Анықтамалық қолданба Пікірлер Ұғымдар


Қабылдау: негізгі қасиеттері және түрлері



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата22.12.2016
өлшемі4,35 Mb.
#225
1   2   3   4   5   6   7   8   9

14. Қабылдау: негізгі қасиеттері және түрлері
Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің 
мәнін  түсінуден    оларды  тікелей  тұтас  күйінде  сезімдік  бейнеге 
түсіру.
Мақсат  бағытына,  ерік  қатысына  орай  қабылдау  екі  формаға 
бөлінеді: ырықсыз (ниеттелмеген, ерік күшімен, алдын ала белгіленген 
мақсатпен байланыспаған) және ырықты (мақсат бағдарлы). 
Рецепторлар қызметіне қарай қабылдау көру, есіту және сипай сезу 
түрлерімен ажыралады.
Күрделілігі, жайылымдылығы, перцептивті әрекеттерімен қабылдау 
симультанды  (бір  әрекетті)  және  сукцессивті  (кезеңді,  бірізді) 
формалдығына ие.

33
Қабылдаудың  төрт  түрі  белгілі:  сенсорлы  (сезімдік)  –  нысанның 
сезіммен қабылданып, оның санаға өтуі; перцептивті  - нысан мәнін 
түсіну, оны белгілі категорияға, объекттер тобына жатқызу; оперативті 
(нақты әрекеттік) – нысанның қандай да тарапын қамтып, қызметке қосу; 
іс-әрекеттік – қызмет мақсатына орай нысанмен ықпалдас қатынасқа 
келу.
Қабылдау  түрлері  бейнеленетін  нысан  ерекшеліктеріне  орай  өзара 
топтасуы мүмкін, мысалы, көркем шығарманы, сөзді қабылдау, табиғат 
әсерлері мен өрнектерін қабылдау және т.б. әдетте, қабылдау қандай да 
іс-әрекетке қосыла орындалады, дегенмен ол өз алдына да, дербес жүруі  
мүмкін.
Қабылдаудың жалпы заңдылықтары: мағыналылығы, жалпылығы, 
заттасқандығы,  біртұтастығы,  құрылымдылығы,  таңдамалы 
бағыттылығы,  апперцепциялылығы  (өткен  тәжірибеге  негізделуі), 
константтығы (тұрақтылығы). 
Қабылдаудың мағыналылығы және жалпылығы. Қабылдау нәтижесі 
– заттың сөзбен өрнектеліп, белгілі категорияға, түсінікке қосылуы. Заттар 
мен құбылыстардың аса қарапайымдасқан түсінім формасы – тану.
Қабылдаудың заттасқандығы – заттар жөніндегі ми ақпаратының 
шынайы  заттармен  сәйкес  келуі.  Қабылдаудың  заттастығы  санада 
қабылданып,  өрнектелген  бейнелердің  шынайы  болмыс  заттарына 
адекваттығын (сәйкестігін) білдіреді.
Қабылдау  біртұтастығы  –  затты  тұрақты  тұтастық  жүйе 
ретінде бейнелеу (нақты жағдайда заттың кейбір бөлшектері болмай 
қалса да).
Қабылдау құрылымдылығы. Әрқилы нысандарды оларды құраушы 
тұрақты бөлшек, не белгілерін ажыратумен танимыз.
Қабылдаудың  таңдамалылығы.  Төңірегіміздегі  мың  сан  заттар 
мен  құбылыстардан  біз  нақты  мезетте  қажетімізге  керегін  ғана  бөліп 
аламыз.
Апперцепция – қабылдаудың тұлғалық тәжірибеге, білімге, мүдделер 
мен ұстанымдарға тәуелділігі, мысалы, түбір – агроном үшін өсімдіктің 
жер бетінде көрініп қалған бөлігі, математик үшін – 00 фигура, тілші 
үшін – сөздің мәнді бөлігі.
Қабылдау  тұрақтылығы  –  заттардың  шынайы  сапаларының 
(көлемі,  түр-түсі,  формасы)  мида  бейнеленуінің  оларды  қабылдау 
жағдайларына (жарыққа, қашықтыққа, көз салу қалпына және т.б.) 
тәуелсіздігін білдіреді.

3
Қабылдау  түрлері:  затты,  уақытты  қабылдау;  қатынастарды, 
қозғалыстарды, кеңістікті қабылдау; адамды қабылдау.
15. Елес: жалпы сипаттама
Қабылдауда  болатын  сезімдік  бейнелердің  жасалуынан  санада  өз 
алдына ерекшеленген жаңа психикалық құрылым – елестер пайда бо-
лады.
Елес – бұл адамның өткен тәжірибесіне негізделіп, болмыс затының 
санадағы қайта жалпылай жасалған психикалық бейнесі.
Елесте заттың барша бітістері мен белгілері теңдей жарқын, дәлдікпен 
нақтылай берілмейді. Егер де кейбір елестер біздің іс-әрекетімізбен бай-
ланысты келсе, онда алғы шепке нысанның біздің әрекетімізге тікелей 
қажет, маңызды тараптары шығарылады, қалған тұстары бұлдыр күйінде 
қалады.
Елестер қабылдану түрлеріне орай бөлінеді (көру, есіту және т.б.).
Елестердің негізгі ерекшеліктері:
елестер  қабылдаудағыдай  көрнекі  келеді,  бірақ  мұндағы  бейне 
күңгірттеу;
елеске  түскен  бейнеде  заттың  бөлшектері  мен  жеке  бітістерін 
ажыратып болмайды;
елесте әрдайым жалпыланған бейне сақталады (тау елесі, мысалы, 
ол Алатау не Памир емес, жер бетіндегі барша тауларға тән белгі – биік 
шоғыр).

бір зат жөніндегі әр адамның елесі жеке-даралықты келеді. 
Бұл адамдардың тұлғалық сапа-қасиеттерінің өзіндік ерекшелігінен 
болады;
елес көрнекі – бейнелі бола тұрып, біз үшін қандай да жалпыланған 
танымдық, білім қызметін атқаруы мүмкін;
түйсік  және  қабылдау  үдерістеріне  қарағанда  елес  сатысы 
анағұрлым жоғары деңгейлі келеді;
елес ойлау жүйесінің құрамды бөлігі, ой азығы – есте сақталғанды 
елес күйіне келтіріп алғаннан соң ғана, біз оны жан-жақты талдауға 
салып, нақтылай бастаймыз.
Елес қабылдау үдерісінің қарабайыр, сол күйінде қайталануы емес, ол 
ауыспалы қозғалысты құрылым, әр мезеттегі нақты жағдайға байланыс-
ты жаңаланып, тұлғаның күрделі өмірін бейнелеп барушы психикалық 
құбылыс.

35
Тұлға  өміріндегі  елестің  маңызды  болуының  жарқын  дәлелі  –  бұл 
адамдардың  шығармашылық  өнері.  Шығармашылық  әрекеттің  қай 
түрі болмасын өз бастауын осы елестен алады. Құлақтан қалып, есіту 
түйсігінен айрылған әйгілі  Бетховен ән-күй өрнек елестерін өзінің мәуелі 
шығармашылығының сүйеніші еткен.
Эйдеттік  (грек.  eidos-бейне)  елес  –  ырықсыз  бір  көргеннен  есте 
қаларлық толық та жарқын елес.
Персевераттық (лат. perseveratio- табандылық) елес – бұл қандай 
да елес бейненің ырықсыз, ойдан шықпай, қайталана еске түсе беруі.
16. Зейін: негізгі қызметтері мен түрлері
Зейін – бұл психикалық іс-әрекеттің бағытталуы мен шоғырлануы. 
Осы  әрекеттің  таңдамалылығы  мен  сақталуы  оның  бағыттылығын 
танытса, ал сол әрекетті  тереңдей танумен басқаларын елемеу – зейіннің 
шоғырлылығын білдіреді. Бұл анықтамадан болатын қорытынды  - зейін 
өз өніміне ие емес, ол тек басқа психикалық үдерістердің нәтижелілігін 
көтеру қызметін атқарады.
Зейін  сана  қызметінің  іске  асуын  қамтамасыз  ете  отырып,  сыртқы 
әсерлерді    бөлшектейді,  нақты  сәттегі  мәнді  ықпал  бірліктерін  ажы-
ратады  және  оларға  аса  жоғары  аналитик-синтетикалық  күштерді 
шоғырландырады.  Осыдан  сана  айқын  да  анық  деңгейге  көтеріліп, 
қажетті бағыт-бағдар алады.
У. Джемс зейіннің келесі түрлерін қарастырады: ) сезімдік (сенсор-
лы) және ақыл-естік (интеллектуалды); 2) тікелей нақты, егер нысан 
өздігінен көңіл тартатын болса, және туынды (жанама); 3) ырықсыз 
не енжар, күш жұмсауды қажет етпейтін және ырықты (белсенді) 
– ерік қосумен болатын.
Ырықсыз зейін қандай да затқа ешбір ниетсіз-ақ бағдарланады және 
ол үшін ерік күшін қажет етпейді.
Ырықты  зейін  немесе  ерікті  зейін  нысанға  әдейі,  белгілі  мақсат 
қоюмен бағытталып, саналы да ерік жұмсаумен қалаған қажет уақыт 
аралығында орындалып жатады.
Егер іс-әрекет адамды қызықтыратын болса, ырықты зейін үйреншікті
зейінге өтеді де, енді ерік күші тіпті қажет болмай қалады. Ырықта зейін 
сияқты бұл зейін түрі белсенді сезімімен, мақсат бағдарлылығымен және 
ниеттілігімен ерекшеленеді. Аталған үш зейін түрлері өзара ауысып, іс-
әрекет бабына, мақсатына орай қызмет жасауы мүмкін.

36
В.Н. Страхов өз еңбектерінде өзіндік бағдарлау  деген зейіннің және 
бір түрін атап көрсетеді.
Өзіндік бағдарлау нысаны жеке адамның өз бойындағы әрекет-қылық 
сипаты, өзінің сөйлеу және қатынас мәнері, әлеуметтік рөлі және т.б. 
болуы мүмкін. Зейіннің бұл түрі арнайы қызмет те атқарады, мысалы, 
тұлғаға өз бойындағы әрекет-қылық, мінез өзгерістерін өзінше байқап, 
өзіндік  ақпараттарды  жинақтауға    мүмкіндік  береді.  Мұндай  зейіннің 
қалыптасуы үшін адам біршама күш-қуат жұмсап, жаттығуы қажет.
Сыртқа бағытталған зейін – тысқы ортадағы мәнді заттар мен 
олардың маңызды тұстарын бөліп қарастыруға жұмсалады.
Ішке бағдарланған зейін – психиканың өз қорындағы ниетті нысан-
дарды бөліп алу қызметін атқарады.
Зейін  әрдайым  адамның  ұстанымдары  мен  оның  әрқандай  іске 
бейімділігі  және  дайындығына  байланысты.  Ұстаным,  ниет  тұлға 
ағзаларының сезімталдығын, барша психикалық іс-әрекеттің деңгейін 
арттырады.
Зейін  жеке-даралықты  және  ұжымдық    болып  та  ажыралады. 
Ұжымдық  зейін  бір  қызметпен  шұғылданып,  бір  мақсатқа  жұмылған 
орындаушылар арасында қалыптасады, мұндайда  топтағы бір мүшенің 
ықпалы басқалар зейініне өзгеріс ендіруі мүмкін.
Зейін  қасиетері:  тұрақтылығы,  шоғырлылығы,  көлемі  мен 
ауысуы.
Зейін  тұрақтылығы  оның  уақыт  аралығында  шоғырлы  сақталу 
мерзімімен анықталады. Іс-әрекет барысында субъекттің өзі сезбейтін, 
бірақ  іс  өніміне  әсер  етпейтін  қысқа  мерзімді  зейін  тербелістерінің 
болуы да заңды.
Зейін  шоғыры  (концентрация)  зейін  тобының  бір  нысанға 
бағытталып,  оның  аймағына  енбейтіннің  бәрін  елемеуімен  сипат-
талады.
Зейіннің бөлінуі бір уақытта бір не одан көп іс-әрекеттерді орындау 
мүмкіншілігін беретін психикалық әрекеттердің ұйымдасу сипаты.
Зейін көлемі – бір уақытта анық та айқын қабылдануы мүмкін өзара 
байланыспаған заттар саны.
Зейін ауысуы – жаңа мақсаттың белгіленуімен психикалық әрекет 
бағдарының саналы әрі ниетті өзгеріске түсуі. Кейде зейін іс-әрекеттің 
нәтижесіне  орай  толық  ауысуы  –  не  аяқталмаған  ауысуға  түсуі 
мүмкін.

37
Зейіннің жеке – даралықты ерекшеліктері – бірнеше жағдаяттарға 
байланысты.  Олар:  жоғары  жүйке  қызметінің  типі,  тек  өкілінің 
психикалық  даму  жағдайы,  оның  күнделікті  психикалық  қалпы, 
үйреншікті қызметінің шарттары.
17. Ес: жалпы сипаттамасы және түрлері
Ес  –  адамның  болмыспен  өткендегі  өзара  ықпалдасты  қарым-
қатынасының психикалық бейнесі, оның тіршілігіне қажет ақпараттық 
қор.
Ақпаратты сақтау қабілеті және оны іріктеп, таңдаумен қажетті іс-
әрекетке қосып баруы, әрекет-қылықты реттеу үшін пайдалануы – тек 
өкілің қоршаған ортамен байланысын қамсыздандырушы мидың негізгі 
қасиеті. Ес арқылы өмір тәжірибесі бірігеді, адамзат мұдениеті мен жеке 
бас  тіршілігі  үздіксіз  дамиды.  Ес  негізінде  адам  бүгінгісін  бағдарлап, 
келешегін болжастырады.
Есті  интелекттік  және  тұлғалық  жүйешелер  ретінде    белгілі 
құрылымға ие қызмет, үдеріс, психикалық болмыс деп сипаттауға бо-
лады. 
Ежелден қалыптасқан ғылыми көзқарастар бойынша ес, бір тараптан 
– психикалық  қызмет (функция), ал, екіншіден – үдеріс (процесс) ретінде 
қарастырылып жүр.
Естің психикалық қызметіяғни қандай да мнемикалық (лат. mnema 
– ес) нәтиже беруге қатысуы, оның психикалық болмысы (реальность). 
Бұл жағдайда назарға ес тиімділігінің нәтижелілік тарапы алынады.
Ес тиімділігі – бұл мнемикалық іс-әрекеттің өнімділігі, сапасы және 
сенімділігі
Мнемикалық іс-әрекеттің өнімділігі – бұл есте қалдырылған және 
қайта жаңғыртылған материалдың саны (ес көлемі), есте қалдыру мен 
қайта жаңғырту шапшаңдығы. 
Мнемикалық  іс  –  әрекеттің  сапасы  –  есте  қалдырылған  мен 
жаңғыртылғанның дәлдігі.
Мнемикалық іс – әрекеттің сенімділігі – (валидность): ес беріктігі, 
жылдам әрі дәл есте қалдыру және жаңғырту ықтималдығы.
Ес нәтижесі оның үдерістік табиғатының (процессуальная сторона) 
салдары. 
Ес психикалық үдеріс ретінде мнемикалық әрекеттерімен, мнемикалық 
амалдарымен, есте қалдыру және қайта жаңғырту және т.б. кезеңдерімен 

38
сипатталады.  Ес  үдерісінің  жалпы  мнемикалық  мазмұнын  суреттеп, 
баяндау үшін бес үдеріс түрін ескеру қажет. Олар: есте қалдыру, есте 
сақтау, ұмыту, тану және қайта жаңғырту.
Есте  қалдыру  –  бұл  санаға  жаңадан  түсіп  жатқан  ақпаратты 
ұйымдастыру (рәміздей, бекіту, «меншіктеу»). Есте қалдыру шартты 
түрде  екіге  бөлінеді:  ақпараттың  өзін  тікелей  жадта  рәміздеп  (коди-
ровать) бекіту және ақпараттан алған әсерді ғана есте қалдыру  (запе-
чатление).
Есте  сақтау  –  есте  қалдырылған  ақпаратты  белсенді  не  енжар 
(ырықты  не  ырықсыз)  қайта  өңдеп,  меншікті  ақпаратқа  айналдыру 
(трансформация).
Ұмыту – сақтауға кері үдеріс, есте қалдырылған материалды қайта 
жаңғырту не тану мүмкіндіктерінің кемеюі.
Қайта жаңғырту – бұрын есте қалдырылған материалды тіктеу 
(реконструкция). Қайта жаңғырту үдерісі «тіл ұшына келтіру» (припо-
минание) және еске түсіру әрекеттерін де қамтиды.
Тану  –  нысандар  мен  құбылыстарды  олармен  тікелей  қатынасқа 
түскен сәтте бұрыннан белгілі қалпында қабылдау.
Есті есте қалдыру, сақтау, қайта жаңғырту мақсатындағы  ақпаратты 
ұйымдастыру үдерістерінің жүйесі және сол ақпаратты өңдеу қызметін 
атқаратын тұлғаның танымдық қабілеттері мен ол меңгерген  білімдердің 
жүйелі  арақатынасқа келуін қамтамасыз ететін интеллекттік жүйеше 
деп те қарастыруға болады.
Ел не өндірісті басқарған адам іс-әрекетінде белгілі мөлшерде естің 
барша негізгі түрлері көрінеді. Егер есті уақыт- мерзімге орай топтастыра-
тын болсақ, ендеше оның келесідей түрлерін ажырата білу қажет: қысқа
мерзімді, нақты іс-әрекеттік (оперативті) және ұзақ мерзімді. 
Қысқа  мерзімді  ес  –  қабылдау  аймағына  түскен  нысандар  мен 
жағдайлар тобын бір көргеннен тікелей байқау және бекіту қызметін 
атқарады. Мұндай мерзімді естің қызмет бабы 30 секундтық, қабылдау 
көлемі - 5-7 нысан.
Нақты іс-әрекеттік ес – қажетті әрі мезеттік іс-әрекет нәтижесіне 
жету үшін ғана жасалған ақпаратты іріктеп сақтау және іске асыру 
жұмысына бағытталады. Бұл ес үдерісінің жалғастығы орындалатын  
іс-әрекетке жұмсалған уақыт мөлшерімен сипатталады.
Ұзақ мерзімді ес – аса жоғары маңыздылыққа ие болған ақпаратты 
түбегейлі не ауқымды уақыт жадта сақтау қызметімен байланысты.

39
Сенсорлы (сезімдік) ес – сезімдік ықпалдарды тікелей байқау, яғни 
нысанның  сезімдік  әсерін  көрнекі  бейне  түрінде  анық  әрі  толықтай 
қабылдап, өте қысқа уақыт аралығында сақтап тұру (0,25сек.).
Іс-әрекет субъекті ақпаратты түрлі сезім ағзаларының: көру, есту, иіс 
сезу, дәм сезу, сипай сезу – арқасында қабылдайды.
Осыған орай көру есі, есту есі, иіс сезу есі, сипай сезу есі және дәм
сезу есі ажыралады.
Бұлардың  басқа  ақпаратты  жадта  қалдыру  сипатына  байланысты 
вербалды (сөздік ес), бейнелі, моторлы (қозғалыс есі), эмоционалды
(көңіл, сезім, толғаныс есі), сондай-ақ заттардың кеңістікте, уақыт
аралығында жайғасу, сандық, аты-жөні, адамдарды жадта қалдыру
ес түрлері бөліне қарастырылады.
Жадта  қалдыру  үдерісінің  даму  дәрежесін  ескерумен  есті  тікелей
нақты және жанама деп ажыратудың да үлкен маңызы бар.
Тікелей нақты естің ерекшелігі – есте қалдырылған материалдың 
өңдеуі кем, қалай қабылданса, сол күйінде бейнеленіп, психикалық бекімге 
түседі. Мұндай жағдайларда субъект материалды көп мәрте қайталаумен, 
ешқандай құрал, әдіс қолданбастан, өңдеусіз жаттап алады.
Жанама ес – материалды есте қалдырудың әдіс, жолдарын іздестіріп, 
мағынасын түсініп, талдау, салыстырумен орындалатын ес түрі.
Есте қалдыру әдісі бойынша ес механикалық және ассоциативті
(мағыналы) ес-түрлеріне ажыралады.
Адам жадының негізгі қызметі ақпарат іздерін мағыналы (ассоциа-
тивті) байланыстар бойынша есте қалдыру және қайта жаңғырту. Ассо-
циативті естің  үш түрі танылған: сыбайлас байланысты ес: ақпараттар 
қандай да мәнді өңдеуге келтірілмейді, олар арасындағы байланыс түрі 
өте қарапайым;  қарама-қарсы байланысты ес: логикалық (қисынды) 
қарсы қойып салыстыруға негізделген байланыс түрі; ұқсастыққа бай-
ланысты ес: қандай да бір жағдайды ойға ала отырып, адам онымен 
байланысқан және бір оқиға, зат, тұлғаны есіне түсіреді.
Іс-әрекет  мақсатына  орай  келесідей  ес  түрлерін  айыра  белгілеуге 
болады:
1) ырықсыз ес – ақпараттың өздігінен, қандай да арнайы жатта-
уды қажет етпестен іс-әрекет барысында есте қалу түрі. Мұндай ес 
балалық шақта аса күшті дамиды да жас ұлғайған сайын бәсеңдейді;
2) ырықты ес – ақпараттың жадта қалуы мақсатқа байланысты, 
арнайы тәсілдерді қолданумен орындалады.

0
Ырықты естің тиімділігі есте қалдыру мақсатына (қаншалықты 
берік,  ұзақ  уақыт  жадта  сақтау  қажетіне  орай);  жаттау  тәсілдеріне
тәуелді.
 
18. Ойлау үдерісі: жалпы сипаттамасы
Ойлау – танымдық проблемаларды шешуде маңызы жоғары, нақты 
жағдайларда бағыт-бағдар алып жүру үшін өте қажет болмыстың 
тұрақты да заңдылықты қасиеттері мен қатынастарын жалпылай 
және жанама бейнелеуші психикалық үдеріс.
Ойлау  үдерісі  құбылыстарының  арасында  ерекше  мәнге  ие 
болғандары:
1) ойлау іс-әрекеттері – белгілі міндетті шешуге бағытталған ой 
әрекеттері мен амалдарының жүйесі.
2) ойлау амалдары: салыстыру, қорыту, бейнақтылау, топтастыру, 
жүйелестіру және нақтылау;
3) ойлау формалары: пікір, ұғым, түсінік;
4)  ойлау  түрлері:  тәжірибе-әрекеттік,  көрнекі-бейнелі  және 
теориялық –бейнақты;
Мазмұны  бойынша  тәжірибелік,  ғылыми,  көркем  өнер  ойлау  іс-
әрекеттері ажыралады.
Құрылымы  жағынан  ойлау  іс-әрекеттері    а)  алдын  ала  белгілі  ере-
желер  бойынша  орындалатын  алгоритмдік  және  б)  қалыптан  тыс 
мәселелерді шығармашылдықпен шешуге бағышталған эвристикалық
болып бөлінеді.
Бейнақтылық деңгейіне орай эмпирикалық және теориялық ойлау 
түрлері ажыралады.
Ой  әрекеттерінің  бәрі  ойлау  үдерісінің  бірлікті    байланысқан  екі 
тарапы ретінде көрінетін талдау (анализ) және біріктіру (синтез) өзара 
ықпалдастығы негізінде орындалады.
Жеке-даралықты ойлау қызметін сипаттауда келесідей ақыл сапалары 
ескеріледі: жүйелілік, бірізділік, дәлел-дәйектілік, икемділік, шапшаңдық 
және т.б., сондай-ақ тек өкілінің ойлау типі мен интеллектуал ерек-
шеліктері.
Психологияда  танылған  ойлау  формалары  –  пікір,  ұғым  және
түсінік.
Пікір – зат жөніндегі нақты таным, оның қандай да бір қасиетін, 
байланыс  не  қатынастарын  мақұлдау  немесе  терістеу.  Бейнеленуші 


зат мазмұнына тәуелді ойлау бірнеше түрге бөлінеді. Олар – жеке және 
жалпы, шартты және тиянақты шешімді, болымды және теріскей.
Ұғым  –  бірнеше  пікірлер  негізінде  белгілі  қорытынды  жасауда 
қолданылатын ойлау формасы.
Дедуктив ұғым – ықтимал, жалпыдан жалқыға келтірілген ұғым.
Индуктив  ұғым  –  ықтимал,  кейбір  құбылыстардың  жекеленген 
белгілері  бойынша  барша  біртекті  заттар  жөнінде,  яғни  жалқыдан 
жалпыға өте, берілетін ұғым.
Түсінік  –  біртекті  топ  заттары  мен  құбылыстарының  мәнді 
қасиеттерін бейнелейтін ойлау формасы. 
Ойлау әрекеттері – біртекті мәселелерді белгілі әдістермен шешуге 
негізделген    қайта  жасаушы  (репродуктив)  және  ізденістік  (өнімді 
–  продуктив)  болып  ажыралады.  Қалыптан  тыс  проблемаларды  ше-
шуде қолданылатын ойлау әрекеттері өзіндік құрылымға ие болып, ол 
кезеңдерге бөлініп, бірізді орындалып барады:
1)  Бастапқы  кезең  –  танымды  әрекеттің  бастауы  –  тек  өкілінің 
туындаған проблемалық жағдайды түсінуі.
2) Екінші кезең – шешілетін мәселе бойынша принциптерді, жалпы 
жобаны, шешу әдістерін айқындап, ашып алу. Бұл үшін нақты құбылысты 
жалпы өзара байланыстар аймағында көре біліп, оның мүмкін болған 
себептерін жоғары ықтималды болжау – гипотезалармен түсіндіру.
3) Үшінші кезең – мәселе шешімі бойынша алға тартылған гипотеза-
ларды тексеру. Бұл тексеріс әрқилы іс-әрекеттер сипат, мазмұнына орай 
әртүрлі арнайы әдіс-тәсілдермен іске асырылуы мүмкін.
4)  Төртінші,  қорыту  кезеңінде  мәселе  бойынша  алынған  нәтиже 
бастау талаптарымен салыстырылады. Егер соңғы нәтиже мен бастапқы 
талап сәйкес келсе, зерттелуші нысанның дұрыс ақпараттық-логикалық 
сұлбасының (моделінің) жасалғаны, яғни қойылған проблеманың шешім 
тапқаны.
Ойлау іс-әрекеттері бірінен екіншісіне ауысып баратын ой амалдары 
түрінде  орындалып  жатады:  салыстыру  –  жалпылау,  бейнақтылау
(абстракция) – топтастыру (классификация) – нақтылау.
Ойлау  амалдары  –  бір  мақсат  арнасындағы  ой  әрекеттерінің 
тобы.
Салыстыру – құбылыстарды топтастыруға мүмкіндік ашатын әрі 
құбылыстар және олардың қасиеттерінің ұқсастығы мен ерекшелігін 
айқындайтын ойлау амалы.


Жалпылау  - ойлау қасиеті, сонымен бірге негізгі ой амалы. Ойдың 
жалпылау  ісі  екі  деңгейде  өтеді:  бірінші,  қарапайым  деңгей  -  ұқсас 
заттарды  сыртқы  белгілері  бойынша  біріктіру,  қосу.  Екінші  деңгей 
– заттардың мәнді жалпы белгілерін ажырату.
Бейнақтылау (абстракция)– құбылыстардың қандай да бір тұрғыдан 
мәнді жеке қасиеттерін дерексіздендіре бейнелеу амалы. 
Жалпылау және бейнақтылау негізінде топтастыру мен нақтылау ой 
жұмыстары іске асады.
Топтастыру (классификация) –нысандарды мәнді белгілері бойынша 
бір топқа келтіріп, басын қосу.
Нақтылау (конкретизация) – біртұтас нысанды оның мәнді өзара 
байланыстары бірігімінде танумен оны теориялық қалыпқа келтіру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет