77
сақтау. Емі: ауру малға ем сарысуын егу, антибиотиктер, сульфаниламид
дәрілерін ішкізу. Адам Пастереллёзға шалдықса қабынған жер абсцесс және
флегмона түрінде өтуі мүмкін. Көбінесе Пастереллёз болған адамда
остеомиелит, бронхопневмония ауруы жиі кездеседі. Ауру адамға малдан
жұғатын болғандықтан. Пастереллёз- малды күткенде гигиена-санитариялық
шараларды сақтау қажет.
Лептоспироз (
грек.leptos —
жіңішке және грек.speіra —
ирекше, бұрама;
грек.osіs —
ауру) — адамдарда, сүтқоректілерде және құстарда кездесетін тез
жұғатын жұқпалы ауру.
Қоздырғышы — спираль пішінді лептоспира бактериялары. Негізінен,
онымен бауыр, бүйрек және майда қан тамырлары зақымданады.
Лептоспирозды 1888 ж. Ресей ғалымы Н.П. Васильев анықтаған.
Қоздырғышын жапон зерттеушілері 1914 — 15 ж. А.Инадо және А.Ито денесі
сарғайып ауырған адамдардан тапқан. Қазіргі кезде бұл дертті ауру
қоздырғышының түрлеріне, клиникалық белгілеріне, ауру ағымына
байланысты үш түрге бөледі:
1. интерогеморрагиялық
лептоспироз (
дене сарғаяды) немесе
Васильев-Вейль ауруы деп аталады;
2. каникол лептоспироз (
немесе Помон) (
денеде қан құйылу
байқалады);
3. “
су қызбасы” деп аталатын жеңіл өтетін (
дене сарғаймайды) түрі.
Қазақстанда лептоспироз “
су безгегі” деп атайды, республиканың
солтүстік және шығыс аймақтарында жиі байқалады. Лептоспироз тағамдық
өнеркәсіп мекемелері қызметкерлерінің, шахтерлердің, қалалық қоқыс
тазалаушылардың, ветеринарлар және ит питомнигі жұмысшыларының
арасында жиірек кездеседі. Ауру таратушы, яғни инфекция көзі — дала және
су тышқандары, егеуқұйрықтар; үй жануарларынан — ірі қара мал, шошқа.
Лептоспира бактериялары — тасымалдаушы жануарлардың бүйрегінің
майда өзекшелерінде өсіп-өніп сақталады, сыртқы ортаға несебімен шығады.
Лептоспира адамдарға лептоспира бактерияларымен ластанған су, топырақ,
ас тағамдары, тұрмыстық және мал өнімдерін өңдейтін өндірістік қалдық
заттармен ауыз қуысы, мұрын, көз шырышты қабығы және зақымданған тері
арқылы жұғады. Лептоспира жұққаннан кейін 3 — 5 миннуттан соң қанға
өтіп, бүйрек пен бауыр тіндеріне таралып, жылдам өсіп-өне бастайды.
Аурудың жасырын (инкубациялық) кезеңі орта есеппен 7 — 13 күнді
қамтиды. Ауру диагнозы лабараториялық әдістермен анықталады.Емі:
антибиотиктер беріледі. Гамма-глобулиндер егіледі.
Алдын ала сақтану үшін медицина-санитар-ветеринарлық кешенді
шараларды қолдану, тұрғындарды таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету,
мал суаратын жерлерден ауыз су алмау, т.б. қажет.
Лептоспироз – табиғи ошақты зоонозды жұқпалы ауру. Бұл аурудың
бастапқы атаулары: Вейль – Васильев ауруы, су қызбасы, саз қызбасы, ит
қызбасы, шошқа бағатындардың ауруы. Қазақстанда жергілікті халық бұл
ауруды «су безгегі» деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: