Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата20.01.2017
өлшемі2,31 Mb.
#2292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Гепатит 
Көрінетін  бауыр  жетіспеушілігімен,  гепатоциттердің  және  басқа 
құрылымдық  элеметтердің  некрозы  мен  лизиспен,  гиперемиямен,  торшалық 
инфильтрациямен,  дистрофиямен  бірге  болатын  диффузды  түрінің  бауыр 
қабынуы.  Ауру  жарамсыз  азықтарды,  люпинды,  жоңышқаны,  картоп 
өсінділерін  жегеннен,  минеральді  улармен    уланғаннан,  инвазиялық 
аурулардан және .б.болады.  
Жануар 
жабырқанқы, 
тәбеті 
төмен, 
шөлдеу, 
құсу, 
дене 
температурасының  жоғарлануы,  тыныс  жиеленуі,  мұрыннан  қан  аралас 
ағындардың  болуы,  кілегейлер  сарғылт,  терінің  қышуы  болады.  Несебі 
қаралау  түсті  болады.  Жіті  түрі  3-4  апта  болады,  сауығумен  немесе  өлумен 
аяқталады,  созылмалы  түрі  бауыр  циррозына  айналады  (қызметінің 
бұзылуына әкелетін органның тығыздануы). Қанда билирубин көбееді.  
Жануарға  көмірсулы  және  ірі  азықтармен  көректенуді,  тамыр  ішіне 
глюкозаның  20  %-дық  ерітіндісін,  ішіне  уротропин,  карловарлық  тұзды, 
магний сульфатын ұсынады.  
Жас малдар диспепсиясы 
Бұл токсикозбен, іш өтуден суды, калий, натрий, кальций, магний және 
басқа  элементтерді  компенсацияламай  жоғалтумен  сипатталатын  өмір 
сүрудің алғашқы 10 күндеріндегі асқорытудың жіті бұзылуы. Осы патология 
аналықтарды  жеткіліксіз  азықтандыру  нәтижесінде  болады  (әсіресе  каротин 
бойынша),  уыздың  толымсыздығына,  жаңа  туғандардың  асқорыту 
органдарының  толық  дамымауына  (туғанда  гипотрофиктер  (салмағы  төмен 
бұзаулар),    олардың  дене  салмағынан  1/10  уыздың  тәуіліктік  беруін  қорыта 
алмайды)  әкеледі.  Тағы  да  диспепсия  жаңа  туғандарды  күтудің 
ветеринариялық-санитариялық 
нормалары 
бұзылғаннан, 
маститпен, 
эндометритаен  ауыратын  сиырлардан  туғаннан  кейін  2  сағат  өткен  соң 
уыздың бірінші бөлімін ішкізуден, уызды ыстық ыдыстан беруден болады.  
Аурудың  2  түрі  бар  –  қараайым  және  токсикалық.  Қарапайым 
диспепсияда  –  тәбеті  төмен,  жабырқанқылық.  Ауру  жануарлар  кеудеге 
жатып,  кезекті  діріл  етеді,  қарнын  иіскейді,  тепкісі  келеді.  1–2  күннен  соң 
диарея пайда болады. Нәжісі сулы, сары түсті. Болжамы – жақсы.  
Токсикалық  диспепсия  өмірдің  бірінші  3  күндерінде  белгіленеді,  ол 
тәбеттің  мүлдем  болмаумен,  ректальды  температураның  төмендеуімен, 
құлық,  аяқтар,  ауыз  қуысының  кілігейінің  суып  кетуімен,  күш  жоғалуымен 
сипатталады. Жануар  аурудың аяғында  бүйіріне жатады. Сасық  иісті,  кейде 
ағырынқы немесе сары түсті сулы і өтулер дамиды. Ауру болжамы - нашар. 
Бұл  белгілер  пайда  болса,  онда  аналықтардың  азықтануының,  жаңа 
туғандардың  ішімінің  қателіктерін  жою  керек.  Емдеудің  негізгі  бағыты  – 
диарея  салдарынан  болған  жоғалтуларды  қалпына  келтіру,  тұз  ерітінділерін 

58 
 
беру,  ал  токсикалық  түрінде  –  40  мл/кг-нан  гидрокарбонат  натрий  және 
хлоридтың изотониялық ерітінділерін интравенозды тамшылы немесе құрсақ 
қуысына  жіберу.  Қарын-ішектрактының  микрофлорасынан  бөлінулерге 
сезгіштігінің  есебімен  антибиотиктер,  сульфаниламидтер,  нитрофуранды 
препараттар, және де витаминдер, микрофлораны қалпына келтіретін заттар 
және басқалар ұсынылады.  
Диспепсияның алдын алуына буаз жануарларды күтіп азықтандыруын, 
жаңа  туғанжарды  уыздық  азықтандыруын  және  жалпы  гигиеналық 
шараларды жақсарту кіреді.  
 
 
               
14 Сурет - Ірі қара мал қарынының жарақатталуында өзгерістер 
 
 
2.9 Тыныс органдарының аурулары 
Бұл  аурулар  өз  бетімен  және  инфекциялық  және  инвазиялық 
аурулармен  бірге  дамуы  мүмкін.  Олар  белгілі  бір  деңгейге  дейін  организм 
резистентілігінің  индикаторы  болып  табылады.  Негізгі  белгілері  –  жөтел, 
тынс типінің өзгеруі, құсу және т.б. 
Ауруды  алдын  алу  мақсатында  жануарды  күтудің  ветеринарилық-
санитарифлық  нормаларын  сақтау  керек.  З  уақытында  алғашқы  аруларды 
емдеу керек. 
Бронхит 
Бронхит  –    бронхтардың  қабынуы.  Ағымы  бойынша  бронхиттерді 
жедел және созылмалы, ал шығу тегіне қатысты – біріншілік және екіншілік 
деп айырады. Орналасуына қатысты ірі бронх қабынуларын - макробронхит, 
кіші  бронхтар  қабынуын  –  микробронхит,  бронхиолдар  қабынуын  – 
бронхолит деп жіктейді. 
Суық  тиюлері,  жануарларды  суық  цемент  едендерде  төсенішсіз ұстау, 
ауаның жоғары ылғалдылығы, қора-жай ішінде үрмежелдер болуы, азықтық 
немесе  топырақ  шаңдарын,  аммиак,  күкіртті  сутегі  т.с.с.  улы  газдарды 
жұтыну;  организмнің  табиғи  резистенттілігінің  төмендеуі  (біріншілік 
сипаттағы  этиологиялық  факторлар).  Екіншілік  сипаттағы  этиологиялық 

59 
 
факторларға  микрофлора  жатады:  бактериялар  (стрептококтар,  гемофилдік 
таяқша, 
пневмококктар, 
стафилококктар), 
вирустар 
(парагрипп-3, 
респираторлық-синцитиалдық 
инфекция), 
микоплазмалар, 
вирустық-
бактериалдық  ассоциациялар.  Ауру  ринотрахеиттің,  ларинготрахеиттің 
жалғасы  ретінде  немесе  олармен  қиылыса  өтуі  ықтимал.  Аллергиялық 
бронхит дамуы да мүмкін. 
Жедел  бронхитте  жануардың  жалпы  жай-күйі  аздап  күйзелген,  тәбеті 
төмендеген, дене температурасы норманың жоғарғы шамаларымен сәйкеседі 
немесе  одан  0,5...  1  °С  жоғары  болады  (субфебрилді);  жөтел  бастапқыда 
құрғақ, ал 2..5 тәуліктен соң ылғалды, қатқыл және ауырсынып байқалатын 
болады.  Бірнеше  күн  өткен  соң  мұрын  ағулары  байқалады,  қақырық 
тыйылып,  жөтел  тыныштала  бастайды.  Қабыну  үдерісінің  бронхтардан 
өкпеге  ауысуы  жануар  жайкүйінің  күрт  нашарлауы,  температурасының 
жоғарылауы  түрінде  білінеді.  Созылмалы  бронхитте  аздаған  қақырық  бөле 
байқалатын  жөтел  өзіндік  белгі  болып  табылады,  кейде  күйзеліс  пен 
тәбетінің  төмендеуі  орын  алуы  ықтимал.  Жануарлар  нашар  өседі,  дене 
салмағын  әзер  жинайды.  Көбінесе  суық  тию  мен  инфекцияға  орай 
байқалатын  асқынулар  бой  алған  уақыттары  жөтел  күшейе  түседі,  қақырық 
көбейеді,  ол  кейде  ірің  аралас  сипатта  болады.  Обструктивтік  бронхитте 
өршитін демікпе мен өкпе эмфиземасы белгілері білінеді. 
Диагноз  Тиісті  зертханалық-диагностикалық  зерттеулерден  соң 
ықтималды инфекциялық этиологиялық фактор анықталынады. 
Ауру  себептерін  жою,  ұстаудың  жақсы  жағдайларын  жасау,  жеңіл 
қорытылатын,  шаңды  емес  азықтармен  қамтамасыз  ету  керек.  Бронхтардың 
кәріздік  қасиеттерін  қалпына  келтіру  үшін  бронхолитиктер,  қақырық 
түсіртетін дәрілер, ингаляциялар мен жылу қарекеттері тағайындалады. Осы 
мақсатпен  ұсқа  жануарлардың  тері  астына  2  мг/кг  мөлшерінде  эфедрин 
егіледі.    Эуфиллинді  де  осы  мөлшерлемеде  тері  астына  егеді.  Теофиллин 
дәрісін  ішіне  10...20  мг/кг  дене  салмағына  мөлшерінде  береді.  Аталған 
бронхолитиктерді беру  реті  тәулігіне 1...2    реттен,  емдеу  курсы  5...7  тәулік. 
Қақырық  түсіретін  дәрілерден  ішіне  күніне  2...3  реттен  5...7  тәулік,  мг/кг 
мөлшерінде  келесі  дәрілер  берген  жөн:  аммоний  хлориді  —  5...20,  натрий 
гидрокарбонаты — 50... 100, терпингидрат — 5... 10, бромгексин, термопсис, 
алтей тамыры, желкеншөп жапырағы, эвкалипт жапырағы, анис тұқымдары. 
Бронхопневмония 
Бронхтар  мен  өкпенің  жекелеген  бөліктерінің  альвеолаларға  экссудат 
бөлуі түріндегі қабынуы. 
Ауру 
тудырушы 
себептерге, 
оның 
ұзақтығына, 
организм 
резистенттілігіне,  жасына,  оларды  ұстау,  азықтандыру  жағдайына 

60 
 
байланысты  бір  ауру  жануардың  өзінде  патологиялық  үдеріс  дамуының 
әртүрлі сатылары айқындалуы ықтимал. 
Ауру  басында  тәбетінің  жоғалуы,  күйзеліс  пен  қаталап  шөлдеу 
белгілері  байқалады.  Жануарлар  көбіне  жатады,  тыныс  алулары  жиілейді, 
қиындайды,  демікпе  дамиды,  дене  температурасы  0,5-1,5  °С  жоғарылайды 
(арық  шошқалар  мен  торайларда  реактивтілік  төмендеуінен  қызба 
байқалмауы да мүмкін). Мұнан соң қысқа, қатқыл, ауырсынатын жөтел пайда 
болады, ол мазасыздану кездерінде күшейе түседі (түрегелгенде, қозғалғанда, 
азықтандырғанда, үрмежелдерде т.с.с.), мұрын ағулары байқалады (кілегейлі 
сосын іріңді). 
Диагнозын  клиникалық  зерттеулер  негізінде  қояды:  жөтел,  қырылдар, 
ауыр  тыныс  алу,  мұрын  ағындылары,  перкуторлық  дыбыс,  ал  диффузды 
бронхитте  және  микробронхитте  қорап  тәрізді  дыбыс  пен  аздаған  қызба 
білінеді.  Инфекциялық  және  инвазиялық  сипаттағы  бронхиттерден  айыра 
білу керек. 
Ауру  тудырушы  себептерді  жояды.  Жануарларға  толыққұнды  қорек, 
бөлме температурасындағы таза су беріледі, ұстау жағдайларын жақсартады. 
Қыс және күз кезеңдерінде торайларды ультракүлгін сәулелеулері өткізіледі. 
Скипидар мен ментол қосылған су буларымен  ингаляциялау тағайындалады. 
Қақырық  түсіретін  дәрілерден  дене  салмағына  шаққанда  0,02  г/кг 
мөлшерінде  аммоний хлоридін және т.б.береді. 
2.10 Несеп бөлу мүшелерінің аурулары 
Несеп  бөлу  органдарының  ауруы  туралы  келесі  симптомдар  мен 
синдромдар куәландырады: 
› несеп бөлу орнагдардағы ауырсыну синдромы – суық жерде жатқысы 
келеді,  белік  майыстырады,  жие  несеп  шығарады  (поллакиурия),  несеп 
шығарғанда  ауырсыну  (дизурия),  саусақтармен  бел  мускулатурасын  басқан 
кезде ауырсыну, аяқтардың өтетін парезы, ісінулер; 
›  нефротикалық  синдром  –  ісінулер,  протеинурия  (несеппен  ақуыз 
бөлінуі), гипопротеинемия (толық құнды ақуыздық азықтандырған кезде қан 
құрамында ақуыздың төмендеуі); 
›  уремиялық  синдром  –  апатия,  анорексия,  құсу,  рецидивирлейтін  іш 
өтулер, несеп ісі ауыздан, қанда мочевина мен креатин концентрациясының 
жоғарлауы, анурия , анемия; 
›  остеоренальды  синдром  –  сүйектердің  деформациясы  және 
остеопороз, остеодистрофия, гипокальциемия; 
›  бүйректік  эклампсия  синдромы  –  тоникалық  –клоникалық 
тырыспалар, нефротикалық синдром. 
Ауруды  алдын  алу  мақсатымен  алғашқы  ауруларды  уақытында  емдеу 
керек. 

61 
 
Нефрит 
Көбіне  бүйрек  түйнектерінің,  аз  дәрежеде  каналшықтары  мен 
интерстициалдық  ұлпасын  зақымдау  түрінде  өтетін  иммундық  қабыну 
сипатындағы ауру.  
Ауру  суыну,  стресс,  организмге  токсиндер  түсуі  салдарынан  дамиды. 
Жылдам  жабығу,  шаршау,  бүйректер  маңындағы  ауырсынулар  білінеді. 
Несеп  құрамында  эритроциттер  болуына  орай  ол  қызыл  реңденеді  - 
гематурия. Несепте ақуыз, кейде – қант пайда болады. 
Жылы  құрғақ  ғимарат  қажет  етіледі.  Жедел  нефритте  1...2  тәулік 
аралығында аштық диетасы қажет етіледі. Сосын рационға С, А және В тобы 
витаминдерімен байытылған диеталық азықтар енгізіледі, айқын домбығулар 
кезінде  ондағы  ас  тұзы  мен  су  мөлшері  шектеледі.  Көбіне  жедел  нефрит 
басталуы  инфекцияға  байланысты  болуына  орай  бірінші  10..  15  тәулікте 
антибиотиктер,  сульфаниламидтер  немесе  қиылыстырылған  препараттар, 
нитрофурандар  беріледі,  тек  нефротикалық  препараттарды  қоспаған  жөн 
(тетрациклин, неомицин).  
Цистит 
Қуықтың  кілегейлі  қабатының  қабынуы.  Көбіне  уретра  қабынуымен 
қиылыса  білінеді  (цистоуретрит).  Уретра  мен  қуыққа  жыныс  органдарынан 
немесе  бүйректерден  инфекцияның  енуі.  Аталықтарда  цистит  көбіне  ұрық 
алу  ережелері  бұзылғанда  жиі  орын  алады;  инфекция  катетер  арқылы 
енгізілуі  ықтимал.  Трихомонадалық  уретрит  те  себепші  фактор  бола  алады. 
Вирустық, хламидиозды немесе кандидозды уретриттерді айырады. Сонымен 
қатар, суыну да оның дамуына ықпал ететін фактор бола алады.  
Жедел  циститте  (уроциститте)  тәбеттің  төмендеуі,  күйзеліс,  дене 
температурасының  жоғарылауы,  негізгі  ауру  белгілері  байқалады.  Жоғары 
температура  патологиялық  үдеріске  бүйректердің  шалдыққандығының 
белгісі  саналады.  өзіндік  белгі  ретінде  жиі  әрі  ауырсынып  несеп  бөлуді 
атауға  болады.  Жануарлар  мазасызданады,  ыңырсиды.  Қуық  ауырсынатын 
күйде  болады,  несеп  лайлы  консистенцияда  болады  ірің,  кейде  тіпті  қан 
аралас болады, рН сілтілі. 
Жедел циститте (уроциститте) ем диурезді жоғарылатуға,  микрофлора 
дамуын  жаншуға,  инфекция  ошағын  жоюға  бағытталады.  Диурездің 
күшейуіне көп мөлшерде су берілуі мен диуретикалық заттар ықпал етеді  – 
аюқұлақ  шөбі,  дала  қышасы,  фуросемид  т.б.  Антимикробтық  дәрілерден 
ішіне  нитрофуран  препараттары  тағайындалады  (фурадонин  -    4  мг/кг  
тәулігіне 2...3 рет; фуразолин - 3...5 мг/кг тәулігіне 2...3 рет), және т.б. 
2.11 Көбею органдарының аурулары 
Көбею  органдарының  ауруларына  андрогенды  (аталықтардың  несеп 
жынысты  органдарының  аурулары)  және  акушерлік-гинекологиялық 

62 
 
патологиялар  (бауздық,  бұзаулағыннан  кейін  және  дейін,  қысыр  кезіндегі 
патологиялар) жатады. 
Орхит 
Бұл  аталық  бездерінің,  айналысындағы  ұлпалардың  жарақаттануы 
немесе  індеттенуінен  пайда  болған  қабыну.  Ол  кезде  аналықты 
ұрықтандыруға қабылеті төмендейді немесе жойылады.  
Орхит 
жалпы 
жануардың 
жабырқанқылығымен,сирек 
тынышсызданумен,  температураның  жоғарлаумен,  ұманың  ісуімен  және 
өлшемінің үлкеюімен және қатты ауырсынуымен сипатталады.  
Орхиттың  жіті  формасында  бұқаны  тыныштықпен  құрғақ  суықпен, 
ауырсыздану  заттармен  (аминазин,  анальгин)  қамтамасыз  ету  керек.  3-4-ші 
тәуілікте  –  жылулық  процедуралар,  келесіде  ауырған  аумағын  акырындап 
ұқалайды. Орган қатты қабынған кезде кастрация (жыныс безін хирургиялық 
әдіспен  алу),  ал  ірінді  процессте  ішке  әрекет  спектірі  кең  антибиотиктердә 
және  сульфаниламидтердә,  спирттік  кебетін  байламдарды  қолданады  және 
абцессті ашады. 
Қынап пен жатырдың түсуі 
Қынаптың  түсуі  көбінесе  буаздықтың  2-ші  жартысында  болады, 
өйткені,  аналықтардың  фуксирлейтін  аппараты  әлсірейді,  ал  құрсақ  ішідегі 
қысым  жғарлайды.  Ауру  тек  қан  буаз  аналықтардыі  күтімі  және  азықтануы 
дұрыс емес болса пайда болады.  
Қынап түсуінің толық және толық емес түрлері болады. Толық емес  – 
сарпайдан  тауық  немесе  қаз  жұмыртқасындай  кілегеі  қабықпен  қаптарған 
қызыл  масса  көрінеді  (аналық  жатқан  кезде  жақсы  көрінеді).  Толық  – 
толғақтың қатты ағымынды және т.б.болуы мүмкін, сарпайдан жарқылдаған 
кілегей  қабықпен  ақшыл-қызыл,  содан  кейін  күнгірт-көк  түсті  үлкен  шар 
тәрізді масса шығады. Жануарда дефекация мен несеп шығуы бұзылады. 
Жатыр  түсуі  буаздық  уақытында  белсенді  моционның  болмауынан 
сиырларда  жатыр  қатты  созылғаннан  және  бұлшық  еттері  борпылдақ 
болғанынан, бұзаулағаннан кейінгі асқыну ретінде болады (сур. 15). Сыртқы 
жыныс органдардан кейіде секіру буынына дейін ақшыл-қызыл, содан кейін 
көк алмұрт тәрізді масса шығады. 
Аурудың басында жануарды тақтайдан жасалған щитке орналастырады 
– трамплин, онда артқы жағы алдыдан 20-30 см ұзын, осыдан ішкі құрсақтық 
қысымды  төмендетуге  көмектеседі.  Түскен  жатыр  мен  қынапты  сабынмен 
жылы  сумен  жуады,  ал  содан  кейін  кілегейді  фурацилинмен,  марганец 
қышқылды калий ерітіндісімен 1:5000 немесе басқа антисептиктармен шаяды 
да  10  %-дық  ихтиол  майын  немесе  басқа  микробтарға,  қабынуға  қарсы 
майларды  жағады.  Содан  кейін  ақырындап  жұдырықпен  қынапты  қуысына 
слады және оперативті әдіспен бекітеді. тігістерді 2–3 аптадан кейін шешеді. 

63 
 
 
 
 
Шудың түспеу 
Ұрықтың туғанына 8-10 сағат өткен соң шу түспесе (сур. 16) осы ауру 
туралы  айта  бастайды.  Бұл  жатыр  қажетті  жиырылмаса  (гипотония)  немесе 
мүлдем жиырылмаса (атония), ұрықжолдастың ұрық және аналық бөлімдері 
бірігіп кетсеболады. 
Жануар белін майыстырады, күш салып несеп шығару сияқты түрінде 
тұрады.  Сыртқы  факторлар  мен  микрофлораның  салдарынан  жатырда  ұрық 
жолдасы  шіруі  мүмкін,  оның  қуысында  ірінді  иіспен,  қанды  массалар 
жиналады,  осыдан  организмнің  интоксикацияға  әкеледі.  Жатыр  тонусы 
төмендейді.  Жануарда  температура  жоғарлайды,  тәбеті,  асқорытуы 
бұзылады,  сүт  беруі  дереу  төмендейді.  Шу  түспеуінен  асқынулар  ретінде 
эндометрит, вагинит, бузаулағаннан кейінгі инфекция, мастит болуы мүмкін. 
Жатыр жиырылуын күшейту үшін ішке 2л суға 500 г қант, бұлшықетке 
простагландин Ф2-2 мл, тері астына окситоцин немесе питуитрин 40–60 ЕД, 
жатыр қуысына антимикробтық препараттар: экзутер – 2–5, септометрин – 2–
3  капсула,  трициллин,  фуразолидонді  май  шамдарын  –  2–5.  Шуды  қолмен 
оперативті  алу  үшін  ветеринариялық  дәрігер  24–48  сағаттан  кейін, 
алдыңдағы әдістер көмектеспесе кіріседі. 
 
 
 
 
 
 
15  Сурет.-  Сиыр  жатырының  айналуы
        
түсуі 

64 
 
 
16 Сурет- Сиырдың шуының жартылай жөне толық түспей
 
қалуы
 
 
Вульвит, вестибулит, вагинит 
Бұзаулағаннан  кейін  бұзаулау  жолдарына  немесе  жатыр  қуысына 
кілегей қабықты тітіркендіретін заттарды немесе құралдармен және қолармен 
инекцияны  енгізумен,  жарақаттармен  қоздырылатын  аналықтардың  жыныс 
органдарының  аурулары.  Оларға  сарпай  қабынуы  –  вульвит,  қынап 
кіреберісінің қабынуы – вестибулит, қынап қабынуы – вагинит жатады. 
Ауру 
жануар 
белін 
майыстырып, 
тынышсызданып 
тұрады. 
Ыңқылдаумен  дефекация  және  жие  несеп  шығару  белгіленеді.  Сыртқы 
жыныс органдар ісіп кеткен, қозғағанда өте ауырады. Жыныс органдарынан 
сұйық,  сары-қызғылт  түсті  иісі  жаман  экссудат  бөлінеді.  Жануар  құйырын 
сілтей береді. 
Құйрық  пен  сыртқы  жыныс  еріндерін  дезинфекциялық  және 
бырыстыратын дәрілермен жуу қажет: марганец қышқылды калий (1: 10 000), 
фурацилин  (1:  5000),  3–5  %-дық  ихтиол  және  т.б.  шартырып  жууды 
антимикробдық  эмульсиялалар  мен  майларды  кезектеп  қолдану  керек 
(синтомицин  линименті,  5  %-дық  фуразолидон  суспензиясын  және  т.б.). 
ерітінділерді жатырға катетер немесе резенке груша арқылы, денесінің артқы 
жағы алдыдан төмен бекітіп құю керек. Емдеу курсы 10–12 күн. 
Жатырдың субинволюциясы 
Субинволюция  –  көп  ұрықтық,  шамадан  тыс  бұзық  уқыттын  болуы, 
моционның  болмауы,  құнсыз  азықтандыру  салдарынан  бұзаулағаннанкейін 
жатырдың қалпына келу процессінің баяулауы. 
Жануарларда  әлсіздік,  тәбеттің  төмендеуі,  сүт  продуктивтілігінің 
төмендеуі  белгіленеді.  Бұзаулағаннан  кейін  бірінші  5-6  күндері  жатыр 
 

65 
 
тонусы  төмендегеннен  ақ  кір  бөліндейді,  содан  кейін  ақ  кірлер  күнгірт 
қоныр, кейден қан аралас болады. Ауру ұзақтығы – 30 және одан да көп күн.  
Ауру  жануарларға  жатырлық  заттарды  (питуитрин,  синестрол, 
окситоцин  және  басқа  бұлшықетке  5  мл  мөлшерінде  3-4  тәуілік 
интервалымен),  тік  ішек  арқылы  ұқалау,  ихтиол  ерітіндісін  және 
т.б.ұсынады.  
Жатырдың субинволюциясын алдын алу үшін буаз малдарды белсенді 
моционмен  қамтамасыз  етеді,  ал  тері  астына  уыз  немесе  интрааортальды 
новакаинның 1 %-дық ерітіндісі. 
Эндометрит 
Жатырдың кілегей қабығының қабынуы, көбінесе бұзаулағаннан кейін, 
бұзаулағанда  кілігейді  жарақаттаған  немесе  індеттеген  кезде,  шуды 
оперативті  бөлгенде,  жатыр  түсуі  кезінде  тіркеледі.  Осы  ауруға  әкелетін 
бұаздық  кезінде  организм  резистентілігінің  жалпы  төмендеуі,  толық  құнды 
емесе азықтандыру, моционның болмауы.  
Эндометрит  бұзаулағаннан  кейін  2-5-ші  күні  көрінеді.  Жыныс 
органдардан  қанмен  аралас,  сұр  түсті  лай,  сұйық  экссудат  бөлінеді. 
Эндометрит  кезінде,  вагинитқа  қарағанда  сарпайдан  ағулар  мол,  ал  жатқан 
кезде одан да күшееді. Жануар жие несеп шығарғандай тұрады, белін бүгеді. 
Ауру жануардың жалпы жағдайы өзгеруссіз, қызба (дене температурасының 
жоғарлау  0,5–1,0  °C),  тәбеттің  төмендеуі  немесе  болмауы,  сүт 
секрециясының болмауы.  
Жатыр тонусын жоғарлату үшін және экссудатты алу үшін питуитрин, 
окситоцин,  синестролдың  1  %-дық  ерітіндісі  бұлшықетке  қолданады. 
Бұлшықетке  антибиотиктерді,  құрсақ  қабырғасы  арқылы  уқалау  ұсынады. 
Жатыр  қуысына  май  немесе  су  негізіндегі  суспензия  мен  ерітінді  түріндегі 
сульфаниламидты  және  нитрофуранды  препараттарды,  комбинациялық 
антибиотиктерді енгізу жөн.  
Желінсау 
Желінсау  немесе  сүт  безінің  қабынуы,  сиырларда  жие  бұзаулағаннан 
кейін  бірінші    күндері  немесе  аптадан  кейін  мишанамен  немесе  қолмен 
ережелерді 
бұзып 
сауғанда, 
желіннің 
морфологиялық 
немесе 
функциональдық  дефектерінде,  шу  түспеуінде,  жатырдың  субинволюциясы 
мен атониясы, организмдағы эндокринды және басқа өзгерістерінде және де 
жарақаттар желін індеттенген кезде болады (сур. 17). 
Сүт  бездерінің  ісуі,  қызаруы,  жергілікті  температураның  жоғарлауы 
болады. Катаральды желінсауда сүт сулы, үлпектермен, айранға ұқсас, ірінді 
–  кейде  сары  түсті  сұйықтық  немесе  сұр  түсті,  кейде  қанмен  аралас  қою 
масса  бөлінеді,  қабынған  желіннің  көлемі  үлкееді.  Кейде  сүт  бездерінде 
абсцесстар пайда болады.  

66 
 
 
 
 
 
 
                  17 Сурет  - Серозды желінсаудың клиникалық көрінісі 
 
Ауру  белгілеріне  тәбеттің  болмауы,  шөлдеу,  тынышсыздану,  алдыңғы 
қарындардың атонися жатады. 
Диагнозды  белгілер  мен  сүт  сынамаларын  тексергеннен  кейін  қояды. 
Жасырынған  желінсауды  анықтау  үшін  айына  бір  рет  тексереді,  мысалы, 
димастинмен. 
Ауруды  суды,  шырынды  азықтарды  аз  береді.  Басында  суық,  содан 
соңспирттік  компресстерді  қолданады,  ерітілген  парафин,  уқалау,  жеңіл 
тітіркендіретін майлар мен линименттерді жағу. Цистернальды (желін ішіне) 
антибиотик,  сульфаниламид,  нитрофуран  ерітінділерін.  Ауру  ағымына 
байланысты емдеу курсын ветеринариялық дәрігер ұсынады. 
Сүтті  антибиотиктармен  емдеген  кезде  3–5  тәуілік  қолдануға 
болмайды. 
Алдын  алу  үшін  аналықтарды  дүрыс  күту,  азықтандыру  керек, 
жарақаттануды,  суыққа  тиюді,  ластануды  болдырмау  және  бұзаулағаннан 
кейінгі асқынуларды цақытында емдеу керек.  
2.12 Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары 
Жүрек-тамыр  жүйесінің  аурулары  туралы  белгілер  көрсетеді  –  жөтел, 
демікпе,  цианоз  (тері  және  кілігей  қабықтарының  көк  түске  боялуы),  өкпе 
ісінуі,  асцит  (құрсақ  қуысында  сұйықтық  жиналуы),  гидроторакс  (көкірек 
қуысында  сұйықтық  жиналуы),  перифериялық  ісіну,  кілегей  қабықтарының 
анемиясы,  пульстық  толқындарының  аритмиясы  (жүрек  жиырылуының 
кезектілігінің бұзылуы), пульс дефициті. 

67 
 
Бұл топтың ауруларынын алдын алу – жануарларды құнды рационмен, 
демалыс уақыты бар жұмыспен қамтамасыз ету, инфекция, инвазия, улануды 
алдын алу. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет