Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет53/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

3.4 Бруцеллез (Brucellosіs), медицинада — адам мен малдың жұқпалы 
ауруы. Аурудың қоздырғышы бруцелл — суыққа төзімді, ыстыққа төзімсіз 
бактерия. Мұны 1886 ж. ағылшын дәрігері Д.Брюс (1855 — 1931) тапқан. 
Кейіннен бұл аурудың адамға малдан жұғатыны анықталды. Сүтті 
қайнатқанда және пастерлегенде бруцеллдер бірден, арнайы дезинфекц. 
заттардан бірнеше мин-тта, ал тура түскен күн сәулесінен бірнеше мин-тан 3 
— 4 сағ. аралығында өледі; топырақта 3, суда және тоңазытылған етте 5 
айдай, сиыр сүтінде 45 күн, тұздалған қой терісінде 2 ай, мал жүнінде 4 айдан 
артық тіршілігін сақтай алады. Сарыппен көптеген үй жануарлары (қой, ешкі, 
сиыр, шошқа) ауырады. Ауырған мал іш тастайды және шуы түспейді. Індет 
малдың несебі, сүті, жыныс мүшесінен аққан жалқыаяқ, іш тастаған малдың 
қағанағы, лас төсеніш, құрал-жабдық, т.б. арқылы тарайды. Адамға Сарып 
көбінесе ауру малдың сүтін қайнатпай ішуден, етін дұрыс пісірмей жегеннен 
жұғады. Жүн жуатын, ет комб-тарының жұмысшылары және ауру малды 
күтуші адамдар Сарыппен жиі ауырады. Аурудың белгісі 1 — 3 аптада 
білінеді. Ауырған адамның темп-расы 39 — 
-қа дейін көтеріліп, 
қалтырап, әлсіздік пайда болады. Науқасты қалың тер басып, басы ауырады, 
буыны мен бұлшық еттері сырқырап, жүйке және қантамырлар жүйесі 
зақымданып, кейде адамның психикасы да өзгеруі мүмкін. Ауруды дұрыс 
емдемесе еңбекке жарамсыздыққа әкеледі, ал жүкті әйелдер Сарыппен 
ауырса, түсік тастайды. Ауруға шалдыққан адам ауруханада емделеді. Сарып 
ауруы байқалған шаруашылықтардан шетке мал шығарылмайды, шеттен 
келген мал тексеруден өтеді. Ауру мал жайылған өріске сау малды жаюға 
тыйым салынады. Сарыптан сақтану үшін сау малға вакцинация жасалады. 
Ауру мал тұрған қора, алаң, аула көңнен тазартылып, концентрациясы 
жоғары ерітінділермен дезинфекцияланады; іш тастаған малдың қағанағын, 
жалқаяғын, оның жатқан төсенішін, ластанған көңін өртейді. Өлген малдың 
терісін 2 айдай тұзға салып қояды, жүнін бромды метилмен 
зарарсыздандырады. Ауру малды күтуші адам үнемі дәрігердің бақылауында 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет