Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет35/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

 
 
 


51 
Конъюнктивит 
Бұл конъюнктиваның қабынуы (сур. 12). Бұл аурудың ең жие болатын 
себептер ол: механикалық әсер (жарақаттар, бөгде заттар), жұқпалы аурулар 
(ірі қара мал телязиозы), инфекциялар (зілді катаральды қызба), химиялық 
тітіркендіргіштер (әк, қышқыл, сілті, емдік препараттар), авитаминоз, 
беттескен ұлпалардан қабынудың өтуі (жас аппараттан, қабақ терісінен, көз 
ортасынан). 
12 Сурет - Көз патологиясы 
Конъюнктивит бірнеше түрде болуы мүмкін. Катаральді конъюнктивит 
көз саңылауының толық немесе жартқылай жабылуымен, конъюнктиваның 
қызаруымен жіне ісінуімен, жас ағуымен, жарық қорқуымен сипатталады
ірінді түрінде – конъюнктиваның қатты ісінуімен, көздің ішкі бұрышынан 
іріннің бөлінуімен, қабақ жиектері мен конъюнктивада эрозиялармен ойық 
жаралармен сипатталады; флегмозды – көздің кілігей қабатының ісінуімен, 
валик түрінде көз саңылауынан конъюнктиваның шығуымен мінезделеді; 
фолликулярлы – үшінші қабақтың ішкі беткейіндегі фолликулдарының 
үлкейюәмен сипатталады.
Барлық жағдайларда біріншіден себебін жою керек, сосын емдеу 
курсын өткізу керек. Кез – келген түрінде ветеринариялық маманмен 
кенесудің алдында алдымен негізгі көмек ретінде ағындылардан, патогенді 
микрофлорадан көз кілегейін бор қызқылың 3 %-дық ерітіндісімен, марганец 
қышқылды калиймен (1:5000), риванолмен (1:10000) шайып тазарту керек. 
Ірінді түрін көзді фурацилинмен шайып (1:5000) содан кейін 
антибиотиктермен 
кортикостероидты 
көз 
майларымен 
домдайды. 
Фолликулярлы конъюнктивиті кезінде үшінші қабақтың аударып кілегейін 


52 
ляписті қарандашпен күйдіреді және хлорлы натрийдың 1 %-дық 
ерітіндісімен жақсылап шаяды. 
Кератит 
Қасаң қаықтың қабынуы немесе кератит, конъюнктивиттар кезіндегі 
себептердің әсерінен немесе жаңасқан ұлпалардан қабынудың өтуі 
нәтижесінде болу мүмкін, ол инфекциялық аурулармен бірге болу мүмкін, 
мысалы, аусыл. Бұл ауру кератоконъюнктивит сияқты конъюнктивиттің 
асқынуларынан да болады.
Аурудың басында жас ағу, көз саңылауының жартылай жабылуы
көздің мүйізгек кабығының жылтырлауы жоғалады, конъюнктиваның 
мезетте қызаруы. Қабыну процессінің қарқындығы үлкейгесін көздің 
мүйізгек қабығы көмескілене береді. Асқынған ағымында абсцесс, ойық жара 
пайда болады және көздің мүйізгек қабығының перфорациясы басталады. 
Бұл зақымдардан кейін байланысатын ұлпалармен толады да, нәтижесінде 
күнгірт дақ пайда болады – көз сүйелі. 
Ірін жиналған кезде конъюнктивтік қапшықты бор қышқылының 3 %-
дық ерітіндісімен, риванолмен (1:2000) шаяды, 1–2 %-дық сары сынап 
майын, 5 %-дық ксероформды және йодоформды майды, 10–20 %-дық 
альбуцид майын және басқа заттарды жағады. Асептикалық процесстерде 
антибиотиктармен майды немесе көз тамшыларын қалданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет