Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет54/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

Пастереллёз - (Pasteurellosis), геморрагиялық септицемия – ірі қара 
малда жануарлардың көптеген түрінде және адамда болатын жұқпалы ауру. 
Қоздырғышы - ауру немесе аурып жазылған жануарлар организмінде 
болатын пастерелла бактериясы. Пастереллёз аэрогенді және алементарлы 
жолмен жұғады. Пастереллёзбен ауырған малдың тыныс алі, ішік-қарын 
жолдарының кілегей қабығы қабынып ісінеді. Ауру малдың дене қызуы 
көтеріледі, жемшөптен қалады, тамыр соғуы және тыныс алуы жиілейді. Егер 
тыныс алу жолдары қабынса танауынан іріңді сұйық ағады, көзі 
конъюнктивит болады, тыныс алуы нашарлап жөтеледі. Ішек, қарынның 
кілегей қабығы қабынса іші өтеді, әлсірейді, басы, мойны ісінеді. Ауру 
асқынса мал өледі. Аурудан сақтандыру үшін қора-жайды таза ұстап, малдың 
күтімін жақсарту керек. Мал дәрігерлік-санитариялық шараларды қатал 


77 
сақтау. Емі: ауру малға ем сарысуын егу, антибиотиктер, сульфаниламид 
дәрілерін ішкізу. Адам Пастереллёзға шалдықса қабынған жер абсцесс және 
флегмона түрінде өтуі мүмкін. Көбінесе Пастереллёз болған адамда 
остеомиелит, бронхопневмония ауруы жиі кездеседі. Ауру адамға малдан 
жұғатын болғандықтан. Пастереллёз- малды күткенде гигиена-санитариялық 
шараларды сақтау қажет. 
Лептоспироз (грек.leptos — жіңішке және грек.speіra — ирекше, бұрама; 
грек.osіs — ауру) — адамдарда, сүтқоректілерде және құстарда кездесетін тез 
жұғатын жұқпалы ауру. 
Қоздырғышы — спираль пішінді лептоспира бактериялары. Негізінен, 
онымен бауыр, бүйрек және майда қан тамырлары зақымданады. 
Лептоспирозды 1888 ж. Ресей ғалымы Н.П. Васильев анықтаған. 
Қоздырғышын жапон зерттеушілері 1914 — 15 ж. А.Инадо және А.Ито денесі 
сарғайып ауырған адамдардан тапқан. Қазіргі кезде бұл дертті ауру 
қоздырғышының түрлеріне, клиникалық белгілеріне, ауру ағымына 
байланысты үш түрге бөледі: 
1. интерогеморрагиялық 
лептоспироз (дене сарғаяды) немесе 
Васильев-Вейль ауруы деп аталады; 
2. каникол лептоспироз (немесе Помон) (денеде қан құйылу 
байқалады); 
3. “су қызбасы” деп аталатын жеңіл өтетін (дене сарғаймайды) түрі. 
Қазақстанда лептоспироз “су безгегі” деп атайды, республиканың 
солтүстік және шығыс аймақтарында жиі байқалады. Лептоспироз тағамдық 
өнеркәсіп мекемелері қызметкерлерінің, шахтерлердің, қалалық қоқыс 
тазалаушылардың, ветеринарлар және ит питомнигі жұмысшыларының 
арасында жиірек кездеседі. Ауру таратушы, яғни инфекция көзі — дала және 
су тышқандары, егеуқұйрықтар; үй жануарларынан — ірі қара мал, шошқа.
Лептоспира бактериялары — тасымалдаушы жануарлардың бүйрегінің 
майда өзекшелерінде өсіп-өніп сақталады, сыртқы ортаға несебімен шығады. 
Лептоспира адамдарға лептоспира бактерияларымен ластанған су, топырақ, 
ас тағамдары, тұрмыстық және мал өнімдерін өңдейтін өндірістік қалдық 
заттармен ауыз қуысы, мұрын, көз шырышты қабығы және зақымданған тері 
арқылы жұғады. Лептоспира жұққаннан кейін 3 — 5 миннуттан соң қанға 
өтіп, бүйрек пен бауыр тіндеріне таралып, жылдам өсіп-өне бастайды. 
Аурудың жасырын (инкубациялық) кезеңі орта есеппен 7 — 13 күнді 
қамтиды. Ауру диагнозы лабараториялық әдістермен анықталады.Емі: 
антибиотиктер беріледі. Гамма-глобулиндер егіледі. 
Алдын ала сақтану үшін медицина-санитар-ветеринарлық кешенді 
шараларды қолдану, тұрғындарды таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, 
мал суаратын жерлерден ауыз су алмау, т.б. қажет.
Лептоспироз – табиғи ошақты зоонозды жұқпалы ауру. Бұл аурудың 
бастапқы атаулары: Вейль – Васильев ауруы, су қызбасы, саз қызбасы, ит 
қызбасы, шошқа бағатындардың ауруы. Қазақстанда жергілікті халық бұл 
ауруды «су безгегі» деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет