79
йод тұнбасымен, карбол қышқылымен,
йодоформ препаратымен және
“Үшвак”, ЛТФ-130, СП-1вакциналарымен емдейді.
Актиномикоз — актиномициттер қоздыратын жұқпалы ауру (сур.
20,21). Актимикозбен көбіне жануарлар шалдығады, ал адамдар сирек
ауырады. Актиномикоз табиғатта кең тараған. Ол топырақта, жануардың
ішек-қарнында, арпа-бидай дәндерінде ұзақ сақталады. Актиномикоз ірі қара
аузының
шырыш қабатында, ішек-қарнында, жоғарғы тыныс алу жолында
әрқашан кездеседі, бірақ зиян келтірмей тіршілік етеді. Ағзадағы қорғаныс
қызметі төмендегенде жануар актиномикоз ауруларына шалдығады. Ол
көбінесе асқазан мен өкпені зақымдайды. Актиномикозды антибиотиктер егу
арқылы емдейді. Аурудың алдын алу үшін қабынған ошақтарды (әсіресе ауыз
қуысын, тісті) уақтылы емдеу қажет. Ауру қоздырғыштарын 70–80 °C та
қыздырса 5 мин, ал 3 % формальдегид ерітіндісінде 5-7 мин ішінде өледі.
Төмен температурада актиномицеттер 1-2 жыл өмір сүреді.
Жеңіл актиномикоз кезінде де
саңырауқұлақтың өту жолын
алиментарлы деуге болады, бірақ көп жағдайда саңырауқұлақтың өтуі
аэробты өтеді.
20 Сурет - Актиномикоздың созылмалы түрінде жақасты аумағының
өзгерісі
80
21Сурет - Актиномикоздың созылмалы түрінде жақасты аумағының
өзгерісі
Актиномициттер -
сәулелі саңыраукұлақтар бактериялардың және
сілбілі
саңырау
құлақтардың
қасиеттерін
үйлестіруші
бір
жасушалы микроорганизмдер. Актиномициттер
микроорганизмдердің
шынайы бактериялар және саңырауқүлақтар арасындағы өтпелі топты
кұрайды. Актиномициттер қатарында адам-жануарлар және өсімдіктер үшін
зиянды түрлері бар, сонымен қатар белсенді дамушы антибиотиктер
(стрептомицин тетрациклин және т.б.) В тобынын витаминдері никотин
қышқылы.
Сарып,
некробактериоз ветеринарияда — үй және жабайы жануарлар
мен құстардың жұқпалы ауруы. Қоздырушысы Вakterіum necrophorum
бактериясы. Табиғи жағдайда ауру бір аймақты түгел қамтуы мүмкін. Бұғы,
жылқы, қой,
сиырдаСарып тұяқ, бақай, сирақ буындарын, шошқа, бұзау,
құстарда ауыз қуыстарын зақымдайды. Мүйізді ірі қара малдың жыныс
мүшелерін де қамтуы ықтимал. Сарып болған малдың терісі қызарып, темп-
-қа дейін көтеріледі. Сарып асқынғанда тері астына сасық ірің
жиналады, тұяғы түседі, сирақтың сіңірі зақымданады. Сарып бактериясы
ауырған малдың
ішек-қарын жолдарына өтіп, нәжіспен сыртқа шығады да
сау малға (лас қора, жайылым, суат арқылы) жұғады. Зақымданған теріге
және кілегей қабатына бактерия түссе, алғашында теріні зақымдап, кейіннен
ішкі ағзаларын (бауыр, бүйрек, өкпе, жүрек, ми) жарақаттайды. Аурудың тез
таралып, дамуына малды едені сыз қораларда ұстау, дымқыл жайылымға
жаю, қансорғыштардың жаппай ұшып өтуі септігін тигізеді. Емі: 1 — 2%-дық
террамицинді 1 — 1,5 мл-ден 3 — 4 күн
тері астына егеді, тетрациклин
тобына жататын антибиотиктерді қолданады. Мал дәрігерлік-сан. шаралар
81
сақталады. Ауырған малды бөлек, құрғақ, таза қорада ұстап емдейді, күтімін
жақсартады.
Достарыңызбен бөлісу: