56
аумағында тынышсыздану, температураның аз уақыттық жоғарлануы,
пульстың жиіленуі,
тәбеттің болмауы, алдыңғы қарындардың гипотониясы
мен атониясы, сауылымның қарқынды төмендеуі. Жануар ыңырсылдап
ақырын жатыр тұрады. Созылмалы жағдайында ауырсыну белгілері
көрінбеуі де мүмкін, алдыңғы қарындардың гипертониясы түрінде
азықтандырумен байланысты емес асқорытудың
бұзылуы ретінде бір неше
рет қайталануы мүмкін. Қанда солға жылжыған нейтрофильды лейкоцитоз
белгіленеді.
Емдеудің радикальді әдісі ол егер заттар жұмыршақта бос жатса, онда
зондтың көмегімен жұмыршақтан бөгде затты алу болып табылады. Алдын
ала жануарды 12-24 сағат бойы аш ұстау керек. Қалған жағдайларда
жануардың жарамсыздығын шығарады.
Травматикалық
ретикулитты
алдын
алу
үшін
азықтарды,
жайлымдарды, фермаларды металл заттармен ластамау қажет. Сиырлардың
бәріне жұмыршаққа магниттік сақынаны енгізу жөн.
Жұмыршақтың бітелуі
Жұмыршақтың бітелуі органның азықтық
масалармен толуымен және
олардың кебуәмен сипатталады, ол ұзақ уақыт бойы ірі азықтармен, ұсақ
азықтармен,
жерден
тазартылмаған
тамыр-түйнектермен
және
т.б.азықтандырғанда және минералды аш ұстауда, алдыңғы қарындардың
атониясында,
травматикалық ретикулитте, улануларда, кейбір инфекциялық
ауруларда болады. Ауру 7-12 күнге созылады, көмек көрсетпеген жағдайда
жануар өледі.
Ауру
белгілеріне тәбеттің, өңештің моторикасының болмауы,
жұмыршақ шуылдауы, ішек пен ұлтабар перистальтикасының тоқтауы,
ыңқылдаулар, тістердің қайырылуы, іш қатулар,
содан кейін тырыспалар,
дене температурасының жоғарлануы жатады. Қанда лейкоцитоз белгіленеді.
Емі алдыңғы қарындардың моторикасын күшейтуіне, жұмыршақ
құрамын сұйылтып, шығаруға бағытталған. Жануарды сумен қамтамасыз
етеді, ішке – натрий сульфат (300–500 г / 10–15 л суға), өсімдік майын (300–
500 мл), зығыр тұқымының ботқасын ( күніне 2 рет 5–6 л), тамыр ішіне – 300
мл 5-10 %-дық натрий хлорид ерітіндісін кофеинмен береді. Тікілей
жұмыршаққа 2–3 л 10–15 %-дық
натрий сульфатын, 200–300 мл кастор
майын енгізуге болады: иық жауырын буыны бойынша он жақтан 6-7 см
терендікке 9–шы қабырға аралыққа инені кіргізеді. Енгізгеннің дұрыстығын
1-2 мл физ ерітінді енгізіп содан кейін оны сорып түстін өзгеруін байқап
тексереді.
Ірі қара малдың сумен, соционмен қамтамасыз етілгенің,
азықтардың
сапасын қадағалаудың нәтижесінде жұмыршақ бітелуінің дамуын алдын
алуға болады.