49
2.7 Жүйке жүйе аурулары
Жүйке жүйенің бөлекбөлімдері зақымдалғаны туралы парез, селкілдек
тырыспалар, паралич және де есінен танулар көрсетеді.
Парез бұлшықеттің жиырылғыш қызметінің төмендеуімен және әлсіз
тактильді сезгіштігімен сипатталады. Паралич кезінде бұлшықеттер мүлдем
жиырылмайды, нервтің иннервацисының аумағында сезгіштік мүлдем
болмайды. Селкілдек тырыспалар деп әртүрлі ұстама түрінде пайда болатын
еріксіз бұлшықеттер жиырылуын атайды. Олар тоникалық (ұзақ
бұлшықеттердің тырыстырылуы) және клоникалық (шектелген немесе
таратылатын болатын жұлқымалы синхронды бұлшықеттердің жиырылуы)
болады. Есінен танулар немесе есінен танған күй деп сыртқы
қоздырғыштарға уақытша реакцияның болмауын атайды.
Ірі қара малда энцефалит кездесуі мүмкін – бас миының қабынуы, ол
жие жұлын қабынуымен бірге өтеді (энцефаломиелит), менингит – жұлын
мен бас ми қабаттарының қабынуы, пахименингит – мидың қатты қабатының
қабынуы, ал жұмсақтың – лептоменингит. Осы барлық аурулар инфекциялық
және инвазиялық аурулардың салдарынан пайда болады. Қозғалу
координациясының бұзылуы, шартты рефлекстердің әлсіреуі, паралич, параз
және т.б. олардың негізгі белгілері болып табылады.
Ауру жануарларды қараңғы жерге бөлек орналастырып, поливитаминді
препараттарды, тыныштандыратын (аминазин, барбитал-натрий жіне т.б.)
және т.б. ветеринариялық дәрегер ұсынатын заттарды беру керек.
Ыстық өту
Бұл ауа температурасы мен ылғалдылығы жоғарланғанда, желдеткіші
жаман орындарда көп жануарлардың тұрғанда және транспартировканың
нормативтері бұзылған жағдайда жануарларды тасымалдағанда шамадан тыс
ысып кету және жылу шығындауы жеткіліксіздіктін әсерінен организмде
жылу тұрып қалатындықтан орталық жүйке жүйесінің қызметінің жіті
бұзылуы.
Жеңіл ысып кеткенде шөлдеудің, 1–2 °C дене температурасының
жоғарлауының,
тынышсызданудың,
жабырқанқылықты
ауыстыратын
қозудың, сенімсіз қозғалыстың, шартты рефлекстердің әлсіреуінің, қатты тері
бөлінудің, пульс пен тыныстың жиілілігінің белгілері болады.
Жануарға көмек көрсету үшін организмді тыс ысып кетуге әкелетін
себептерді жою: айнекті ашу, жануарды ішетін сумен қамтамасыз ету, бас
аумағын және кеудені суык сумен шомылдыру. Тік ішекке 20–25 °C
температурадағы судың 0,5–1 л., тамырға кофеинмен (2 г) 20 %-дық
глюкозы гипертоникалық ерітінділерін (300 мл), тері астына – жүректік
заттарды (кордиамин 10–20 мл-ден, аминазин – 1–5 мг/кг) енгізу
ұсынылады.
|