Анықтамалық қолданба Пікірлер Ұғымдар


Тұлғаның әлеуметтенуі және оның даму кезеңдері



жүктеу 4.35 Mb.
Pdf просмотр
бет8/9
Дата22.12.2016
өлшемі4.35 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

36. Тұлғаның әлеуметтенуі және оның даму кезеңдері
Тұлға  әлеуметтенуі  –  бұл  тұлғаның  қоғамдық  құндылықтар  мен 
адамзаттық ұнамды әрекет-қылық әдістерін меңгеруі негізінде қауым 
тіршілігіне қажет қабілеттерді қалыптастыруы.
Әлеуметтену  үдерісінде  адам  әлеуметтік  қалыптарды  меңгереді, 
әлеуметтік  рөлдерді  пайдалану  әдістері  мен  қоғамдық  әрекет-қылық 
дағдыларын игереді. Тұлғаның әлеуметтенуі әлеуметтік шындықты тану 
негізінде қалыптасып барады.
Тұлға әлеуметтенуінің  негізгі көздері: 
1) ерте балалық шақ тәжірибесі – психикалық қызметтер мен әрекет-
қылықтық қарапайым формаларының қалыптасуы;
2) әлеуметтік мекемелер – тәрбие, оқу, білім жүйелері;
3)  қарым-қатынас  және  іс-әрекет  үдерісіндегі  адамдардың  өзара 
ықпал-әсері.
Әрқандай әлеуметтік роль өз ішіне көптеген мәдени қалыптар, ереже-
лер және әрекет-қылық үлгілерін қамтиды. Өмір барысында әрбір адам 
жасы мен қызмет бабының  өсуіне орай бір емес, бірнеше әлеуметтік 
рөлдерді меңгеруіне тура келеді. 
Өз мазмұны бойынша әлеуметтену құбылысы – екі тарапты үдеріс. 
Бір  жағынан,  ол  –  қоғам  тарапынан  әлеуметтік  тарихи  тәжірибені, 
рәміздерді, құндылықтар мен қалыптарды келесі әулетке жеткізу болса, 
екінші жағынан, - оларды тек өкілінің игеруі, өз меншігіне өткізуі (ин-
териоризациялауы).
Бұл орайда интериоризациялау  дегеніміз сырттай көріністі  қоғамдық 
өмір үдерістерінің ішкі саналық үдерістерге өтіп, тиісті өзгерістерге келуі, 
яғни  жалпылануы, сөздік (вербалды) формаға енуі, бұдан былайғы даму 
қабілетін иемденуі.
Тұлға үшін әлеуметтену үдерісінің алғашқы кезеңдердегі басты мәні 
- өз әлеуметтік орнын іздеп, табуы. Бұл үдерістегі  тек өкілі үшін өзекті 
мәселе: ) өз «Менін» тану; ) өз «Менінің» мән-мағынасын түсіну.
Өз  «Менін»  тану    мен  оның  мәнін  түсіну    тұлға  дербестігінің 
орнығуы мен «Мен - бейнені» қалыптастыру үдерісінде әрқайсысы өз 
мағынасымен ажыралады.
Өз «Менін» тану  ерте балалық шақта өтеді: -ден 5-жасқа дейін тік 
жүруге және сөйлеуге үйренеді, ойы мен санасы дамиды, күрделі іс-әрекет 
(сурет салу, таным қабілеті, еңбектену) дағдылары қалыптасады, ең бас-
тысы – орта және соңғы балалық шақта мектеп оқуымен айналысу.

73
Өз «Менінің» мән-мағынасын түсіну – бұл тұлғаның құндылықты 
бой  көтеріп,  кемелденуі.  Бұл  үдеріс  орта  балалық  шақта  басталып, 
«Мен-ге» (яғни «маған») ұқсаған «басқа адамдармен» өзін ұдайы салыс-
тыра бағалау негізінде жүріп жатады. Осы үдеріс барысында тұлғаның 
жақсылық пен жамандық, өмір мақсаты мен мәні және басқа да рухани 
– адамгершілік пен дүниетанымдық ұстанымдары жөніндегі түсініктері 
қалыптасады.
З. Фрейд әлеуметтенудің келесідей психологиялық тетіктерін ажы-
ратады: ұқсау (имитация), теңестіру (идендификация), ұят және кінә
сезімдері.
Ұқсау (имитаця) – баланың қандай да белгілі әрекет-қылық үлгісін 
саналы  қайталауға  тырысуы.  Мұндай  үлгі  ата-ана,  жақын-жуық, 
достарының және т.б. әрекеттері болуы мүмкін.
Теңестіру  (идентификация)  –  қандай  да  қауымдастық  мүшесі 
екенін  сезіну.  Өзін  теңестіру  арқылы  бала  ата-аналарының,  ағайын-
туыстарының,  достарының,  көршілерінің  және  т.б.  әрекет-қылық 
үлгілерін,  олар  бойындағы  құндылықты  өнегелерді  өзінің  меншікті 
сапа-қасиеттері ретінде қабылдайды.
Психологиялық  ұқсау  мен  теңестіру  ұнамды  тетіктер  ретінде 
танылған,  себебі  бұлар  белгілі  әрекет-қылық  қалыптарын  қабылдауға 
бағдарланған.  Ал  ұят  пен  кінә  –  кейбір  әрекет-қылық  үлгілерін 
қабылдауға  шек  қояды  немесе  тіпті  қабылдатпайды,  осыдан  мұндай 
тетіктер болымсыз не кері деп есептеледі.
Ұят, әдетте, адамды масқара, әшкере ету сезімімен бірге жүреді. 
Бұл сезім тұлға әрекетін басқалар көзімен  бағалауға негізделген.
Кінә сезіну – әр адамның өз айыбын өзі бағалауымен іштей күйзеліске 
түсуі. Адам өз жазасын өзі береді, ал мұны қадағалау әр тұлғаның өз ар-
намысына байланысты. 
Амеркан психологі Ч.Кули бала санасы мен оның өзіндік санасының 
қалыптасуында  сол  баланы  қоршаған  бастапқы  ұжымдардағы  өзге 
адамдар (ата-аналар, туыстар, көршілер, достар және т.б.) пікірлері мен 
түсініктерінің маңызды болатынына назар аударады.
Қоршаған  орта  адамдарының  пікірлері  тұлға  үшін  соншалықты 
маңызды да мәнді, себебі солардың ықпал-әсері арқасында тек өкілінің 
«Мен» сезімі дамиды. Ч. Кули бұл құбылысты «айналы (зеркальное) 
Мен» деп атаған.
Өзге  адамдар  –  тек  өкілінің  көрінісін  беретін  айна  іспетті,  осы 
өзге  адамдармен  ұдайы  қарым-қатынасқа  келуден  баланың  өз  «Мені» 

7
қалыптасады,  яғни  адам  «Мені»  әрбір  тек  өкілінің  басқалармен 
ықпалдасты байланысынан туындайды.
Шынында  да  «айналы  Мен»  баланың  өзіндік  санасының  маңызды 
элементі есептеледі. Осының арқасында балада өзіндік баға беру қабілеті 
дамиды, өз бойына басқалар көзімен қарауға үйреніп, өзін олардан саналы 
түрде ажырата біліп, өз қадірін  мақтанышпен  тануға немесе өз «Менін» 
қадірлемеуге  дағдыланады.
Уақыт  өтумен,  бастапқы  ұжымдардғы  әлеуметтік  ықпалды 
байланыстардың  кеңеюімен  субъективті  «Мен»  нығайып,  тұрақтана 
бастайды: қоршаған адамдар  ықпалымен тек өкілінің өзіндік қадағалау, 
бақылау қабілеті артады, әлеуметтік топ қалыптары мен құндылықтарын 
жоғары дәрежеде игеруге қол жеткізеді. 
Ч. Кули теориясының ұнамды тарапы – адами «Мен» қалыптасуында 
әлеуметтік  қарым-қатынастарға  үлкен  мән  беріп,  кіші  әлеуметтік 
топтардың  (ата-аналар, жақын-жуықтар, көршілер және т.б.) ықпалын 
жоғары бағалауында. Дегенмен, ол бала өміріндегі «Мен» дәрежесінің 
кемелденуінде бастапқы ұжымдардың  ролін әсірелей отырып, әлеуметтік 
мекемелер (оқу, білім, тәрбие орындары) ықпалына ақау түсірді. Мем-
лекеттік тапсырыс және арнайы тәрбие болмаған жерде болымды
«Мен» қалыптаспайтынын Ч.Кули ескермеді
Американдық ғалым- психолог Дж.Мид баланың әлеуметтік кемелде-
нуінде әлеуметтік қарым-қатынастармен бір қатар, адамдармен араласу 
барысында  қолданылатын  рәміздер  және  ым-ишараларды  түсініп  әрі 
пайдаланудың үлкен маңызды болатынына баса назар аударды.
Өзара түсінісу мен әлеуметтік қатынастарға келуде Дж.Мид балалық 
шақтағы басқа адамдар рөлін қабылдау қабілетіне байланысты екеніне 
ден қойды. Мұндай қабілеттің орнығуында балалық шақтағы ойындар 
маңызды болатынын алға тартты. Ұжымдық ойынға енуден бала белгілі 
рөлді атқаруға кіріседі, соң өсіп тәжірибе жинақтай отырып, ол ойынға 
қатысқан бірнеше адамдардың рөлін орындауға тырысады.
Сонымен  бірге,  оның  ақылы,  өзіндік  санасы  дамиды,  келе-келе 
әлеуметтік топ қалыптары  мен құндылықтарын  меңгере бастайды, өзіне 
болған талаптар мен ұстанымдардың мәнін түсінетін болады.
Кемелге  жетіп,  «Мен»  дәрежесіне  көтерілген  тұлғаның  көрсеткіші 
– әлеуметтік топ қалыптары мен құндылықтарын, сол әлеуметтің
өзіне қойған талаптары мен ұстанымдарын қабылдауы, яғни Дж. Мид 
пікірінше, бұл нақты тек өкіліне қойылған талаптар мен ұстанымдардың 
жалпыланған ұжымдық бейнесі.

75
Өзі қатысып отырған әлеуметтік топ талаптары мен ұстанымдарын 
қабылдағаннан бастап, тек өкілі өзінің кемелденген субъектив «Меніне» 
ие болады.
Осы  сәттен  бастап,  ол  топтың  басқа  да  мүшелерімен  бірге  топ 
мүдделеріне ортақтасып, жалпы проблемаларды шешуге араласады.
Әлеуметтену – бұл белгілі әлеуметтік шарттармен үйлескен тұлғаның 
белсенді түрде өзін-өзі қалыптастыруы. Әлеуметтенуден тұлға қоғамның 
толыққанды мүшесі ретінде танылады.
Адамның сән көрінісі, талғам, қажетсіну бағдары ауыспалы болса, ал 
дүниетанымдық көзқарастары, жалпыадамзаттың мәдени құндылықтары 
тұрақтылау келеді. Әр әулет өкілінің өмірге араласуы өз проблемаларын 
пайда етеді. Әлеуметтену – бұл жаңа әулетті өткен салт-дәстүрлер мен 
құндылықтарға бағындыру емес. Егер бұлай болса, тарихи үдеріс өз да-
муынан қалады, әке мен баланың айырмашылығы жоғалады. Әлеуметтену 
– әрбір ұрпақтың өз дәуіріне сай жасай білуі, өз қоғамына орай әлеуметтік 
– психологиялық ұстанымдарды түсініп, тіршілік қызметін орындауы.
Әміршіл-әкімшіл  қоғамдағы  әлеуметтену  –  жас  әулеттің  ересек-
тер  ұстанымын  бұлжытпай  қайталап,  орындауы.  Ал  өркениетті  де-
мократияшыл  қоғамдағы  әулеттер  арасындағы  қатынастар  теңдік 
пен  қызметтестік  негізінде  болып,  жаңа  әулеттің  жалпыадамзаттық 
құндылықтар шеңберінде дамуына жол ашуы басты шарт.
Тек өкілінің әлеуметтік мұраға ортақтасуы – оның қоғам мәдениетін 
қабылдауы.
Мәдениет  –  бұл  рухани  және  материалды  құндылықтарда, 
әлеуметтік  және  тұлғааралық  қатынастарда  көрініс  берген  адам-
зат табысы. Адамдардың әрқилы өмір саласындағы   (еңбек, тұрмыс, 
қоғамдық  және  саяси  тіршілік,  т.б.)  қажетті  әрекет-қылық,  қалып, 
талаптарының  бәрі  –  мәдениетте  көрінеді.  Тек  өкілінің  әлеуметтену 
нәтижесі оның әлеуметтік құнды деп танылған  ерекшеліктерінде: ақыл, 
мінез,  іс-қимыл  әрекеттерінде,  тәрбиелілігі  мен  оқымыстылығында, 
қоғамдық бейімдесе білуінде байқалады.
Тек  өкілінің  әрқилы  жас  даму  кезеңдеріндегі  психикасы  белгілі 
сапалардың  дамуына  бейім  келеді.  Әлеуметтену  үдерісінде  тұлғаның 
өмірлік  ұстанымдары  мен  мінез  бітістері,  жалпыланған  әрекет-қылық 
әдістері мен принциптері қалыптасады.
Сонымен,  әлеуметтену  –  бұл  әлеуметтік  мекемелердің  арнайы
бағытталған жағдайларында немесе тұлғаға болған әртүрлі өмірлік
шарттардың  кездейсоқ  ықпалынан  туындайтын  әлеуметтік

76
құндылықтар  мен  әлеуметке  бейімдескен  әрекет-қылық  әдістері
жүйесін игеру үдерісі (сонымен бірге – нәтижесі).
Әлеуметтену  сапасы  мен  сипаты  көп  жағдайда  нақты  қоғамның 
әлеуметтік құрылысымен анықталады.
Әлеуметтенген тұлғаның психикалық қалып шеңберінде көрініс бе-
ретін бірнеше ерекшеліктерін атауға болады.
Тұлға  өз  дамуында  әлеуметтік  бейімділікпен  бір  қатар  тұлғалық 
дербестік,  өз  даралығын  тұрақтандыру  қажеттігіне  ие.  Сындар-
лы  жағдайларда  мұндай  тұлға  өз  өмірлік  бағытын  қорғай  алады,  өз 
ұстанымдары мен құндылықты көзқарастарын сақтап қалу күшіне ие. 
Қатерлі жағдайларда қандай да ауытқулардың алдын алып, психикалық 
қорғаныс табуға тырысады.
Тиянақты кемелденген тұлға үшін қалыпты шарттар: үздіксіз даму 
жағдайында болып, өзін-өзі жетілдіріп бару және өз мүмкіндіктерін іске 
асыра  білу;  өзі  үшін  жаңа  табыс  шектерін  белгілей  отырып,  «ертеңгі 
күн қуанышын» көре білу; өз қабілеті мүмкіндіктерін ашып, пайдала-
ну; ал қиыншылық басқа түскенде – ымырашылдыққа келіп, жағдайға 
бейімдесумен әрекет жасай білу. Психикалық ұстамды тек өкілі басқа 
адамдармен тілектестік қарым-қатынаста болып, олардың мүдделері мен 
қажеттеріне сезімтал келеді.
Өз өмірлік жоспарын түзуде психикалық тұрақтанған тұлға шынайы 
мүмкіндіктерінен аспай, күші келмейтін талаптарға ұрынбай, орын-
сыз  әрекеттерден  сақтана  біледі.  Дамыған  тұлға  жоғары  дәрежелі 
әділдікар-намыс және абырой сезімдеріне бай келеді. Ол алдына қойған 
шындыққа сай да мәнді өз мақсаттарын орындауда табандылық көрсетіп, 
көздегеніне  жетпей,  тынбайды.  Қиындау  талаптар  кезіксе,  бұл  тұлға 
психикалық күйзеліс ауытқуына түспей, тактикалық жол-жосық табуда 
шеберлік таныта алады. Өз табыстары мен ұтылыстарының себебін 
басқадан көрмей, өз мойнына ала біледі. Күрделі өмір жағдайларында 
жауапкершілік көтеруге әрі орынды тәуекелдікке бел буып, қалаған істі 
бастай алады. Көңіл-күй тұрақтылығынан жетілген тұлға әсемдік пен 
қастерлі рухани дүниеге сезімталдығымен ерекшеленеді. Өз  сый-қадірін 
құрметтей білумен бірге, ол өзіне сырттай көз жіберіп, бағалауға бейім, 
сонымен қатар, әңгіме-сұхбатта орынды әзіл пайдаланып, фәлсафалық 
сын, күмән айтуда шеберлік танытады.
Әлеуметтенудің келесідей кезеңдерін ажырата көрсетуге болады:
1.  Бейімделу  кезеңі  (туғаннан  жасөспірімдік  шаққа  дейін  бала 

77
әлеуметтік тәжірибені ойланбастан қабылдайды, соған бейімдеседі, 
икемделеді, еліктейді).
2. Даралану кезеңі (басқалар арасынан өзін бөле көрсету ниеті пайда 
болады, қоғамдық әрекет-қылық қалыптарын сындарлы ой қалыбына 
сала, қабылдайды).
3. Бірігу (интеграция) кезеңі (қоғамдағы өз орнын табу ниеті пайда 
болып, қоршаған ортамен үйлесім табуға ұмтылыс жасайды).
4.  Еңбеккерлік  кезеңі  (адам  тек  әлеуметтік  тәжірибені  меңгеріп 
қана қоймастан, өз еңбек әрекетімен қоршаған дүниеге ықпал жасап, 
сол тәжірибені қайта жасайды, өңдеп жаңа өнімге айналдырады).
5.  Еңбеккерліктен  соңғы  кезең  (әлеуметтік  тәжірибені  қайта 
жасауда  әрі  оны  келесі  әулетке  өткізуде  үлкен  де  маңызды  үлесімен 
танылатын адамның егде жасы).
37. Тұлғаның психологиялық бітістері
Психикикалық  қасиетттер  жиынтығы  тұлғаның  психикалық
бітістерін құрайды. Өмірлік проблемаларды шеше отырып,  адам өзінің 
психикалық мүмкіндіктерін  ескереді, ортамен байланыста өз әдістерін 
қолданады, өз тіршілігіне сай даралығын пайдаланады.
Тек  өкілінің  жеке  психикалық  қасиеттері  өзара  жүйелі  қарым-
қатынасқа  түсіп, тұлға санасын құрайды. Тұлғаның мұндай психикалық 
сапалары дәстүрлі төрт топқа бөлінеді: темперамент, бағыт-бағдар,
қабілеттер, мінез.
Бұл психикалық сапалар жүйесі тұлға құрылымын түзеді.
Тұлғаның  психологиялық  құрылымындағы  элементтер    -  әдетте, 
«тұлға бітістері» деп аталатын психологиялық қасиеттер және ерек-
шеліктер.
Тұлға қасиеттерін бірнеше топқа бөліп, атауға болады.
Тұлғаның  ең  төмен  деңгейлі  қасиеттер  тобы    -  бұл  адамның 
биологиялық  шарттасқан  сапалар  жиынтығы:  психиканың  жасқа, 
жынысқа байланысты және жүйке жүйесі типі мен темпераментке 
орайласқан тума қасиеттері.
Келесі  топ  өз  ішіне  адам  психикалық  үдерістерінің  тума  және
жағдаяттарға  тәуелді,  сонымен  бірге  жаттығумен  де  дамып,
жетілуші даралықты ерекшеліктерін қамтиды, яғни ес, жад, түйсік, 
ойлау, қабылдау қасиеттері.

78
Психикалық  қасиеттердің  үшінші  тобы  тұлғаның  даралықты
әлеуметтік  тәжірибесі,  яғни  адамның  өмір  барысында  меңгерген 
білімдері, дағдылары, ептіліктері мен әдеттері. Бұл сапалар, әдетте, 
әлеуметтік  сипатта  болып,  арнайы  оқу  және  тәрбие  барысында 
қалыптасады.
Тұлғаның  ең  жоғары  деңгейі  –  бұл  оның    бағыт-бағдарлылығы. 
Бұл  деңгей  өз  ішіне  адамның  құштарлық,  тілек,  қызығу,  бейімділік, 
мұрат,  сенім-наным,  дүниетаным  сезімдерін,  сондай-ақ  мінез-құлық 
ерекшеліктері  мен  өзіндік  бағалау  қабілетін  қамтиды.  Тұлға  бағыт-
бағдарлылығы әлеуметтік негізді, осыдан бұл жоғары қасиеттер қоғамдық 
тәрбие ықпалымен қалыптасып, сол адам жасап жатқан нақты қоғамның 
идеологиясына сай келеді.
Тұлғаның құрылымдық деңгейлері жанама тетік – іс-әрекетке орай 
өзара байланысты.
Психология ғылымында тұлғаның психикалық құрылымын анықтауға 
орай бірнеше тұжырымдар қалыптасқан.
Б.Г.  Ананьев  –  тек  өкілі,  тұлға,  даралық,  іс-әрекет  субъекті 
сияқты жекеленген категориялардың баршасын біріктіре, жалпыланған 
«адам» категориясын пайдаланғанды дұрыс көреді. Ол әрбір элементі 
өз  құрылымшаларына  ие  адамның  жалпы  құрылымын  ұсынады.  Тек 
өкілі ретіндегі адам құрылымы осыдан өз ішіне жас және жыныстық, 
даралықты және тектік (дене құрылысы, жүйке қозғалысы және т.б. ере-
кшеліктер), психофизиологиялық қызметтер, органикалық қажеттер, 
нышандар мен темпераменттерді қамтиды.
Тұлғалық ұйымдасудың өзі де екі дәрежеде көрінетін біршама күрделі 
құбылыс: алғашқы, жоғары тұлға дәрежесі – бұл мәртебе, әлеуметтік 
роль, құндылықты бағыт-бағдарлар; ал екінші  дәрежелі, жалпыға бірдей 
тұлғалық қасиеттер – әрекет-қылық тобы, сана және т.б.
Тұлға  құрылымы  жөнінде  ғылымда  танымал  болған  теориялық 
тұжырымдардың және бірін  З.Фрейд, оның шәкірті К.Г.Юнг ұсынған. 
Ол бойынша әрқандай тұлға өз алдына жүйе ретінде танылып, өз ішіне 
келесідей  элементтерді  қамтиды:  «Мен»  (эго),  дара  бейсаналық  және 
оның  бірігімдері,  ұжымдық  бейсана  және  оның  бастау  негіздері,  тек 
өкілі (персона) және т.б.
Көптеген психолог-ғалымдар тұлғаның құрылымдық бірлігі ретінде 
«бітіс» (черты), категориясын ажыратады. Осыған орай «бітістер те-
ориясын» ұсынған Г.Олпорт бұл тұлға элементін екіге ажыратады: ) 
жалпы тұлғалық бітістер (белгілі мәдениет шеңберінде жасап жатқан 

79
адамдардың көпшілігіне тән қалаған тұлғалық сипат); ) дара тұлғалық
бітіс (диспозиция – басқа адамдармен салыстырып болмайтын, тек бір 
ғана тұлғаға тән болып, оның бірегейлігін танытушы ерекше қасиет).
Тұлға  бойындағы  психикалық  бітістердің  бәрі  өзара  байланысты, 
дегенмен өз дербестігіне ие, бір-біріне тәуелсіз. Әр адамдағы бітіс екінші 
біреудің не көпшіліктің таңған ойы емес, ол нақты адамда нақты көрінетін 
шынайы құбылыс (біреудің өкпешілдігі, екіншінің  - даңғойлығы, үшінші 
біреудің – иман жүзділігі және т.б.).
Тұлға бітістерін әрқилы негізде топтастыруға болады:
1)  үстіртін  бітістер  –  тұлғаның  біртекті  негізге  ие  болмаған  әрі 
тұрақсыз,  өзара  сыбайлас  келген  бірнеше  әрекет-қылықтық  сипат-
қасиеттері;
2) тұғырлы бастау бітістері – адамның әрекет-қылық қасиеттерінің 
тұрақтылығын  аңдатып,  кемелденген  тұлғалық  ой  мен  бой  дәрежесін 
танытушы психологиялық жағдаяттар жиынтығы.
Сонымен, тұлға бітісі – бұл адамның әрекет-қылығында көрініс
беретін, сонымен бірге әрқилы жағдайлар мен мезеттерде біртекті
әрекет-қимыл жасауға бейімдестіруші психикалық дүние бірліктері 
(Р.Кеттелл).
38. Тұлға типологиясы
Тұлғаның  көптүрлі  ғылыми  типологиясын  шартты  түрде  бірнеше 
топқа келтіруге болады.
Тұлға типологиясын анықтауға негіз болған ең  ежелгі психологиялық  
таным  жетістігі  –  гуморалдық  (сұйықтық)  теориялар.  Бұл  теориялар 
бойынша тұлға типі адам (жануар) ағзасындағы қандай да сұйықтық (қан, 
шырын және т.б.) түрімен байланыстырылады. Бұл орайда типологиялық 
ажыратудың бастау көзін  ежелгі грек ғалым дәрігері Гиппократ  берген. 
Ол тұлға типін ағзадағы төрт сұйықтыққа байланыстырады – қан, өт, 
қара және сары шырын (запыран). Осылардың қай бірінің басымдылығы 
темперамент  типіне  ықпал  жасайды:  сангвиник,  холерик,  флегматик, 
меланхолик.
Ал  Гален  темпераменттің  аталған  түрлерін  артериялық  және 
веноздық қан құрылымдарының өзара қатынасымен байланыстырады.
Қанның  сапалық  ерекшеліктерінің  тұлға  қасиеттерімен 
байланыстылығы  И.Кант  теориясына  да  арқау  болды.  Ол  темпера-
менттерді  келесідей  бөлістерге  келтіреді:  сезім  темпераменттері

80
(сангвиник – көңілді адам темпераменті; меланхолик – жабығыңқы адам 
темпераменті) іс-әрекеттік темпераменттер (холерик - ұстамсыз адам 
темпераменті; флегматик – байсалды адам темпераменті).
Орыс ғалымы П.Ф. Лесгафт темпераменттердің  дәстүрлі типтерін 
адамның қан айналу жүйесінің ерекшеліктері және ағзадағы зат алмасу 
жылдамдығына байланыстыра ажыратады.
Морфологиялық  теорияларда  тұлға  қасиетін  ажыратудың  басты 
белгісі ретінде адамның дене құрылысындағы ерекшеліктері аталады. 
Ф.Галль бас сүйегі типтері мен мінез бітістері арасындағы байланыстың 
барына назар аударды.
Тұлғаның  дене  көрінісіне  (конституционалды    типология)  орай 
Э.  Кречмер    адамды  төрт  типке  бөледі:  астеник,  пикник,  атлетик, 
дипластик (Конституционалды типология негізі – жатырдағы ұрықтық 
даму динамикасынан болатын туғаннан соңғы дене құрылымының ере-
кшеліктері).
1) астеник (әлжуаз) адам – нәзік денелі, қушық кеуде, тар иық, қол-
аяғы серейген ұзын, сопақ жүзді, бірақ жүйке жүйесі мен бас миы күшті 
дамыған; ынжық;
2) пикник (шәлтік) адам – кіші не орта бойлы, етшең, биік кеуделі, 
қарынды, қысқа мойын, домалақ басты; көпшіл;
3) атлетик (шомбал) адам – ірі, қарулы денелі, бұлшық етті, дене 
бөліктері өзара сәйкес дамыған, кең иықты; маңғаз; 
4)  дипластик  (мүгедек)  адам  –  тән-дене  құрылымы  қисынсыз 
жаралған, тартыншақ;
Психофизиологиялық  теорияларда  тұлға  типтерін  ажыратудың  
басты белгісіне субъекттің психологиялық әрі физиологиялық ерекшелік-
тері алынады, әсіресе тек өкілінің жүйке жүйесі қасиеттеріне басымды 
назар аударылады. Осы тұрғыдан зерттеу жүргізген И.П.Павлов әрекет-
қылықта көрініп, Гиппократтық төрт түрлі темперамент түріне сай ке-
летін жоғары жүйке қызметінің төрт типін айырады –күшті, тепе-тең,
қозғалмалы, қозу және тежелу сапаларына байланысты.
Дегенмен, аталған психофизиологиялық сапа – қасиеттер таза күйінде 
жеке-дара  көрінбей,  өзара  араласа  бірігіп,  жүйкелік  қасиеттердің  көп 
санды түріне негіз береді.
Психология ғылымында орын алған келесі бір теория – психиатрикалық
типология атамасын алған. Бұл теория психикалық сырқаттану (пато-
психология)  белгілеріне  негізделіп,  дәрігерлік  емдеу  тәжірибелерінде 
пайдаланылады.

8
Психикалық    науқастар  материалдарын  талдау  негізінде  мінездік 
сырқаттардың төмендегідей түрлерін ажыратуға болады:
Делқұлы  -  есуас  (шизоидты)  тип  –  сырттай  дүниемен  байланысы 
үзілген,  ой-сана  бірізділігі  жоқ,  әрекет-қылығы  басқарымсыз,  алда  не 
істейтінін болжастыру мүмкін емес, басқалармен қатынасы  тұйық, өте 
көңілшек,  өз  білгені  ғана  дұрыс,  талаптары  шындықтан  алшақ,  ойын 
өз логикасымен ғана түзеді, осыдан оның ой-санасы даралықты, кейде 
саналылардың түсіне де кірмейтін бірегей пікір айтып салуы бекер емес; 
бұлар тұйық, ашушаң, көпшіліктен бөлектенгенді қалайды.
Құйылма мінезді (циклоидты) тип – әрекет-қылығы тұрақсыз ауыспа-
лы, қуанышы мұңға, мұңы қапелімді жан күйзелісімен алмасуы қиын 
емес; құлшына іске кірісіп, демде қолын суытады. Мұндай жанкүйлік 
қалыптардың жылдам ауысуынан адам шаршайды, осыдан оның әрекет-
қылығы қарама-қарсылықты, не боларын болжастыру мүмкін емес.
Желікпе (гипертимді) тип - ұдайы, қай жағдайда  да көңілді, бейғам, 
қойны  дерексіз  қуанышқа  толы;  жоғары  белсенділікті,  күш-қуаты  то-
лып-тасқан,  алайда  бұлардың  бәрі  көбіне  жайсыз  мақсаттарға  бағыт 
алып кетеді (ішімділікке, нашақорлыққа, жыныстық байланыстар мен 
бұзақылыққа және т.б.). Мұндай адамдармен іскерлік қатынас жасау қиын, 
себебі бұлардың уәде, борыштығы кем, мүдделері үстірт, тұрақсыз, сынға 
шыдамсыз, «мүмкін» мен «мүмкін емес» арасын айыра бермейді.
Мұңшыл (сензитивті) тип – әрдайым жабығыңқы, өмір шуағын көре 
білмейді,  төңіректегінің  бәрі  ол  үшін  мәнсіз,  қатерлі,  өкпелегіш,  тез 
шаршайды, жақындары тарапынан жақсылық лебі бола қойса, жайдары 
күйге келіп, ал оңашада қайтадан баяғы қара уайымға шомады.
Тартыншақ  (психоастеник)  тип  –  шектен  тыс  табансыз,  үркек, 
қадамының  бәрі  ол  үшін  күмән,  түгелдей  қорқыныш  құрсауында. 
Осылардың бәрінен қалайда қорғану үшін ырым сақтауға, өзінше салт, 
шаралар жасап әлекке түседі.
Қояншық (эпилептоидты) тип – шектен тыс ашушаң, жұрт пікіріне 
төзімсіз, қарсы сөзге шыдамсыз, отбасының билеп төстеушісі, ұстамсыз, 
балағат сөзге, қол жұмсауға бейім, кейде не күйге түскенін өзі сезбей, 
бас билігінен  айырылады.
Шарбая (истероидты) тип – қандай да жолмен болмасын өзіне назар 
аудартуға бейімшіл, өз дегеніне жетуде жөн-жосық таңдамайды (қаруы 
- өтірік, жала, арсыздық және т.б.).
Күдікшіл (параноидты) тип – қандай да идея, ой, сезім құрсауына 
маталып,  ұдайы  әсіре  күйзелісте  жүреді,  қызғаншақтық,  секемшілдік, 

8
кекшілдік сезімдеріне беріліп, қандай да идеяны орынсыз әсірелеумен 
қалған дүниені көре алмайды.
Елікшіл (конформды) тип - өмірлік ұстанымы - «басқалар қандай бол-
са, мен де сондай», өз бағыт-бағдарына ие бола алмай, нақты әлеуметтік 
топтық әрекет-қылық, пікір, көзқарас шарттарының матауында жүреді.
Қазіргі  кезеңде  психология  ғылымында  тұлғаны  типтестірудің  
жоғарыда аталған 3 теориясынан өзге әлеуметтік-тұлғалық типология 
(тұлғаның басқа адамдармен қатынасына негізделген Юнг теориясы),
психогеометриялық типология (адамның қандай да геометриялық фигу-
раларды қызыға таңдауына негізделген С.Деллингер  теориясы), сезімдік
(сенсорлы) типология (адамның көру, есіту, қозғалыс әрекеттеріне негіз-
делген Э.А.Голубева және т.б. теориясы), тұлға - өмір жолы типологиясы 
(тұлғаларды өзара салыстырумен емес, ал олардың әрқайсысының өз жеке 
өмір  жолына  қатысты  типтестіруге  негізделген  К.А.Абдулханова  –
Славская теориясы) қабылданып, зерттеу нәтижелерін беріп жатыр.


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет