4
Кіріспе
Кең мағынада ірі қара мал ретінде Bos түрінің барлық өкілдері
саналады, яғни бантегтің (B. javanicus) қолға үйретілген формасын бал деп
атайды, гаураның (B. gaurus) қолға үйретілген формасын гаяла, купрея (B.
sauveli) және яка (B. grunniens) деп атайды. Кейбір мамандар бұл топқа
америкалық
бизон,
европалық
зубр
және
азиялық
буйволды
жатқызатындығын атап өту керек, ал кейбіреулері ірі қара малды тар
мағынада дөңесті емес В. taurus және дөңесті B. indicus, немесе зеб сияқты екі
еркін түріне жатқызады.
Дөңесті емес үй ірі қара малының жабайы тегі жоғалғар тур немесе
алғашқы бұқа (B. primigenius) саналады, бұны кейбір мамандар жеке түр
ретінде есептейді. Турдың көптеген қазбалы сүйектері Индия, алдыңғы Азия,
жерорта теңізі, орта европадан табылды. Басқа континенттерден бұл
жануарлар табылмады.
Ірі қара малдың аурулары
Ежелгі сүйектеріне шамамен 300 мың жыл болған Европалық турлар
1,8–2,1 м жерден алынған, яғни үй ірі қара малының ірі және ұзын, көлемді
қара түрімен ерекшеленді. Корриддасқа арналып қолданылатын (камарглық
мал, испандық соғыс бұқалары) малдарға ұқсайды: бұл түр қарапайым, ауыр
жұмысқа немесе сүт және ет өндірісіне арналған арнайы өзгеріссіз жинақ
саналады.
Дөңесті ірі қара малды зеб (дөңесі арқасының алдыңғы бөлігінде
орнаасқан, яғни кеуде омыртқа аумағында) және санга (дөңесі алдыға
жылжыған – мойын кеуде тұсында) түрлеріне бөледі. Дөңес қоршаған
ортаның жағдайларына байланысты дамыған (ол қте ыстық климатқа
бейімдеу болып саналады, майлы бөліктері ысып, барлық денеге таралмас
үшін дененің шамалы бөлігінде орналасқан) және мақсатты таңдауға әсер
етеді. Дөңесті мал ежелгі түрі бойынша европалық ұсақ малдан кем емес,
бірақ оның сүйектері соңғы 4500 жыл машасында ғана іздестірілуде. Ол
оңтүстік-батыс Азия немесе Индияда пайда болған, тек б.з.д. 1500 жылға
қарай Месопотамия (Ирактың солтүстігі, Иранның оңтүстік шығысы),
оңтүстік шығыс Азия мен Африкаға келген.
Ерте кездерде барлық ірі қара малдарды қолға үйретуге ұзын
мүйізділер тартылды: бұл форма оңтүстік шығыс Азия мен Африкадағы
Балқан жартылай аралы (шамамен 7000 жыл бұрын) және орталық Европада
(шамамен 5000 жыл бұрын) таралған. Ең алғашқы қысқа мүйізді ірі қара мал
осыған ұқсас: сүйектері 7000 жыл бұрын табылған. Шығыс Европаның ұсақ
қысқа мүйізді малдары кельт немесе ибейр малдары сияқты танымал болған:
олар солтүстік және шығыс Африкаға және Европа континентінің басқа да
бөліктеріне таралған. Көптеген заманауи европалық және америкалық сүтті
және етті түрлері – осы кельт малдарының тұқымы. Лондон және Оксфорд
университетінің профессоры Фредерик Цойнердің пікірінше, ірі қара мал
қой, ешкі және солтүстік бұғыдан кейін барып қолға үйретілген.
5
Ірі қара мал тек жұмыс үшін, етті және сүтты мал ғана болған жоқ,
қасиетті жануар ретінде де саналды, мысалы Ассирия мен Персия
шіркеулерін және сарайлар қасиетті бұқа мүйіздерімен безендірілді, Египетте
қасиетті бұқалардың өз шіркеулері мен дін қызметкерлері болды, ал ежелгі
Грецияда бұқа Зевсқа арналды, ал сиыр – «өгізше» Гера және Селен ай
құдайына бағышталды. Малдар өз қажеттіліктерінен бөлек байлық пен жақсы
жағдайды бейнеледі және әмбебап айырбас құралы болды, ал кейбір
тайпаларда әлі күнге дейін осы мақсатта қолданылады.
Ірі қара мал негізгі үш шаруашылық міндеттерді орындайды – ет, сүт
береді және ауыр жұмысқа арналады. Көрсетілген пікірлерге сүйенсек,
бүгінгі күні әлемдегі алынатын еттің 50 % және сүттің 95 % осы малға
тиесілі; жұмыс күші ретінде ірі қара мал индустриалды елдерде аса маңызға
ие, алайда Азия мен Африканың аз дамыған аумақтарында жақсы
бағаланады.
Әлемде ірі қара малдың 250ден астам түрі таралған. Сондай ақ бірнеше
классификациясыда бар, негізінен жануардың азықтық жағы саналады. Ірі
қара малдың барлық түрін сүтті, етті және аралас: етті-сүтті және сүтті-етті
деп бөледі.
Сүтті бағыттағы түрінің азықтық жағынан көптеген елдерде көбінесе
голландық қара-ала (Ресей) сиыры таралған, бірнеше елдерде ол голштино-
фризско (Канада, Жапония, АҚШ) атымен танымал, немесе фризско
(Аустралия, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Франция). Сонымен қатар
джерсей тұқымы, холмогорлық, қара-ала, сұрғылт латвиялық, англерлік,
аулиеатиндық, қызыл эстондық, қызыл литвиялық және т.б кеңінен таралған.
Сүтті бағыттағы сиырлардың өнімділігінің орташа салмағы – 450–600 кг,
сүттілігі – 3000–5000 л, сүтінің майлылығы - 3,6–5,0 %, бұқалардың салмағы
– 700–900 кг, жаңа туылған бұзаудың салмағы шамамен 40 кг.
Етті бағыттағы сиырлардың айрықша танымал тұқымдары: абердин-
ангустық және герефордтық (Аустралия, Жаңа Зеландия, Солтүстік және
Оңтүстік Америка, Еуропаның көптеген елдері), етті бағыттағы
шортгорндық (Аустралия, Жаңа Зеландия, Аргентина, АҚШ, Дания), шароле
(Аргентина, Бразилия, АҚШ, Дания, Франция және т.б), санта-гертруда
(Аргентина, Бразилия, АҚШ және т.б). ТМД елдерінде, жоғарыда көрсетілген
етті тұқымдарынан басқа, қазақтың ақбасты, қалмақы, лимузин, қазақ және
моңғол топ сиырларын бағады. Етті сиырлардың азықтылығының орташа тірі
салмағы – 500–800 кг, бұқалардың салмағы – 800-1000 кг, 12-18 айлық
бұзаулардың салмағы шамамен 40 кг болып келеді.
Аралас тұқымды сиырларды өнімділік жағынан Еуропаның көптеген
елдерінде, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Африкада сұрғылт
швицтықты, симменталдық, етті-сүтті бағыттағы шортгорндықты және т.б
бағады; ТМД елдерінде, аталғандардан басқа – бестужевтік, алатаудық,
костромдық, сычевтік, лебединдік, корғандық, қызыл горбаттық, қызыл
карпаттық, сұрғылт кавказдық, юриндік, пинцгаудықты бағады. Аралас
бағыттағы сиырлардың орташа салмағы – 500–800 кг, сүттілігі – 2500–4000 л,
бұқалардың салмағы – 800-1000 кг.
6
Әдеттегідей, етті бағыттағы тұқымдар, сүтті бағыттағы тұқымдарға
қарағанда, ірі табындарда ұсталынады, аз күтімді талап етеді және кең
алаңдар мен жайылымдық жерлерде басым болып келеді. Топырақты климат
жағдайында осы түрді еңгізу тиімсіз.
Ірі қара мал кез-келген климат пен ландшафтқа бейім болып келеді.
Дөңесті емес түрі солтүстік жартышарында басым болып келеді, әсіресе
қоңыржай аймақтарда, сонымен қатар Оңтүстік Американың көптеген
обыстарында, Шығыс және Оңтүстік Африкада және Аустралияда кездеседі.
Африкада тамаша бейімделген жергілікті ірі қара мал қолданылады, мысалы
ндама тұқымдары, сонымен қатар басқа да дөңесті емес қысқа аяқты
жануарлар. Бірден-бір басым болып келетін – алтыатарға жоғары
тұрақтылығы ( ірі қара малдың ауыр сырқаты), адамның ұйқы сырқатын және
де кең тараған цеце шыбынын еске салады. Дөңесті өркешті ірі қара малдар
тропикалық және субтропикалық жерлерде басым болып келеді. Дөңесті
және дөңесті емес ірі қара малға қарағанда , гибридті ірі қара малы өзін
бейімділік және азықтылық жағынан жақсы көрсеткен, мысалы санга
тұқымы..
Ірі қара мал ауыл шаруашылық жүргізілетін барлық жерлерде өсіріледі. Ірі
қара малдың әлемдегі жалпы саны жобамен 1,3 млрд бас, оның ішінде:
Индияда – 193 млн, Бразилияда – 153 млн және АҚШ-та – 100 млн. Жаңа
Зеландияда,Аргентина мен Ирландияда бұл көрсеткіш халық санынан 2 есе
көп болып келеді, ал Коста-Рикада, Боливия и Монғолияда шамамен халық
санымен теңеседі.
Жабайы ірі қара мал негізінен өте ұсақ табынды түрінде Франция,
Испания, АҚШ, Канада, Домин Республикасы, Колумбия, Австралия және
кейбір басқа да елдерде кездеседі.
Дені сау және азықты ірі қара мал шаруашылығын өсіру үшін бұл
жануарларды дұрыс бағу керек. Мал шаруашылығында малдардың ауыруы
өте көп шығын әкеледі: олардың емі үшін шығын, малдардың азықтық
құндылығын және жұмыс қабілетін жоғату және өлім. Кез келген ауру, ол
мал өліміне әкеп соқпаса да алдағы өміріне нұқсан келтіреді: бірінде бойы
төмен болса, енді бірінің сүті аз болады, енді бірінде тәбеті азаяды және т.б.
Ауру – өмір сүретін ағзаның сапалы ерекшеленетін денсаулық формасы,
оның ішінде оның сыртқы және ішкі ортаның төтенше жағдайларына жауап
беру үшін дамыған дұрыс өмір сүру бағытының бұзылуы, қорғау бейімделу
механизмімен бір уақытта физиологиялық жүйенің органикалық және
функционалдық бұзылуында көрінеді.
Жабайы ірі қара мал Францияда, Испанияда, АҚШ-та, Канадада,
Доминикан Республикасында, Колумбияда, Австралияда және т.б елдерде
кездеседі.
Дені сау және азықты ірі қара малды өсіру үшін, оған жақсы күтім
керек.Жануар сырқаттары мал шаруашылығына айтарлықтай залалын
тигізеді: олардың емделуіне қыруар қаражат кетеді және жануарлар өзінің
азықтылығын жоғалтады, соңында өледі. Кез-келген сырқат, өлімге дейін
апармаса да, алдыңғы өмірінде қандай да бір із қалдырады: бірінде бойының
өсуі тежелсе, бірінде күйлілігі кемиді, ал бірінде сүттілігі азаяды және т.б.
7
Сырқат – бұл дені сау адамның ағзасының өмір сүруінен сапалы түрде
айырмашылығы бар болып келетін, яғни оның қалыпты өмірінің бұзылуы.
Кез-келген сырқат ағзаға белгілі бір дәрежеде әсер етеді, тіпті белгілі бір
ағзаның жұмыс жасауын тоқтатуына әкеліп соқтырады. Потологиялық
процестің ерекшеліктері мен динамикасын потогендік фактордың
спецификасы және олардың реактивтік қасиеттері арқылы, сонымен қатар
жануарлардың сыртқы өмірінің жағдайы арқылы да анықтайды. Барлық
сырқаттар потологиялық жағдайына байланысты жұқпалы және жұқпалы
емес болып бөлінеді. Жұқпалы емес аурулар потологиялық процестің
мінезіне қарай сипатталады, яғни ағза мен жүйке аурулары. Жұқпалы
аурулар өз ішінде: инфекциондық( қоздырғыштары патогендік микробтар)
және инвазиондық немесе паразитарлық (қоздырғыштары қарапайым ағзалар
және микробтар) болып бөлінеді.Жұқпалы аурулардың ішінде адам мен
жануарларға ортақ ауруларға ерекше көңіл бөлу керек, ал зооантропоноз деп
аталады.
Осы кітапта ірі қара малдың ең көп таралған жұқпалы және жұқпалы емес
аурулары, олардың мал шаруашылықғына қанша залалын тигізетіндігі
туралы және олардың емдеуі , сонымен қатар оларды алдын алу әдістері мен
профилактикасы
қарастырылған.Анықтамалықта
осы
жануарлардың
анотомо-физиологиялық құрылысы мен ерекшеліктері қысқаша көрсетілген.
Осы білімінің арқасында фермерлер жануар сырқатын тауып, оны емдеуге,
сонымен қатар ветеринарлық мамандар келгенше оған көмектесуге септігін
тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |