Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал


 Қозғалыс апараты немесе тірек-қоғалыс аппараты



Pdf көрінісі
бет6/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

1.1 Қозғалыс апараты немесе тірек-қоғалыс аппараты  
Қозғалыс аппараты қаңқа, байланыс және бұлшықеттермен 
сипатталады, басқа жүйелерге қарағанда ірі қара малдың дене салмағын, 
оның экстерьерін қалыптастырады. Оның мағынасын ашу үшін жаңа 
туылғандарда қозғалыс аппаратына малдың барлық салмағының 70–78 %, ал 
ересектерде 60–68 пайызға дейін кететіндігін білу жеткілікті. Филогенезде 
маңызы бойынша түрлі бөліктер қалыптасады: тірек құрылымы ретінде 
қаңқа, сүйектердің бірігуін қамтамасыз ететін байланыс және сүйек 
тіректерінің қозғалысына әкелетін қаңқа бұлшықеттері. 
Сүйек – бұл қаңқа бөлігі, құрамына түрлі тін элементтері кіретін орган. 
Ол 6 кешеннен тұрады, оның бірі қызыл сүйек жүйкесі – қан құрылысы 
органы. Барлығынан ұзақ қызық сүйек жүйкесі кеуденің алдыңғы бөлігінде 
және омыртқа бөлігінде сақталады. Барлық тамырлар (дененің 50 % дейінгі 
тамырлары) сүйектен шығады. Осы бөліктер арқылы ішкі тамырды 
алмастыратын ішкі сүйекті инъекция қалыптасады.
Ми сүйегінің қаңқасы миға арналған қынапты қалыптастырады, ал бет 
бөлігі – ауыз және мұрын қуысын, көз шарасын;самай сүйегінде есту бөлігі 
мен тепе–теңдік бөлігі орналасқан. Қозғалмалы бөліктерден басқа (төменгі 
жақ мойын сүйектері, самай және тіласты сүйектері), қаңқа сүйектері 
тігістермен біріктіріледі. 
Жануар денесін бойлай омыртқа жотасы орналасқан. Оларды омыртқа 
бағанасы (омыртқа денесінен жасалған тірек бөлігі) және омыртқа каналы 
(арқа миын қоршап тұратын, омыртқа доғасынан жасалған канал) деп бөледі. 
Дененің қозғалуына, түскен дене салмағына, механикалық күшке 
байланысты омыртқа жотасы әр түрлі пішінге енеді. 
Кеуде қуысы қабырға және кеуде сүйектерінен жасалған. Қабырға– 
доға тәрізді жұп сүйектер, омыртқа бағанасына көкірек бөлігінің омыртқа 
жотасына оң және сол жағымен бекітілген қозғалмалы бөлік. Олар кеуде 
қуысының жауырын бекітілген алдыңғы жағында бәсең қозғалады. Осыған 
байланысты алдыңғы үлестері өкпе ауруларымен ауырғанда тез 
зақымданады. Барлық қабырға конус формасындағы көкірек қуысын құрайды 


12 
және онда өкпе мен жүрек орналасады. Шеттік қаңқа 2 алдыңғы және 2
артқы шеткі жүйелермен танылады. Көкіректің шеткі бөлігіне: жауырын, 
қабырға, иық, иық сүйегі, білек, алақан, бунақтар жатады. 
Қаңқаның кәрілігі, ағзаның қартаюы мен жыныстық қартаюға 
қарағанда ,кешірек келетінін білуіміз қажет. Ал, жануарлардың қозғалу 
белсенділігінен айырылуы – бұзаулардың жартылай жетілген қанқамен 
туылуына әкеп соқтырады. Эмбриондық даму кезеңі кезінде перифериялық 
(шеттік қаңқа) қаңқаның тез өсуі жүреді, себебі бұл кезде бұзаулар өздігінен 
қозғалып, тұрып тұрып емізетін анасының емшегіне дейін жете алуы қажет. 
Туылғаннан соң қабырғалары, омыртқасы, кеудесі және жамбас сүйектері тез 
дамиды. Ірі қара мал салмағының өсуі 5–6 жаста аяқталады. Қаңқа қартаю 
процессі құйрық омыртқасы мен соңғы қабырғалардан басталады. Мұның 
бәрі сүйектердің минералдануына әсер етеді. 
Тізбек – олар сүйектер мен шеміршектерді бір– бірімен 
байланыстырып тұратын коллаген талшықтары, Сүйектерге түсіп тұрған 
күш, тізбектерге де түседі, бірақ тізбектер сүйектерді бір–бірімен 
байланыстырып, қаңқаға белгілі бір пішін береді. 
Жануарлардың қозғалмалы мүшелерінің сырқаттары ішінде көбінесе 
сүйектер біріктірілген жерлерде потологиялық процестер кездеседі, әсіресе 
буын шектері. Сүйектер біріктірілген жерлердегі потология қозғалу 
мүмкіншілігінен айырылу және белгілі түрде ауырумен аса қауыпты болып 
келеді. 
Бұлшықет 
ұлпасының 
ерекшеліктері: 
ол 
қозғалысты 
шақырып(динамикалық жұмысты), кішірейеді және бұлшықет тонусын 
жақсартады,сонымен қатар буын беріктігін және белгілі бір пішінді ұстап 
тұрады. Бұлшықеттердің үлкеюі, өсуі барлығы жасалған жаттығуға 
байланысты. Бұлшықет талшықтарының орналасуына байланысты, 
бұлшықет ұлпасы 3 түрге бөлінеді: тегіс салалы бұлшықет ұлпасы, көлденең 
жолақты бұлшықет ұлпасы, жолақты жүрек бұлшықет ұлпасы.
Тері. Ірі қара мал терісі түкті терімен қапталған. Олардың сыртқы түрі, 
температурасы, құрылымы зат алмасу үдерісіне байланысты болып 
келеді.Тері қорғаныштық қызмет атқарады. Ол зиян микроағзалардың 
ағзаға түсіп кетпеуін қамтамасыз етеді. Тері арқылы сумен бірге түрлі тұздар, 
сүт қышқылы азоттық зат алмасу өнімдері сыртқа шығарылады. Тері 
қанайналым үдерісінде қан сақталу қоймасының да қызметін атқарады. 
Жануар денесінің қанының 10 %– ы қан тамырларына сияды. Дене 
температурасына байланысты қан тамырлары созылып,кішірейеді. Терінің 
витаминдер алмасуына да қатысы бар. Теріде болатын ерекше заттардан 
күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен Д витамині түзіледі. Теріде 
аздаған мөлшерде газ алмасу үдерісі жүреді, яғни оттекті сіңіріп, 
көмірқышқыл газын бөледі.Теріде ағадағы артық май қор ретінде жиналады. 


