Анықтамалық нұсқаулық User Guide



жүктеу 2.7 Mb.

бет19/30
Дата15.03.2017
өлшемі2.7 Mb.
түріРуководство пользователя
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30

Негізгі экран

Күй жолағы

Телефонның күй ақпаратын, оның ішінде уақыт, 

сигнал күшін, батарея зарядын және хабарлау 

белгішелерін көрсетеді.



Виджет

Виджеттер — қосымшалар экранынан немесе 

негізгі экраннан немесе кеңейтілген негізгі 

экраннан өтуге болатын өзіндік қосымшалар. 

Сілтемеден ерекшелігі — виджет экрандағы 

қосымша түрінде пайда болады.



Қосымша белгішелері

Белгішені (қосымша, қалта, т.б.) ашу және 

пайдалану үшін оны түртіңіз.

Орналасу жері индикаторы

Көріп отырған негізгі экран кенебін көрсетеді.



Жылдам перне аумағы

Кез келген негізгі экран кенебінде функцияға бір 

рет түртіп өтумен қамтамасыз етеді. 

Алдыңғы сенсорлы түймелер

Кеңейтілген негізгі экран

Операциялық жүйе белгішелер, виджеттер және басқаларын қосуға көп орын 

қалдыру үшін бірнеше негізгі экран кенебімен қамтамасыз етеді.

X

Негізгі экранда саусағыңызды солға не оңға сырғытыңыз. 



31

Басты экранды реттеу

Негізгі экранды қосымшалар, жүктеулер, виджеттер қосу немесе 

тұсқағаздарды өзгерту арқылы реттеуге болады. 

Негізгі экранға элементтер қосу үшін

1  


Негізгі экранның бос жерін түртіп, ұстап тұрыңыз. 

2  


Режим қосу мәзірінде қосқыңыз келген элементті таңдаңыз. Содан кейін 

бұл қосылған элемент басты экраннан көрінеді.

3  

Оны керек жерге алып барып, саусағыңызды алыңыз.



КЕҢЕС! Қосымшалар мәзірінен басты экранға қосымшаның белгішесін 

қосу үшін қосылатын қосымшаны түртіп ұстап тұрыңыз.



Негізгі экраннан элементті жою үшін

X

Өзіндік бет экраны > жойылатын белгішені түртіп, ұстап тұрыңыз > оны 

 сүйреңіз.

Қосымшаны жылдам перне ретінде қосу үшін 

X

Қосымшалар мәзірінен немесе негізгі экранда қосымша белгішесін басып 



тұрып, оны жылдам перне аумағына алып барыңыз. 7 қосымшаға дейін 

қосуға болады. 



Қосымшаны жылдам перне аумағынан жою үшін

X

Қажетті жылдам пернені басып тұрып, оны   аумағына алып барыңыз.



ЕСКЕРТПЕ:

   


Қосымшалар

 пернесін жоюға болмайды.



Негізгі экранда қосымшалар белгішелерін реттеу үшін

1  


Қосымша белгішесі ағымдағы орнынан босағанша, оны басып тұрыңыз. 

Сосын оны экранға алып барыңыз. Өңдеу белгішесі қосымшаның жоғарғы 

оң жақ бұрышында пайда болады.

2  


Қосымша белгішесін қайтадан басып, қажетті белгішенің дизайны мен 

өлшемін таңдаңыз. 



32

Негізгі экран

3  


Өзгерісті сақтау үшін 

OK түймесін түртіңіз.

Жақында пайдаланылған қолданбаларға оралу

1  


 түймесін басып тұрыңыз. Экранда соңғы пайдаланылған 

қолданбалардың белгішелері берілген қалқымалы терезе көрсетіледі.

2  

Қосымшаны ашу үшін белгішені түртіңіз. Немесе алдыңғы экранға қайту 



үшін 

 түймесін түртіңіз.



Хабарландырулар тақтасы

Хабарландырулар жаңа хабарлардың келуі, күнтізбе оқиғалары және 

оятқыштар, сонымен бірге бейнелерді жүктеп алу сияқты ағымдағы оқиғалар 

туралы ескертеді.

Хабарландыру келгенде, оның белгішесі экранның жоғарғы жағында пайда 

болады. Күтудегі хабарландырулардың белгішелері сол жағында пайда 

болады және Wi-Fi немесе батарея заряды сияқты нәрселерді көрсететін 

жүйелік белгішелер оң жағына шығады.



ЕСКЕРТПЕ. Қол жетімді опциялар аймаққа немесе қызмет 

провайдеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Күтудегі 

хабарландырулар

Bluetooth, Wi-Fi және 

батареяның күйі



33

Хабарландырулар тақтасын ашу

Хабарландырулар тақтасын ашу үшін күй жолағында төмен жанап өтіңіз. 



Жылдам ауыстыру аумағы

Жылдам ауыстыру пернесін қосу/өшіру үшін оны 

басыңыз. Функцияның баптаулар мәзіріне өту 

үшін пернені басып тұрыңыз. Басқа ауыстыру 

пернелерін көру үшін солға не оңға қарай 

сипаңыз. Ауыстыру пернелерін жою, қосу немесе 

қайта реттеу үшін   опциясын түртіңіз.

QSlide қосымшалары

Экранда кішкентай терезе етіп ашу үшін QSlide 

қосымшасын түртіңіз. QSlide қосымшаларын 

жою, қосу немесе қайта реттеу үшін   опциясын 

түртіңіз.

Барлық хабарландыруды өшіру үшін түртіңіз. 



Хабарландырулар

Ағымдағы хабарландырулардың әрқайсысы 

қысқаша сипаттамасымен тізімде берілген. 

Хабарландыруды көру үшін оны түртіңіз. 

Хабарландырулар тақтасын жабу үшін 

қойындыны түртіп, экранның үстіне қарай 

жылжытыңыз. 

Күй жолағындағы индикатор белгішелер

Экранның жоғарғы жағындағы күй жолағындағы индикатор белгішелер 

қабылданбаған қоңыраулар, жаңа хабарлар, күнтізбе оқиғалары, құрылғының 

күйі және т.б. туралы есеп береді. 



34

Негізгі экран

Экранның жоғарғы жағында көрсетілген белгішелер құрылғының күйі туралы 

ақпарат береді. Төмендегі кестеде тізілген белгішелер ең жиі пайдаланылады.

Белгіше Сипаттамасы

Белгіше Сипаттамасы

SIM картасы салынбаған

Қоңырау үні өшірулі

Желі сигналы жоқ

Діріл режимі қосулы

Ұшақ режимі қосулы

Батарея толық 

зарядталған

Wi-Fi желісіне қосылған

Батарея зарядталуда

Сымды гарнитура 

қосылған


Телефон компьютерге 

USB кабелі арқылы 

қосылған

Байланыс жүріп жатыр

Деректер жүктелуде

Қабылданбаған қоңырау

Деректер жүктеліп 

қойылуда


Bluetooth қосулы

GPS қосулы

NFC қосулы

GPS қызметінен орналасу 

деректерін қабылдау

Жүйе ескертуі

Деректер синхрондалуда

Сигнал орнатылды

Жаңа Gmail хабары қол 

жетімді


Жаңа дауыстық пошта қол 

жетімді


Жаңа Hangouts хабары 

қол жетімді



35

Жаңа мәтіндік немесе 

мультимедиалық хабар

Енгізу әдісін таңдау

Ән қазір ойнатылуда

DLNA мазмұнын бөлісу

Ұялы жедел нүкте қосулы

DLNA музыкасын ойнату



ЕСКЕРТПЕ: күй жолағындағы белгішелердің орны функцияға немесе 

қызметке сай басқаша болуы мүмкін.



Экрандағы пернетақта

Мәтінді экрандық пернетақта арқылы енгізуге болады. Экрандағы пернетақта 

мәтін енгізу керек болғанда экранда автоматты түрде пайда болады. 

Пернетақтаны қолмен көрсету үшін мәтін енгізетін жердегі мәтін жолын түртіңіз.



Пернетақтаны пайдалану және мәтін енгізу

 Енгізілетін келесі әріпті бас әріпке өзгерту үшін бір рет түртіңіз. Барлық 

әріптерді үлкейту үшін екі рет түртіңіз.

   Санды және таңбалы пернетақталарды ауыстыру үшін түртіңіз.

 Қолмен жазуға ауысу үшін түртіңіз.

 Бос орын енгізу үшін түртіңіз.

 Жаңа жол жасау үшін түртіңіз.

 Алдыңғы таңбаны жою үшін түртіңіз.



Арнайы таңбалары бар әріптерді енгізу

Мәтінді енгізу тілі ретінде француз немесе испан тілін таңдағанда, арнайы 

француз немесе испан таңбаларын (мысалы, «á») енгізуге болады.

Мысалы, «а» әрпін енгізу үшін «а» пернесін үлкейту пернесі үлкенірек 

болғанша және әр түрлі тілдердің таңбаларын көрсеткенше түртіп ұстап 

тұрыңыз. Сосын қажетті арнайы таңбаны таңдаңыз.



36

Google есептік жазбасын орнату

Телефонды алғаш қосқанда желіні іске қосу, Google есептік жазбасына кіру 

және кейбір Google қызметтерін пайдалану жолын таңдау мүмкіндігі бар. 

Google есептік жазбасын орнату үшін: 

Нұсқау берілген орнату экранынан Google есептік жазбасына кіріңіз.



 

НЕМЕСЕ 

Жаңа есептік жазба жасау үшін 



 >   > 

Қосымшалар қойындысын > 

Gmail сияқты Google қолданбасын таңдаңыз > New опциясын таңдаңыз. 

Google есептік жазбаңыз бар болса, 



Existing тармағын түртіп, электрондық 

пошта мекенжайын және кілтсөзді енгізіңіз, одан кейін   опциясын түртіңіз.

Телефонда Google есептік жазбасын орнатқаннан кейін, телефоныңыз 

автоматты түрде интернеттегі Google есептік жазбасымен синхрондалады.

Контактілер, Gmail хабарлары, күнтізбе оқиғалары және Интернеттегі 

осы қолданбалар мен қызметтердің басқа мәліметтері телефонмен 

синхрондалады. (Бұл синхрондау баптауларына байланысты.)

Жүйеге кіргеннен кейін Gmail™ қолданбасын пайдаланып, телефондағы 

Google қызметтерінің артықшылықтарын қолдануға болады.


37

Желілерге және құрылғыларға қосылу

Wi-Fi

Wi-Fi арқылы сымсыз кіру нүктесінің (AP) аясында жоғары жылдамдықты 

интернетті пайдалануға болады. Қосымша ақысыз Wi-Fi желісінде интернетті 

пайдаланыңыз. 



Wi-Fi желілеріне қосылу

Телефонды Wi-Fi желісін пайдалану үшін сымсыз ену нүктесіне немесе 

«кіру нүктесіне» кіруіңіз керек. Кейбір кіру нүктелері ашық және оларға оңай 

қосылуға болады. Кейбіреулері жасырын немесе қауіпсіздік мүмкіндіктерін 

пайдаланады. Оларға қосылу үшін телефон баптауларын реттеу керек.

Батареяның жұмыс мерзімін ұзарту үшін, пайдаланбаған кезде Wi-Fi 

мүмкіндігін өшіріп қойыңыз. 

ЕСКЕРТПЕ: Егер Wi-Fi аймағынан тыс болсаңыз немесе Wi-Fi 

функциясын 



ӨШІРУЛІ күйіне орнатсаңыз, ұялы оператор ұялы 

деректерді пайдалану үшін қосымша ақы алуы мүмкін. 



Wi-Fi қызметін қосу және Wi-Fi желісіне қосылу

1  


 >   > 

Қосымшалар қойындысын >   Баптаулар > Желілер 

қойындысын > 



Wi-Fi опциясын түртіңіз.

2  


Қосу және бар Wi-Fi желілерін тексеруді бастау үшін 

Wi-Fi функциясын ON  

күйіне орнатыңыз.

3  

Белсенді және ауқымдағы Wi-Fi желілерін көру үшін Wi-Fi мәзірін қайтадан 



түртіңіз.

Қауіпсіз желілерде құлып белгішесі тұрады.



4  

Қосылу үшін, желіні түртіңіз.

Егер желі қорғалған болса, кілтсөзді немесе басқа мәліметтерді енгізу 



сұралады. (Толығырақ мәліметтерді желі әкімшісінен сұраңыз)

5  


Күй жолағы Wi-Fi күйін білдіретін белгішелерді көрсетеді.

38

Bluetooth

Көптеген басқа ұялы телефондардағы сияқты Bluetooth мәзірінен емес, 

іске қосылған сәйкес қосымша арқылы деректерді жіберу үшін Bluetooth 

мүмкіндігін пайдалануға болады.



ЕСКЕРТПЕ. 

Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе қабылданған 



деректердің жоғалуына, оларды бөтен адамдардың алуына немесе дұрыс 

қолданбауына LG компаниясы жауап бермейді.

Әрдайым деректерді сенімді және жақсы қорғалған құрылғылармен бөліскеніңізге 



және қабылдағаныңызға көз жеткізіңіз. Құрылғылар арасында кедергілер болса, 

байланыс арақашықтығы қысқартылады.

Кейбір құрылғылар, әсіресе, Bluetooth SIG арқылы сыналмағандары немесе 



мақұлданбағандары құрылғыңызбен үйлесімді болмауы мүмкін. 

Bluetooth мүмкіндігін қосып, телефоныңызды Bluetooth қосылған 

құрылғымен жұптау

Қосылмай тұрып құрылғыны екінші құрылғымен жұптау керек.

1  

 >  > 


Қосымшалар қойындысын >   Баптаулар > Желілер 

қойындысын түртіңіз > 



Bluetooth функциясын Қосулы мәніне орнатыңыз.

2  


Bluetooth мәзірін қайтадан түртіңіз. Телефонды көрінетін ету опциясын 

және құрылғыларды іздеу опциясын көресіз. Енді Bluetooth ауқымындағы 

құрылғыларды көру үшін 

Құрылғыларды іздеу опциясын түртіңіз.

3  


Тізімнен жұпталатын құрылғыны таңдаңыз.

Жұптау сәтті болғанда, құрылғыңыз екінші құрылғыға қосылады. 



ЕСКЕРТПЕ: кейбір құрылғыларда, әсіресе, гарнитураларда немесе 

хэндсфри көлік жинақтарында, бекітілген Bluetooth PIN коды болуы 

мүмкін, мысалы, 0000. Екінші құрылғыда PIN коды болса, оны енгізу 

сұралады.



Желілерге және құрылғыларға қосылу

39

Деректерді Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігі арқылы жіберу

1  


Тиісті қосымшадан немесе 

Жүктеулер қалтасынан контакт, күнтізбе 

оқиғасы немесе мультимедиалық файл сияқты бір файлды немесе 

элементті таңдаңыз.

2  


Деректерді Bluetooth арқылы жіберу үшін параметрді таңдаңыз.

ЕСКЕРТПЕ: опцияны таңдау әдісі деректер түрі бойынша әр түрлі 

болуы мүмкін. 

3  

Bluetooth қосылатын құрылғыны іздеңіз және жұптаңыз.



Деректерді Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігі арқылы қабылдау

1  


 >  > 

Қосымшалар қойындысын >   Баптаулар > Желілер 

қойындысын түртіңіз > 



Bluetooth функциясын Қосулы мәніне орнатыңыз. 

2  


Қайтадан 

Bluetooth мәзірін түртіп, басқа құрылғыларға көрінетін ету үшін 

экранның жоғарғы жағына құсбелгілер қойыңыз.



ЕСКЕРТПЕ. Құрылғы көрінетін уақыт ұзақтығын таңдау үшін 

 > 


Көріну уақыты өтті тармағын түртіңіз.

3  


Құрылғыдан деректерді қабылдағыңыз келсе

Қабылдау түймешігін 

басыңыз.


Деректермен бөлісу қосылулары

USB модем және Wi-Fi хотспоты — сымсыз қосылымдар қол жетімді емес 

кезде тамаша мүмкіндіктер болып табылады. Телефонның ұялы деректер 

қосылымын бір компьютермен USB кабелі (USB-модем) арқылы бөлісуге 

болады. Сондай-ақ, телефонның деректер қосылымын бірнеше құрылғымен 

бөлісуге болады. Ол үшін телефонды Wi-Fi ену нүктесіне қосу керек.

Телефон деректер қосылымын бөліскенде, күй жолағында белгіше және 

хабарландырулар тақтасында ағымдағы хабарландыру пайда болады.



40

Модем және жылжымалы ену нүктелері, соның ішінде қолдау көрсетілетін 

амалдық жүйелер туралы соңғы ақпаратты және басқа мәліметтерді алу үшін 

http://www.android.com/tether торабына кіріңіз.



Телефонның деректер қосылымын жылжымалы Wi-Fi кіру нүктесі 

ретінде бөлісу үшін

1  


Іске қосу үшін 

 >   > 


Қосымшалар қойындысын >   Баптаулар > 

Желілер қойындысын > Модем ретінде пайдалану & Желілер  > Wi-Fi 

еңу нүктесі опциясын түртіңіз.

2  


Құпия сөз енгізіп, 

Сақтау опциясын түртіңіз.

КЕҢЕС! Егер компьютерде Windows 7 жүйесі немесе Linux жүйесінің 

кейбір түрлерінің соңғы таратылымы (мысалы, Ubuntu) орнатылған 

болса, әдетте компьютерді байланыс үшін дайындаудың қажеті жоқ. 

Бірақ сізде Windows жүйесінің бұрынғы нұсқасы немесе басқа амалдық 

жүйе орнатылған болса, USB арқылы желілік байланыс орнату үшін 

компьютерді дайындау қажет болуы мүмкін. Қай амалдық жүйелер USB 

модемін қолдайтыны және оларды реттеу әдісі туралы ақпарат алу 

үшін http://www.android.com/tether торабына кіріңіз.



Жылжымалы ену нүктесінің атын өзгерту немесе қорғау

Телефонның Wi-Fi желісінің атын (SSID) өзгертуге және оның Wi-Fi желісін 

қорғауға болады.

1  


 >   > 

Қосымшалар қойындысын >   Баптаулар > Желілер 

қойындысын > 



Модем ретінде пайдалану & Желілер > Wi-Fi еңу нүктесі 

опциясын түртіңіз.

2  

Wi-Fi ену нүктесін орнату түймесін түртіңіз.



Wi-Fi ену нүктесін орнату тілқатысу терезесі ашылады.

Wi-Fi желілерін іздегенде басқа құрылғылар көретін 



Желі SSID (атын) 

өзгертуге болады.



Желілерге және құрылғыларға қосылу

41

Сондай-ақ, Wi-Fi Protected Access 2 (WPA2) қауіпсіздігі, алдын ала 



бөлінген кілті (PSK) бар желіні орнату үшін 

Қауіпсіздік мәзірін түртуге 

болады.


Егер 


WPA2 PSK қауіпсіздік опциясын түртсеңіз, Wi-Fi ену нүктесін 

орнату тілқатысу терезесіне құпия сөз жолы қосылады. Егер құпия сөзді 

енгізсеңіз, бұл құпия сөзді телефонның ену нүктесіне компьютермен 

немесе басқа құрылғымен қосылғанда енгізу керек болады. Я болмаса 

Wi-Fi желіңізден қауіпсіздікті алып тастау үшін 



Қауіпсіздік мәзірінде Ашу 

мәнін таңдаңыз.

3  

Сақтау опциясын түртіңіз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер қауіпсіздік опциясын Ашық мәніне 

орнатсаңыз, желідегі қызметтерді басқа адамдардың рұқсатсыз 

пайдалануының алдын алу мүмкін болмайды және қосымша ақы 

алынуы мүмкін. Рұқсат етілмеген пайдалануды болдырмау үшін 

қауіпсіздік опциясын қосулы күйде сақтауға кеңес беріледі.

Wi-Fi Direct

Wi-Fi Direct қолданбасы кіру нүктесінсіз Wi-Fi қосылған құрылғылар арасында 

тікелей байланысты қолдайды. Wi-Fi direct қолданбасы батарея қуатын көп 

пайдаланатындықтан, Wi-Fi Direct мүмкіндігін пайдаланғанда телефонды қуат 

көзіне қосып қою ұсынылады. Wi-Fi және Wi-Fi Directed желісін алдын ала 

тексеріңіз және пайдаланушылар бір желіге қосылғанын тексеріңіз.



Wi-Fi Direct қолданбасын қосу үшін:

1  


Мәзір пернесін

 

 > Жүйе баптаулары > Wi-Fi тармағын таңдаңыз.

2  

Экранның төменгі жағындағы 



Wi-Fi Direct түймесін түртіңіз.

3  


Анықталған құрылғылар тізімінен жалғанатын құрылғыны таңдаңыз.

42

SmartShare қолданбасын пайдалану

SmartShare қолданбасы сымсыз желі арқылы санды мазмұнды бөлісу 

үшін DLNA (Digital Living Network Alliance) технологиясын пайдаланады. 

Бұл мүмкіндікті қолдау үшін, екі құрылғы да DLNA мақұлданған болуы тиіс. 

SmartShare мүмкіндігін Gallery, Music, Video және Polaris Office қызметінде 

қолдануға болады.

1  

Ойнатқыңыз немесе қосқыңыз келетін мазмұнда   опциясын түртіңіз.



2  

Диалогтық терезеде Ойнату немесе Beam түймесін түртіңіз. 



Ойнату: мазмұнды теледидар, Bluetooth динамигі, т.б. арқылы тыңдауға 

болады.




Beam: мазмұнды Bluetooth құрылғыларына не SmartShare Beam* 

қолданылатын LG телефондарына не планшеттеріне жіберуге болады.



 

*SmartShare Beam мультимедиалық мазмұнды Wi-Fi Direct арқылы жылдам 

жібереді. 

3  


Тізімде ойнату немесе қабылдау үшін құрылғыны түртіңіз. 

Егер құрылғы тізімде болмаса, құрылғыдағы Wi-Fi, Wi-Fi Direct немесе 



Bluetooth байланысының қосылғанына көз жеткізіңіз. Сосын Қайта қараңыз 

түймесін түртіңіз.

4  

Жіберу түймесін түртіңіз. 

Компьютер не ұялы телефон сияқты жақын жердегі құрылғылардағы 

мазмұнды телефоныңыздан көру үшін 

1  


Жақын құрылғыларды телефоныңызға қосу үшін 

Құрылғылар маңында 

опциясын 



Галерея, Музыка немесе Бейне қосымшасынан төмендегідей 

түртіңіз. 



Желілерге және құрылғыларға қосылу

43

<Галерея>

<Музыка>

<Бейне>

Телефоныңыз бен жақын құрылғылардың бір Wi-Fi желісіне қосылғанына көз 



жеткізіңіз. 

Жақын құрылғыдағы DLNA мүмкіндігінің қосылғанына көз жеткізіңіз. 



2  

Құрылғыны қосу үшін түртіңіз. 

Егер құрылғы тізімде болмаса, 

Жақын арадағы құрылғыларды іздеу 

опциясын түртіңіз. 

Қосылған соң, жақын құрылғыдағы мазмұнды телефоныңыздан көруге 

болады.


44

Желілерге және құрылғыларға қосылу

USB кабелімен компьютер байланыстары

USB байланыс режимдерінде USB кабелінің көмегімен құрылғыны 

компьютерге жалғау туралы мәліметтер алыңыз. 

USB көлемді сақтау режимін пайдаланып музыканы, фотосуреттерді 

және бейнелерді тасымалдау

1  


Телефонды USB кабелі арқылы компьютерге жалғаңыз.

2  


LG Android Platform драйвері компьютерге орнатылмаған болса

Баптауларді қолмен өзгерту қажет. 



Жүйе баптаулары > Жалпы 

қойындысын



 > PC байланысы > USB қосылым әдісін таңдау опциясын 

таңдаңыз, сосын 



Медиа үндестіру (MTP) тармағын таңдаңыз.

3  


Компьютерден көлемді жад мазмұнын көріп, файлдарды тасымалдауға 

болады.


Windows Media Player бағдарламасымен синхрондау

Компьютерде Windows Media Player бағдарламасы орнатылғанына көз 

жеткізіңіз.

1  


Телефонды Windows мультимедиа ойнатқышы орнатылған компьютерге 

қосу үшін USB кабелін пайдаланыңыз.

2  

Медиа үндестіру (MTP) параметрін таңдаңыз. Қосылғанда компьютерде 

қалқымалы терезе пайда болады.

3  

Музыка файлдарын синхрондау үшін Windows Media Player 



бағдарламасын ашыңыз.

4  


Қалқымалы терезеде құрылғы атауын өңдеңіз немесе енгізіңіз (қажет 

болса).


5  

Қажет музыка файлдаырн таңдап, қадамдастыру тізіміне сүйреңіз.

6  

Синхрондауды бастаңыз.



45

Windows Media Player бағдарламасымен синхрондау үшін келесі шарттарды 



орындау керек. 

Тармақтар

Талап

АЖ

Microsoft Windows XP SP2, Vista немесе одан 



жоғары

Window мультимедиа 

ойнатқышының нұсқасы

Windows Media Player 10 немесе одан 

жоғары



Windows мультимедиа ойнатқышының нұсқасы 10-нан төмен болса, 10 



немесе одан жоғары нұсқаны орнатыңыз.

46



1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал