирус плацента, ұрық арқылы беріліп тұқымды зақымдауы мүмкін. 
Сау малдарға ауру, ауру немесе ауырып жазылған малдардан жұғуы 
мүмкін. 
Ауырып жазылған малдар инфекцияның таралу көзі болып табылады, 
ұзақ уақытқа дейін қоршаған ортаға вирус бөледі.Диарея вирусының 
резервуары қойлар болуы мүмкін, өйткені олардың қан сарысуында 
спецификалық 
антиденелер 
жиі 
табылады.Аурудың 
шығуына, 
эпизоотиялық процестің асқынуына мал басының тығыз орналасуы
азықтандырудағы қолайсыз жағдайлар және мал ағзаның резистенттілігін 
төмендететін тағы да басқа факторлар әсер етеді.Вирусты диареямен 
малдардың ауыруы қоздырғыштың уыттылығына, малдардың жағдайына 
байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет