Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет34/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

 
Күннің өтуі 
Бұл жануар басына түзу күн сәулелерінің қарқынды және ұзақ әсерінен 
сопақша миының орталық жүйке жүйенің және оның маңызды центрлерінің 
ауыр қабынуы. Ми заты қатты қызып, маңызды ми центрлерінің параличе тез 
әкеледі. Күннің өтуіне шаршататын жұмыс, жүрек қызметінің бұзылуы, су 
жетіспеушілігі әкеледі.
Аурудың басында шаршау, қатты тер шығуы, жүйке-бұлшықет 
тонусының, сыртқы тітіркендіргіштерге реакциялардың төмендеуі, пульстың 
жиелеп, әлсіреуі және дене температурасының 41–45 °C дейін жоғарлануы 
белгіленеді. Көз қарашығы кеңейеді, жүрісі сенімсіз, қарауы қорқып тұрған, 
клонустық тырыспалар болады, содан кейін жануар құлап 1-3 сағат кейде 2-3 
күн ішінде өледі.
Көмек ретінде күннің өтуінің себептерін жою үшін жануарды салқын 
жерге апарып, су беріп шомылдырады, салқын клизмалар жасап, жылу өтуде 
сияқты жүрек және тыныштандыратын заттарды береді.
Жануарды ыстықта жайылымда ұстаған кезде күн өтуін алдын алу 
үшін оларды төбе астына, көлеңкеге орналастыру керек; малдарды бір 
жерден екінші жерге тәуіліктің салқын уақытында айдау керек. Жұмыс 
істейтін өгіздердің бастарын ыстық күндері ақшыл матадан астады қызыл 
матадан жасалған чепецпен қорғау керек.
Ірі қара малда құлақтың ауруы отит сияқты ауру сирек тіркеледі, отит – 
сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақтың қабынуы. Сыртқы құлақтың отиті сыртқы 
есту жолының механикалық зақымдалуында, жәндік кіргенде, күкірт 
толғанда, саңырауқұлақтық ауруларда тіркеледі.
Ортаңғы және ішкі құлақтың аурулары көбінесе жергілікті немесе 
жалпы инфекцияның дамуынан болады. Бұл патологиялардың негізгі белгісі 
– жануар құлағына ерекше назар аударады, басы ауыратын құлағының 
жағына иелген.
Жануардың жағдайына байланысты ветеринариялық дәрігер емдеу 
курсын ұсынады: құлақ жолын домдау, май немесе басқа түріндегі 
антибиотиктерді құлаққа салу.
Ірі қара мал тығыз орналасқанда көру аппаратының аурулары жие 
тіркеледі. Бөлек жағдайларда массалық болады, әсіресе санация бұзылғанда, 
қанағаттанбаушылық микроклиматта және т.б. Ең жие фермер конъюнктивит 
және кератит аурулар сиятылармен кездеседі – бөлек аурулармен немесе 
бірге болатын инфекциялармен және инвазиялармен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет