55
қабаттардың цианозы (көгеру) пайда болады, тамырлар қатты толады,
тынысы ауыз қуысының ашылуымен болады, тілі түседі.
Созылмалы тимпания өңештің қабынуы кезектік болады (азықтану
ережелері бұзылғанда), бірақ белгілер әлсіз көрінеді.
Жіті тимпанияда емі тез болу керек: өңештің уқлауымен бірге үлкен
калибрлі зондты енгізуімен өңештен газдарды шығарады. Бұл кезде
жануардың алдыңғы бөлімі артқыдан жоғару болу керек, газдар шыққаннан
кейін жалбыршақ қарынды сумен шаяды. Ірі қара малға ашуды әлсірету үшін
жалбыршақ қарынға зонд арқылы 1-2 л сумен араластырылған ихтиол (10–20
г), формалин (10–15 мл) немесе лизол – (5-10 мл) енгізеді. Егерде бұл
шараларжеткіліксіз болса, онда сол жақтағы аш ойық арқылы арнайы
троакармен өңештен газдарды шығарады, содан кейін сұйық емдік заттарды
құяды (тимпанол, деготь, креолин және т.б.).
Бұзауларға созылмалы тимпания кезінде 10–14 күн бойы тәуілігіне 1
рет ішке 500 мл судағы 5-10 мл және 500 мл асқазан сөлімен 30-50 мл тұз
қышқылын береді, жалбыршақ қарынды шаяды, содан кейін сау жануардан
микрофлораны енгізеді.
Ауруды алдын алу үшін тез ашитын азықтармен азықтандыру
ережелерін сақтау керек. Шабындық шөп жайлауларына малды айдаудың
алдында, әсіресе жанбырдан кейін алдын ала шөппен немсе сүрлеммен
азықтандыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: