Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата20.01.2017
өлшемі2,31 Mb.
#2292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ірі қара малдың пироплазмозы  
Ірі  қара  малдың  пироплазмозы    –  қан  эритроциттері  –  пироплазмалар 
тудыратын малдардың трансмиссивті ауруы.  
Пироплазманың  өмірлік  циклі  екі  иесінің  ағзасында-ірі  қара  малдың 
және  тасушы  кенелерде  өтеді.  Мал  ағзасында  пироплазмалардың  көбеюі 
қанда бөліну арқылы жүреді,ал кене ағзасында-ұлпаларда,гемолимфада және 
жұмыртқаларда.  Мал  ағзасында  олар  алдымен ішкі  мүшелерде,ал  содан  соң 
перефериялық қанда көбейеді.  
Ірі  қара  малдың  пироплазмозы  негізінен  біздің  мемлекетіміздің 
оңтүстігінде  көп  таралған,алайда  орталық  аудандарда  да  кездеседі,және  ол 
жерде  қатерсіз  өтеді.  Аурудың  тарауы  көктемде,  жазда,ал  кейде  күзде 
байқалады.  
Приоплазмозбды байқамай жұқтыру кезінде инкубациялық кезең 6-дан 
30  күнге  дейін  жалғасады.  Ауру  көп  жағдайда  ауыр  түрде,  ал  кейде 
созылмалы түрде өтеді. 1 тәуліктің ішінде мал денесінің температурасы 42 °C 
дейін  көтеріліп,  мал  жабырқаңқы  күйде  болады.  Шырышты  қабықтар 
аурудың басында бозарған,ал 3-4 күнде сарғыш түске айналады. Малдар көп 
жатады,  азық  пен  суды  қабылдамайды,  көзден  жас  ағу  пайда  болады.  Ішек 
перистальтикасы    әлсізденген.  Аурудың  бас  кезінде  несеп  түсі  сары  түсті, 
одан кейін ол қызылдау түске ие болады,ал 3-4 күнде несеп түсі қара-қоңыр 
болады.  Тамыр  соғысы  мен  тыныс  алу  жиілеп,кахексия  байқалады.  Дұрыс 
емес болжау мен уақыты емдемеу салдарынан өлім ауру жұқтырғаннан кейін 
6-7 күнде болуы мүмкін.  
Аурудың созылмалы түрі әдетте резистенттілігі жоғары немесе бұрын 
ауырып  шыққан  малдарда  байқалады.  Кейде  аурудың  рецедивтері  болуы 

98 
 
мүмкін,ол кезде дене қызуы көтеріліп, жабырқаңқылық,кахексия,ісіну пайда 
болады. 
Диагнозды қанды эпизоотологиялық мәліметтерді ескеріп, клиникалық 
және қанды зертханалық зерттеу,ауруды тасымалдайтын кенелердің,аурудың 
таралу кезеңінің болуы негізінде қояды.  
Пироплазмоздарды емдеу үшін 7 %-тік сулы ерітінді түріндегі беренил 
(азидин)  бұлшық  ет  ішіне  немесе  тері  астына    3,5  мг/кг  бір  рет  енгізіледі. 
Ауыр  жағдайда  инъекцияны  қайталайды.  Сонымен  қатар  10  %-тік  сулы 
ерітінді  түріндегі  диамедин  дәрісін  дене  массасының  1–2  мг/кг  мөлшерінде  
бұлшық  ет  ішіне  енгізеді.  Малдарды  тыныштықпен,  диеталық  азықпен 
қамтамасыз етеді. Аталған ауру кезінде ағзада В12(цианкобаламин)дәрумені 
жетіспегендіктен,  оны  азыққа  қосу  керек  немесе  В12  дәрумені  бар  ине  егу 
керек,сондай-ақ  жүрек  дәрілерін  ,мысалы  сульфокамфокаин  беру  қажет. 
Ауыр жағдайларда көктамыр немесе тері астына гемодез енгізеді.  
Пироплазмозды 
жою 
және 
алдын-алудың 
негізгі 
міндеті 
химиопрофилактиканы және тасымалдаушы-кенелерді жоюды есепке алатын 
профилактикалық  шаралардың  кешенін  өткізуде.Бұл  үшін  малдарды 
периодты  түрде  реппленталармен  өңдеп,  10  күн  сайын    беренил  (азидин) 
енгізеді. 
Тейляриоз 
Бұл  ірі  қара  малдың  лимфа  түйіндерінің,  көк  бауырдың,  бауырдың, 
сүйек кемігінің ,сондай-ақ эритроциттер мен лейкоциттердің мононуклеарлы 
фагоциттер  жүйесінің  торшаларында  ошақтанатын  пигментсіз  қарапайым 
тейлериялар  тудыратын  трансмиссивті  ауруы.  Ауру  Европаның,  Азияның, 
Африканың  көптеген  елдерінде  таралған.Малдар  арасында  өлім  60–80  % 
құрайды. 
Ірі  қара  малдың  ағзасында  тейлериялар  дамуының  2  сатысын  өтеді: 
лимфа  түйіндерінде,көкбауырда  және  басқа  да  ішкі  ағзаларда  гранат 
деншектердің  пайда  болуымен    көпшілік    бөліну(шизогония)  және  иесінің 
эритроциттерінде(тейлерийдің  эритроциттік  түрлері)  қарапайым  бөліну(2-4 
түрге) . 
Инвазияның  қоздырушы  көзі-  барлық  тұқым  мен  жастағы  ауру 
малдар,әсіресе 6 айлық бұзаулар қатты ауырады. Қоздырушыны тасушылар-
кенелер.  Ірі  қара  малда  тейлериоздың  пайда  болуы  көп  жағдайда  мамыр 
айының соңынан шілдеге дейін жалғасады, кейде күз бен қыста болады.  
Аурудың инкубациялық кезеңі 6-35 тәулікті құрайды.Ауру асқынған(4-
7тәул)  және  өте  асқынбаған  (16  тәул)түрде  өтеді,  ол  лимфа  түйіндерінің 
үлкейіп, дене температурасының жоғарылауымен (41°C және одан жоғары), 
жүрек-қан  тамыр  жүйесінің  және  ас  қорыту  қызметінің  бұзылуымен 
сипатталады.  
Диагнозды  эпизоотологиялық  және  клиникалық    мәліметтерге, 
патологоанотомиялық  өзгерістерге  жәнезақымдалған  лимфа  түйіндері  мен 
көкбауырдан  алынған  қан  жұғындысы  мен  шизонттардағы  тейлериялардың 
эритроциттік түрлерінң микроскопиясы негізінде қояды 
Емдеу үшін бұлшық етіне 7 % -тік ерітінді түрінде азидинді 0,0035 г/кг 
мөлшерінде,  окситетрациклин  (террамицин)  –  2–5  мг/кг  (2–5  мың  бірл/кг 

99 
 
дене массасы) бұлшық ет ішіне, кофеиннің 20 %-тік  ерітіндісі терастына бір 
малға 5-20 мл-ден, В12 витамині 1–2 мгк/кг мөлшерден бұлшық ет ішіне, 2–6  
сағ кейін малға натрий хлоридінің 10 %-тік ерітіндісін 0,5 мл/кг  мөлшерінде 
тамыр ішіне және аскорбин қышқылының10 %-тік ерітіндісі– 3–5 кг-ға 1 мл 
тамыр ішіне. Ерітінділерді енгізгеннен кейін малға бірден су, көк сүт немесе 
сүт ұйытқышын береді.Жоғарыда аталған барлықдәрілердің кешенін 3 реттен 
көп пайдаланбайды.  
Алдын-алу  мен  күресу  шаралары  негізінен  қоздырушыларды 
тасымалдайтын  кенелермен  күресуге  негізделеді.  Малдарда  кенелердің 
болуын үнемі текереді және апта сайын кенелерге қарсы шараларды көктем-
жаз-күз  мезгілінде  жүргізеді,  мал  шаруашылқ  бөлмелерді  және  қоршалған 
аумақты  дезакаризациялайды  (1,5-2  айда  1  рет).  Мәжбүрлеп  өлтірілген 
малдардың етін тағамға қолданады,егер ол сары түсті болмаса және бауырда 
дистрофикалық өзгерістер болмаса.  
Кокцидиоздар 
Кокцидиоздар  немесе  эймериоздар  деп  ішектің,  бауырдың,  және 
иесінің  бүйрегінің  эпителиалды  торшаларында  тіршілік  ететін  эймерий  
тобының кокцидий тұқымдасының қарапайымдылары тудыратын малдар мен 
адамның ауруларын атайды. 
4.7 Ірі қара малдың эймериозы  
Ірі  қара  малдың  эймериозы  –  формасы,көлемі,түсі  және  басқа  да 
белгілері  бойынша  ажыратылатын  эймериялардың  10  түрі  тудыратын  кең 
таралған ауру. 
Малдар  су  немесе  азық  арқылы  эймерийдің  ооцистерін  жұтады,содан 
ішекте  спорозиттер  шығады.  Олар  эпителий  немесе  ішек  қабырғасының 
шырыш  асты  қабатының  торшаларына,немесе  тамырларға  гематогенді 
жолмен  (қан  арқылы)  еніп,бауыр,бүйрек  және  басқа  да  мүшелерге  кіреді,ол 
жерде бөлініп,мерозоиттарға айналады (жыныссыз көбею жүреді). Бұл кезде 
эпителиалды  торшалар  бұзылып,  босаған  мерозоиттар  жаңа  эпителиалды 
торшаға  еніп,қайтадан  бірнеше  рет  бөлінеді.Одан  кейін  жыныстық  процесс 
гаметогония  (аналық(макрогамета)  және  аталық(микрогамета)  торшалары) 
басталады. Олардың қосылуы нәтижесінде зигота пайда болып,ол ооцистаға 
айналады. Ооциста  фекалиялармен бірге иесінің ағзасынан шығады.Сыртқы 
ортада ылғалдылық,жылу және ауаның болуынан ооциста ішінде 8 спорозоит 
түзіледі,яғни эймерийдің  ооциста қалыптасады.  
Мал  басының  шектелген  аумақта  шоғырлануына  байланысты  ауру 
жаппай  сипатқа  ие  болады.  Көп  жағғдайда  ауруға  1  айдан  2  жасқа  дейінгі 
бұзаулар  шалдығады.  Ересек  малдар  паразитті  тасушылар  болып 
табылады.Ауру ылғалдылығы жоғары жылы мезгілде жиі тіркеледі. Жұқтыру 
көзі астаулар,төсеніштер және инвазирленген малдар болады. 
Ірі  қара  мал  эймериозының  инкубациялық  кезеңі  1-ден  3  аптаға  дейін 
созылады.  Бұзауларда  ауру  ауыр  өтеді,бірақ  жіті  және  созылмалы  түрде 
болуы  мүмкін.Асқынған  кезде  малдар  енжар  болады,тез  шаршайды. 
Алғашқы күндері сұйық іш өту болады.Кейін фекалияларда шырыштың және 
қанның болуын анықтайды. Дефекация әрекеті еріксіз, анальды саңылау сәл 
ашылған.  Руминация  әлсізденген,  ал  ішектің  перистальтикасы  күшейген. 

100 
 
Дене  температурасы  40–41  °C  дейін  көтерілген.  Одан  кейін  бұзаулар  жата 
береді,азықтан 
бас 
тартады,көздері 
шүңірейген, 
кахексия 
байқалады.Көрінетін шырышты қабықтар бозғылт, анус ашылған, дефекация 
әрекеті  еріксіз.Қанды  іш  өту  жалғасады,бірақ  дене  температурасы36–37  °C 
дейін төмендейді, одан кейін малдар өледі. Өлім 45 % құрауы мүмкін. 
Диагноз  кешенді  түрде  қойылады.  Бұл  кезде  эпизоотологиялық 
мәліметтерді,клиникалық 
белгілерді 
және 
фекалияларда 
эймерий 
ооцисттерінің  көптігін  анықтағанды  ескереді.  Іріқара  малдың  эймериозын 
колибактериоздан,паратифтен,пастереллезден,шығу  тегі  жұқпалы  емес 
энтероколиттерден саралау керек. 
Ауру  малдарға  тыныштық  беріп,азықтандыруды  жақсартады.  Емдеу 
үшін  сульфаниламидті  препараттар  ұсынылады(мысалы,  норсульфазол 
ерітіндісі  60  мг/кг-нан  фуразолидонмен  бірге    2–3  мг/кг-нан  4-5  күн  бойы, 
сульфадимезин    80-100  мг/кг-нан  күніне  2  рет  5  күн  бойы  немесе 
сульфадимезин  мен  левомицетинді  қосып    20  мг/кг-нан  немесе  
хлортетрациклинмен    10  мг/кг-нан,  80  мг/кг  мөлшерінде  кокцидин, 
ампролиум  –  0,02  г/кг,  кокцидиовит  –  0,08  г/кг;  клопидол  –  0,02  г/кг; 
химкокцид 0,4–0,6 г/кг  малдың  массасына.  Препараттарды  ішке  қабылдауға 
3-4 күн аралықпен  4-5 күн береді 
Ауру малдарды бөлек ұстау қажет. Бөлмелер мен серуендеу алаңдарын 
үнемі  тазартып,  жақсылап  дезинфекциялайды.  Химиопрофилактика  ретінде 
химкокцидті 0,3 г/кг мөлшерінде, кокцидиовитті (0,03 г/кг)  левомицетинмен 
бірге  (0,02  г/кг),  кокцидин  (0,08  г/кг)  биомицинмен  (0,02  г/кг)  қолданады. 
Препараттарды әр 5 күн сайын концентрленген азықпен бірге береді. 
Мастигофороздар 
Бұл қоздырушылары жалған аяқтылар класына жататын протозойлы аурулар.  
Ірі қара малдың трихомонозы 
Ірі  қара  малдың  трихомонозы-  қарапайым-трихомонада  тудыратын, 
әлемнің көптеген мемлекеттерінде таралған инвазионды ауру.   
Ауру  жыныстық  мүшелердің  зақымдалуы  мен  функционалдық 
бұзылуымен  сипатталады.  Қоздырушысы  –  дененің  алдыңғы  бөлігінде  төрт 
жалған  аяқтарымен  қамтамасыз  етілген  алмұр  тәрізді  біржасушалы  ағза. 
Паразиттер жай және көп бөліну жолымен көбейеді. Қолайсыз жағдайларда 
цистаға  айналуы  мүмкін.  Ірі  қара  малдың  ағзасында  асқазан-ішек  жолында 
паразиттеніп өмір сүретін трихомонаданың тағы да 2 түрі анықталды.  
Инвазияның 
қоздырушы 
көзі- 
ауру 
малдар 
мен 
трихомонадотасушылар. 
Жұқтыру 
шағылыстыру 
немесе 
жасанды 
ұрықтандыру  кезінде  болады.  Аурудың  таралуына  трихомонадотасушы-
бұқалар әсер етеді. 
Ауру  сиырлар  мен  қашарларда  абиыр  еріндердің  ісінуі,  қынаптың 
қабынуы,  қынаптың  шырышты  қабығында  жем  тәрізді  түйіндердің  пайда 
болуы, эндометрит, пиометр, аборттар (әдетте  2-4-ай буаздықта), қысырлық 
(өткен  жыл  ішінде  аналық  топта  төлдеудің  жетіспушілігі  )байқалады. 
Бұқаларда  трихомонадаларды  жұқтыру  кезінде  күпектің  ,жыныс  мүшесінің 
қабынуы,жыныстық белсенділіктің төмендеуі білінеді.  

101 
 
Диагноз  эпизоотологиялық  мәліметтер,аурудың  белгілері  мен 
микроскопиялық және жұқтыруға күдікті малдарды культуральды зерттеудің 
нәтижелеріне(абортталған  ұрықтар,ұрық  қабаттары,жыныстық  мұшелерден 
бөлінулер,жыныс  секреттерінің  спермасы  мен  бездері)  негізделеді. 
Трихомонозды  инфекционды  фолликулдық  вестибулиттан,  бруцеллезден, 
листериоз бен лептоспироздан саралайды.  
Сиырларды  емдеу  үшін  жергілікті  препараттар  (сиырлардың  жатыр 
қуысын    8-10  %-тік    ихтиол,  флавокридин,  фурацилин  немесе  этакридин 
лактатының(1: 
1000) 
ерітіндісімен 
өңдейді,бұлшық 
ет 
ішіне   
метронидазолдың  1  %-тік  ерітіндісін    80-150  мл  енгізеді)  және  (жатыр 
қуысының  жиырылуын  қысқарту  үшін  тері  астына  прозериннің  0,05  %-тік 
ерітіндісін  2  мл-ден,  0,1  %-тік  карбахолин  мен  фурамонды  2  мл-ден  
қолданады.Бұқаларға  тері  астына  1  %-тік  фурамонды  2мл-ден  немесе 
прозериннің    0,05  %-тік  ерітіндісін    нитрофуранды  препараттармен  қосып 
күпекті жергілікті өңдейді,және фуразолидонның 0,5 %-тік суспензиясымен, 
метронидазолдың  50  мг/кг-нан  дене  массасына  тері  астына  3-5  инъекция 
енгізеді. Емдеу курсынан кейін сиырлар мен бұқаларды трихомонадалардың 
болуына тексереді.  
Трихомонозды  алдын-алу  шаралары  ауру  малдарды  емдеу  мен  бөлек 
ұстаужәне  сиырлар  мен  қашарларды  жасанды  ұрықтандыруды  сау 
бұқалармен жүргізу негізінде жасалынады.  
Ірі қара мен ұсақ малдардың меннаплазмозы  
Бұл  безгекпен,анемиямен,  ішек-қарын жолының  атониясымен(бұлшық 
ет күшінің әлсізденуі) және арықтаумен сипатталатын ірі қара мал мен ұсақ 
малдардың,сондай-ақ жабайы күйіс қайыратын жануарлардың трансмиссивті 
инвазионды  ауруы.  Әлемнің  барлық  жерінде  кездеседі  және  мал 
шаруашылығына көп зиян келтіреді.  
Бұл  ауруды  ішкі  эрицитарлы  паразиттер-анаплазмалар  тудырады. 
Инвазияны  қоздырушы  көзі-ауру  малдар  және  паразит  тасушы  малдар. 
Анаплазмозға  ірі  қара  малдың  әр  түрлі  тұқымдары  мен  әр  түрлі  жастағы 
малдар шалдығады. Ауру көбінесе көктем-жаз немесе күз кезінде тейлериоз 
және басқа да пироплазмидоздардың күрт өсуі кезінде немесе солардан кейін 
тіркеледі.  Жас  төлдер  ауруы  оңайырақ  өткізеді.  Ауырып  болған  малдар 
қоздырушылар 
мен 
тасымалдаушыларды 
инвазирлеу 
көзі 
болып 
қалады,оларға кенелер мен жәндіктердің иксода түрлері жатады(соналар,көк 
шыбындар,сары 
масалар).Кене 
ағзасында 
қоздырушы 
әрі 
қарай 
дамиды.Инвазия қоздырушысын  кененің бір жыныстық жетілген фазасынан 
басқаға  тасымалдау    кененің  жұмыртқалары  арқылы  үзілісті  тамақтану 
кезінде  жүреді.  Жәндіктер  анаплазманың  механикалық  тасымалдаушылары 
болып келеді.Сонымен қатар малдардың анаплазмамен қайтып ауруы мүйізді 
кестіру,піштіру,бонитировкалау,қан  алу  мен  вакцинация  кезінде  таза  емес 
құралдарды қолдану кезінде тіркелді. Малдардың құрсақішілік жұқтыруы да 
сипатталған. 
Инкубациялық  кезеңнің  ұзақтығы  жұқтыру  жолына  және  қанның 
инвазирленуіне    байланысты:тасымалдаушылар  арқылы  жұқтыру  –  10-нан 
175  тәул.дейін,орташа  шамамен  1-2  ай.Ауру  малдарда  дене  қызуының 

102 
 
көтерілуі  байқалады(кейде  42  °C  дейін)  .Малдар  көп  жатады.Шырышты 
қыбықтар  алғашында  сарғыш,боз,содан  кейін  ақ  түсті  болады.Тыныс  алу 
жиілеп,беттік  лимфа  түйіндері  ұлғаяды,қабақтың,беттің,жақасты  аймақтың, 
сондай-ақ  мойын,кеуде  асты  және  қарынның  ісінуі  пайда  болады.  Ауру 
малдар 
шөлдейді, 
тәбеті 
әдетте 
дұрыс 
емес(қабырғаны,жерді 
жалайды).Асқазан-ішек  жолының  атониясы  байқалады.Ауру  малдар  тез 
әлсіреп,  жүдейді.  Сүт  бөлу  тез  төмендеп,кейде  қалыпқа  келмейді.Аурудың 
ауыр формасында жасанды түсік,бұлшық ет қалтырауы және құрысу білінеді. 
Аурудың  рецидивтері  (қайталануы)  байқалады.Жазылу  баяу  жүреді,  жас 
төлдер дамуы тежеледі.Өлім 30-40 % құрайды. 
Диагнозды қан жұғындысын зерттеу негізінде (алдымен лейкоцитозды-
қандалейкоциттер  санының  көбеюін,одан  кейін  лейкопения-  барлық  немесе 
кейбір  лейкоцит  топтарының  азаюын,эритроциттер  мен  гемоглобиннің 
азаюын  белгілейді)қояды.Анаплазмозды  қанды  паразитарлы  ауруладан 
саралайды.  
Ауру  малдарды  жылу  және  күн  тиюден  сақтайды,оларға  жеңіл 
қорытылатын 
азық,көп 
су,сондай-ақ 
тұз 
бен 
микроэлементтер 
препараттарын(күкір  қыш-ның  магнезиясын,қышқыл  мыс,хлорлы  кобальт) 
В12  дәруменін  береді.  Антибиотиктерді  тағайындайды:  окситетрациклин, 
тетрациклин    6  мг-нан  (5–6  мың.  бірл)/кг  новокаиннің  1–2  %-тік  ертіндісін 
бұлшық ет ішіне 4–6күн қатарынан, делагил ішке  40 мг мөлшерінде  малдың  
1 кг массасына, сульфапиридазин-натрий  0,05 г/кг-нан дистиллденген сумен 
1: 10 араластырып  бұлшық ет ішіне 3 күн қатарынан енгізеді.  
Арахноздар мен энтомоздар 
Бұл  буын  аяқты  кенелер  мен  жәндіктер  тудыратын,шарушылыққа 
экономикалық  шығын  келтіретін  инвазионды  аурулар.Олармен  күресу  үшін 
бірнеше әдіс қолданылады. 
 ›  механикалық  –зиянкестердің  жойылуы  және  олардың  өмір  сүруі  мен 
көбеюіне  қолайсыз  жағдайлар  жасау  арқылы  әсер  ету,бұл  батпақ  пен 
ылғалды  жайылымдарды  кептіру,ормандарды  ку  ағаштардан,шөмшектерден 
тазарту,бұталар  мен  жайылымдағы  ойықтарды  жою,су  ішетін  орындарды 
қолайлы ету.  
›  физикалық  –дернәсілдер  мен  жәндіктерді  жоятын  жылуды,  суықты, 
жарықты, суды, және басқа да факторларды қолдану.   
› биологиялық –зиянкестердің табиғи жауларын қолдану 
› химиялық – химиялық заттарды қолдану. 
Арахноздар.  Бұл  2  сатыдағы  өрмекші  тәріздестердің  тұрақты  немесе 
уақытша  паразиттері  тудыратын  инвазионды  аурулар:  нағыз  немесе 
акариформалы,кенелер  мен  паразиттік  формалы  кенелер.Бірінші  топқа 
саркоптоидті(қышымалы)  және  демодекозды  (темір)кенелер,екіншісіне-
иксодалар.  
Күйіс қайыратын малдардың псороптозы  
Күйіс  қайыратын  малдардың  псороптозы  ,немесе  тері  бетінің  
қышымасы,  –  малдар  терісінде  паразитті  тіршілік  ететін  саркоптоидті 
кенелер тудыратын инвазионды ауру. 

103 
 
Кенелер  терінің  бетінде  паразитті  тіршілік  етеді,сондықтан  олаарды 
тері  беттіктер  деп  атайды.  Олар  торшалық  сұйықтық  пен  лимфамен 
қоректенеді.  Дамуға  келесі  сатылар  қатысады:  жұмыртқа,  дернәсіл, 
протонимфа,телеонимфа,  және  имаго.  Барлық  даму  циклі  20-25  күнге 
созылады.  Әр  саты  4-5  күн  жүреді.Дернәсіл  басқа  сатылардан  3  жұп 
аяқтарының  болуымен  ерекшеленеді,ал  нимфаларда  жыныстық  қуыс 
болмайды.Кенлер мал терісінде 2 ай өмір сүреді.   
Ауру  жер-жерде,шаруашылықтардың  барлық  санаттарында  таралған 
және көп жағдайда қорада ұстау кезенінде тіркеледі.  Бұл кезде бөлмелерде 
малдарды  тығыздап  ұстау  байқалады,  олардың  арасында  байланыс 
күшейеді,ылғалдылық  жоғарылап,  кенелердің  дамуына  барлық  жағдай 
туады.Ауру  көбінесе  малдарды  дұрыс  күтпеген  және  азықтандырмаған 
шаруашылықтарда байқалады.Резистенттілігі төмен әлсіреген жануарлар бұл 
аурумен жиі ауырады.Инвазияның негізгі көзі ауырған малдар болады. 
Инкубациялық  кезең  10-14  күнге,ал  жас  төлдерде  -1,5  айға  дейін 
созылады.Ауруға  ең  тәне  белгі  қышыну  болып  келеді.Зақымданған  жердің 
терісі  қалыңдайды,тері  қыртыстары  бір  жерге  жиналады,қалыпты  дене 
қызуының жоғарылуы байқалады. Теріде түйіндер пайда болады,олар бірте-
бірте  жарылатын  көпіршіктерге  айналып,сұйықтық  бөледі,одан  кейін 
қабықша 
түзіледі.Зақымданған 
жерде 
шаштардың 
түсуі 
байқалады,алопециясы  бар  аймақтар  пайда  болады.Ауру  ауыр,созылмалы 
және жасрырын өтеді. Аурудың ауыр өтуі күз-қыс мезгілінде байқалады.Жаз 
мезгілінде  ауру  созылмалы  өтеді.Бұл  уақытта  аурудың  сипатты  белгісі  өте 
қатты  емес  қышыну.Жасырын  кезеңге  кенелердің  көбеюіне  қолайсыз 
жағдайлар,күннің  сәулеленуі  әсер  етеді.кенелер  тері  қыртыстарында 
сақталады.  
Нақты  диагнозды  зақымданған  және  сау  терінің  қырлы  аймақтарынан 
алынатын 
кенелерді 
тапқан 
кезде 
қояды.ірі 
қара 
малдың 
мойыны,шоқтығы,арқа аумағы,құйымшағы зақымданады. 
Емдеу  үшін  зақымданған  жерді  тазартып,қабықшаларды  жұмсартып 
оларды алып тастайды, 2 % -тік коллоидті күкіртті суспензия түрінде араға 8-
10  салып,2  рет  немесе  фенотиазинмен  дуст  түрінде  3:1  қатынасында 
қолданады;изофенді  0,1%-тік  сулы  ерітінді  түрінде  қолдану,сондай-ақ 
ивермектинді теріастына 1 мл/ 50 кг мөлшерінде қолдану ұсынылады.  
Псороптоздың алдын алу үшін шаруашылықтарда  терідегі қышыманы 
жұқтыруға  қарсы  шаралар  кешенің  өткізеді.  Шаруашылыққа  қайтадан 
әкелінген  малдарды  карантиндейді  және  алдын  алу  өңдеуін  өткізеді. 
Малдарды  басқа  шаруашылықтардың  мал  басынан  бөлек  жайылымдарға 
шығарған  дұрыс.  Жыл  сайын  барлық  малдарды  алдын  алу  мақсатында 
қышымаға қарсы өңдейді.  
Ірі  қара мал мен иттердің демодекозы  
Бұл  май  бездері  мен  шаш  түйінінде  паразиттік  тіршілік  ететін 
демодекозды кенелер  тудыратын эндопаразитті ауру.  
Кенелер колония болып тіршілік етеді. Әр колонияда бірнеше мың кене 
болады,  ал  бұндай  колониялар  малдың  денесінде  4  мыңға  дейін  болуы 
мүмкін.  Аналықтар  жұмартқа  салады,5-6  күннен  соң  жұмыртқадан  дернәсіл 

104 
 
шығады  ,ол  6-8  күн  ішінде  протонимфаға  айналады  да,5-6  күннен  соң  
телеонимфаға және 8-10 күнде имагоға айналады.Дамудың барлық циклі 25-
30күн созылады.  
Соңғы жылдары ауру жаппай белең алуда.Көбіне ірі қара мал мен иттер 
ауырады.Адам  да  ауырады.Шошқалардың  демодекозбен  ауру  жағдайлары 
қауіпті.  Ауру  жұқтырудың  көзі  ауру  малдар  болып  табылады.  Ауру  күтіп-
бағу заттары арқылы жұғады.  
Зақымдану  ошақтары  бас,мойын,жауырын,көкірек  қуысы  мен  арқа 
аймағында  шоғырланады.  Олар  диаметрі  10  мм-ге  дейін  жететін  дөңгелек 
пішінді төмпешік түрінде болады.Төмпешік бетінде сұйықтық бөлінеді.Басу 
кезінде ақшыл-сұр түсті балауыз тәрізді зат ағады.Демодекоздың ерекшелігі 
қышынудың болмауында.   
Диагнозды  кешенді  түрде  төмпешіктердің  ішіндегісін  клиникалық 
белгілер мен микроскопиялық зерттеу негізінде қояды.Оның үстіне 10 %-тік 
күйдіргіш  сілтінің  екі  еселенген  мөлшерін  қосады  және  кенелердің  болуын 
лупа немесе микроскоп арқылы қарайды. 
Ірі 
қара 
малды 
емдеу 
үшін 
дикрезилдің 
0,5 
%-тік 
эмульсиясын,хлорофостың  1–2%-  тік  ерітіндісін  қолданады.  Малдарды  5-6 
рет    араға  3-4  күн  салып  өңдейді.  Ивермектинді  0,2  г/кг  мөлшерінде  тері 
астына қолдануға болады.. 
Алдын алу мақсатында малдарды тұрақты тексеру қажет. Ауру малдарды сау 
малдардан бөлек ұстап,емдейді,жұқтыру қаупі бар малдарды акарицидтермен 
өңдейді. Қораны көңнен тазартып,дезинфекциялайды.  
 Энтомоздар 
Бұл  малдардың  тұрақты  немесе  уақытша  паразиттері-жәндіктер 
тудыратын инвазионды аурулар.Ірі қара мал:  
-  теріасты  сонасы  –  дернәсіл  сатысында  паразиттенетін  жұмыртқа 
салушы қанатты жәндіктерден
-  нағыз  және  қөқ-жасыл  ет  масалары  –  көптеген  инвазионды  және 
инфекциялық  аурулардың  қоздырушыларын  тасушылар  мен  малдардың 
паразиттерінен; 
-  қан  сорушы  екі  қанатты  жәндіктер  (шыбын-шіркей)  –  мазасыздық, 
қоңдылықтың,  сауымның  төмендеуін,  терінің  ісінуін,тері  қабынуын 
тудырумен қатар, инвазионды және инфекциялық аурулар қоздырушыларын 
тасымалдаушылар  болатын  соналардан,  шіркейден,    москиттерден,қан 
сорушы көкшыбындардан; 
-  биттер  –  қышынумен,терінің  қабыршақтануымен,  таздану  (қас 
қабастану),  анемия  және  өнімділіктің  төмендеуімен  сипатталатын 
сифункулятоздарды тудыратын малдардың тұрақты эктопаразиттерінен; 
- бүргелер – тері қышуын,тырнауды,өнімділіктің төмендеуін және дене 
салмағының артуын тудыратын уақытша қан сорушы эктопаразиттерден азап 
шегеді. 
 Ірі қара малдың гиподерматозы   
Бұл  терінің  және  арқа  аймағының  теріасты  тінінің  зақымдануымен 
және сүт өнімділігінің төмендеуімен сипатталатын ауру.  

105 
 
Аурудың  қоздырушылары  ми-жұлын  аналығы  және  өңештің  теріасты 
сонасының  (овод)  дернәсілдері  болады.Қанатты  жәндіктер  ұзындығы  13-
15мм  жетеді.  Қоздырушының  дамуы  толық  метаморфозбен  өтеді.  Дамуға 
келесі  сатылар  қатысады:жұмыртқа,дернәсілдердің  3  сатысы,қуыршақ  және 
имаго  (23  сурет).  Соналардың  алғашқы  ұшуы(лет)  мамыр-маусым 
айларында,тек  ыстық,шуақты  күндерде  басталады.  Ми-жұлын  аналығы 
жұмыртқаны аяқ-қолдың үстіңгі бөлігіне,қарын,желін және бүйірлердің жүні 
бар жеріне,ал өнештікі тұсау буынына салады. 4–7 және одан көп күн өткен 
соң оларда 1-ші сатыдағы дернәсіл жетіледі. Өңеш дернәсілдері жұтқыншақ 
және өңеш аймағына,ал ми-жұлын дернәсілі ми-жұлын каналына ауысады,ол 
жерде  6  айға  дейін  болады.  Одан  кейін  олар  арқа  мен  бел  аймағына 
ауысады,ол жерде олар дәнекер капсуласымен қапталады және ферменттерді 
бөлетін,тіндерді балқытады және өзекті жолдарды құрайтын  2-ші сатыдағы 
дернәсілдерге айналады. Бұдан сол олар 3-ші сатыдағы дернәсілге айналып, 
жерге түседі, топырақтың беткі қабатына енеді де қуыршақтанады,одан кейін 
қуыршақтан имагоға айналады. 
Ауруды  жұқтыру  тек  жазда  соналардың  ыстық,құрғақ,шуақты  күнде 
ұшу  кезінде  жүреді.  Малдар  көбінесе  1  мен  4  жас  аралығында  ауруды 
жұқтырады.Соңғы  кездері  жүргізілетін  жаппай  өңдеу  жұмыстарының 
арқасында теріасты соналардың  саны айтарлықтай төмендеді.   
Ұзақ  орын  ауыстыру  кезінде  дернәсілдер  малдардың  мүшелері  мен 
ұлпаларын  зақымдайды.  Қарқынды  зақымдану  кезінде  малдардың 
әлсіреуі,өнімділіктің  төмендеуі  жүреді.Көктемде  сәуір-мамыр  айларында 
тері,бел  мен  құйымшақ  аймағында  дернәсілдердің  болуы  байқалады 
.Соналардың  ұшу  кезеңінде  малдар  мазасызданып,түшкіреді,  құйрықты 
көтеріп  жайылымнан  қашып  кетеді.    Теріасты  соналардың  дернәсілдермен 
зақымданған  малдарды  көктемде,дернәсілдердің  арқа  аймағындағы  теріасты 
клетчатканы жаппай жақындауы кезінде палпация көмегімен анықтайды.  
Теріасты  соналармен  күресудің  негізгі  мақсаты  –  малдар  ағзасындағы 
1-ші  сатыдағы  дернәсілдерді  жою.  Ол  үшін  гиподермин-хлорофосты  (арқа 
аймағына  ,  омыртқалардың  екі  жағына  құю  әдісімен    200  кг  массасындағы 
малдарға  16  мл,ал  200  кг-нан  артықтарға  -24  мл  мөлшерінде  енгізеді), 
диоксафос-К-ны  (сол  мөлшерде),  сульфидофосты-20,  хлорофос  пен 
ивермектинді  қолданады,  оны  тек  қана  теріастына    1  мл/50  кг  мөлшерінде 
енгізеді.  Ерте  химиялық  терапияны  күзде,қыркұйек-қараша  айларында 
жүргізеді.Кеш  химиялық  терапияны  көктемде,дәл  сол  препараттармен 
дернәсілдердің  арқа  аймағына  максималды  жақындау  кезеңінде  жүргізеді. 
Күзде  жайылымда  болған  барлық  малдарды,  араға  1  ай  салып,  екі  рет  ,ал 
көктемде тек зақымданған малдарды өңдейді. Жұмыртқа салудың алдын алу 
мен  1-ші  сатыдағы  дернәсілдерді  жою  үшін  малдарды  1  %-тік  хлорофос 
ерітіндісімен жайылымдық кезеңде 10 күнде 1 рет шашады.  
 Бұзау неоскаридозы 
Anisakidae 
тұқымдасына, 
Ascaridata 
подотрядына 
жататың 
қоздырушысы  мен  тудыратың  бұзаулардың,  буйвол  және  зебу  төлдерінің 
ауруы.  Мекендейтің  жері    -  жінішке  ішек,  кейбір  кезде  ұлтабар.  Шығын 
малдың тірі салмағы төмендеуінен, және малдың өлімінен салыстырылады. 

106 
 
Қоздырушы  -  Neoascaris  vitulorum,  сары  –  әкшіл  түсті  нематода, 
аталықтың ұзындығы 11 – 15 см, және аналықтың 14 – 30 см. Ауыз куысы үш 
ерінмен  қапталған,  бір  –бірінен  перетяжкамен  бөлінген.  Ерін  шеттері 
тістермен  қапталған.  Өнеш  және  ішек  арасында  кенейген  қарынша 
орналасқан.  Аталықтың  екі  бірдей  спикуласы  болады.  Жұмыртқалардың 
пішіні дөңгелек, сыртқы қабығы бұдырлы және ұзындығының мөлшері 0,075 
– 0,095мм, ені 0,060 – 0,075мм (сур. 27). 
 
 
 
 
27Сурет- Neoascaris vitulorum қоздырушысы 
1 – гермафродиттік мүше; 2 – толық піскен мүше; 3 – жұмыртқасы; 
 
 
Даму  биологиясы.  Неоаскарис  –  геогельминт.  Гельминттермен 
салынған жұмыртқалар сыртқы ортаға бөлінеді, сонда 28 - 30°С инвазиялық 
сатысына  12  –  15  тәулік    ішінде  жетеді,  ал  15  –  18°С    1  ай    аса    дамиды. 
Температура  32°С  биік  болған  кезде  олар  өледі.  Жануарлар  инвазиялық 
жұмыртқаларды азықпен немесе сумен жұтып зақымдалады. Жануарлардың 
қарынында және ішегінде жұмыртқалардан личинкалар шығады да аскарида 
типіне  сәйкес  күрделі  миграция  жолын    өтеді.  Гельминттер  толық  жыныс 
сатысына 43 тәулік аралығында жетеді. 
Бұзаулардың  зақымдалуы  іш  арқылы  болуы  мүмкін,  ол  кезде 
гельминттің жұмыртқалары  бұзау түғаннан 25  – 31-ші күннен кейін бөліне 
бастайды. Неоаскаристардың  өмір ұзақтығы  3 – 4 ай  шамасы құрады.  
Эпизоотологиялық  деректер.  Неоаскаридозбен  көбісіне    4  айға 
жетпеген  төлдер  аурады.  Инвазияның  экстенсивтик  биіктігі  1–2  айлық 
бұзауларда  байқалады.  Инвазия  жылдың  барлық  мерзімінде  кездеседі, 
бірақта өте жиі маусым – шілде айларында, сирек қыста байқалады. 
Инвазияны  тарату  көзі  –  ауру  төлдер,  тағы  да  буаз  сиарлардан 
зақымдалған 
бұзаулар 
туады. 
Азербайджан 
мемлекетінің 
таулы 
аудандарында  1–2  айлық  бұзауларының  зақымдалуы  62,7%  барады,  ал  тау 
манында  –  44  және  төменгі  жерлерінде  1%  дейін  түседі.  Басқа  мәліметтер 
бойынша  неоаскарис  личинкалары  сауатың  сиырлар  сүтімен  бірге  бөлінеді. 
Нематода  жұмыртқалары  ұзақ    кебуді  шыдатпайды,  ал  инвазиялық 
жұмыртқалар одан да төмен төзімді болады.   

107 
 
Патогенез және иммунитет. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша осы 
инвазия  кезінде  патологиялық  процесстердің  дамуы  басқа  жануарлар 
аскаридозы  кезіндегідей.  Және  жінішке  ішек  қуысында  аскарида 
личинкалары  миграция  жасайтын    кезде    механикалық  әсерің  тудырады. 
Нематодалардың  көп  саны  жиналғаннан  ішектің  бекітілуі  байқалады,  сол 
себебтен  оның  қабырғасы  жарылуы  мүмкін.  Личинкалар  аскарида  типімен 
миграция  жасайды,  сондықтан  сиырлардың  және  тұқымдың  плацентарлық 
барьеріне  және  емшік  тамырларына  патогендік  әсер  тігізеді.  Метаболизм 
азықтары  антиген  болып  табылады.  Лимфоцитоз  (68-ден  84-ға%), 
эозинофилия (9-дан 16-%),  нейтропения (12,5 –нан 21-ге%) байқалады. Жүре 
пайда  болған  иммунитет  білінеді,  сондықтан  ересек  жануарлар  бұл  ауруға 
тұрақты болады. 
Ауру  белгілері.  Сиыр  және  буйвол  төлдері  тұғаннан  кейін  бір  жеті 
десін  ауру  біліне  бастайды.  Аурудың  клиникалық  белгілері  біліну  деңгейі  
инвазия  интенсивтігіне  байланысты  келеді.  Ауру  малда  тәбеті  төмендейді, 
асқөрыту  жолының  бұзылуы,  ол  сүтті  ішкеннен  кейін  тимпания  пайда 
болуымен,  ауздан  мінезді  иіс  шығуымен  (ацетон,  эфир  немесе  хлороформ) 
білінеді.  Көбінде  жөтел,  іш  өту,  арыгу  пайда  болады.  Нәжісі  қанмен 
араласканнан    қара  түсі.  Аурудың  ауыр  кезінде  жиі  несеп  шығу,  қиын  дем 
алу,  жүйке  құбылыстар  байқалады.  Дене  температурасы  көтерілуі  мүмкін. 
Экспериментальді  зақымдаған  жануарларда  осы  айтып  кеткен  белгілерден 
басқа,  артқы  аяқтарының  салдануы,  мойын  бүлшықеттерінің  жиі  тырысуы 
байқалады.  30  мыннан  аса  жұмыртқа  алған  сиырларда  бір  тәүлік  өткен  сон 
иісі өте жаман іш өту байқалады,  азықтан бас тартады, сүттілігі 80% дейін 
төмендейді. 
Патологоанатомиялық 
өзгерістер. 
Жінішке 
ішектің 
кілегейі 
геморрагиялық қабынған, кейбір жерлерінде некроз байқалады. Құрсақ және 
перикардиальді  қуыстарында  көп  экссудат  жиналады.  Бауырда  ошақты 
дегенеративті  өзгерістер,  өқпеде  катаральді  немесе  фибринозді  қабыну 
білінеді.  
Балау. Тірі кезінде Дарлинг, Щербович, Фюллеборн әдістерімен немесе 
нативті  жұғынды  әдісімен  жұмыртқаларды  тауып  қояды.  Тиімділігін 
жоғарлату  үшін  зерттеу  кезінде  сыналарды  1-2  сағатқа  түндырады.  Және 
балау  кезінде  ауыздан  арнайы  иіс  шыгуын  еске  алады.  Бұл  ауруды 
криптоспоридиоз  және  эймериоз  ауруларынан,  арнайы  қоздырушыларың 
табу жолымен ажырату керек. 
Емдеу.  Емдеу  мақсаты  үшін  пиперазин  түздарың,    нилверм,  ивомек 
және т.б. қолданады. 
Пиперазин  түздарың  ішке,  аш  қарынға  береді,  дозасы  0,5  г/кг  тірі 
салмағына,  содан  кейін  кастор  майын  еңгізеді.  Кейбір  авторлар  пиперазин 
түздарың екі рет, дозасы 0,22– 0,3г/кг беруін  ұсынады.  
Кремне-фторлы  натрийды  сүтпен  қосып    күніне  3  рет  үш  күн  бойы, 
дозасы: 2 күндік және 1 айлық бұзауларға -  0,8 г, 1 айдан 2 айға дейін – 1 г 
және  2 айдан үлкен жануарларға – 1,5 г береді. 
Пиперазин  және    кремне-фторлы  натрий  толық  жыныс  сатысына 
жетпеген неоаскаристарға өте әсер етеді. Нилвермді су ерітінді түрінде ішке 

108 
 
дозасы 15 мг/кг береді. Толық жыныс сатысына жеткен неоаскаристарға 1%-
тық  мыс  сульфат  ерітіндісін,  дозасы  2  мл/кг  береді.  Скипидар  және  өсімдік 
май  қосымшасын  1:4  араластырып,  дозасы    4–тен  16  мл  дейін  қолданады. 
Тағыда фенотиазин, сантенин, глаубер түзын және т.б. беруге болады.    
Алдын-ала  және  күресу  шаралары.    Таза  емес  шаруашылықтарда 
инвазияны  алдын  алу  мақсатымен  буаз  сиырларды  және  4-5  айлық  
бұзауларды    бөлек  үстайды.  Бұзауларға  бір  айдан  бастап  дегельминтизация 
өткізіп, 5 қүн бойы  қорада  ұстайды, ал киды биотермиялық залалсыздайды.    
 Ірі және ұсақ  мүйізді малдың эуритрематозы 
Ірі    және  ұсақ    мүйізді  жануарлардың,  түйелердің  және  көп  жабайы 
қүйіс қайыратың малдың ауруы. Қоздырушысы Dicrocoelidae тұқымдысына, 
Fasciolata  подотрядына  жататын  трематода.  Шошқалар  осы  қоздырушымен 
зақымдалады,  адамда  өте  бейімді  болады.  Мекендейтін  жері  –  қарын  асты 
безі жлдарында, өте сирек бауырда да кездеседі.  
Қоздырушы    –  Eurytrema  pancreaticum.  Эуритремалар  –    ұлкен  қызыл 
түсті трематодалар жақсы дамыған сорғыштары болады. Дене ұзындығы 13,5 
18,5мм,ені-5,5-8,5 мм. Ауыз сорғышы құрсақ сорғышына қарағандаірі келеді. 
Жұтқыншағы жартылай ауыз сорғышымен жабылған, өнеші қысқа. Екі ішек 
бұтағы дене бүйірлері бойынша орналасып артқы жақта бітеді(сур. 28). 
 
 
28Сурет -Eurytrema pancreaticum қоздырушысы 
 
Жұмыртқалықтын  пішіні  дұрыс  келмеген,  құрсақ  сорғышынын 
жананда  орналаскан.  Сары  денелер  көп  санды  фолликулалардан  турады. 
Жатыр  трубка  тәрізді,  дененің  бүкіл  артқы  жағын  алады.  Жұмыртқалары 
қоныр 
түсті, 
ішінде 
дамыған 
мирацидий 
болады. 
Мөлшері 
(0,045…0,052)×(0,029…0,033) мм. 
Мемлекеттің территориясында Eurytrema сoelomaticum және Eurytrema 
media  түрлері  кездеседі.  Африка  және  Азия    мемлекеттерінде  басқа  да 
түрлері тіркелген. 
Даму  биологиясы.  Трематода  аралық  иелер  –  жердегі  моллюскалар  E 
lantzi,  Bradybaena  similaris,  Bradybaena  phaeozona  және  т.б.,    тағыда 
Conophalus  maculates  туысына  жататын  қосымша  иелер  (шегірткелер) 
қатысуымен  дамиды.  Қытайда  қосымша  иелер  Nemobiya  caibae  сверчогі 
болып табылады (сур. 29).  

109 
 
 
 
  
                        29Сурет -Eurytrema pancreaticum даму схемасы 
 
 
Ауру  малдың  нәжісімен  трематода  жұмыртқалары  сыртқа  шығады 
және  шоппен  бірге  моллюскалармен  жұтылады.  Олардың  ішегінде 
жұмыртқадан  мирацидий  шығып  бауырға  енеді  де  бір  ай  арасында 
спороцистаға  айналады.  Церкарий  5  ай  бойы  дамиды,  кейбір  кезде  оның 
дамуы  бір  жылға  дейін  созылады.  Содан  кейін  церкарий  моллюсканың 
денесінен  шығып  өсімдікке  және  суға  түседі.  Алғашқыда  оларды  
шегірткелер жиды, солардын денесінде метацеркарий – инвазиялық личинка 
дамиды.  Метацеркарийлардың  дамуы    21  күннен    60-90  күнге  дейін 
созылады.  Дефинитивтік  иелер  жайляуда  инвазияланған  шегірткелерді 
шоппен жеп зақымдалады. Жануарлардың қарын асты безінде  трематодалар 
толық жыныс сатысына 2-3 айдасын жетеді (кейбіреулер айтуы бойынша 50-
100 тәулікке созылады). Өмір ұзындығы 4 жылдан аса. 
Эпизоотологиялық  деректер.  Эуритрема  ошақты  таралған.  Оңтүстік 
Америкада, Шығыс Азияда, Қазақстанда, Ресейде, Алтайда кездеседі. 
Жануарлар  жылдың  жылы  мерзімінде  зақымдалады.  Эуритрема 
жұмыртқалары,  және  спороцисталар  церкарийлармен  сыртқы  ортаның 
құбылыстарына  тұрақты  келеді,  сондықтан  инвазияны  таратуына  кабілет 
етеді.  Биіл  туған  қошақандарда  инвазияның  пикі  қараша  айына  келеді,  ал 
төлдерде және ересек қойларда зақымдалу көктемде және жазда байқалады, 
максимумы тамыз айына түседі. 
Инвазияның 
интенсивтігі 
жануар 
жасымен 
көтеріледі. 
Моллюскалардың инвазия экстенсивтігі 2-8% жетеді, қосымша иелерде ол 6-
47% барады. 
Моллюскалардан  шыққан  спороцисталар  күн  сәулесі  астында  7-35  минут 
аралығында  өледі,  бірақта  жапырақ  астында  және  дымқыл  жерде  олар  өмір 
кабілеттігін 4 тәулікке дейін сақтайды. 
Патогенез және иммунитет. Гельминттер қарын асты безі жолдарында 
жиналып  оны  кенейтеді.  Мүше  паренхимасы  альвеолярляқ  құрылысын 

110 
 
жоғалтады,  ісіну  және  инфильтрация  дамиды,  дәнекер  ұлпа  өседі,  мүшенің 
секреторлық  қызметі  бұзылады.  Осы  нәтижесінен  патологиялық  процесс 
бүкіл асқорыту жүйесіне таралады. Иммунитет жануарларда толық емес. 
Ауру  белгілері.  Ауру  малда  жүдеу,  созылмалы  диарея,  жақ  асты,  бас 
аумағында  ісінулер  байқалады.  Көрінетін  кілегей  қабықтары  сұрленген, 
аурудың созылмалы түрінде малдың жүні түссіз, жылтырсыз, сынғыш және 
женіл түседі, іш өту іш қатумен аусады. 
Патологоанатомиялық  өзгерістер.  Жалпы  арыгу,  кілегей  және  серозды 
қабықтарының  бозғылттығы,  тері  астында  және  бүлшықаралық  клетчаткада 
инфильтрат,  кеуде  және  құрсақ  куыстарында  мөлдір  транссудат  жиналадуы 
байқалады.  Паренхиматоздық  мүшелерінде  атрофия  білінеді.  Ішекте 
созылмалы қабыну байқалады. 
Балау. Тірі кезінде нәжісті бірнеше шаю әдісімен зерттейді. Эуритрема 
жұмыртқаларың дикроцелий жұмыртқалаларынан ажырату керек. Біріншінің 
жұмыртқалары ірі келеді. 
Емдеу.  Қойларды  емдеу  үшін  шетелде  нитроксинил  қолданады,  оны 
тері  астына  немесе  бұлшықетке  еңгізеді,  дозасы  10мг/кг,  үш  рет  арасында 
интервал жасайды (20мг/кг – екі рет, 48 сағаттан кейін). Ірі қара малға күсу 
тас береді, аптасына екі рет, қан тамырға, дозасы 15-20 мл, 1-2%-тық ерітінді 
түрінде. Тағыда политрем қолдануға болады. 
Алдын  -  алу  және  күресу  шаралады  дұрыс  зерттелмеген.  Таза  емес 
шаруашылықтарда 
қорада 
үстаған 
уақытта 
емдеу 
– 
алдын-алу 
дегельминтизация  өткізеді.  Сиырлар  мен  қашарларды  маусымның  бірінші 
жартсына  дейін  жайляудың  бар  түрлерінде  бағу  болады,  ал  ересек 
шегірткелер уша бастағанда ашық және жасанды жайляуларда бағу керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

111 
 
 
Қолданылған әдебиет тізімі 
1 Данилевский В. М, Кондрахин И. П. Практикум по внутренним незаразным 
болезням животных. М.: Колос, 1992. – с.- 137-142. 

Зайцев  В.  И.  Клиническая  диагностика  внутренних  болезней 
сельскохозяйственных животных. М.: Колос, 1971. 

Преображенский  Н.  М,  Полякин  В.  В,  Тарасов  В.  Р.  Болезни  органов 
пищеварения  крупного  рогатого  скота  и  их  лечение.  М.:  Россельхозиздат, 
1971. – с. - 40-45.  
4  Скрябин  К.  И.  Ветеринарная  энциклопедия.  М.:  Советская  энциклопедия. 
1975.- с.- 1066-1067.  
5Коробов  А.  В,  Щербаков  Г.  Г.  Практикум  по  внутренним  болезням 
животных. М., С-П, Кр.: 2004. –с.-  122-125. 
6    Бакулов  И.А.  Эпизоотология  және  микробиология  Мәскеу: 
"Агропромиздат", 1987. - 415с. 
7.  Жануарлардың  инфекциялық  аурулары  /  Б.  Ф.  Бессарабов,  А.  А.,  Е.  С. 
Воронин және т.б. А. А. Сидорчука. — М.: КолосС, 2007. — 671 с 
8.  Алтухов  Н.Н.  Ветеринариялық  дәрігердің  қысқаша  анықтамалық 
кітапшасы Мәскеу: "Агропромиздат", 1990. - 574с 
9.  Довідник  лікаря  ветеринарної  медицини/  П.І.  Вербицький,П.П. 
Достоєвський. – К.: «Урожай», 2004. – 1280с. 
10.  Ветеринариялық  дәрігердің  қысқаша  анықтамалық  кітапшасы  /  А.Ф 
Кузнецов. – Мәскеу: «Лань», 2002. – 896с. 
11.  Ветеринариялық  дәрігердің  қысқаша  анықтамалық  кітапшасы  /  П.П. 
Достоевский, Н.А. Судаков, В.А. тамась және т.б. – К.: Урожай, 1990. – 784с. 
12. 
Гавриш  В.Г.Ветеринариялық  дәрігердің  қысқаша  анықтамалық 
кітапшасы, 4 изд.Ростов-на-Дону: "Феникс", 2003. - 576с. 
13
 
Физиология  центральной  нервной  системы:  учеб.  пособие  / 
Т.В.Алейникова, В.Н.Думбай, Г.А.Кураев, Г.Л.Фельдман. Ростов н/Д: 
Феникс, 2006. – 376 с. 
14  Общая  физиология  нервной  системы.  В  серии:  Руководство  по 
физиологии. Л., «Наука», 1979. 717 с. 
 
 
 

Document Outline

  • .D2.9A.D0.BE.D0.B7.D0.B4.D1.8B.D1.80.D2.
  • .D0.AD.D0.BF.D0.B8.D0.B7.D0.BE.D0.BE.D1.
  • cite_ref-1
  • cite_ref-11
  • .D0.9B.D0.B5.D0.BF.D1.82.D0.BE.D1.81.D0.
  • cite_ref-2
  • SUB200
  • vp17
  • SUB300
  • vp18
  • SUB400
  • vp19
  • SUB500
  • vp20
  • SUB600
  • vp21
  • SUB700
  • vp22
  • SUB800
  • vp23


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет