Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата20.01.2017
өлшемі2,31 Mb.
#2292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Listeriamonocytogenes 
тудыратын, 
қызбамен, 
интоксикация 
симптомдарымен,  жиі  бадамша  бездерінің,  лимфа  түйіндерінің,  орталық 
жүйке  жүйесінің,  бауырдың,  көкбауырдың  зақымдануымен,  жиі  сепсис 
түрінде спатталатын жұқпалы ауру.  
Листериоз  –  сапронозды  адамдарда  және  жануарларда  кездесетін, 
манифестті  формада  да,  симптомсыз  қоздырғыш  сақтаушы  түрінде  де 
кездеседі.   
Листериоз салыстырмалы түрде сирек кездеседі. Эпидемиялық жағдай 
жылдан жылға нашарлай түсуде, бұл жағдай әр түрлі факторлардың әсерінен, 
сонымен қатар жұғу жолдарының әр түрлілігіне байланысты. 
Листериялар  -  факультативті  аэроб,  жай  қоректік  ортада  жақсы  өседі. 
Екі  антигені  бар:  соматикалық  (О)  және  термолабильдішыбыртқылық 
(жгутиковый) (Н). Соған байланысты листериялар 4 серотипке (1-4) бөлінеді. 
Серотип 1, 3, 4 подтиптер бар: 1 серотип – подтиптер 1а және 1b; 3 серотип – 
подтиптер 3а және 3b; 4 серотип  – подтиптер 4a, 4b, 4с, 4ab, 4d, 4e. Қазіргі 
кезеңде  сырқаттылықтың  90%  қоздырғыштың  4b,  1b,  1а  подтиптері 
тудырады. Микроб жасушасының ыдырауынан эндотоксин бөлініп шығады. 
Листериялар сыртқы ортаға төзімді. Оларнәжістерде, топырақта, дәнді 
дақылдарда  ұзақ  сақталады,  мұздатқышта  4-6  Ста  мұзда  көбейе  алады, 
қыздырғанда жылдам өледі, дезинфекциялық заттарға сезімтал. Табиғи және 
полусинтетикалық  пенициллиндерге,  рокситромицинге,  азитромицинге, 
бисептолғажәне ципрофлоксацинге сезімталдықпен жауап береді. 
Листериоз  зоонозды  инфекция.  Инфекция  көзі  және  резервуарыәр  түрлі 
кемірушілер  болып  табылады.  Қоздырғышты  жиі  жабайы  және  үй 
жануарларынан табуға болады. Инфицирленгенжануарлардааурукөмескіжәне 
инаппарантты  формасында  өтеді,  листерияларзәрмен,  фекалиймен,  сүтімен, 
мұрын  бөліністерімен  сыртқы  ортаға  бөлінеді.  Листерияларәр  түрлі 
жемдерде, тағамдарда кездеседі (ет, құс еті, сүт, теңіз өнімдері, көкөністер).  
   
Бұзаутаз — малдың барлық түлігінде кездесетін жұқпалы тері  ауруы. 
Онымен  адам  да  ауырады.  Терінің  жүні  қырқылып  түсіп,  орынында  іріңді-
сулы  қалың  қабыршақтар  пайда  болып,  үгітіліп  тұрады.  Аурудың 
қоздырғышы айыртұяқтыларда — Tr. verrucosum, жылқыда — Tr. equіnum, ал 
ит-мысықтарда, аңдарда, кеміргіштерде — Tr. gypseum атты саңырауқұлақтар. 
Ауру  қоздырғыштары  сыртқы  ортаның  әсеріне  өте  төзімді  келеді,  жүн-
қылшықтың арасында 6 — 10 жыл, малдың қиында 3 — 8 ай, топырақта 140 
күнге  дейін  сақталады.  Ультракүлгін  сәуле  және  қайнату  процесі  оларды  2 
мин-та,  күйдіргіш  натрийдің,  карбол  қышқылының,  формальдегидттің  1  — 
-тік  ерітіндісі  15  —  30  мин-та  өлтіреді.  Бұзаутаз  дені  сау  малға  ауру 
малдан,  сондай-ақ,  құрал-сайман  арқылы  жұғады.  Ауруға,  әсіресе,  жас  мал 
тез  шалдығады.  Бұзаутаздың  өршуіне  малдың  бағым-күтімінің  нашарлығы, 
жем-шөптің  құнарсыздығы,  тұрған  жерінің  ластығы  әсер  етеді.  Ауруды 
эпизоотологиялық мәліметтер мен клиникалық белгілеріне қарап ажыратады. 
Қажетті  жағдайда  терісінің  зақымданған  жерінен  қырынды  алып 
лабораториялық  зерттеулер  жүргізеді.  Ауру  малды  бөлек  қораға  оқшаулап 
вакцина егеді. Зақымданған жерлерін 5 — 
-тік салицил м
-тік 

79 
 
йод  тұнбасымен,  карбол  қышқылымен,  йодоформ  препаратымен  және 
“Үшвак”, ЛТФ-130, СП-1вакциналарымен емдейді. 
Актиномикоз   —  актиномициттер  қоздыратын  жұқпалы  ауру      (сур. 
20,21).  Актимикозбен  көбіне  жануарлар  шалдығады,  ал  адамдар  сирек 
ауырады. Актиномикоз  табиғатта  кең  тараған.  Ол  топырақта,  жануардың 
ішек-қарнында, арпа-бидай дәндерінде ұзақ сақталады. Актиномикоз ірі қара 
аузының  шырыш  қабатында,  ішек-қарнында,  жоғарғы  тыныс  алу  жолында 
әрқашан  кездеседі,  бірақ  зиян  келтірмей  тіршілік  етеді.  Ағзадағы  қорғаныс 
қызметі  төмендегенде  жануар  актиномикоз  ауруларына  шалдығады.  Ол 
көбінесе асқазан мен өкпені зақымдайды. Актиномикозды антибиотиктер егу 
арқылы емдейді. Аурудың алдын алу үшін қабынған ошақтарды (әсіресе ауыз 
қуысын,  тісті)  уақтылы  емдеу  қажет.  Ауру  қоздырғыштарын  70–80  °C  та  
қыздырса  5  мин,  ал  3  %  формальдегид  ерітіндісінде  5-7  мин  ішінде  өледі. 
Төмен температурада актиномицеттер 1-2 жыл өмір сүреді. 
Жеңіл  актиномикоз  кезінде  де  саңырауқұлақтың  өту  жолын 
алиментарлы  деуге  болады,  бірақ  көп  жағдайда  саңырауқұлақтың  өтуі 
аэробты өтеді. 
 
 
 
 
20 Сурет - Актиномикоздың созылмалы түрінде жақасты аумағының 
өзгерісі 

80 
 
 
21Сурет - Актиномикоздың созылмалы түрінде жақасты аумағының 
өзгерісі 
 
Актиномициттер - 
сәулелі саңыраукұлақтар бактериялардың және 
сілбілі 
саңырау 
құлақтардың 
қасиеттерін 
үйлестіруші 
бір 
жасушалы   микроорганизмдер.  Актиномициттер  микроорганизмдердің 
шынайы  бактериялар  және  саңырауқүлақтар  арасындағы  өтпелі  топты 
кұрайды.  Актиномициттер  қатарында  адам-жануарлар  және  өсімдіктер үшін 
зиянды  түрлері  бар,  сонымен  қатар  белсенді  дамушы  антибиотиктер 
(стрептомицин  тетрациклин  және  т.б.)  В  тобынын  витаминдері  никотин 
қышқылы. 
 Сарыпнекробактериоз ветеринарияда — үй және жабайы жануарлар 
мен  құстардың  жұқпалы  ауруы.  Қоздырушысы  Вakterіum  necrophorum 
бактериясы. Табиғи жағдайда ауру бір аймақты түгел қамтуы мүмкін. Бұғы, 
жылқы,  қой,  сиырдаСарып  тұяқ,  бақай,  сирақ  буындарын,  шошқа,  бұзау, 
құстарда  ауыз  қуыстарын  зақымдайды.  Мүйізді  ірі  қара  малдың  жыныс 
мүшелерін де қамтуы ықтимал. Сарып болған малдың терісі қызарып, темп-
-қа  дейін  көтеріледі.  Сарып  асқынғанда  тері  астына  сасық  ірің 
жиналады,  тұяғы  түседі,  сирақтың  сіңірі  зақымданады.  Сарып  бактериясы 
ауырған  малдың  ішек-қарын  жолдарына  өтіп,  нәжіспен  сыртқа  шығады  да 
сау  малға  (лас  қора,  жайылым,  суат  арқылы)  жұғады.  Зақымданған  теріге 
және кілегей қабатына бактерия түссе, алғашында теріні зақымдап, кейіннен 
ішкі ағзаларын (бауыр, бүйрек, өкпе, жүрек, ми) жарақаттайды. Аурудың тез 
таралып,  дамуына  малды  едені  сыз  қораларда  ұстау,  дымқыл  жайылымға 
жаю, қансорғыштардың жаппай ұшып өтуі септігін тигізеді. Емі: 1 — 2%-дық 
террамицинді  1  —  1,5  мл-ден  3  —  4  күн  тері  астына  егеді,  тетрациклин 
тобына  жататын  антибиотиктерді  қолданады.  Мал  дәрігерлік-сан.  шаралар 

81 
 
сақталады. Ауырған малды бөлек, құрғақ, таза қорада ұстап емдейді, күтімін 
жақсартады. 
Карбункул  –тамырлар  тромбозы  нәтижесінде  тері  және  теріасты  май 
клетчаткасының  некрозымен,  ортақ  инфильтрат  түзілуімен  сипатталатын 
бірнеше шаш фолликулдарының және май бездерінің жедел жайылған іріңді 
–некротикалық  қабынуы.  Ең  жиі  қоздырғышы  болып  алтын  стафилококк, 
сирекстерптококк,  кейде  аралас  инфекция  .  Ауру  бірнеше  шаш 
фолликулдарын,  май  бездерін  қамтитын  инфильтраттың  түзілуінен 
басталады.  Жергілікті  қанайналым  бұзылып,  тері  және  теріастымай  қабаты, 
кейде  одан  терең  некроз  дамуы  мүмкін.Некрозбенбірге,  тіндердің  іріңдіеруі 
дамып, ірің фолликулдардың  түбінен  ағады.  Ірің  шыққаннан  кейін орнында 
терең дефект қалып, ол екіншілік жазылумен жүреді. Жалпы белгілері айқын 
,  дене  температурасы  фебрильдіге  дейін  көтерілуі  мүмкін.  Науқасты 
тексергенде 
іріңді 
қабынудың 
жалпы 
белгілерінен 
басқа 
(дене 
температурасының  жоғарылауы,  қалтырау,  аппетит  төмендеу,  бас  ауру) 
орналасатын  аймақтарда  көк-қошқыл  түсті  ісіну  байқалады  .Аурудың 
басында  бірнеше  инфильтрат  түзіліп,  кейін  олар  бір-бірімен  қосылып,  тері 
үстінен  жоғарылаған  ортақ  инфильтрат  түзіледі.  Инфильтраттың  бетінде 
бірнеше  некротикалық  пустулалар  болады,  олар  ортасында  қосылып, 
жайылмалы  тін  некрозын  түзеді.  Некроз  аймағының  жұқарған  беті  бірнеше 
жерден  тесіліп,  тесіктер  пайда  болады  (ситосимптом)  Жиі  лимфоаденитпен 
лимфангитпен  бірге  жүреді.  Егер  науқаста  тіндердің  ісінуі  ұлғайса,  жалпы 
симптомдары  өрістесе,  онда  карбункулдың  ағымы  қолайсыз  деп  бағаланып, 
арықарай  флегмона,  сепсис  дамуына  түрткі  болады.  Карбункулды  сібір 
жарасының  карбункулынан  ажырату  керек,  сібірлі  жара  карбункулында 
геморрагиялық  көпіршіктер  болады,  іріңді  бөлініс  болмайды,  инфильтрат 
ауырсынбайды  және  некротикалық  стержень  қара  түсті  болады.  Көпіршік 
құрамында сібір жарасының таяқшалары анықталады. 
Егер шиқан шыққанда бір тал жүннің түбі қабыну процесіне шалдықса, 
карбункул  бүкіл  жүн  біткеннің  түптерін  бүлдіруі  мүмкін.  Жүннің  қабыну 
процесіне  шалынған  бірнеше  түбі  өзара  қосылып,  сол  процесст өңірегіндегі 
майбездері  де  қабынып,  көлемі  едәуір  жайылған  жалпы  инфильтрат  пайда 
болады. Карбункул ауруына шалынған жердегі терімен шел торшалары өлі-
некроз  жағдайына  ұшырап,  көп  уақытқа  дейін  жазылмайтын  іріңді  жараға 
айналады.  Жануардың  терісінде  пайда  болатын  бұл  пәле  көбінесе  желке 
маңайында, жауырынаралығы немесе жауырын аймағында, бел және құйрық 
төңірегінде  жиі  кездеседі.  Жүдеген  әлсіреген  басқадай  созылмалы  аурудан 
айыға  алмай  жүрген  жануарға  аталмыш  ауру  жабысқақ  келеді.  Ондай 
жануардың  ағзасында  микробқа  қарсы  тұратын  күші  төмен,  зат  алмасу 
процесі  нашар.  Тек  стафилоккок  микробтары  ғана  емес,  стрептоккок 
микробы жүн талшықтарында қабыну процесін қоздыруға әсер етеді. Қабыну 
процесін  кейде  стафилоккок  және  стрептококк  микробтары  араласып  та 
туғызады. Карбункул процесі басталған жердің патологиялық өзгерістерін де 
білген жөн. Бірнеше жүннің түптері қабыну процесіне бірден ұшырағандық-
тан,  сол  жердегі  тері  мен  шел  торшаларында  қабынған  инфильтрат 
қалыптасады.  Осы  инфильтрат  астынан  өтетін  қан  тамырларының  қызметі 

82 
 
нашарлап,  коректік  зат,  оттегі  дер  кезінде  жеткізілмегендіктен,  сол 
жерлердегі  ұлпалар  өліксе  жағдайына  ұшырап,  ақырында  жайылып  кеткен 
жалпы  өліеттенген  ұлпалардан  құралған  үлкен  іріңді  жара  орнында  тыртық 
қалады.  Өліеттену  процесі  теріден,  шел  торшалардан  да  әрмен  тереңдей 
түсіп,  кейде  қара  ет  немесе  бұлшық  еттерді  жауып  тұратын  фасцияны  да 
ерітіп, шірітіп жіберетін қауіпі бар екенін есте сақтау керек. 
Клиникалық  сипаты  мен  белгілері.  Ауру  ең  алғаш  түймедей  ісіктен 
басталады.  Бірақ  ісік  күн  сайын  жайылып,  көлемі  ұлғая  түседі  де, 
шыдатқызбай,  сыздап,  солқылдап,  әкете  береді.  Қол  тигізе  алмайсыз.  Ісік 
пайда  болған  жердің  терісі  қара-күрең  тарта  ісініп,  қатайып  кетеді.  Терінің 
эпидермис  атты  қабығында  шұрық-шұрық  тесіктер  пайда  болып,  сол 
тесіктерден  елек  көздерінен  түскен  ұн  сияқты,  жасыл  қошқыл  қою  ірің  аға 
бастайды.  Терең  үңіліп,  қадағалап  қарайтын  болсақ,  сол  тесіктер  түбінен 
өліеттену  жағдайына  ұшыраған  ұлпалар  көрінер  еді.  Біраздан  соң,  осы 
кішігірім  тесіктер  өзара  қосылып,  тері  бетінде  көлемі  үлкен  жара  пайда 
болады да, сол жарадан ірің, өліеттенген ұлпалар шыға бастамақ. Карбункул 
ауруына шалдыққан жануардың жалпы хал-жағдайы нашарлап, бүкіл ағзада 
жалпы  өзгерістер  байқалады.  Жануарды  жай-күйін  тексерген  дәрігер,  оның 
дене  қызуы  41  градусқа  дейін  көтерілген,  тамыр  соғуының  жиілегенін, 
денесін  суық  қара  тер  басқанын,  кейде  есінен  айырылып  қалады.  Жарадан 
ірің  өліеттенген  ұлпалар  тері  сыртына  шыға  бастаған  күннен  бастап, 
жануардың жалпы жағдайы жақсара түспек. Дененің басқа жерлерінде пайда 
болса,  ол  лимфаденит,  лимфангит,  тромбофлейбит,  сепсис,  іріңді  менингит 
жағдайына  ұрындыруы  мүмкін.  Стафилоккок  немесе  стрептококк 
микробтарының  салдарынан  пайда  болған  карбункул  ауруын  топалаң 
ауруынан айыра білу керек. Карбункул ауруына шалдыққан жануарды емдеу. 
Карбункул  ауруы  асқынып  бара  жатса  аталмыш  шалдыққандарды 
клиниканың  хирургиялық  бөлімшесіне  орналастыру  керек.  Жаңа  басталған 
дертке  антибиотиктерді  новокаин  ертіндісімен  қосып,  бұлшық  еттерге 
енгізеді. Жаңа басталған ауруға УВЧ әдісі де қолданылады. Қабыну ісігінің 
үстіне құрғақ таза шүберек салады. Немесе синтомициндік эмульсия жағып, 
байлап  таңады.  Осындай  емдердің  айтарлықтай  көмегі  болмай  жағдай 
қиындай  түссе,  ол  малға  операция  жасалынады.  Ол  үшін  наркоз  беріледі, 
карбункул  ісігінің  беті  айқастыра  тілініп,  ірің-шіріп  кеткен  барлық  өліксі 
ұлпаларды алып тастайды да, ірің жиналған жерлер тазартылады. Операция 
кезінде қансырау аз болады. Операциядан кейін пайда болған жараны тікпей-
ақ  сол  жараға  тұзды  суға  малынған  дәке  салып,  протеолиттикалық 
ферменттер ертіндісімен жараны жуып күн сайын таңып отырады. 
Парагрипп  -  ауа  тамшы  жолымен  жұғатын,  интоксикациямен  өтетін 
жоғарғы  тыныс  алу  жолдарын,  көбінесе  көмейді  зақымдап  ларингит 
синдромымен 
өтетін 
жедел 
вирусты 
инфекция. 
Қоздырғышы-
парамиксовирустар  тұқымдасқа  кіретін,  құрамында  РНК-сы  бар  вирус.  4 
серовары белгілі. Клеткаға цитолитикалық әсер етеді. Сыртқы ортада төзімді. 
Паратұмау  қоздырғышы  парамиксовирустар  тұқымдасына  жатады. 
Бірқатарлы  РНҚ  дан  тұрады,  тұмау  вирусы  тәрізді  гемагглютинит  (Н)  және 
нейтраминидаза  (N)  бар.  Адамда  4  типті  вирус  ауру  туғызады  (1,  2,  3,  4). 

83 
 
Қоршаған  ортада  вирус  тұрақсыз.  Бөлме  темературасында  4  сағат  ішінде 
өледі. Дезинфекциялаушы заттарға сезімтал. 
Паратұмау  эпидемиологиясы.  Ауру  тарату  қабілеті  1  жұма  бойы  сақталады. 
Аурудың жұғуы ауа-тамшылы жолымен жүреді. 
Таралымы  өте  кең.  Бірен  саран  оқиғалар  және  шамалы  эпидемиялық 
өршулер  түрінде  кездеседі.  Жалпы  ЖРВИ  табына  үлес  салмағы  16-30%. 
Аурудың көзі-ауру адам (вирусты 7-10 күн бойы шығарады). Тарау жолы-ауа 
тамшылы. Мерзімі күз-қыс айлары. Ауыратындар көбінесе балалар, әсіресе 1 
жасқа дейін. Инфекцияны қабылдау мүмкіншілігі жоғары. Иммунитет-қысқа 
мерзімді. 
Вирус  көмейдің  шырышты  қабаттарына  тропты.  Вирус  ауамен 
көмейдегі  эпителиальды  клеткаларына  көбейеді  де,  оларды  қабындырып 
деструкциядан  кейін  вирус  қанға  өтіп,  қысқа  мерзімді  вирусемия  және 
токсинемия  шақырып,  соның  әсерінен  қызба  мен  интоксикацияны 
шақырады.Жұтылған ауа арқылы жоғары тыныс алу жолдарына кіре отырып, 
вирус  цилиндрлі  эпителийлерді  зақымдап,  олардың  деструкциясын 
шақырады. Оның көрінісі шырышты қабаттың ісінуі, болбыр дәнекер тіндену 
және  кеңірдек  стенозы  туындауы  мүмкін.  Вируссемия  әлсіз  байқалады, 
сондықтан интоксикация белгілері байқалмайды. Иммунитет тұрақсыз. 
Тыныс  алу  жолдарының  (әсіресе  көмейдің)  шырышты  қабаттарында 
лейкоцитарлы инфильтративті деструкциялық ошақтар қалыптасады. 
Парагрипп келесі клиникалық түрлерінде өтеді: 
1.
 
грипп тәріздес 
2.
 
ларингит, ларинготрахеобронхит 
3.
 
пневмония 
Ауырлығы бойынша: 
1.
 
жеңіл 
2.
 
орташа 
3.
 
ауыр ағымда 
Инкубациялық  мерзім  1-7  күн.  Орташа  2-3  күн.  Клиникасында  айқын  2 
синдром: 

 
интоксикация 

 
катаральды (ларингит) 
 Ринотрахеит жұқпалы ауруы.  
Бұл  тез  гениталды,  өткір,  конъюнктивті,  жүйке  формалары  мен 
қалыптан  тыс  ауру  белгілері  бар  жұқпалы  ауру.Ауру  қоздырғышы  -  
ұшық (герпес) вирусы. 
Герпес-вирус,  дезинфекциялық  заттарға  шыдамсыз,  қышқылды  ортады 
әлсізденеді және формальдегид ерітіндісінде өледі. (1:500) 
Рнотрахеит  жұқпалы  ауруына  ірі  қара  малы  қандай  жаста  болмасын 
төзімді болып келеді. 
Вирустардың  көзі  –  ауру  жануарлар  (өмір  бойы).  Вирус  жөтелгенде, 
мұрыннан  аққанда,  сперма  арқылы,  тұқымқуалаушылық  арқылы 
таралады. Дені сау және ауру малдарды бірге ұстағанда ауру вирусы тез 
жұғады.  Аурудың өткір  түрі көбінесе  семірген  бұзауларда болады.  Олар 
жөтеліп,  мұрындарынан,  ауыздарынан  сұйықтық  ағып,  тәбетінің  қашуы 

84 
 
және  т.б  белгілері  болады.  Ауру  асқынбаса,  жануар  5-7  күнде  жазылып 
шығады. Егер ауру асқынып кетсе, онда ол 1-3 аптаға дейін созылады. 
Генитальды  формасы  сиырлар  мен  бұқаларда  болады.  Бұл  ауру 
жануардың  жыныс  мүшесінің  бұзылуына  әкеп  соқтырады.  Кіші  дәретке 
көп  барады.Ауру  соңы  жазылумен  аяқталады.Бұл  аурумен  ауырған  буаз 
сиырлар  түсік  тастайды.Аурудың  жүйкелік  формасы  6-айға  дейінгі 
бұзауларда  болады.  Дене  температурасы  көтеріліп,  тіпті  бұзау  талып 
құлауы мүмкін. Бұзаулар  арып, 3-7 тәуліктен соң өледі. 
Аурудың емделуіне гипериммундық іріткілер, глобулиндар т.б дәрілік 
заттар қолданылады. 
Ірі қара малды бұл аурудан сақтандыру үшін вакцина егеді. 
Ірі қара малының вирусты диареясы. 
Ірі  қара  малының  вирусты  диареясы  -  ас  қорыту  жолдарының  сілекей 
қабықтарының 
зақымдалуымен, 
ринитпен, 
жалпы 
жағдайының 
төмендеуімен, диареямен сипатталатын жедел түрде өтетін ауру. 
Қоздырғышы  -  тогавирус  тобына  жататын  вирус.  Минус  20оС-тан 
төмен  температурада  тіршілікке  қабілеттілігі  ұзақ  сақталады,  37оС 
температурада бірнеше күн бойы әлсірейді. 
Вирусты  диареямен  мүйізді  ірі  қара,  бұғы,  еліктер,  дала  ешкілері 
ауырады.  Ауру  көбінесе  ірі  қара  малында  2  жасқа  дейін  байқалады;  жас 
төлдер аурудың ауа мен азық арқылы жұғуына өте бейім келеді. Сонымен 
қатар вирус плацента, ұрық арқылы беріліп тұқымды зақымдауы мүмкін. 
Сау  малдарға  ауру,  ауру  немесе  ауырып  жазылған  малдардан  жұғуы 
мүмкін. 
Ауырып  жазылған  малдар  инфекцияның  таралу  көзі  болып  табылады, 
ұзақ  уақытқа  дейін  қоршаған  ортаға  вирус  бөледі.Диарея  вирусының 
резервуары  қойлар  болуы  мүмкін,  өйткені  олардың  қан  сарысуында 
спецификалық 
антиденелер 
жиі 
табылады.Аурудың 
шығуына, 
эпизоотиялық  процестің  асқынуына  мал  басының  тығыз  орналасуы, 
азықтандырудағы қолайсыз жағдайлар және мал ағзаның резистенттілігін 
төмендететін  тағы  да  басқа  факторлар  әсер  етеді.Вирусты  диареямен 
малдардың ауыруы қоздырғыштың уыттылығына, малдардың жағдайына 
байланысты. 
3.5 Ірі қара малдарда ми қабыршағының энцефалопатиясы  
Бұл  ақырын  таралатын  инфекциялық  ауру,  ол  жүйке  жүйесінің 
зақымдануымен  сипатталады:  бас  миында  вакуола  пайда  болғандағы 
дегенеративті өзгеріс.  
Аурудың қоздырғыштары – прион – ақуыз тәрізді инфекциялық бөлік, 
инактивация факторына қарсы тұра алады. 
Бұл аурумен ересек ірі қара мал ауырады – 2,9 жастан 11 жасқа дейін. 
Инфекция көздері – ауру малдар. Олар ақырындап, жыл мезгіліне қарамастан 
әр уақытта шығады. Бұзау да инфекциялық қоздырғыш болып табылады.  
Микроскоппен  қарағанда  ми  кемік  сияқты  болады,  сондықтан  оны 
“кеміктәріздес энцефалопатия” деп атаған. 
 

85 
 
 
 
22 Сурет - Ірі қараның ми қабыршағының энцефалопатия ауруынан 
өлген малдар суреті 
 
Аурудық  инкубациялық  уақыты    2,5  жастан  8  жасқа  дейін  бөлінеді. 
Аурудың  бегілері  тек  ересек  малдарда  ғана  көрінеді.  Буаздық,  қорқыныш, 
шудың  және  түртудің  әсерінен  құлау,  кейде  шыдамсыздық,  тіс  қайрау, 
бұлшықеттің  босаңсуы,  атаксия,  теңселіп  жүру,  жамбас  буындарының 
әлсіздігі,  ауруды  сезіну  сезімдерінің  жоғарылауы    байқалады  (сур.  22,23). 
Дененің  температурасы  қалыпты  жағдайда  болады.  Клиникалық  кезең    1–5 
айға дейін және одан да көпке созылады. Өлімге әкеледі.   
 
 
 
23 Сурет - Ірі қараның ми қабыршағының энцефалопатия ауруы кезінде 
мал күйі 
 
Диагноз бас миын гистологиялық зерттеудің негізінде қойылады.  
Бұл  аурудың  қоздырғыштары  шетелден  келетін  болғандықтан, 
қордырғыштарды алып кіруді болдырмау үшін қажетті шаралар жасау қажет, 
оның ішінде сойылған  ірі қара мал өнімдерінен сақ болған дұрыс.    

86 
 
3.6 Сальмонеллез 
Бұл  жас  ірі  қара  малының  және  т.б  ауыл  шаруашылық  малдарының 
жұқпалы  ауруы.  Көбінесе  емшектен  айырғанда,  жиналмалы  сүтке 
ауыстырғанда  болады,  және  асқазан,  өкпе-  бауыр  және  т.б  мүшелердің 
зақымдалуымен сипатталады.  
Қоздырғышы –  сальмонелла  микробы,  дезинфекциялық  заттар  әсеріне 
төзімсіз. 
10  күннен  бастап  2    айлық  жастағы    бұзаулар  ауру  жануарлардан  және 
вирустасушылардан  жылдың  барлық  мезгілінде  жұқтырады,  көбінесе  қыс-
көктем мезглінде, алиментарлық жолмен, көбінесе сүт арқылы. 
Инкубационды  период  1-8  күнге  созылады.  Ауру  өткір  және 
созылмалы  болып  келеді.  Өткір  түрінде  ауырып  қалған  жануарларда  дене 
температурасы көтеріліп(безгектік), жемнен бастартады және көп жатады. 2-
3 күннен соң тышқақтық пайда болады, дәреті сұйық  қан араласқан болып 
келеді.  Ентігу  және  конъюнктивит  байқалады.  3-5  күннен  кейін  ауырған 
жауар құламаса , созылмалы түрі дамып жатыр, ол жөтелдің пайда болуымен
ентігу, пневмания, буындардаң қабынумен сипатталады. Ауру жануарлар  5-
10  күннен  соң  опат  болады,  кейбіреуі  жазылып,  көп  уақыт  бойы  дамудан 
қалып қояды. Мұндай жануарлар дені сау жануарларға жұқтыруы мүмкін. 
Диагнозды  өліктіңклиникалық  және  эпизоотологикалықбелгілерінің  негізіне 
қарай,  сонымен  қатар  өлген  жануарлардың  тіндері  мен  қанының 
бактериологиялық  және  сриологиялық  зерттеулерінің  қорытындысы 
бойынша    қояды.  Сальмонеллезды      диспепсиядан  және  колибактериоздан 
дифференциалдайды. 
  
Ауру  жануарларға  ішке  антибиотиктер  (синтомицин,  левомицетин, 
хлортетрациклин,  террамицин),  сульфаниламидты  (норсульфазол,  этазол) 
және нитрофуранды (фуразолидон, фурагин) препараттар береді. 
Жануарларды  уақытымен  суалтып,  емшектегі  жануарлардың  толық 
емізілуі,  жас  мал  рационына  бактериалды  препараттардың  енуі  аурудын 
алдын алуға әсер етеді. 
Профилактика  үшін  буаз  сиырларды,  содан  соң  бұзауларды  вакциналайды. 
Ауырып жазылған жануарларда мықты иммунитет қалыптасады. 
 
3.7 Колибактериоз 
Бұл  ауыл  шаруашылық  жануарларының  төлдері  мен  үлпек  жүнді 
аңдарда  кездесетін,  іштің  өтуімен,  ауыр  интоксикациямен  және  ағзаның 
сусыздануымен білінетін ауыр инфекциялы ауру.  
Қоздырушы–дезинфекциялық  заттарға  төзімділігі  төмен  патогенді 
эшерихия ішек таяқшасы . 
Бұзаулар  туғаннан  кейінгі  алғашқы  3-7  тәулікте  инфекциялық  заттар, 
уыз,  сүт  ыдысы,  ауа,  жұмысшылардың  қолдары  мен  арнайы  киімі  арқылы, 
сондай-ақ туылғаннан кейін  егеуқұйрықтар мен табиғи резистенттілігі төмен 
жаңа  туған  төл  ағзасының  үй  тышқандарымен  байланысы  кезінде,  күтіп-
бағудың,  азықтандыру  мен  аналықтар  және  жаңа  туған  төлдерді  анасынан 
айыру  кезінде  зоотехникалық  және  ветиринарлық-санитарлық  ережелерді 
бұзу салдарынан  ауруды жұқтырады.  

87 
 
Ауруды  жұқтырудың  негізгі  жолы-алиментарлы,  кейде  аэрогенді, 
құрсақішілік болуы мүмкін.Инфекция көзі- ауру және ауырып болған малдар, 
патогенді  ішек  таяқшасын  тасушы  аналықтар.  Колибактериоз  қыс-көктем 
кезінде жиі байқалады. Егер бұзаулар сүтті иммунититтендірген сиырлардан 
қабылдаса, оларда пассивті иммунитет болуы мүмкін (10-14күн)  
Ауру кезінде дене қызуының көтеріліп, одан кейін төмендеуі, әлсіздік, 
борпылдақ нәжіс, ал әріқарай-сұйық ақ көпіршіктері бар іш өтумен көрінеді. 
Ауру ұзақтығы  90 % өліммен аяқталатын 2-3 күнді құрайды. (сур. 24) 
 
 
 
24 Сурет -Ірі қара мал колибактериозынан көрініс 
 
Диагнозды  нәжісті  эпизоотологиялық,  клиникалық  мәліметтер  және 
бактериологиялық зерттеу нәтижесі негізінде анықтайды. Инфекциялық емес 
асқазан-ішек  ауруларының  сальмонеллезі  мен  вирустық  диареядан 
дифференциялайды.   
Емдеу  кезінде  гипериммунды  ұйытқыш,  гамма-глобулин,  колифаг, 
бөлінген  қоздырушының  сезімталдығын  анықтаумен  сәйкестендіріп, 
антибиотиктерді,  сульфаниламидті  және  нитрофуранды  дәрілерді,  сулы-
тұзды  алмасу  мен  қышқылдық-сілтілік  тепе-теңдікті  қалыпқа  келтіру  үшін 
диетикалық және симптоматикалық заттарды, токсиндерді нейтрализациялау 
мен ақуыз, көмірсу және дәрумен жетіспеушілігін өтеу үшін белгілейді.    
Ұйымдастырушылық-шаруашылық,зоотехникалық,ветеринарлық-
санитарлық  және  зоогигиеналық  шаралар  кешенін  өткізу,  аналықтардың 
және  жас  төлдердің  резистенттілігін  көтеру,сондай-ақ  малдардың  қоршаған 
орта  объектілері  арқылы  ауруды  жұқтыруын  болдырмау  колибактериоздың 
таралуымен күресу және алдын алу үшін жүргізіледі.Алдын алу мақсатында 
неспецификалық  глобулиндерді,қанның  сарысуын  қолдану,буаз  сиврларға 
вакицинация жасау және жаңа туған төлдерді спецификалық гипериммунды 
сарысумен  және  гамма-глобулиндермен  пассивті  иммунитеттендіру  ауруды 
жоюға көмектеседі. 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет