бейсананың болуынан адамның әрекет-қимылдарының келесідей
түрлерінің ықтимал дербестігі көрінеді: ) бейсана – инстинкттік тума
қимылдар; ) бейберекет әрекеттер, жете түсінімге келмеген қимылдар,
әдетке айналған, автоматты астар саналы іс-әрекеттер; дағдылы
қызметтер; 3) саналы да ырықты, ерікке бағындырылған әрекеттер.
Мұндай әрекеттер адамның қоршаған ортамен байланысында жетекшілік
рөл атқарады.
Адам санасы – оның іс-әрекеті мен мінез-құлығын реттеудің
ұғымдық тетігі. Іс-әрекеттен біз белсенділіктің ерекше адамиласқан
формасын танимыз. Жануарлар қылығынан адамның бұл белсенділігі
жасампаздық өнімімен ажыралады. Сонымен бірге бұл белсенділік
құрылым тұрғысынан жіктемелі. Онда іс-әрекеттің сеп-түрткілері мен
мақсаттарының түсінімге келуі адамзаттың мәдени-тарихи даму үдерісінде
жасалған құрал-сайман, жабдықтарды пайдалануы, әлеуметтену бары-
сында меңгерілген ептіліктер мен дағдылардың қолданылуы жеке-жеке
көрініс береді.
Сана адамның іс-әрекетке келуіне себептік ықпал жасап әрі бағдар
бере отырып, сол іс-әрекетте қалыптасады және көрінеді. Күні ілгері
санада қалыптасқан психикалық бейне, заттасқан әрекет жобасы осы іс-
әрекетте, оның нысаны мен нәтижесінде өз нақтылығын табады. Болмыс
заттарының психикалық бейнесі сол заттардың іс-әрекет желісінде алған
орны мен құрылымына тәуелді.
Заттарды іс-әрекет барысында қамтудың өзі олардың психикалық
бейнесінің сәйкестігін қамтамасыз етеді. Адам іс-әрекеті заттар
мағынасын ашумен байланысты, ал оған орай қолданылатын құрал-
жабдықтар өз бойында адамның тарихи жетілген әрекеттерінің сұлбасын
сақтайды.
10. Психика және іс-әрекет
Адам психикасы оның іс-әрекетінде қалыптасады әрі көрініс береді.
Іс-әрекет – жалпы адамзаттық тәжірибе негізінде саналы белгі-
ленген мақсаттарға жету арқылы болмысты игерудің адамдық әдіс-
тәсілдері.
Адамның қандай да әрекеті белгілі сеп-түрткілерден болады
да нақты мақсатқа бағдарланады, сонымен бірге ол арқылы түрлі,
мәселелер шешімін табады әрі адамның қоршаған ортаға болған қатынас,
көзқарасын танытады. Іс-әрекет сананың барша қызметін, толықтай
көңіл-күй толғаныстарын өз ішіне қамтиды. Әрбір адамдық қарапайым
әрекет, яғни адамның нақты тән-денелік әрекеті – міндетті түрде
қайсы бір психологиялық әрекетпен, әрекеттегі адамның басқаларға,
қоршаған ортаға қатынасын білдіруші ауқымды күйзеліс-қуаныштары
және бағаларымен бірлесе жүреді.
Психика Іс-әрекетте қалыптасып, мінез-құлықта белгі береді.
Өзіндік іс-әрекеттің дерек-мәнін түсіну оның орындалу шарт,
жағдайларына өзгерістер ендіреді, нәтижеде оның жалпы жүрісі мен
сипаты жаңа өң алады; іс-әрекет сыртқы тітіргендіргіштерге жауап
қимылдардың қарапайым бірігімі болып қалмастан, ол енді басқаша
реттелуге түседі: іс-әрекет өзіне арқау болған физиология заңдылықтары
тұрғысынан түсіндірілмей, психологиялық заңдылықтар биігінен
айқындалуды қажет етеді.
Сана адам іс-әрекетін сырттай басқаратын тысқы орта күші емес. Ол
іс-әрекеттің алғышарты, сонымен бірге оның нәтижесі де.
Сананың әрқилы денгейлері мен типтері сонымен бірге әрекет-
қылықтың да түрлі деңгейлері мен санқилы типтерін білдіреді (бейсана
жауап қимылдар, түсінімді әрекет, әдет қылықтар). Сана дамуындағы
сатылар әрекеттің не мінездің қылықтық ішкі табиғатындағы
өзгерістерді аңдатады, ал ішкі табиғи өзгеріс іс-әрекеттің сырттай
шынайы өту психологиялық заңдылықтарына ықпал жасап, оларды
өзгерістерге келтіреді. Осыдан, сана құрылымын өтіп жатқан әрекеттің
сыртқы, шынайы көрінісімен анықтауға, түсіндіруге болады.
5
Сонымен, сана мен іс-әрекеттің не мінездің қылықтық бірлігі сана
мен болмыстың не тұрмыстың, субъект пен объекттің бірлігіне негізде-
леді. Ал сана осы бірліктің мазмұнын жанама күйге келтіреді. Нысанға
деген бір қатынастың өзі санаға да, әрекет-қылыққа да себепші болады,
бірі – психикалық бейне (ой) пайда етсе, екіншісі – заттасқан әрекетке
жұмылдырады.
11. Іс-әрекет құрылымы және оның түрлері
Іс-әрекет – бұл саналы түзілген мақсаттың орындалуына
бағытталып, қоғамдық мәнді құндылықтар немесе әлеуметтік
тәжірибені игеруге байланысты субъекттің болмысқа деген белсенді
қатынасының формасы.
Іс-әрекет барысында адам болмысы және оның психикасы көрініс
береді, қалыптасады және дамиды.
Іс-әрекет – екі негізгі белгіге ие өте ерекшеленген қатынас формасы:
1. Іс-әрекет – бұл қандай да нәтижені қолға түсіруге көзделген өнімді
қатынас түрі. Бірақ мұндай іс-әрекеттің өнімі тек заттасқан күйде ғана
(тұрмыс қажеттері, құнды жәдігерлер және т.б.) болып қалмай, адамның
әлеуметтік тәжірибе формалары да (білім, ептілік, дағды және т.б.) болуы
мүмкін. Осыдан іс-әрекет үш негізгі түрде көрінеді, іске асып барады.
Олар – еңбек, ойын және оқу.
2. Іс-әрекет – болашақ нәтиженің идеалды бейнесі ретінде саналы
танылған мақсатпен реттелуші қатынас түрі. Іс-әрекеттің мазмұнын,
құрылымын және қозғалысын айқындаушы басты өлшем – бұл мақсат.
Осынысымен де іс-әрекет адамның басқа белсенділік формаларынан
ажыралады.
Іс-әрекетті анықтаушы жоғарыда аталған екі ерекше белгі оның негізгі
жалпы психологиялық қасиеттерін нықтылауға мүмкіндік береді. Мұндай
қасиеттерді атасақ, олар: белсенділік, өнімділік (нәтижелілік), танылу
мүмкіндігі, әлеуметтік шарттылығы, іс-әрекеттің заттасқандығы
(субъект әрекетінің міндетті түрде өзінен тыс нысанға бағытталуы), іс-
әрекеттің икемшілдігі (жағдай өзгерісіне орай ауысуы, қайта құрылуы),
жүйелілігі.
Іс-әрекеттің сырттай сипаттамасы еңбек (ойын, оқу), «субъект»,
«нысаны»(объекті), «зат», «іс-әрекет жағдайлары және жабдықтары»
түсініктері негізінде беріледі.
6
Еңбек заттары – субъекттің өз іс-әрекетінде практикалық не
ой жүзінде ықпалды өзара қатысқа түсетін мүліктер, үдерістер,
құбылыстар жиынтығы.
Еңбек құрал-саймандары – еңбек заттарының ерекшеліктерін тану
және оларға ықпал жасауда адам мүмкіндіктерінің жоғарылауына
себепші жабдықтар жиынтығы.
Еңбек шарттары –іс-әрекеттің әлеуметтік, психологиялық және
санитарлық-гигиеналық сипаттамалары.
Іс-әрекеттің ішкі сипаттамасы- үдерістер мен нақты әрекеттің
реттеліп бару тетіктерінің, құрылымы мен мазмұнының, сондай-ақ оны
іске асырудың әрекет-қимыл шараларының баянын белгілейді.
Белсенділік – адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты
қатынас формаларының бірігімі. Белсенділік формаларының бәрі де
бірдей негізгі деңгей түрінде қарастырылады.
Жоғары деңгейде тұлғаның мінез-құлық, әрекет-қылық, әлеуметтік
себеп-салдарлы белсенділігі көрініс береді, ал төменгі деңгейде – тек
өкілінің мекенді жүйешелерінің белсенділігі орын алады.
Іс-әрекет типтері: еңбек, оқу және ойын.
Еңбектік іс-әрекет – адам қажеттерін қамсыздандыру мен әрқилы
құндылықтар жасау мақсатында табиғат, заттасқан және рухани
өмір дүниелерін белсенді өзгеріске келтіру үдерісі.
Еңбектік іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан зерттеу аймағы – бұл
адамның еңбектік белсенділігін және оның тұлғалық қасиеттерін рет-
теуші психикалық процестер, жағдаяттар, қалыптар. Тұлға қасиеттері
еңбек әрекетінің ерекшелігін анықтайды және оның барысында өзгеріп
барады.
Ойын – адамдар әрекеті мен өзара қатынастарының тектік
әдістері, бекіген іс-әрекеттің ерекшеленген түрі; бала ойын барысында
адамзат жинақтаған қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің ақыл-ес (ког-
нитивті), тұлғалық және адамгершілікті дамуын қамтамасыз етеді. Бала
үшін рольдік ойындар өте маңызды. Ойнай жүріп, сәби ересектер роліне
еніп, заттарды өз мәніне сәйкестендіре қолданады. Әлеуметтік талаптар-
ды рольдік ойындар арқылы меңгеруден бала тұлғасының әлеуметтенуі
жеделдеседі, сеп-түрткілік және қажеттілік аймағы жетіле түседі.
Оқу іс-әрекеті – мақсаты адамның білім, ептілік және дағдыларды иге-
руге бағытталған ерекше үдеріс түрі. Оқу әрекеттері ұйымдасқан формада
арнайы білім мекемелерінде іске асып барады. Сонымен бірге оқу-үйрену
әрекеттері ұйымдастырылмаған күйде, басқа әрекет түрлерімен қабаттаса,
7
оның қосымша нәтижесі ретінде атқарылуы мүмкін. Оқу іс-әрекетінің
ерекшелігі – ол тікелей тек өкілінің психологиялық дамуының құралы
ретінде қызмет етеді.
Қалаған іс-әрекет түрі сияқты оқу іс-әрекеті де құрылымдық деңгейге
ие бола тұрып, жекеленген бірліктерден құралады (әрекет, амал (опера-
ция), шарт-жағдайлар, қажеттер, сеп-түрткілер, міндеттер). Оқу іс-әрекеті
бірліктерінің өзара қатынасқа түсіп, орайласуы оның даралықты сипатын
береді.
Аталған іс-әрекет түрлері әлеуметтік-тарихи даму барысында бірін-
бірі ауыстырып отырады. Осыдан әр кезеңде тұлғаның жас деңгейі
мен даму ерекшеліктеріне байланысты жетекші іс-әрекет түрі алға
тартылады.
Жетекші іс-әрекет түрі – бұл адамның қандай да бір даму
сатысындағы негізгі психологиялық жаңа құрылымдардың пайда болып,
қалыптасуына ықпал етуші әрекет түрі.
Іс-әрекет типі – жеке – дара және бірлікті іс-әрекеттер.
Бірлікті іс-әрекет – жеке-дара әрекеттен өзгеше, ұжымдасқан субъ-
ект тарапынан орындалады, мұндай субъект ортақ мақсат, міндеттер
төңірегінде одақтасқан екі не одан көп адамдардан құралады.
Іс-әрекет түрлері дәстүрлі екіге бөлінді – сыртқа және ішкі.
Сыртқы іс-әрекет – орындалу барысында өзінің қозғалыс, әрекет,
көңіл-күй, тілдесу –қатынас бірліктерімен көрінетін іс-әрекеттің барша
түрлері, типтері және үдерістері.
Іс-әрекет субъект-объектті, субъект-субъектті болып, екі түрде
ажыралады.
Іс-әрекеттің субъекті-объектті типінде әрекет нысаны ретінде жан-
сыз зат алынады, ал субъект-субъектті әрекетке бірі екіншісін «өзге» деп
таныған екі не одан көп адамдар қатысады.
Іс-әрекет сондай-ақ орындаушы және басқарушы болып, бөлінеді.
Орындаушы іс-әрекетте субъект басқа да субъекттермен байланыс
жсауымен шектелмей, еңбек затына тікелей ықпал жасайды, онымен
қатынасқа түседі.
Басқару әрекетінде бір субъект өзге субъекттердің қызметін
ұйымдастырады және олардың сатылы өзара бағыну деңгейлерін бел-
гілейді.
Қолданбалық тұрғыдан іс-әрекет тікелей және жанама типтерге
бөлінеді.
8
Тікелей іс-әрекетте еңбек субъекті өңдіруге не өңдеуге, т.с.с, түскен
затқа тікелей әсер-ықпал жасайды әрі оған байланысты ақпаратты нақты
табиғи көзбен қолма-қол алады.
Жанама іс-әрекетте еңбек заты жөніндегі ақиқат адамға белгі,
рәміз күйінде жеткізіледі (код, сұлба, формула, буклет, индикаторлық
құралдар).
12. Негізгі психикалық үдерістер
Психикалық үдерістер – психикалық іс-әрекет көріністерінің
жиынтығы. Әрбір психикалық үдеріс жалпы бейнелеу нысаны мен бір
текті бейнелеу – реттеу ерекшелігіне ие. Мұндай үдерістер танымдық,
еріктік және көңіл-күйлік болып ажыралады.
Танымдық үдерістер әрекет-қылықтың бағыт-бағдар негіздемесін
қамтамасыз етеді және оның ақпараттық қорын қалыптастырады. Бей-
нелеу нысанына орай олар бес түрге бөлінеді.
1. Сезімдік (сенсорлы) үдерістер болмыстық жеке қасиеттерін
(физикалық, химиялық, т.б.) бейнелейді. Бұл үдерістердің психикалық
нәтижесі түйсік деп аталады. Сенсорлы үдерістер түр ерекшелік-
терімен бір қатар жалпы психикалық заңдылықтарға жүгінеді: олар
сезімталдықтың жоғары және төмен, айырма (дифференциалды)
табалдырықтарымен шектелген, адаптация (бейімделу), сенсибилиза-
ция (сезімталдық), шұғыл айырма (контраст) және синестезия (қосарлы
түйсік) заңдарына бағынады.
2. Қабылдау (перцептивті) үдерісі заттар мен құбылыстардың
мәнді айырмашылық белгілерін саналы түсіну арқылы оларды біртұтас
күйінде бейнелеу әрекеті. Бұл үдерістердің нәтижесін психологияда
қабылдау деп атау қалыптасқан. Перцептивті үдерістер өздерінің түр
ерекшеліктерімен (көру, есіту және сезіну) бір қатар ортақ, жалпы
заңдылықтарға тәуелді. Олар - қабылдаудың заттық тегі; таңдамалы
бағыты; біртұтастығы; құрылымдығы; апперцепциялылығы, яғни өткен
тәжірибеге байланыстылығы; константтығы, яғни заттық шынайы сана
бейнесінің затты қабылдау шарттарына тәуелсіздігі.
3. Ақыл-ес (интеллектуал) үдерістері- бұл заттар мен
құбылыстардың мәнді өзара байланыстары және ерекшеліктерін бейне-
леу әрекеттері; интеллектуал үдерістер (ойлау) болмысты салыстыру,
бейнақтылау, сәйкестендіру, ауыстыру, сырттай заттастыра тану
(экстраполяция), іштей ойда бейнелеу (интерполяция) жолдарымен
9
бейнелеу қызметін атқарады; проблемді мәселелерді шешу барысындағы
танымдық іс-әрекеттер мен ойлау әрекеттері және амалдар келесідей
кезеңдерді өтуімен ажырылады: салыстыру, қорытындылау, дерек-
сіздендіру, нақтылау, топтастыру және жүйелестіру; формальды
нәтижелерге жету ерекшеліктеріне тәуелді
ойлау формалары: пікір, ұғым, түсінік-болып ажырылады. Сонымен
бірге ойлау: практикалық және теориялық, эмпирикалық және ғылыми,
көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелі және бейнақты, стандартты және
шығармашыл - түрлеріне де бөлінеді; ашық сана мен астар сананың
өзара ықпалдасты қатынасынан сезімдік (көрегендік, аян) ойлау қабілеті
қалыптасады.
Тек өкілінің ақыл-ес қабілеттерінің тұрақты құрылымы – интеллект
деп аталады. Ол тұлғаның ақыл әрекеттері түрінде көрініп, проблемді
мәселелерді шешудің стратегиясын, ой қызметінің өнімді нәтижесін
қамтамасыз етеді.
4. Қиял – іс-әрекеттің алда күтілген нәтижелері, әрекет-қылық
бағдарламалары ретінде, сонымен бірге баяндап, суреттеу негізінде
пайда болатын жаңа, бұрын соңды көрілмеген бейнелердің туында-
уы; қиял бейнелері ақпараттық олқылықтардың орнын толтырады;
қиял оқиғалардың алдағы дамуы мен нәтижесін көрегендікпен сезуді
қамтамасыз етеді.
5. Ес (мнемикалық) үдерістері - өткенде қабылданған материалды
санаға түсіру, оның сақталуы, қайта жаңғыруы және ұмытылуымен бірге
жұретін психикалық әрекеттер; естің келесідей жіктелуін аңғару қажет:
ес түрлері (бейнелі, қисынды, дыбысты, көңіл-күй есі), ес жүйелері
(сезімдік, қысқа мерзімді, нақты іс-әрекеттік, ұзақ мерзімді) және ес
типтері (естің бағдарлануына, оның кейбір түрлерінің беріктігімен,
есте сақталу жылдамдығымен, көлемі мен жетекшілік рөліне байланысты
жекеленген – типологиялық ес формалары - ырықты және ырықсыз ес
– ажыралады.
Реттеуші психикалық үдерістер қатарына еріктік және көңіл-күй
үдерістері еніп, саналы әрекет-қылық пен кенеттен болатын бейберекет
(спонтанно-импульсивные) мінез-құлық қимыл-әрекеттерін қамтамасыз
етеді.
6. Ерік – жоспарланған нәтиженің мәнін түсінуден адам белсенділігінің
өзінен өзі іске қосылуына себепші психикалық үдеріс. Ол белсенділік
қарапайым және күрделі ерік әрекеттерімен көрініс беріп, орындалып
жатады. Қарапайым әрекет – бұл мақсат – әрекет – нәтиже бағасы
30
араларындағы байланыстан белгілі болады, ал күрделі ерік әрекетінің
құрылымы өзгеше: қажеттік – ықтимал мақсат – сеп-түрткілер күресі
– шешім қабылдау – орындау әрекеттері жүйесі – оларды бағалау
және түзету – қорытынды әрекеттер – ақырғы нәтижелердің жинақты
бағасы.
Ерік мәні қажетті нәтижеге жету жолындағы табандылықтан
көрінеді.
7. Көңіл шарпулары (эмоции) – сыртқы ықпалдардың қажеттілік
мәнін, олардың тек өкілі тіршілігіне пайдасы мен зиянын сезу арқылы
бейнелеуге негізделіп, адам қылығына бейберекет (импульсив) реттеу
беруші психикалық үдерістер.
13. Түйсік: жалпы сипаттама
Түйсік – болмыстың қарапайым қасиеттерін (физикалық, химиялық
және т.б.), сонымен бірге қоршаған ортаның ықпалдарына болған
адам сезімталдығын тікелей, сезім деңгейінде бейнелеуші психикалық
үдеріс.
Түйсіктің негізгі қасиеттері: модальдығы, мекендігі,
созылыңқылығы.
Тітіркенушілігі (модальность) - өте қарапайым психикалық сиг-
налдар ретінде (жүйке сигналдарымен салыстырғанда) түйсіктің
ерекшелігін танытатын сапалық сипаттама. Түйсіктің қандай да түрі
өзіне тән тітіркенушілік сипатына ие. Көру түйсігі үшін бұл – түр-түс,
жарық, сәуле толыққандылығы; есту түйсігі үшін – үн деңгейі, ырғақ,
дауыс күші; сипай сезу үшін – қаттылық, кедір-бұдырлығы.
Мекендігі (локальность)- түйсіктік кеңістікке байланысты
сипаты.
Созылыңқылығы –түйсіктің уақыт, мерзімге орайласқан сипаты.
Жеделдігі (интенсивность) – түйсіктің сандық сипаты.
Түйсік түрлерінің баршасы жалпы психо-физиологиялық
заңдылықтарға негізделеді. Олар – сезімталдық табалдырықтары,
бейімделу, сезімталдық (сенсибилизация), шұғыл айырма (контраст),
түйсік қосарлылығы (синестезия).
Түйсіну мүмкіндігінің ең төмен табалдырығы - өте нәзік
байқалатын түйсік тудыру үшін қажет тітіркендіргіш күштің ең аз
мөлшері, деңгейі.
3
Түйсіну мүмкіндігінің ең жоғары табалдырығы – жоғарылаған
сайын ағзаға салмақ түсіретін не түйсіну қабілетін жоятын тітір-
кендіргіш күштердің ең жоғары мөлшері, деңгейі.
Ықтимал сезімталдық – ықпал жеделдігінің өзгерістеріне болған
сезімталдық. Ол табалдырық айырмаларымен өлшенеді.
Айыру табалдырықтары – түйсік жеделдігін өзгертуге қажет екі
біртекті тітіркендіргіштің күшіндегі болар-болмас өзгешелік.
Бейімделу – әрекеттегі тітіркендіргіштің күші мен созылыңқылығына
икемдесу нәтижесінде талдағыштар сезімталдығының өзгеріске түсуі.
Сезімталдық (сенсибилизация) – ішкі (психикалық) жағдаяттардың
ықпалымен талдағыштар сезімталдығының көтерілуі.
Толықтырушы сезімталдық – қандай да бір сезім түрінің жетіспеуі-
нен басқа сезім ағзалары сезімталдығының күшеюі (мысалы, зағиптердің
есіту, иіс сезу қабілеттерінің артуы).
Қосарлы түйсіну (синестезия) – белгілі заттың нақты өзіне тән
сезімдік түйсігіне оның қандай да бір қасиетіне байланыстыра екінші
бір сезімді ойдан қосу (тәтті лимонның сарғылт түрі ауызда қышқылт
дәм пайда етеді; гүлдің хош иісі, көрмей тұрып-ақ оның сұлу бейнесін
түйсіндіреді).
Шұғыл айырма (контраст) – кейбір қасиеттерге болған
сезімталдықтың екінші бір қарама-қарсы болмыс белгілерінің әсерінен
көтерілуі. Мысалы, бір түсті фигура ашық фонда қарауытып көрінсе,
қара фонда ағараңдайды.
Сезімталдықтың кемуі (десенсибилизация) – бір талдағыштар
күшті қозуынан басқа сезім, түйсіктердің төмендеуі.
Көру түйсігі. Көру түйсігінің пайда болуы үшін көру рецепторлары
– көз торына электромагнитті толқындар әсер етуі қажет. Адам
айыратын түр-түстер хроматикалық (грек.хрома-түр-түс) және
ахроматикалық (түссіз – ақ, қара және сұр түстің әрқилы реңктері)
болып ажыралады.
Түр-түс – әрқилы толқынды электромагниттік сәулелердің әсерінен
болатын психикалық құбылыс. Адам көзі 300-ден 700нм (нанометр)
қабілетіне ие.
Есіту түйсігі. Есіту ағзасы секундына 16-дан 20 мың толқындар
шегіндегі дыбыстарды сезе алады. Дегенмен, есітудің ең тиімді
сезімталдығы 2000-3000 герц аралығында (бұл аса қорыққан әйелдің
жан айғайына сәйкес дыбыс биіктігі).
3
Адам өте төмен жиіліктегі (инфрадыбыстар) дыбысты сезбейді.
Табалдырық асты төмен жиіліктегі 6 герц дыбыстар адам психика-
сына кері ықпал жасап, бас ауыртады, шаршатады, көңіл күйзелісіне
тап қылады, ал 7 герц дыбыстар тіпті жүрек қызметінің тоқтауына
соқтыруы мүмкін.
Сипай сезу (тактиль) түйсіктері – жанасу түйсіктері. Тактильді
рецепторлар бармақ ұштарында көптеп шоғырланған.
Қозғалыс сезу (кинестезиялық) түйсіктер – адамның өз тәні
мүшелерінің кеңістіктегі жағдайы мен орын ауыстыруын сезінуі.
Тербеліс (вибрациялық) түйсіктері серпінді ортадағы 15-тен
1500 герц дейінгі тербелістерді бейнелеу нәтижесінде пайда болады.
Психикалық тұрғыдан тербелістер адамды қатты жалықтырады әрі
тіпті пайдасыз. Көп жағдайда олардан сақтанған жөн.
Иіс түйсіктері ауа құрамындағы иісті зат бөлшектерінің мұрын
қуысындағы иіс сезу клеткаларын тітіркендіру әсерінен туындайды.
Дәм түйсіктері. Бұл түйсіктердің барша түрлері төрт қилы (ащы,
тұзды, қышқыл және тәтті) дәмнің түрліше бірігуінен пайда болады.
Табиғи (органикалық) түйсіктер – ішкі ағзаларда жайғасқан ин-
терорецепторлармен байланысты түйсіктер. Мұндай түйсіктердің
болуынан адам тойғанын, ашырқағанын, тынысының тарылғанын,
жүрек айнығанын сезеді.
Адамның сезімталдық (сенсорлы) қалпы – бұл әрбір тек өкіліне тән
әрқилы сезімталдық қабілеттерінің даму денгейі және олардың жүйелі
әрекетте болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |