19. Ойлау түрлері
Психология ғылымында ойлау түрлерін ажыратуға байланысты
алғашқы қабылданған генетикалық топтастыру әдісі. Бұл бойынша
ойлау әрекеті дамуының үш деңгейі еленген:
- тәжірибе – әрекетті ойлау – нақты заттармен тікелей байланыса,
ой қызметін орындау түрі;
- көрнекі-бейнелі ойлау – елестер мен психика өрнектерін арқау еткен
ойлау түрі;
- сөздік – логикалы немесе сөздік – рәмізді ойлау – абстракт
түсініктерді пайдалану және жалпыланған заңдылықтарды ашумен
байланысты ойлау түрі.
Қолданылатын құрал-жабдықтарына тәуелді ойлау үдерісі келесі
түрлерге бөлінеді:
Вербалды (сөздік) және визуалды (көру), нақты және дерексіз (абс-
тракт) ойлау.
Бағыт-бағдарына орай ойлау үдерісінің келесі түрлері белгілі:
теориялық және тәжірибелік. Болмыс құбылыстарын түсіндіре баяндау
бағытынан теориялық ой туындайды да болмысқа өзгеріс ендіру, қайта
жасау бағытында тәжірибелік (практикалық) ой пайда ету қажеттігі
алға тартылады.
Ойды тереңдей жалпылаудан эмпирикалық және теориялық ойлар
бөліне көрінеді.
3
Эмпирикалық (тәжірибелік) ойлау күнделікті қызмет, тіршілік
әрекеттері негізінде алғашқы қорыту, жалпылау мүмкіндігін береді.
Мұндай қорытулар абстракциялаудың ең төменгі деңгейінде орында-
лады.
Теориялық ойлау жалпыланған қатынастарды ашады, таным нысанын
өзіне тән қажетті байланыстар жүйесінде зерттейді, нәтижеде – адамның
жасампаздық іс-әрекеттерін қамсыздандырушы әрқилы құбылыстардың
даму заңдылықтары нақты айқындалады.
Логикалық (қисынды ) ойлау – логикалық амалдар (салыстыру,
жүелеу, қорыту және т.б.) жәрдемімен орындалатын ойлау түрі.
Синкретикалық (біріктіру) ойлауда құбылыстар мәнді
қатынастарынан емес, сырттай ұқсастық белгілері бойынша өзара
байланыстырылады.
Шешілетін мәселе және орындалатын іс-әрекеттердің стандартты
не стандартты болмауынан келесідей ойлау түрлері ажыралады: алго-
ритмдік, дискурсив, эвристикалық және шығармашыл ойлау.
Алгоритмдік ойлау – типтік мәселелерді шешуге қажет алдын ала
белгіленген ережелерге, әрекеттердің қалыпты бірізділігіне орайласқан
ойлау түрі.
Дискурсив ойлау - өзара байланысты ұғымдар жүйесіне негізделген
ой әрекеті түрі.
Шығармашыл ойлау – соны жаңалықтар ашуға, түбегейлі жаңа
нәтижелерге қол жеткізетін ой қызметі.
Эвристикалық ойлау – қалыптан тыс мәселе, міндеттердің шешімін
табуға бағытталған өнімді ойлау үдерісі.
Танымдық үдерістер өздерінің өту сипаттары бойынша шұғыл
сезімдік (интуитивтік) және аналитикалық (талдауға негізделген) бо-
лып бөлінеді.
Шұғыл сезімдік (интуитивті) ойлау сипаты: өтуі шапшаң, толық
түсінікке келмеген, кезеңдері анық емес.
Ойлаудың арнайы бір түрі – аутистикалық ойлау – психикалық
сырқаттармен байланыста көрінеді (мысалы, ақылдан адасу, ес ауу
жағдайында). Өмірде мұндай сырқатты ойдың өтпелі формалары көптеп
кездеседі: нақты тәжірибеден шамалап ажырасудан бастап, негізсіз,
шындыққа тіпті жанаспайтын қиялилыққа дейін.
20. Ойлау сапасы
Ойлау өрістілігі – адамның мәселені тұтастай қамтып, сонымен
бірге оның жекеленген тұстарын да назардан шығармау қабілеті.
Ой тереңдігі – күрделі мәселелердің мәніне жете енуден көрінеді. Ой
тереңдігіне қарсы сапа – ой үстірттігі. Мұндайда адам басты нәрсені
көрмей, қажеті кем жағдайлардан аса алмайды.
Ой дербестігі – адамның жаңа міндеттерді алға тартып, басқалар
жәрдемінсіз-ақ оларды шешудің жолдарын таба білу.
Ой асығыстығы - тұлғаның кезіккен мәселені жан-жақты ойлас-
тырып алмай, қандай да бір тарапын үзіп алып, шешім беру, жетерлі
ой сарабынан өтпеген жауаптар мен пікірлер айту әдеті.
Ой икемділігі – мәселе шешудің дәстүрлі, бұрыннан қалыптасқан
әдіс-тәсілдері құрсауына маталып қалмай, қалыптан тыс шешім жол-
дарын іздестірудегі еркіндігі, жағдай өзгерістеріне орай жаңаша ой
жүргізу қабілеттілігі.
Ой жүйріктігі – адамның ауысқан, бейтаныс жағдайлар мәнін
жылдам түсініп, ойланумен дұрыс жол таба білу қасиеті.
Ойлау әрекетінде көрініс беретін шабандық жүйке жүйесінің
типі – жай қозғалғыштығымен байланысты. Айзенк пікірінше, ақыл
үдерістерінің шапшаңдығы адамдар арасындағы ой-өріс, парасат
ерекшеліктерінің негізгі тірегі.
Ой сындарлылығы – адамның өзінің де, өзгенің де ой, пікірін
шынайы бағалай білу ептілігі, алға тартылған тұжырымдар мен
қорытындыларды тиянақты әрі жан-жақты тексерістен өткізе алу
қабілеті. Ойлаудың жеке-даралықты ерекшелігі әр адамның өзіне тән,
өз қызметімен байланысты ойлау түрлерін таңдай білуіне байланысты.
Мысалы, бір адам – көрнекі - әрекеттік ой түрін таңдаса, екіншісі
– көрнекі – бейнелі ой толғастыруды қалайды, ал үшіншісі, тұлғалық
деңгейі жоғары адам – абстракт-логикалық ойлауды қару етеді.
21. Зерде және оның құрылымы
Тұлғаның ойлау сапасы, қабілеті оның зердесінен көрінеді.
Зерде (интеллект-лат. Inteellectus – ақыл-ес) тек өкілінің ақыл-ес
қабілеттерінің тұрақты құрылымы, оның танымдық мүмкіндіктерінің
денгейі, адамның өмір жағдайларына бейімделуіне арқау болар
психикалық тетіктері, болмыстың мәнді өзара байланыстарын түсіне
5
білуі, сонымен бірге тұлғаға тән қауымдық мәдениет тәжірибесіне
араласа жүру қасиеті.
Қазіргі күнде «зерде» мәнін түсіндірудің үш жолы бар:
1. биологиялық тұрғыдан зерде – бұл «жаңа жағдайға саналы икем-
десуге қабілеттілік»;
2. педагогикалық тұрғыдан зерде – бұл «оқу, оқытуға
қабілеттілік»;
3. құрылымдық тұрғыдан зерде – бұл барша ойлау құралдарын
мақсатқа бейімдестіре жұмылдыруға «қабілеттілік» және «әрқилы
қабілеттер бірігімі».
Адам бойындағы танымдық үдерістердің жиынтығы сол адамның
ақыл, парасатын, яғни зердесін анықтайды.
Векслер анықтауында «Зерде – ақылды, саналы ойлай білу мен тір-
шілік жағдайларында ұтымды табысқа жеткізетін ауқымды қабілеттілік»,
яғни зерде адамның қоршаған ортада бейімделе білу қабілеті ретінде
қарастырылады.
Зерде құрылымы. Ч.Спирмен көзқарасында, әрбір адам өзінің жал-
пы зердесінің белгілі деңгейімен сипатталады. Осыған орай тек өкілі
қоршаған ортаға өзінше бейімдеседі. Сонымен бірге, адамдардың бәрінде
әрқилы дәрежеде дамыған, нақты қызметтерде ғана көрінетін арнайы
зерделілік болады.
Торстоун жалпы зерденің әрқилы құрылым элементтерін қарастыра
отырып, алғашқы ақыл-ес мүмкіндіктерін атайды. Олар – ) есептеу
қабілеті; ) сөз икемділігі; 3) сөздік қабылдау; ) кеңістікте бағдар
алып жүру қабілеті; 5) ес; 6) пікір жүргізу қабілеті; 7) қабылдау
шапшаңдығы.
Р.Кэттел пайымдауынша, әр адамның ақыл, ес, парасаттық, яғни
зерделілік мүмкіндігі тумадан беріледі. Осы қасиет тұлғаның өмір
барысындағы ойлау, дерексіздендіру (абстракциялау) және пікір жүргізуге
деген қабілеттерінің негізін береді. Шамамен, 0 жас деңгейінде тұлғаның
зерделілік дамуы өзінің шарықтау дәрежесіне жетеді.
22. Ой белсенділігін көтеру әдістері
Ойлау әрекеттері белсенділігін көтеру үшін ой үдерістерінің әрқилы
ұйымдасқан формаларын пайдалануға болады. Солардың бірі «ақыл
шабуылы» (брейнсторминг). АҚШ ғалымы А.Обсорн ұсынған бұл әдіс
6
топпен жұмыс істеуде идеялар не шешімдер туындатудың аса бір өнімді
жолы ретінде кеңінен қолданым табуда.
«Ақыл шабуылын»ұйымдастырудың негізгі ережелері келесідей:
- топ әрқилы мамандық бағытындағы түрліше ойлау еркіндігі бар 7-0
адамнан құралады. Олардың -3 ғана қарастырылатын мәселе бойынша
хабардар болса, жеткілікті.
- «сынға тұсау салуға», яғни өзгелер пікірін кесуге, ол бойынша сын
айтуға шек қойылады. Ой бөліскенді мақтау-негізгі шарт, бөгде идеясын
дамыта жалғастырған немесе өз ұсынысын ортақтасқан марапаттала-
ды.
- қатысушылар ешқандай қысым көрмей, өзін еркін сезінуі үшін жара-
сымды қатынастар мен жайлы да шуақты жағдайлар жасалуы міндетті.
Отырғыштар шеңбер бойлап орналастырылуы тиіс.
- айтылатын ойлардың бәрі магнитті таспаға жазылады не
стенографиялық әдіспен хатталады. Авторы көрсетілмейді.
- брейнсторминг нәтижесінде алынған пікір, идеялар қаралған про-
блемалармен айналысатын мамандар – эксперт тобына құнды идеялар-
ды іріктеу үшін өткізіледі. Зерттеулер дәлелдегендей, бағалы идеялар
мұндайда 0% көлемінде болуы ықтимал. Қатысушылар эксперт топқа
енгізілмейді.
Әрқилы мәселелерді шешу тәжірибесін жинақтаушы топ жүргізетін
«ақыл шабуылы» негізінде «синектикалық тай-талас» (sinтonik
– басқалар толғанысын бөлісу) әдісі пайда болды. Бұл әдісті ұсынған
ғалым У. Тормен міндетті болған төрт арнайы сәйкестікке негізделген
тәсілді орындау талабын қояды: тура (берілгенге ұқсас мәселелер қалай
шешілетінін ойланып көріңіз); өз басы не басқа толғанысынан болған
– эмпатиялық (мәселе нысанындағы бейнеге еніп, сол тұрғыдан көзқарас
білдіріңіз); рәміздік – символикалық (екі ауыз сөзбен мәселе мәнінің
өрнекті анықтамасын беріңіз); қияли – фантастикалық (ойланып
көріңізші, бұл мәселені ертегі сиқыршысы қалай шешкен болар еді).
Ізденіс белсенділігін көтерудің және бір жолы – фокальды нысан әдісі
(фокаль-фокус- зейін шоғырланған нүкте). Бұл әдістің мәні – кездейсоқ
таңдап алынған бірнеше нысан белгілері қарастырылып жатқан нысанға
беріледі, нәтижеде тосын, көзге оғаш бірікпе пайда болады. Мұндайда
адам бұрынғы әдеттенген ойлау қалпынан босанып, өз тоғышарлығын
жеңумен жұрт құсап емес, бұрын соңғы болмаған ойлау жүйесіне өтуге
дағдыланады. Мысалы, егер кездейсоқ нысан ретінде «жолбарыс» алып,
7
ал назарда (фокальда) «қалам» болса, санаға «жолақ қалам», «азулы
қалам» сияқты ой кіреді. Осы тіркестерді таразылай және дамыта отырып,
соны, түбегейлі жаңа шешімдерге келу мүмкін (Архимед «эврикасы»:
адам және ол шомылған ваннадан төгілген су байланысынан таразылап
болмайтын ірі заттарды өлшеу тәсілі ашылды).
Морфологиялық талдау әдісі – алғашқыда нысанның өзекті, яғни
басты сипаттамалары бөліп алынады, ал кейін олардың әрқайсысына
байланысты балама – элементтер тізімі жасалады.
Ойлау әрекетін жеделдестіруге бақылау сұрақтары, әдістері де үлкен
жәрдемін тигізеді. Бұл әдісте ой бөлісу сұхбатына қатысып отырғандарға
бағыттау сұрақтары қойылады, мысалы: «Ал керісінше істесе не болады?
Нысан формасын өзгертсе, қалай болар еді? Ал нысанды ұлғайтсақ не
кішірейтсек не болмақ? » және т.б.
Жоғарыда аталған шығармашылық ой мүмкіндіктерінің белсенділігін
көтеру әдістері қиялды бейне байланыстарын мақсатты бағытта дамы-
туды көздейді.
23. Ойлау жүйесінің бұзылысы
Маманданған психологтар ойлау жүйесінің бұзылыстарын, оның
қалыпты стандарттан, «нормадан» ауысу дәрежесін, формасын жақсы
тани біледі. Аса көтеріңкі масаттыққа (кейде негізсіз – эйфорияға)
бөленіп немесе қандай да бір іспен шектен тыс, қызыға шұғылданған
шақта адамда ой үдерісінің тосын шапшаңдығы байқалып, бір ой екін-
шісіне «мінбелеп» кететін жәйті бар. Бірін бірі «қуалай», үздіксіз шығып
жатқан бұрқасын ойлар біртіндеп үстірт сипат алып, санамызға симай,
төңірегіміздегілерге «сел жаңбыр» болып шашыла бастайды. Мұндай
ырықсыз, шегі бітпес әрі басқарымнан кеткен ой ағымы психологияда
«ментизм» атауын алған.
Ал жоғарыда аталған психикалық қалыпқа – кереғар сапа – орынсыз
«ой байсалдығы». Бұл жағдайда ойлау әрекеті шабандайды, ой өзінің
«түйме-түйінінен» бөлініп, басты мән-мағына ажыратудан қалады.
«байсалдылықтың» мұндай түрімен «сырқаттанған» адам бірдеңе
жөнінде айта отырып, қажетсіз нәрселерді шексіз «жіпке тізген» баянсыз
әңгімесімен тыңдаушыны әбден жалықтырады.
Шектен тыс сезімтал, қозғыштығы жоғары адамдар кейде сәйкестігі
жанаспайтын заттар мен құбылыстарды, өзара қарама-қарсылықты идея-
лар мен тұжырымдарды біріктіруге тырысып, ұғымды ұғыммен шатасты-
8
рып, ой салу әлегіне түседі. Мұндай «субъектив» ойлау «паралогиялық»
(қисыннан тыс таным) деп аталады.
Логикалық байланыстары бұзылған, мағыналық бірлігі жоқ, бірақ сөз
тіркестері мен сөйлем құрылымы ойдағыдай дұрыс. Іс-әрекет иесі сізге
мейлінше байыппен бірдеңені түсіндіріп жатқан сияқты, ал сіз болсаңыз
одан ешнәрсе түсінбейсіз. Мұндай жағдайдағы психикалық өнімсіз әрекет
– «жыртысты ой» (разорванное мышление) атауын алған.
Ескіден тұрақталып, санаға сіңген шешімдер мен тұжырымдарға
көзсіз еліктеп үйренген адам күтілмеген не жаңа жағдайларда өз бетін-
ше дербес жол табу қабілетінен айрылып, соны, қалыптан тыс шешім
шығаруға әлі жетпейді. Мұндайдағы адамның ойлау әрекеті психологияда
«ой ригидтігі» деп аталады.
Ойлау қызметінің ригидтігі – бұл икемсіз құбылыс мәнін жіті зертте-
мей, бұрыннан не өзімшілдікпен «пішілген» көзқарас тезіне салу, сезімдік
ықпалды әсірелеу, үлгіден шыға алмай, «көзсіз» бағалауға дағдылану.
Сәби не ересек өзінің қаћарман, өнертапқыш не әйгілі адам болғанын
армандайды. Біздің психикамыздың тұңғиық үдерістерін бейнелеуші
ішкі қияли дүние кей адамдардың ойлау жүйесінде жетекші жағдаятқа
айналады. Бұл «аутистикалық ойлау» деп аталады.
Аутистикалық ойлау негізі – адамның жеке басы толғаныстары
дүниесіне тереңдей шомып, шындықтан ажырау; болмыс байланыста-
рынан айрылып, төңірегіндегілермен қарым-қатынастан қалуы.
Ой бұзылысының асқынған түрі – сандырақ немесе ақыл-ес моно-
маниясы. Сандырақ – бұл болмыс шындығына жанаспайтын, тіпті оған
қайшы келетін ойлар, идеялар, пікірлер.
Сырттай қарағанға, кәдімгідей –ақ адам, ал сөйлеп бастаса,
айтқандарының бәрі тыңдағанның миына қонбайды. Мұндай ойлау
қызметінің бұзылысына ұшыраған адамдар тобының келесідей түрлері
бар: «ойлап тапқыш сандырақты», «реформатор сандырақты»,
«қызғаныш сандырақты», «эротикалық сандырақты», «күмәншіл
сандырақты».
Сандырақты идеялардың «шынайылылық» дәрежесі мен интел-
лектуалды сапасы олардың «илеуіне түскен» тыңдармандардың ойлау
мүмкіндіктеріне тәуелді. Көп алдында құлпырта төгіп, баяндалып
жатқан идеялардың «сандырақтық» сипатын сезу оңай емес, кейде тіпті
мүмкін болмайды да. Сондықтан мұндай сандырақты түсіндірмелер мен
тұжырымдар кей адамдар тобын жеңіл еліктіреді, ал фанатик не параной-
дты тұлғалардың қолында бұл «сырқатты» ойлар аса қауіпті әлеуметтік
9
қаруға айналуы мүмкін (кешегі дағдарыс жылдары қаптап кеткен «ақ
әулие» - «сары әулиелер», т.с.с. есіңізде болар).
24. Шығармашылық. Шығармашыл ойлау
Шығармашылық іс-әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа, қалыптан
тыс ізденістерге дем беріп, қоғамдық дамудың ілгерілеуін қамтамасыз
етеді.
Шығармашыл ойлау – жаңа идеяларға, қоғам жаңалықтарын ашу
мен жаңа шешімдерге қол жеткізіп, проблемалардың түбегейлі, бұрын-
соңды болмаған жолдарымен анықталып, өріс алуына мүмкіндік беретін
ойлау әдіс-әрекеті.
Әдетте, психологтар шығармашылдыққа кедергі болар төрт
психикалық жәйтті атайды:
- Конформизм (еліктегіштік) – адамның басқаға ұқсап бағу ниеті.
Адамдар өзгелер ортасында бөлектеніп көріну қаупінен өздерінің
жаңалықты идеяларын айтудан тартынады. Олардың мұндай қатерленуі
көбіне балалық шақтағы ересектер мен құрбыларының түсініспестігі мен
мінеуіне ұшырап, опық жегенінің салдарынан.
- Цензура (тыйым салу) - өз идеясына болған ішкі сын. Қатаң ішкі
цензуралы адам проблеманың өз бетінше шешілуін күткенді абзал
көреді, немесе шешім жауапкершілігін басқаға аудара салғанды мақұл
тұтады. Мұндай ынтасыздық, әдетте, әміршіл-әкімшіл тәрбиені ұстанған
және көрінген нәрсені сылтау етіп сынағанды, кейіп жекігенді әдетке
айналдырған ата-ана балаларында қалыптасады.
- Ригидтік (кертартпалық) – бір үйреншік көзқарастан, пікірден
басқасына ауысу қиыншылығы. Ригидтік дайын шешімдерді жетілдіру-
ге, таныс, қалыптағы заттар мен құбылыстардағы тосын жаңалықтарды
сезінуге мүмкіндік бермейді.
- Шұғыл жауап табу ниеті. Шұғыл жауап табу - әркімде бола бермей-
тін қасиет. Әдетте, ең «әдемі» шешім «шығармашылық үзілісі» кезінде,
адамның шешілуі тиіс проблема үстінде қадалып отыра бермей, зейінін
одан ауыстырып, босаңсыған дем алыс шағында ойға түседі.
Шығармашыл тұлғалар психологияда нонконформистер деп
аталған. Мұндай адамдар қоршаған орта талаптарын өз ұстанымдарына
сәйкес келсе ғана, қабылдайды. Олардың өмір, қоғам, төңіректегі дүние
жөніндегі дүниетанымы қалыптан тыс, жұрт ойындағыдай емес. Бұл
адамдар идеологиялық құрсаудан азат. Шығармашыл тұлғалардың интел-
50
лекті бірігімді (синтетичен): олар әрқилы құбылыстар арасында байла-
ныстар түзуге құштар. Сонымен бірге мұндай тұлғалардың ойлау әрекеті
дивергентті, яғни бір зат не құбылыстың өзінде әрқилы байланыстар
табуға шебер. Олардың бойында балалық шақтан қалған таңдану мен
қайран қалу әдеті өмір бойы сақталады. Олар сезімтал, тосындықтан
қашпай, қабылдайды, яғни сензитивті.
Шығармашыл тұлға өзінің жан дүниелік мүмкіндіктерін ұдайы сезіп
барады, оның таным, білімдері бір күйде тұрақтанып қалмай жаңа із-
деністерге, жаңа материалдық және рухани құндылықтар жасауға деме-
уші үздіксіз қайта құрылым өзгерістеріне түсіп, жаңа нәтижелерге қол
жеткізіп жатады. Мұндай тұлғаның психикалық белсенділігі қалыпты
санадан жоғары, көрегенді.
Типологиялық ерекшеліктеріне байланысты шығармашыл тұлғалар
өнерде, ғылымда және техникада бойына біткен жасампаздық қасиеттерін
өзінше іске асыруға қабілетті.
Тұлғаның көркем өнерлі типі дүниені көркем бейнелер түрінде
меңгереді, оларды жасаудың тетіктерін игереді, эстетикалық бағыты
мен дүниетанымын жариялау үшін сөз саптау, бой көрсету, мәнерлі
дыбыстау жүйелерін қарастырады. Өнермент пен оның талантына тәнті
адамдар арасында рухани үндестік, психикалық бірлестік, бейнелі - көңіл
туыстығы, құндылыққа болған ортақ баға орнығады.
25. Қиял: жалпы сипаттама және түрлері
Қиял қабылдау үдерісін өткен тәжірибе элементтерімен, адамның жеке
басы толғаныстарымен толықтырып, қорыту, сезім байланысы, түйсік
және елестер есебінен өткен мен бүгінгіні жаңалай өзгертіп барады.
Қиял – ес бейнелерін қайта құрастыру мен өзгерте жаңалау негізінде
болмысты бейнелі – ақпараттық жобаға түсіру қызметін атқарады.
Қиял арқылы адам келешекті болжайды, өз әрекет-қылығын реттейді,
болмысты шығармашылықпен қайта жасайды.
Ой үдерісінің әр қадамы өз ішіне қиял элементтерін қамтиды, соны-
мен бірге қабылдаудың біртұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз
етеді. Қиял бағыттауымен тұлға болашақтық шексіз кеңістігінде
ой сайранына шығады, өткен тарих тұңқиығы суреттемелерін қайта
құрастырып, бүгінгі ұрпақ назарына ұсынады.
5
Қиялдың негізгі қызметтері:
- Мақсат пайымдау – іс-әрекеттің болашақ нәтижесі қиялда жасалып,
ол тек субъект санасында ғана орын тебеді әрі сол субъект белсенділігін
ниеттелгенді қолға түсіру бағытында жетелейді.
- Көрегендік (антиципация) - өткен тәжірибе элементтерін қорыту және
сол элементтер арасындағы себепті-салдарлы байланыстарды анықтау
арқылы болашақты (ұнамды не кері салдарын, ықпалдасты әрекеттер
мен жағдай мазмұнын) жобалау.
- Құрастыру және жоспарлау – қабылдау және өткен тәжірибе эле-
менттерін саналық талдау-біріктіру әрекеттерінің нәтижелерімен салыс-
тырып (сәйкестендіру) негізінде ниеттелген болашақ бейнесін жасау.
- Болмыс олқылығын толтыру – кейде адам өзінің шынайы әрекет
жасау мүмкіндігінен айрылады не қоршаған орта ықпалымен болмыстан
ажыралады. Мұндай жағдайда адам өз қиялының күшімен қолы, қадамы
жетпеген аймаққа өтіп, қияли әрекетке кірісіп, шынайы болмыста істей
алмаған іс-әрекет орнын қиялдық әрекетпен толтырады.
- Бөгде адамның ішкі жан дүниесіне ену – суреттеме не баян түзу не-
гізінде қиял басқа адам толғанысын жасауға қабілетті, сол арқылы оның
ішкі көңіл-күй әлемін тануға мүмкіндік береді. Қиялдың бұл қызметі
адамдар арасында түсіністік пен тұлғааралық қатынастар жасаудың
құралына айналады.
Сонымен, қиял адам іс-әрекеті мен оның тіршілігінің, әлеуметтік
қарым-қатынасы мен танымының ажыралмас бөлігі есептеледі.
Қиял формаларының баршасын екі үлкен топқа келтіруге болады:
- ырықсыз – адам мақсаты мен ниетіне тәуелсіз, сана жұмысымен
басқарылмайтын қиял. Мұндай қиял сана белсенділігі кемігенде не оның
жұмыс әрекеті бұзылысқа түскенде пайда болады;
- ырықты – шығармашыл ойға не іс-әрекет міндеттеріне бағындырылып,
сана басқарымында болатын қиял түрі.
Бірінші топқа түс көру кіреді. Түс бейнелері астар сана қатысуымен
не бас миы қабығының жеке бөлімшелерінің қалдық белсенділігімен
байланысты туындайды.
Сана жұмысының бұзылысы қиялдық сандырақ формасына себепші
болады. Сандырақты қалыпта пайда болатын қиял бейнелері, әдетте,
кері, болымсыз эмоционалды сипатқа ие. Кейбір улағыш және наркотик
заттар әсерінен галлюцинациялар көрініс береді. Бұл сана бақылауының
жетімсіздігінен қияли өзгеріске түскен болмыстың шындыққа жа-
наспайтын психикалық бейнесі ретінде қабылдануы.
5
Қиялдың ырықты және ырықсыз формалары ортасында асқақ арман
(грезы) өз ерекшелігімен назар аударады. Бұл психикалық құбылыс туын-
дау мезетіне орай ырықсыз қиялға жақын; себебі ол сана белсенділігі
төмендеп, адам ағзасы босаңсыған не мүлгу шағында пайда болады.
Ал ырықты қиялға ұқсастығы ниет болуына және адамның өз
қалауымен бұл үдерісті басқара алу мүмкіндігіне негізделген. Асқақ
арман әрдайым ұнамды да болымды сипатқа ие. Адам әрқашан тәтті
өмір мен шуақты сәтті аңсайды, асқақ арман тұтады.
Екінші топқа біріккен қиял түрлері: фантазиялар, өсек-аяң,
ересектердің ғылыми, көркем өнер, техникалық шығармашылығы,
балалар шығармашылығы, арман және т.б.
Фантазия – жадтан тоқылған, болмыстан алшақ бейнелер
құрылымы (әпсана, миф, ертегі, әлемнің Жерден тыс бөліктерінің
қияли суреттемелері). Фантазия бейнелері бұрыннан бар тәжірибе
элементтерінің жаңа бірігімін жасауға, түсініксіз құбылыстардың бейнелі
түсіндірмесін табуға, ақпарат олқылығын толтыруға пайдаланылады.
Арман – ойдағы ниетті болашақ бейнесі. Қиял әрекеттік көрінісі
тұрғысынан енжар (пассив – асқақ арман (грезы), негізсіз арман) және
белсенді (актив) болып екіге бөлінеді. Белсенді қиял өз кезегінде
қайта жасаушы (зат бейнесі берілген) және шығармашыл (жоспарлы
ойға сәйкес іріктелген материал бойынша жаңа бейне жасау) түрлерге
ажыралады.
Қиялдың жетекші сипаттары: жарқындығы, анықтығы,
шынайылылығы, бақылауға келетіндігі, бейне белсенділігінің дәрежесі.
Достарыңызбен бөлісу: |