13 
1 Кесте - Ірі қара малдың клинико-физиологиялық көрсеткіштері 
Мал түрі 
1 мин.тыныс алу 
қозғалысының 
саны 
Қалыпты 
температурасы, 
°С 
1 мин. тамыр соғу 
жиілігі 
І.қ.м. бұзауы 
25-30 
38,5-40,0 
60-80 
Ірі қара мал 
10-25 
38,0-39,5 
50-70 
Ірі қара малдың терісі жалпы дене массасының 3–8 % –ын құрайды. 
Бұқа терісінің салмағы 60–80 кг шамасында болады, қалыңдығы 2 – 6 ммдей 
болады.
Түкпен қапталған тері қабаттары ажыратылады:
Тері үсті қабаты (эпидермис) – сыртқы қабат. Ол тері түсін анықтайды, 
тері үстіндегі кірді, микроорганизмдерді жояды. Эпидермисте түктер өседі. 
Ортаңғы қабат (дерма) – нағыз тері. Бұл қабатта қан тамырлары, 
лимфа тамырлары, жүйке талшықтары өте жиі орналасқан. Эпидермисті 
қажетті қоректік заттармен осы қабат қамтамасыз етіп отырады.Ішкі жағын 
торлы қабат дейді. Дерманың торлы қабаты тірек қызметін атқарады. Бұл 
қабатта түктің түбірі, тер және май бездері орналасады. Ішкі қабаты 
(гиподерма) – шелді қабаты. Терінің шелмай қабаты да дәнекер ұлпадан 
тұрады. Бұл қабат ірі қара малдың денесін қаптап тұратын фасцияға келіп 
бекітіледі. Мұнда жиналған майлы заттарды ағза қажет кезінде 
пайдаланады.Терінің бұл қабаты ағзаны суықтан және сыртқы ортаның 
механикалық әсерлерінен қорғайды.
Май бездері тері негізінде орналасқан. Майлы бездердің өзектері 
түктердің түбіріне ашылып, түктерге, теріге май бөледі. Майлы бездерден 
бөлінген май теріні құрғап кетуден сақтайды, теріге суды өткізбейді. Терінің 
жұмсақтығы мен серпімділігін қамтамасыз етеді.
Тер бездері торлы қабатта орналасқан. Олар жануарлар терісінің эпидермисі 
түзейтін бір және көпжасушалы сөл бөлетін бездер. Олар тері сыртына 
әртүрлі заттар бөліп шығарады. Бездердің сөлдері теріні майлайды, 
организмнің жылу реттеу қызметіне және хемокомуникация , термогуляция 
үдерістеріне қатысады. Қорғану және шабуылдауда үлкен қымет атқарады. 
Ірі қара малдың сүт бездерін желін деп атайды. Ол төрт бөліктен 
тұрады.Әр бөлікте бір емшектен болады. Желін оң және сол жарты бөлікке, 
олардың әрқайсысы алдыңғы және артқы болып бөлінеді.
Емшекте ерекше сезімтал жүйке ұшы – рецепторлар орналасқан. 
Желіннің бездік не секреторлық тіні көптеген көпіршіктер(альвеол) мен 
шығарғыш түтікшелерден тұрады. Түтікшелердің қабырғасы жиырылғыш 
клетка қабатынан , сондай – ақ, ішкі қабаты сүт түзілетін бездік эпителийден 
тұрады. Шығарғыш түтікшелер қосыла келе сүт астауына ашылатын сүт 
түтіктерін құрайды. Сүт астауының емшек бөлігі емшек түтігімен аяқталады. 
Желінді пішініне, сыйымдылығына және еніне қарай бағалайды. Сүтті 
сиырлардың сауылған желіні босап, терісі жиырылады. Мұны «астау» желін 
деп атайды.


14 
Тұяқша – тұяқ сүйегімен берік байланысқан тұяқ ұлтаны. Ол 
эпидермистен және дермадан тұрады.Эпидермистен мүйізді тұяқтың
ұлтанын құрайтын түтікше мүйіз өседі. Дерма – тұяқ сүйегінің
сүйекқабымен тығыз байланысып бірігіп кеткен. Орналасуына қарай 
сүйекқабы 4ке бөлінеді: қайыма, табан , жақ , тәжі (сур. 4). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет