Анықтамалық қолданба Пікірлер Ұғымдар


Тұлға бағыт-бағдары. Тұлға дамуы



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата22.12.2016
өлшемі4,35 Mb.
#225
1   2   3   4   5   6   7   8   9

39. Тұлға бағыт-бағдары. Тұлға дамуы
Тұлға бағыт-бағдары – бұл әрбір тек өкілінің құндылықты бағыт-
бағдар  жүйесі,  өмірлік  арқау  еткен  қажетері,  әрекет-қылықтарына 
ықпал жасаушы құндылықтар мен сеп- түрткілер, тұлғаның өмір жолы 
жүйесін құрастырушы негізгі сапа-қасиеттері.
Тұлғалық  бағыт-бағдарлар    төмендегідей  ерекшеліктерімен  ажы-
ралады:
1.  Тұлға  қарым-қатынастарының  әлеуметтік  маңыздылығы, 
олардың  қоғамдық  мәнділігі  -  күнделікті  әрекет-қылығындағы  ізгілік, 
инабаттылық нышандары, тұлға адамгершілігінің прогресті әлеуметтік 
идеяларға сәйкестігі, тұлғаның саяси-әлеуметтік саналылығы.
2.  Тұлға  қажетсінулерінің  көп  қырлылығы,  оның  қызығушылық 
ауқымының  кеңдігі  мен  негізгі  қызықсыну  бағдарының  нақтылығы 
– тұлғаның ізгілікті мұрат белгілеп, оған табанды ұмтыла білуі.
3.  Қарым-қатынастарының  тұрақтылық  дәрежесі  –  тұлға 
әрекеттерінің бірізділігі мен бірегей беріктілігі.
Әрқандай тұлғаның  әрекет – қылығы мен мінездік ұстанымы оның 
мұрат  еткен  өмірлік  бағыт-бағдарына  сай  анықталады.  Тұлғалық 
бақыт-бағдар  –  бұл  нақты  адам  санасының  құндылықты  орайласқан 
категориялық деңгейге көтерілуі. Тұлғаның барша ниеттері мен сенім-
дері, жақын да алыс (тактикалық, стратегиялық) мақсаттар жүйесі осы 
категория негізінде қалыптасып барады.

83
Қажетсінуден адам ағзасының, тек өкілінің, тұлға және әлеуметтік 
қауымдастықтың тіршілігі мен даму шарттары түзіледі әрі іске асып 
барады.
Қажеттік  –  адамның  биологиялық  тіршілік  иесі,  тек  өкілі  және 
тұлға  ретінде  өзіне  ұтымды  болған  өмірлік  шарттарының  тиісті 
қалпын жою не ауысу жағдайларын түзетуге деген ұмтылыс ниеті.
Аса  мәнді,  тұғырлы  қажеттіктер  адамның  барша  психикалық 
бағыт-бағдарын – яғни сезімдерін, ой-өрісін, еркі мен ағзаның сырттан 
қабылдау (сенсорлы) жүйелерін айқындайды.
А.Х.Маслоу    тұлғаның    бірі  бірінен  басым  келетін  сеп-түрткілік 
(мотивация)  жобасын  түзе  отырып,  адам  әрекет-қылығын  бағыттауда 
жоғары қажеттіктердің орындалуы төменгі қажеттіктердің іске асуына 
байланысты  болатынын  тұжырымдаған,  яғни,  қарапайымдап  айтатын 
болсақ, қарны аш баладан жоғары ой-өріс күту орынсыз.
Сонымен, А.Х.Маслоу пікірінше,  мән-маңыздылық деңгейі біртіндеп 
жоғарылап баратын адам қажеттері төмендегідей:
1)  физиологиялық  (органикалық)  қажеттіктер:  аштық,  шөл, 
жыныстық ниет және т.б.;
2)  қорғаныс  қажеттіктері:  өзін  қатерсіз  сезіну,  қорқыныштан, 
сәтсіздіктен және агрессиядан қорғау, құтылу;
3)  қоршаған  ортаға  керекті  болу  және  сүйіспеншілік,  мейір
қажеттігі: қауымға мүшелік, адамдар сапынан көріну, танымалдыққа 
жету және көпшіліктің қабылдауы;
4)  сый-құрмет  (ұлағатты  болу)  қажеттігі:  таңдаған  саладағы  
жоғары  білімділік пен  шеберлік,  табыскер  бола  білу,  қолдау-қуаттау 
көру, танымалдыққа ерісу, бедел;
5) таным қажеттіктері: білу, епті болу, түсіну, зерттей алу;
6) әсемдік (эстетикалық) қажеттері: жан-жақты үйлесім, сим-
метрия, тәртіп-реттілік, сұлулық;
7)  өз  бойындағы  мүмкіндіктерді  аша  білу  қажеттігі:  мақсат, 
қабілеттерді іске асыру, тұлғаның өзіндік дамуы.
Сеп-түрткі (мотивация) – бұл ниеттелген қажеттікке орай ағзаның 
белгілі  бағытта  белсенділікке  келуіне  ықпал  жасаушы  нақты  жүйке 
құрылымдарының (функционалды жүйенің) қозуы.
Әрекет-қылық  сеп-түрткісі  әрдайым  эмоционалды  келеді.  Біздің 
ұмтылыс әрекеттеріміздің қай-қайсысы да көңіл шарпуынсыз болмайды. 
Бұл орайда кей эмоциялар алыс мұраттарға бағытталған стратегиялық 
қызметтерді орындап, біз көздеген кей нысандардың маңыздылығын, оған 

8
байланысты адамның қажетсіну деңгейін байқатады, ал өзге біреулері 
қажеттік нысанына жетуді қамтамасыз етуші жекеленген жағдайлар мен 
шарттардың мән – мағынасынан хабар береді.
Адамның  сеп  –  түрткілік  қалпы  келесі  психологиялық  категори-
ялардан  көрінеді:қызығулар,  тілектер,  ұмтылыстар,  ниеттер,
құштарлықтар, құмарлықтар, ұстанымдар.
Қызығу – адамның тұрақты қажеттерімен байланысты көңіл-күйге 
толық сәйкестенген бағыт-бағдары. Қызығу тұрақты маңызға ие болған 
нысанға жоғары көңіл бөлуден көрінеді.
Тілек  –  қажеттікті  қамтамасыз  етуге  сай  келген  затпен  байла-
нысты сеп- түрткілік қалып. Тілек қандай да қажеттіктің пісіп жетілу 
кезеңін білдіріп, оның әрекет мақсаты және жоспарына сәйкес болуынан 
сезіледі.
Ұмтылыс –тілек нысанына болған көңілдің көтеріңкілікпен бағыт 
алуы.
Құштарлық  –  белгілі  нысанға  болған  тұрақты  да  шарпулы  көңіл 
ұмтылысы. Мұндай аффектті жағдайдағы қажеттік өзге қажеттіктердің 
бәрінен басым келіп, адам тіршілігінің барша бағыт-бағдарына ықпал 
жасайды. Құштарлық адамның ерік және көңіл-күй ниеттерінің басын 
біріктіреді. Ол адам көздеген нысанның қоғамдық құндылығына орай 
ұнамды да ұнамсыз болуы ықтимал.
Құмарлық – адамның қандай да нысандар тобына көзсіз әуестенуінен 
болатын психикалық қалып. Адам бойындағы құмарлық тума, табиғи не-
гізді болуы да, сондай-ақ оның өмір барысында әлеуметтік жағдайлардың 
себебінен қалыптасуы да мүмкін.
Ниет – белгілі мақсатты іске асыруға көзделіп, әрекет құралдары 
мен  әдістері  айқын  саналы  қабылданған  шешім.  Ниет  ауқымында 
адамның әрекет жасауға деген талаптануы мен жоспарлау қызметі біріге 
орындалады.
Ұстаным  –  адамның  белгілі  жағдайларда  әрекет-қылықтың 
үйреншікті әдістерін қолдануға дайын болу қалпы; бұл әрекет-қылықтық 
нейродинамикалық тұрғыдан шартталған тұрақты жобасы. Ұстаным 
– адам мінез-қылығына біткен, өзгеріске келе бермейтін, аса тұрақтанған 
психикалық белгі. Екі түрлі ұстаным өз алдына көрініс беруі мүмкін: 
жалпы және жіктемелі (бекіген) . 
Жалпы ұстаным – қандай да құбылыстардың үлкен тобына байла-
нысты көрініс берсе, жіктемелі ұстаным – дараланған нысандарға орай 
байқалады. 

85
40. Мінез жөнінде түсінік
Мінез құрамы мен құрылымы
Мінез  -  өз  алдына  дараланған  тұлғалық  болмысты  құрастырушы 
әрекет-  қылықтардың  сеп-түрткілері  мен  әдістерінің  тұрақтанған 
жүйесі.
Әлеуметтік жағдайларда қалыптасып әрі әлеуметтік орта ықпалында 
бола  отырып,  мінез  өзінің  даму  барысында  тек  өкілінің  генетикалық 
ерекшеліктерімен, оның жоғары жүйке әрекеті типімен байланысты 
келеді.
Мінез – тұлғаның әлеуметтік қалыптасқан әрекет-қылығының жөн-
жобасы; бекіген, өзгеріске келмейтін жекеленген қылықтар ерекшелігі. 
Осыдан да бір адам екіншіге ұқсамайды. Дегенмен, мінездің бір беткей-
лігін мойындай отырып, әрқилы өмір жағдайларында бір адамның өзінде 
де түрлі, тіпті бір-біріне қайшы келетін мінез сапалары көрініс беретінін 
есте ұстағанымыз жөн.
Мінез  және  оның    әрқилы  қырларының  қалыптасуында  қоршаған 
ортаның сындарлы талаптары, адамның өмір жолында кезігетін аса қажетті 
жағдайлар  өте  маңызды  рөл  атқарады.  Мұндай  ықпалды  жағдаяттар, 
әсіресе, адамға оның балалық және жас өспірімдік шақтарында күшті 
әсер жасап, нақты мінез бітімін қамтамасыз етеді. Алайда, мінез тұлғаның  
дүниетаным, өмірлік бағыт-бағдарымен байланысты болатындықтан, ол 
ересек шақта  да белгілі мақсатты бағдарда жедел күйде қалыптасып, 
өрістеп баруы мүмкін.
Мінездің    біршама  элементтерден  құралатынын  бүгінде  барша 
ғалымдар  мойындап  отыр.  Ондай  элементтер    -  бітістер,  қасиеттер, 
сапалар және т.б.
Мінез  бітістері  –  бұл  жеке  адам  ерекшеліктерінің  даралықты 
көрсеткіш, белгілері. Бітістерді зерттеуде аса маңызды келетіні олар ара-
сында нақты адам бойындағы жетекші бітісті таба білу. Осы талапқа 
орай Н.Д.Левитов барша мінез бітістерін екі топқа бөледі: бағыт-бағдар 
бітістері және ерік бітістері.
Бір  топ  ғалымдар  бітістердің  келесідей  жинақтарын  ажыратуды 
ұсынады:  көңіл-күйлі  (қызбалық,  жабырқаңқылық,  оптимистік),  мо-
ральды  (адалдық,  жауапкершілік),  еріктік  (батылдық,  табандылық, 
ұстамдылық), ой-өрістік (бақылағыштық, қызығушылық, ойлампаздық, 
зеректік, тапқырлық).

86
Ортақ бітістер – белгілі топ өкілдерінің өмір жағдайларына бірдей 
сәйкес келіп, ондағы әрбір мүше, адам бойында үлкен не кіші мөлшерде 
көрінетін жалпылама психикалық белгілер.
У.Э.Фреми психологиясында адам мінезі мәнін оның тіршілік бағыт-
бағдары анықтайды, осыған орай адам төңірегіндегі дүниемен қарым-
қатынасқа түседі.
Ғалым пайымдауынша, тұлға мінезі – бұл біреуі басымдау келген бір-
неше тіршілік бағыттарының жиынтығы. Э.Фреми екі басты бағытты 
ажырата, қарастырады: өнімді және өнімсіз. Ал бұлардың әрқайсысы өз 
ішінде белгілі мінез типтерін қамтиды.
О.Ранке    типологиясында  адам  мінезі  (орташа  адам,  жүйкесі 
шалдыққан (невротик) адам, шығармашыл адам) ерік тұрғысынан даму 
генезисіне  байланысты  қарастырылады;  ал  А.Лоуэн  типологиясында 
мінез типтері «Мен»-бейне ерекшеліктеріне байланыстырыла зерттеледі 
(жағымпаз (мазохист), шарбая (истерик), махаббатшыл (нарциссичес-
кий), делқұлы (есуас - шизоид) типтер).
Сонымен, мінез – бұл тек өкілінің өмірлік жоспарымен шарттасқан
тұрақты да жалпыланған әрекет-қылықтарының жүйесі. Мінез – тек 
өкілі психикасы ерекшеліктерінің бекіген бағдарлы әрекеттік болмысы. 
Мінезде әрбір адамның әлеуметтік ортақ және даралықты, жеке өзіне 
тән сапа-қасиеттері бекиді, оның әлеуметтенуі мен тәрбиесінен қаланған 
сапалар көрініс береді.
Бір  мінез бітістері жетекшілік деңгейде көрініп, тұлғаның мінездік 
кейпін  танытады.  Ал  өзгелері  екінші  дәрежелі  болуы  мүмкін.  Мінез-
дегі мәнді сапа – бұл психикалық бітістердің өзара сәйкес келуі, яғни 
тұтастығы, тұрақтылығы, тепе-теңдігі.
Мінездің еріктік бітістері - әрекет-қылықты саналы реттеу үшін 
қажет тұлғалық, тұрақты дараланған типологиялық ерекшеліктері. 
Мінездің негізгі сапалары: табандылығы, жігерлілігі, ұстамдылығы мен 
байсалдылығы – тұлғаның еріктік болмысына байланысты келеді.
Мінез табандылығы – әрқилы жағдайлардағы бағыт-бағдар  және 
көзқарастар тұрақтылығы, сөз бен әрекет-қылық үйлесімділігі.
Мінез күш-қуаты – адамның қайраттылығы, ұзақты төзімділікпен 
күрделі жағдайлардағы кедергілерді жеңе білу қабілеті.
Мінез беріктігі – мінез күші мен тұлғалық принциптілік бірлігі.
Мінез  байсалдылығы  –  әрекет-қылықтық  бір  қалыптылығы  мен 
ұстамдылығы, тұлғаның көңіл-күй – еріктік тұрақтылығы.

87
Мінездің  көңіл-күйге  орай  ерекшеліктері  –  тек  өкілі  психикалық 
қасиеттерінің аса көрнекі, тікелей қабылданатын белгілері. Өз мінезінің 
көңіл-күйлі  ерекшеліктеріне  байланысты  бірнеше  тұлға  типтері  ажы-
ралады: шұғыл жауапты, қызбалы, терең ойлы, жайсаң, бір беткей, 
талғамды және т.б.
Мінездің зерделік, ой-өріс (интеллектуал) бітістері – ақыл қызметіне 
байланысты жеке адамның тұрақты – типологиялық ерекшеліктері.
Тұлғаның ақыл-ес, ой-өріс болмысын танытушы сапалар арасында аса 
маңыздылары келесідей: ақыл өнімділігі, бірегейлігі, жалпыланған ойлау 
әдістерін меңгеруі, тұлғаның бекімді ақыл-ес бағдары (әуесқойлығы), 
парасаттылығы және ойлампаздығы.
Мінез  сан  –  алуан  бітістерге  ие,  дегенмен,  әрекет-қылықты  реттеу 
қажеттігі  туғанда  олар  арасынан  нақты  мезетте  керек  болатыны  алғы 
шепке шығады. Бұл орайда, әсіресе, адам психикасының еріктік тара-
пы  маңызды  келеді.  Себебі,  өмірдің  әрқандай  күрделі  жағдайларында 
адамның өзін-өзі билей алу қабілеті оның саналы ерік күшіне, бұл сапа-
мен бірге жүретін тұрақтылық пен табандылық қасиеттеріне байла-
нысты келеді. Ал тұлғаның құндылықтық сапалары оның инабаттылық 
және танымдық (когнитивтік) бағыт-бағдарларымен айқындалады.
Мінез  бітістерінің  асқынуы  –  міне здің  қа лыпт ан  тыс 
жағдайлары,  жалпылай  мінез  тұрақтылығына  ие  болумен  бірге 
кейбір  әсер  –  ықпалдарды  көтере  алмауы  (әзілге  шыдамсыздық, 
сын көтермеу және т.б.).
41. Темперамент: қасиеттері мен типтері
Темперамент  –  тек  өкілінің  психикалық  белсенділігінен  көрінетін 
психодинамикалық  қасиеттерінің  бірлігі,  яғни  психикалық  жауап 
әрекеттерінің жеделдігі, шапшаңдығы, қарқыны.
Академик  И.П.Павлов  темпераменттің  физиологиялық  негіз-
дерін талдай отырып, бұл психикалық қасиеттің жүйке жүйесі типіне 
тәуелділігін,  бас миы қызметінің жеке жүйке үдерісі – қозу мен теже-
луге  байланыстылығын  дәлелдеді.  Жүйкенің  қозу  мен  тежелу  күші, 
тепе-теңдігі  және  қозғалмалылығы  тумадан,  әр  адамда  әрқилы.Осы 
қасиеттердің ара қатынасына орай И.П.Павлов жоғары жүйке қызметінің 
 типін ажыратты: «ұстамсыз» ( жүйке жүйесі күшті, қозғалмалы, қозуы 
басым  –  холерик  темпераментіне  сәйкес)  ;  «тіршең»  (жүйке  жүйесі 
күшті, қозғалмалы, қозуы мен тежелуі тең – сангвиник темпераментіне 

88
сәйкес); «байсалды» (жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, селқос  
–  флегматик  темпераментіне  сәйкес);  «әлсіз»  (жүйке  жүйесі  нашар, 
тежелуі басым, қозғалысы кем – меланхолик темпераментінің негізі).
Темперамент атауларын ғылымға алғаш ежелгі грек дәрігері  Гип-
пократ  (60-377ж.  б.э.д.)  енгізген.  Ол  темперамент  түрлерін  адам 
ағзасындағы әрқилы сұйықтықтардың басымдылығына қарай ажыратқан: 
қаны  (сангвис)  басым  –  сангвиник  (қайратты,  жылдам,  өмірі  шуақ, 
көпшіл, қуанышқа да , күйзеліске де бірдей төзімді; сары өті (холэ) – хо-
лерик ( ашушаң, шыдамсыз, қызбалы, ұстамсыз, күйгелек, көңіл кейпі 
ауыспалы; шырышы( флегма) басым – флегматик (байсалды, жайсаң, 
ұстамды, бір істен екіншісіне ауысуы қиын, жаңа жағдайларға бейімделуі 
ауыр); қара өті (мелайнахолэ) басым (запыранды) – меланхолик (тұйық, 
ұяң, көңілшек, тартыншақ, тез шаршайды, қиындыққа төзімсіз).
Темпераментте біріге көрінетін жүйкелік қасиеттер тобы тек өкілінің 
бірнеше психикалық ерекшеліктерін береді: 
.  Психикалық  үдерістер  шапшаңдығы  мен  жеделдігі,  психикалық 
белсенділік, бұлшық ет – моторлы қимыл, қозғалыстар түрі.
.  Сыртқы  ауыспалы  жағдайларға  бейімділік,  икемшілдік  не  бір  -
беткейлік.
3. Әрекет-қылықтың бір тарапты сырттай әсерлерге басыбайлылығы 
(экстраверсия) не адамның өз ішкі дүниелік сезімдері мен ұғымдарына 
тәуелділігі (интроверсия).
. Сезімталдық, көңілшектік, қабылдағыштық, көңіл қызбалығы мен 
шарпулылығы және олардың тұрақтылығы.
Кейбір темперамент түрлерінде аталған сапалар жеке адам болмысына 
орай «араласа» көрінеді.
Әрқилы  өмір  жағдайларына  байланысты  туындайтын  психикалық 
қалыптар  адам  темпераментіне  тәуелді  келеді.  Алайда,  адамның 
әрекет-қылық  мәдениеті  темпераменттен  болмай,  тәрбиеге  тәуелді 
қалыптасады.     
 Құбылыстарға, өмір міндеттеріне, төңіректегі адамдарға қатынасының 
шама,  деңгейіне  орай  әр  адам  өз  мейлінше  күш-қуат  жұмсап,  өзінің 
төзімділігін нығайтуға қабілетті, өз әрекеттерінің жеделділігімен жұмыс 
қарқынын өзгерте алады.
Адам  мінезінің  ерекшеліктері,  яғни  оның  әрекет-қылықтарының 
мәнері (стилі) – тікелей темпераментке тәуелді. Осыдан, темперамент 
мінезге тиісті жеке қасиеттерді өрбітуші, адамның айырым қабілеттерін 
дамытушы табиғи негіз.

89
Адамдар  әрқилы  жол,  тәсілдерді  пайдаланумен  өздерінің  «әлсіз» 
тараптарына психикалық толықтырулар беру арқылы бірдей табыстарға 
жетуі мүмкін.
Өмір  жағдайларының  әсерінен  холерикте  селқостық,  шабандық, 
енжарлық,  ынтасыздық  туындап  жатса,  ал  меланхолик  қайратты  да 
табанды  болып  шыға  келеді.  Тұрмыстық  тәжірибе  мен  адам  тәрбиесі 
оның  темпераментіне  әрдайым  «бүркеме»  қызметін  атқарады.  Деген-
мен,  тосын,  аса  күшті  ықпалдардан,  қатерлі  жағдайлардан,  бұрыннан 
қалыптасқан тежеулі жауап әрекеттер қозу қалпына келіп, жаңа сапаға 
көтерілуі  мүмкін.  Холериктер,  меланхоликтер  шыдамсыздық  пен 
психикалық  ұстамсыздыққа  бейім  келеді.  Алайда,  тұлға  қылығы  мен 
жалпы адамдардың әрекеттік болмысын түбегейлі бір тума, табиғи ере-
кшелікке байланыстыра бағалау ғылыми тұрғыдан қате.
Сонымен, адамның өмір және іс-қызмет шарттарына тәуелді оның 
қайсы бір темпераменттік қасиеттері күшейе түссе, енді біреулері бәсең 
дәрежеде  білінеді.  Табиғи  шарттылығына  қарамастан,  темпераментті 
тұлғалық сапа ретінде қарастырған жөн, себебі онда адамның табиғи да, 
әлеуметтік игерілген де қасиеттері көрініс береді.
42. Қабілеттер: психологиялық тетіктері мен құрылымы
Қабілет  –  адамның  әрқилы  іс-әрекеттерге  орай  көрініс  бере-
тін  психикалық  мүмкіндіктерін  анықтаушы  тума  анатомиялық 
–  физиологиялық  және  өмір  барысында  меңгерген  реттеу-түзету 
сапаларының жиынтығы.
Әрқандай қызмет, іс-әрекет адамның тән-дене, психофизиологиялық 
және психологиялық мүмкіндіктеріне байланысты талаптар легін алға 
тартады. Осыдан, қабілет-тұлға қасиеттерінің нақты іс-әрекет талап-
тарына сәйкестік шама-шарқын көрсетеді.
Қабілеттер жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы  қабілеттер  іс-әрекеттердің  барша  түрінде  қажет.  Олар 
қарапайым және күрделі болып ажыралады.
Қарапайым  қабілеттер  –  болмысты  жай  бейнелеуде,  қабылдау, 
ес, ойлау, қиял мен еріктің әдеттегі, барша тек өкіліне тән деңгейде 
қалаған әрекет орындауда іске қосылады.
Күрделі  қабілеттер  –  оқуда,  бақылау,  шығармашылық  істерінде 
көрініп,  ақыл-ес  дамуының  жоғары  деңгейін  танытады.  Қарапайым 
және күрделі қабілеттердің қажетті деңгейдегі дамуы болмаса, тұлға 
адами іс-әрекеттердің бірде біріне араласа алмайды.

90
І с - ә р е ке т   т ү рл е р і н е   о р а й   а р н а й ы   қ а б і л ет те р   –   с ы з у, 
көркемөнер  –  әдеби,  нақты-ғылыми  (математикалық  және  т.б.), 
тәжірибелік-ұйымдастыру,  тұрмыстың-жасампаздық,  т.с.с.  болып 
ажыралады.
Қабілеттер  тек  өкілі  бойындағы  білім,  ептілік  және  дағдылармен 
шектелмейді.  Олар  нақты  іс-әрекет  тәсілдерінің  шапшаң  әрі  берік 
игерілуінен көрінеді, тек өкілінің психикалық әрекеттерін реттеп ба-
рушы тетік ретінде қызмет етеді.
43. Қабілет және нышан, нәсілдік
Қабілеттер  нышан  күйіндегі  даму  үшін  қажетті  болатын  табиғи, 
нәсілдіктен бекіген алғы шарттарға негізделеді.
Адам қабілеттері тумадан берілмейді. Алайда, кейінгі өмір барысында 
дамуына арқау болар белгілі табиғи алғы шарт – нышан оның гендік 
тұғырында бекіген.
Қабілет нышандары – бұл әрқилы талдығыштар мен мидың кей-
бір  қабық  аймақтары  және  жарымшарларының  жұмысын  қамтамасыз 
етуші жүйке жүйесінің ерекшеліктері. Тума нышандар уақытша жүйке 
байланыстарының  жеделдігін,  олардың  тұрақтылығын,  бірінші  және 
екінші сигналдық жүйелердің ара қатынасын анықтайды.
Адамдар  арасындағы  бастапқы  табиғи  айырмашылықтар  дайын 
қабілеттерден емес, ал осы нышандық белгілердің әртүрлілігінен.
Нышандар мен қабілеттер арасындағы алшақтықты өлшеп болмайды. 
Оны тұлғаның бүкіл өмірлік даму жолымен ғана салыстыра, атау мүмкін. 
Нышандар көп мәнді  әрі түрлі бағытта жайыла, өрбу-өрістеуі ықтимал. 
Нышандар – қабілеттер дамуының алғы шарты ғана. Нышандар не-
гізінде дамушы – қабілеттер, бірақ олар нақты нышандардың қызметінен 
болмай,  нышандарды  өзінің  құрамдас  бөлігі  ретінде  қамтыған  даму 
құбылысының  өнімі.  Тек  өкілінің  тіршілігіне  етене  еніп,  олар  өзіндік 
дамуға түседі, қайта жасалады және өзгеріп барады. 
Нәсілдік белгілер адам дамуына қажетті шарттарының бірі ретінде, 
әрине, қатысады, алайда оның дамуы нәсілдік ықпалға тікелей байла-
нысты емес, себебі, біріншіден – нәсілдік белгілер мен тұлғаның өмір 
барысында нақты игерген сапа – қасиеттері ажырамас бірлікті құрайды; 
осыдан қандай да психикалық қабілетті нәсілдіктен деп айту қателікті; 

9
екіншіден – нәсілдіктен нақты психологиялық мазмұнға ие психикалық 
қабілеттің өзі пайда болмайды, оның дамуына негіз болатын табиғи алғы 
шарт – нышан ғана беріледі. Қабілет дамуының табиғи алғы шарты тек 
себепші ғана, ал адамның дарындылығы мен оның даму мүмкіндіктерін 
ол бойынша күні ілгері анықтап болмайды.
44. Қабілет және іс-әрекет
Қабілет іс-әрекет талаптарына орай бастау алады әрі сол нақты іс-
әрекетте қалыптасады.
Қабілет іс-әрекетке қосылмаған күннің өзінде, тұлға бойында оның 
іске асар мүмкіндігі ретінде сақталады. Қорытындылап айтсақ, қабілет 
– тұлғаның қандай да нақты іс-әрекет, қызметке жарамдылығын та-
нытушы күрделі әрі бірігімді психикалық ерекшеліктер жиынтығы.
Қандай да жетістіктер барысында іске аса отырып, адам қабілеттері 
тек көрініп қана қалмастан, жаңа белес деңгейінде қалыптасып, одан әрі 
дамуда болады.
Адамды  басқа  тіршілік  түрлерінен  ажыратушы  белгі    ретінде 
қабілеттер сол адамның табиғи - әлеуметтік болмысын құрайды, ал ол  
болмыс – тарих өнімі. Адам табиғаты оның еңбектік іс-әрекетіне негіз-
деліп, тарихи даму процесінде қалыптасады, сонымен бірге өзгерістерге 
түсіп  отырады.  Зерде  (интеллектуал)  қабілеттері  адамның    қоршаған 
дүниені  мейлінше  таныған  сайын,  оны  өзгеріске  келтіре  білу  ептілік, 
дағдыларының  өрістеуімен  бірге  дами  түседі.  Тұлғаның  көркем-өнер, 
әдеби  шығармашылық,  ән-күй  және  т.б.  қабілеттері  өнердің  әрқилы 
түрлерінің даму барысына орайлас келеді.
Еңбектік іс-әрекет аясының кеңеюі және оның жаңа түрлерінің пайда 
болуымен  адамда  қабілеттердің  де  жаңа  түрлері  қалыптасып  барады. 
Адам қабілеттері мен олардың құрылымы тарихи өзгерісте болатын еңбек 
бөлісі формаларына тәуелді келеді.
Тарихи  даму  барысында  адамзат  қауымында  әрқилы  маманданған 
қабілеттер  қалыптасып  отырады.  Олардың  бәрі  де  адамның  дербес 
еңбектенуіне және тарихи дамуға байланысты жасап, жинақтағандарды 
оқып, үйреніп меңгеруіне қажет қабілеттерде түрліше көрініс табады. 
Нәтижеде,  іс-әрекеттің  әрқилы  түрлеріне  орай  –  арнайы  қабілеттер   
және жалпы қабілеттер өзара жіктеледі.

9
45. Қапбілет және дарындылық
Жалпы қабілет көбіне “дарындылық” терминімен белгіленіп жүр.
Дарындылық  –  бұл  белгілі  іс-әрекет  саласындағы  табысты 
қамтамасыз етуші қабілеттер тобы (комплекс).
Арнайы қабілеттер нақты мамандыққа орай іс-әрекет түріне қатысты 
көрінеді.  Қандай  да  бір  арнайы  қабілеттер  ішінде  тек  өкілінің  адами 
қызметтерінің  жетекші  формаларының  жалпы  шарттарымен  сәйкес 
келетін жалпы дарындылық та байқалуы мүмкін.
Адамның  шынайы  дарындылық  кейпі  осы  жалпы  және  арнайы 
қасиеттердің  ажырамас,  өзара  кіріге,  бірігуімен  ғана  қамтамасыз 
етіледі.
Дарындылықтың аса жоғары деңгейі «талант» және «данышпандық» 
ұғымдарымен айқындалған.
Талант – нақты іс-әрекетке болған жоғары қабілеттілік.
Данышпандық – бір дәуірлік мәні бар жетістіктерге арқау болған 
қабілеттердің ең жоғары деңгейі.
Дарындылықтың,  әсіресе,  данышпандықтың  психикалық  ерек-
шеліктері  жоғары  дамыған  тұлғада  (интеллектте)  оның  қалыптан  тыс 
ойлау мүмкіндігінен, жасампаздық сапаларынан, күшті көрегендігінен 
сезіледі.
Данышпандық табыстардың алғы шарты – шығармашыл жанпидалық, 
бірегей  жаңалық  іздестіруге  құлшыныс,  жалпыадамзаттық 
мәдениеттің  әрқилы  саласында  аса  жоғары  жетістіктерге  болған 
ұмтылыс.  Дарынды  адамдар  бала  күннен  ерте  жедел  психикалық  да-
муымен  ерекшеленеді.  Дарындылық  пен  данышпандықтың  дамуына 
тұлғаның бірегей, тек өзіне тән ерекше психикалық бітістеріне кедергілік 
етпейтін ұнамды әлеуметтік жағдайлар қажет.
Данышпан  дарындылығы  белгілі  бағытта  өрбиді,  сонымен  бірге 
сол бағыттың қандай да қырлары басымдау келіп, оларға байланысты 
қабілет  түрлері  оның  шығармашылығында  жетекші  бағдар  күйінде 
көрініп барады.
Қабілеттердің даму барысындағы аса маңызды да мәнді көрсеткіштер 
– сол қабілет қарқындылығы әрі оның жеңіл де шапшаң игеру мен алға іл-
герілеуге жарасымдылығы. қабілеттердің нақты көрінісі мен дәлелдемесі 
білім игерудегі шапшаңдық және білімдік табыс нәтижесі, қажетті білім-
дер шеңберін мүлтіксіз меңгеру. Әр түрлі адамдар бір орайлас білімдерді 
игере отырып, әрқилы ойлау, ақыл деңгейіне көтеріледі.

93
Дарындылық  көрсеткіші  ретінде  тұлғаның  даму  дәуірлері  де  алы-
нуы  мүмкін.  Оның  ерте  жаста  көрінуі  (жағдайлардың  әртүрлілігіне 
қарамастан)  –  дарындылықтың  аса  жоғары  болуының  белгісі.  Бірақ, 
дарындылық  ерте  жаста  көрінбеді,  сондықтан  ол  болашақта  өріс  ала 
алмайды  деп  қорытындылауға  болмайды.  Мұның  дәлелі  әйгілі  физик 
Эйнштейн – бала күнінде мектепте физикадан үштік бағаға «зар» болған 
оқушы, кейін, есейген шақта осы ғылым саласының әйгілі жетекшісіне 
айналды. Кейде дарындылық ерте көрініп, бірақ соңынан біз күткендей 
даму  деңгейіне  жете  алмай  қалады.  Сондай-ақ,  бар  беретінін  жастық 
шағында  жарқыратып,  кейін  тоқырауға  түсетіндерде  аз  емес.  Мұндай 
жастарды халықаралық тілде «вундеркиндтер» деп атайды.
Сонымен,  қабілеттердің  ерте  жастан  көрінуі  әлі  дарындылық 
белгісін бермейді. Бұл тек адамның жалпы дамуындағы мәнді мезеттер 
ретінде ғана танылуы мүмкін.
Сырттай кедергіліік жағдайларындағы үлкен жетістіктерді қолға 
кіргізу – жоғары қабілеттіліктің дәлелі. Алайда, жағымсыз жағдайларды 
жеңе, өтіп, жоғары жетістіктерге жету тек қабілеттіліктен болмайтынын, 
оның тікелей тұлғалық ерік сапасына байланысты болатынын ұмытпаған 
жөн.  Көптеген  қабілеттер  жоғары  әрі  жасампаздығы  мол  адамдар, 
өздерінің дамуына кедергілік жасайтын жағдайларды жеңе алмай «сөніп» 
қалған  сәттері  аз  болған  емес.  Сондықтан  қабілеттердің  дамуында 
қоғамдық жағдайлардың мәнді келетінін бірде естен шығармаған жөн.
46. Ортақтасу түсінігі. Ортақтасу және сөйлеу
Ортақтасу (общение) – адамдар арасындағы рәміздік жүйе арқылы 
қоғамдық  тәжірибе  мен  мәдени  мұраны  бірден  бірге  өткізуге  және 
бірлікті  іс-әрекет  ұйымдастыруға  бағышталған  өзара  әлеуметтік 
ықпалдасты қатынас түрі.
Ортақтасу әрекеті өзінің  мазмұны, қызметі және құрал-жабдықтары
бойынша ажыралады.
Ортақтасу  мазмұны  көп  мәнді,  оның  мақсаттары  атқаратын 
қызметтерімен байланысты келеді. Психологияда ортақтасудың төрт не-
гізгі қызметі аталады: ақпараттық – тілдесу (ақпарат қабылдау және 
жеткізу); реттеу-тілдесу (адамдардың өзара бірлікті іс-әрекеттерін 
ұйымдастыруға  бағышталған  интерактивті  саналық  қатынасы; 
қабылдау-тиімділік (адамдарды әлеуметтік нысан ретінде қабылдап, 

9
олардың көңіл-күй аймағына ықпал жасау); көңіл-күй – сезім шарпуы
(адамның өзіндік көңіл толғанысын сездіре білуі).
Қолданылған  құрал-жабдықтарына  орай  ортақтасу  тікелей  және 
жанама, тура және қосымша, сөздік (вербалды) және ым-ишаратты
(паравербалды) болуы мүмкін.
Ортақтасу техникасы – психикалық байланыстар құру, ортақтасқан 
адамға  ықпал  жасау  үшін  әрқилы  психикалық  тәсілдерді  қолдану; 
ортақтасу формасына сәйкес құрал-жабдықтар таңдау.
Ортақтасу формалары: іскерлік, кәсіби, тұрмыстың, жеке және 
көпшілікпен байланыс жасау. 
Сөйлесудің  (коммуникация)  негізгі  құралдары  –  лексикалық  және 
синтаксистік ұйымдасқан табиғи ауызша сөз. Сөйлесу барысында хабар-
лаушы айтатынын рәміздік (код) жүйеге келтіреді де ақпарат қабылдаушы 
оны рәміздік күйден ұғымға келтіреді (декодирование). Ақпаратты рәмізге 
түсіру,  оны  сөздік  құрамға  келтіру  ақпараттың  мән-мағынасын  алдын 
ала ұғып алуға байланысты орындалады. Ал ақпаратты қабылдау сөздік 
сигналдардың  рәміздік шешімін табу (декодирование) және олардың  
мағынасын ұғу үдерістерінің бірлігімен атқарылады.
Сөйлесу  үдерісінің  құрылуы  –  күрделі  іс-әрекет  түрінен,  алдымен 
адамда  сөйлесу  әрекетіне  деген  ынта-ықылас  (мотив)  туындайды, 
кейін айтар ойын бағдарламаластырады, лексикалық және синтаксистік 
тұрғыдан өрнектейді, іштей (күбірлеп) айтып шығады, содан соң ғана 
дауыстап,  хабарлайды.  Ауызша  сөйлесуде  бұлардың  бәрі  бірқалыпты 
(стереотипті) қайталанып барады.
Айтушының сөзі экспрессивті (сезімдік) аталады, ал тыңдарманның 
қабылдау әрекеті импрессивті сөзбен байланысты.  Импрессивті сөз
талдаумен (қабылданатын ақпарат құрамды бөлік, мәнді элементтерге 
ажыралады)  және  біріктірумен  (синтез  –  сөйлемнің  жеке  элементтері 
біріктіріліп, мағыналық сұлбаға түсіріледі) бірге жүреді.
Тек өкілінің сөзі оның мәдени деңгейін, жан дүниесін, психикалық 
өзіндік  реттеулер  ерекшеліктерін  байқатады,  яғни  «ауызын  ашса  – 
көмекейі көрінеді». Дұрыс әрі соны өз ойын өрнектей алмау – адамның ой 
шорқақтығының белгісі. Сөйлеу мәнері мен ортақтасу тәсілі – тұлғаның 
дүниетанымын, нәзік сезімталдығын, ой-өріс, ақыл мүмкіндіктері мен 
жалпы сауаттылығын танытады.
Ортақтасу барысындағы мәнді ақпарат алмасудың (сөйлесу) және
бір  жағдаяты  –  бұл  мәлімет  жеткізудің  және  оны  қабылдаудың 
сөздік  емес  (паралингвистикалық),  яғни  ым-ишаратты  құралдары. 

95
Мұндай жабдықтардың үш түрі ажыралады: дыбыстық (фонационды), 
қозғалыстық (кинетикалық) және  графикалық (жазба).
Дыбыстық паралингвистикалық құралдар қатарына – дауыс ырғағы, 
сөйлеу жеделдігі мен көтеріңкілігі, екпін тұрақтылығы, дыбыстау ере-
кшеліктері және іркілістер мезетіндегі әрекеттер – кіреді.  
Сөйлеудің қозғалыстық қосымшалары – дене қимылы (жесты), дене 
қалпы (поза), ым-ишара (мимика).
Адам ым-ишарасы өз бастауын жануарлар әлемінен алады. Адам мен 
жануардың  ортақ ым-ишаралары баршылық, мысалы қорқыныш, үрку, 
қатерлену сезімдерін білдіру өзара ұқсас келеді. Алайда, тек өкілі – адам 
өзіне тән ерекше ишараларымен жануарлардан бөлектенеді: шабыттану, 
таңдану, көңіл білдіру – жануарлар мимикасында жоқ белгілер.
Тілдесудің  сөздік  не  сөздік  емес  құралдары  ортақтасу  мақсатына, 
формасына, әріптеске болған қатынасқа орайлас болуы шарт. Көптеген 
көңіл-күй  –  шарпулы  сезімдер  астар  саналы  (подсознательные)  келіп, 
ортақ әңгіменің жасырын сыр-қырларынан мәлімет беруі ықтимал (көз 
астынан сүзе қарау – ашу белгісі, айқара құшақ жаю – шын ниет белгісі, 
қол ұшын әзер ұсына сәлемдесу – менсінбеу, т.б.). Оқыс сөз, кібіртіктеу, 
аңдамай сөйлеу – бұлар да ортақтасу субъекттерінің астар саналы бағыт-
бағдарынан хабар береді.
Ортақтасу барысында тұлғаларды өзара түсіністікке келтіретін негізгі 
тетіктер-  ұқсату  (идентификация),  басқаның  көңіл-кейпіне  ене  білу
(эмпатия), субъекттің өзін-өзі тануы мен басқаның кейпін сезе білуі
(рефлексия).
Ортақтасу тұрғысынан идентификация – бұл тұлғаның өз сұхбаттас 
не іс-әрекеттік әріптесін тану және оның ойы мен ұғым-түсініктерін анық 
қабылдау мақсатымен ой аймағында оған ұқсап бағуы және өзін оның 
орнына қоя, бағалауы. Эмпатия – бұл да тұлғаның оймен өзін басқаға 
сәйкестендіруі, бірақ бұл үдерістегі негізгі мақсат – әріптестің толғаныс 
не күйзеліс сезімдерін түсіне, көңіл білдіру.
Өзара  түсіністікке  келу  проблемасындағы  рефлексия  мәні  –  әрбір 
тұлғаның  өз  бойындағы  қасиеттерін  әріптесінің  көзімен  ой  сарабына 
сала білуі. Өзара түсінісу барысында рефлексия субъекттердің қатынас 
жасау әрекет-қылығын бағыттап, қалыптастыруға, олардың бір-бірінің 
ішкі жан-дүниесі ерекшеліктерін барластыруға жәрдемдесетін ерекше 
кері байланыс құралы ретінде қабылданған.
Қарым-қатынас барысында кері байланыс – әріптес әрекет-қимылы, 
оның сөйлесу мазмұнына болған қатынасы – кең қолданылады. Әріптестің 

96
ішкі ойын, жасырын сырларын жарыққа шығару үшін оны кері байланыс 
әрекеттеріне әдейі келтіру де көзделеді.
Қарым-қатынас жасау, әңгіме-сұхбат жүргізу шеберлігі әріптестердің 
әрқайсысы өзін сұхбаттас адамының орнына қоя білуі, ол ойлағандай 
ойлауы, төңіректегілерді ол қабылдағандай қабылдай білуі, әріптесінің 
көңілі  тұрғысынан  оның  әрекеттеріне  сипаттама  бере  алуы  сияқты 
психологиялық қабілеттерден құралады.
47. Тұлғааралық қатынастар психологиясы
Тұлғааралық  қатынастар  –  бұл  адамдар  арасындағы  объектив 
пайымдалатын,  әрқилы  дәрежеде  түсіністікпен  бағаланатын  өзара 
байланыстар.
Мұндай  қатынастар  негізінде  өзара  байланысқан  адамдардың 
эмоциялық  қалпы  мен  психологиялық  ерекшеліктері  жатыр.  Іскерлік 
қатынастардан  ажырату  үшін  мұндай  байланыстарды  экспрессиялы, 
эмоциялы деп те атау қабылданған.
Тұлғааралық  қатынастардың  дамуы  жыныстық,  жас,  ұлттық 
және басқа да жағдаяттарға тәуелді. Аралық  байланыстарда әйелдер, 
мысалы, өзін айқара ашып танытқанды қалайды, өзі жөніндегі мәлімет, 
ақпараттарды  басқалар  алдында  жайып  салуға  оңтайлы.  Олар  көбіне 
жалғыздығына қиналатынын әңгіме арқауы етеді. Әйелдер адам аралық 
қатынастарда көрінетін ерекшеліктерімен еленсе, ерлер – іскерлік сапала-
рымен танылады. Әртүрлі ұлттық қауымдастықтарда өзара байланыстар 
адамның қоғамдағы беделіне, жыныстық – жастық мәртебесіне, түрлі 
әлеуметтік топтарда болуына тәуелді түзіледі.
Тұлғааралық  қатынастардың  ен  жаю  үдерісі,  аралық  байланыстар 
динамикасын,  реттеу  механизмдері  мен  олардың  даму  шарттарын 
қамтиды.
Тұлғааралық  қатынастар  дамуының  қозғалысты  көрінісі:  олардың 
туындауы, бекуі, кемелденуі, кейін бұл үдеріс біртіндеп әлсірей бастай-
ды.
Тұлғааралық қатынастар дамуы бірнеше кезеңдерден өтеді: танысу, 
ашыналық, жолдастық және достық. Таныстық қоғамда қалыптасқан 
әлеуметтік  –мәдени  нормаларға  сәйкес  қалыптасады.  Ашыналық 
қатынастар өзара байланысты бұдан былайда үзбеуге дайын тұрудан бо-
лады. Жолдастық қатынас кезеңінде пікірлер жақындығы пайда болып, 
адамдар бір-біріне қолдау көрсетуді ниеттейді.

97
Достық  қатынас  ортақ  мүдделік  мазмұнға  ие  болып,  мұндай 
деңгейдегі араласуда адамдар қызығулары, ұмтылыстары мен мақсаттары 
бір арнаға түседі.
Тұлғалар арасындағы өзара ықпалды байланыс қатынас мүшелерінің 
әлеуметтік бағыт-бағдарларымен, олардың мән-мағынасымен, әлеуметтік-
психологиялық  таным  –  рефлексиясымен  айқындалады.  Тұлғалар 
қатынастарының  мәні  әлеуметтік  қабылдау  (перцепция)  тетіктері  мен 
себептік (каузальды) жағдаяттардың шарттарына орайласады.
Қабылданатын  әлеуметтік  нысан  нақты  адам  таңдап  алған  байла-
ныстар жүйесіндегі мән-мағынамен бағаланады. Қатынасқа түскен адам-
дар сапалары сәйкес не өзара толықтыратын болса, адамдар арасындағы 
байланыстар ұнамды сипат алады, ал мұндай екеу не көпшілік сапа, 
қасиеттері бірі-біріне кереғар келіп, өзара психологиялық сыйымсыздық 
сипатта болса, қатынастар болымсыз күйге келеді.
Қабылданушы әлеуметтік тұлға әрдайым өзі ниеттеген әсер қалдыру 
үшін байланыстар табысына жол ашатын, нақты әлеуметтік топтар күткен 
өз  кейіп  -  келбетін  -  имиджін,  яғни  өзінің  белгілі  тұлғалық  бейнесін 
қалыптастыруға ұмтылады.
Сұхбаттас өз әріптесіне ықпал жасай отырып, әдетте, өз мақсатына 
жету  үшін  оған  қолайлы  әсер  қалдыруға,  байланыс  түзіп  отырған 
адамының мінез-құлығы мен сырттай кейпіне сәйкес әрі бейім өз ұғымын 
қалыптастыруға тырысады.
Адамның сырттай кейпі оның ұлттық, әлеуметтік сипаты, психикалық 
сапалары  мен  мәдениет  деңгейі  және  т.б.  жөніндегі  көптеген  ақпарат 
мәліметтердің бірігімі ретінде пайымдалады. Бірін-бірі қабылдай отырып, 
адамдар сұхбаттасының мінезі, психикалық қалпы, оның коммуникативті 
және іс-әрекеттік бейімдері жөнінде қорытындыға келеді.
Басқа адамдар әрекет-қылығына берілетін баға көбіне асығысты, бір 
жақты  болып  қана  қоймай,  кейде  тіпті  қисынсыз  да  болады.  Әрекет-
қылықтың кейбір себептері орынсыз әсіреленеді не өз деңгейінде еленбей 
қалады.
 Ер мен әйелдің бағалауы мен өзіндік баға беруі сәйкес келмейді. Ер-
лер өзін не басқаларды сапалық тұрғысынан бағаласа, әйелдер көңіл-күй 
әсерімен баға береді. Өз қылықтарын әйелдер төңірегіндегі жағдайларға 
байланыстыра түсіндіруге тырысады.
Адамдардың өзара ықпалдастық байланыстарында тұлғаның бағалау 
жүйесі ғана  көрініп қоймай, олардың ақыл-ес (интеллект) типі де ашы-
лады.  Мысалға,  эмпирикалық  тип  тұрмыстағы  күнделікті  күйбең, 
майда-шүйдеден әрі аса алмайды, құбылыстар арасындағы жүйелілікті, 

98
көптараптылық пен олардың элементтері арасындағы динамиканы аңдай 
бермейді. Басқа адамдардың әрекет-қылықтарының астарындағы себеп-
терді  қарапайымдастыруға  бейім.  Ал  абстрактты  тип  жалқылықтан 
гөрі жалпылық қорытынды жасап, заттар аймағынан шығып, дерексіздік 
деңгейде ой топшылауға қабілетті келеді.
Әрқилы бағалау шектері нақты қызметтестік және қарама-қарсылықтар 
жағдайында өзінің шынайы көрінісін алады. Дау-дамайлы жағдайды адам 
қарсыласының әлсіздеу тұстарын табуға ынталы келеді.
Қарым-қатынас субъекттерінің әрқилы мәртебелік деңгейі де өзара 
бағалау  сипатына  ықпал  жасайды.  Басшы  өз  қарауындағы  адам  сапа-
сын бір тұрғыдан зерделесе, бағынышты басшыны екінші бір тұсынан 
бағалайды,  мұндайда  алдымен  басшының  сырттай  көріністі  белгілері 
көзге түседі де, бағынышты тұлға басшыда өзіне ғана қажет болған сапа 
көріністерге мән береді.
Сырттай  көрініс,  ақпарат  белгілерін  пайдалану  адамаралық 
қатынастардың бәрінде бірдей қабылданған әдіс. Қай жағдайда  да адам 
өз қалауына сәйкес екінші адам әрекетін күтеді. Әрекеті өз ойындағыдай 
болса, адам қанағат табады, ал күткеніндей болмаса, өкінеді, дағдарысқа 
түседі, тіпті жек көретін болады.
Адамдардың көбі өздерін өзінде қалыптасқан мінез-құлық талапта-
рына сай көрсетуге бейімделген. Қарым-қатынас нәтижелерін алдын ала 
жоспарлай отырып, әріптесін қалайда өзі күткен әрекетке түсіруге ты-
рысады. Көңілшек адам өзін «өкпелі» көрсетеді, тәкаппар тұлға қайткен 
күнде де қарсыласына «соққы беруге» дайын тұрады. Адамдар әрдайым 
өз бойында құнды деп таныған қасиеттерін алға тартуға тырысады. Кей-
бір адамдардың істерін істеп алып, «қайтейін, мен осындаймын!» - деп 
қасарысатыны осыдан.
Қайсы бір көңіл әсерлері адамның сырттай кейпі, көріністеріне (бой 
ұстау,  ым-ишара,  қозғалыс  қимылдары)  орай  қалыптасады,  дегенмен 
мұндайда асығыс пікір топшылаудан аулақ болған жөн. Адамның шы-
найы мәнін оның әрқилы жағдайдағы әрекет-қылығын талдай отырып, 
қандай да рольде көріну үшін жамылған бет пердесі түскенде ғана түсіну 
мүмкін. 
Көбіне  жақын  адамдар  арасында  қатынастар,  бейтаныстар 
араларындағыдан гөрі қиындау соғады. Мұның себебі: адамды неғұрлым 
жақсы танысақ, соғұрлым оның нені қаламайтынын білеміз. Құндылықты 
бағыт-бағдарлары  орайласа  келген  адамдардың  өзара  түсіністігі 

99
жоғарылау келеді. Ал рухани бірлестік болған жерде қатынас мызғымас 
сипатқа ие болады.
Әр тұлға басқа адамдарды бағалаудың  өзіндік өлшеміне ие. Екінші 
адамды тани отырып, тек өкілі онымен қатынас жасаудың жол-жобасын 
түзеді, күні ілгері оның мінез-құлығына сәйкестене әрекет жасаудың жол-
дарын қарастырады. Сонымен бірге, өз әрекетінің әріптесі тұрғысынан 
қалай  қабылданатынын  пайымдайды.  Осыдан  адамда  әлеуметтік
рефлексия  құбылысы  пайда  болады.  Адамдардың  бәрі  өз  бейнесінің 
араласқан адамдары көңілінде ұнамды кейіппен орныққанын қалайды, 
өз қадір-қасиетінің беделінің жоғарыдан көрінгенін армандайды.
48. Дау-дамай психологиясы
Дау-дамай (конфликт) – әрқилы мұддеге бағытталған тараптардың 
қарама-қайшылықты тайталасы. 
Дау-дамайлы  ара  қатынастарды  талдауда  олардың  негізгі  типтерін 
ажырата білу аса маңызды келеді.
Мұндай байланыстардың субъекттеріне тәуелді дау-дамай келесідей 
типтерге бөлінеді: тұлғаның өз бойындағы, тұлғалар арасындағы, топ-
тар байланысындағы, топ ішіндегі, топтар арасындағы қайшылықты 
қатынастар.
Тек өкілдері арасындағы дау-дамайлар мен кіші топтар арасындағы 
жанжалдар  тайталасқа  түскен  тараптардың  әрекет-қылықтарымен 
көрінетін мүдделер сәйкессіздігінен болады. Ал ірі топтар арасында бола-
тын дау-дамайлар негізі көпшілік көңіл-күйі мен қоғамдық пікірлердің 
қарама-қарсылығынан туындайды.
Дау-дамайлар әлеуметтік біртекті құрылымдар ішінде – горизонталды
және басқарушы мен басқарылушы құрылымдар ара қатынасында – вер-
тикалды – пайда болуы мүмкін. Дегенмен, қай жағдайда да ол өз ара 
алшақтауға, тайталасқа алып келеді, көбіне – жауласу мен жеккөрушілікке 
тоғыстырады. Жанжалдар қатынастардың бір саласында пайда болуымен 
шектелмей, екінші аймақтарына өтіп, жаңа келіспеушіліктер жүйесінің 
туындауына себепші болады.
Дау-дамайлы жағдайлар қатынасқа түскен тараптардың болмысқа де-
ген көзқарастарының өзара сәйкес келмеуінен шынайы және жалған си-
пат алады. Кейде туындаған қайшылықтар әсіреленіп, елеуге тұрмайтын 
тұстары көзкөре күрделендіріледі, оларды шешудің қарапайым жолда-
рына мән берілмейді.

00
Айырым  кезеңдерде  негізсіз  ойдан  жасалған  қайшылықтардың  се-
бебінен жалған, әдейі ұйымдастырылған дау-дамайлар кезігіп жатады. 
Мұндай тайталас екінші тарап ниетін орынды бағаламай, оның әрекетін 
шындық  тезінен  өткізбей  түсінуден  келіп  шығады.  Кейде  адамдар 
өздеріне  қаратылған  ақпарат  қателігінің  көп  мәнділігін  ұқпай,  оның 
арасынан өз пайымына сай мәліметті орынсыз бөліп алып, жанжалды 
қатынастарына арқау етеді.
Әлеуметтік жүйені дамытудағы рөліне орай дау-дамайлар бітістіруші
(конструктивті) не бұзақы (деструктивті) болып ажыралады.
Бітістіруші дау – жүйенің өзгермелі қоршаған орта шарттарына 
икемдесуге қолайлы жағдайлар жасауда жәрдемін көрсетеді, ал бұзақы
дау – белгілі құрылым тиімділігін төмендетіп, оның біртіндеп жойы-
луына себепші болады.
Даулы  қарама-қарсылықтар  –  тек  өкілі  мен  әлеуметтік  жүйе 
дамуының негізі. Адам даулы жағдайлардан қашпауға тырысқаны жөн, 
керісінше, одан бейімділікпен жол табуға ынта білдіргені дұрыс.
Жанжалға  араласушы  адамдар  әрекет-қылығы  үш  түрлі  бағытта 
көрінуі  ықтимал:  бұзақы  –  деструктивті,  жағымпаз-конформды, 
бітістіруші-конструктивті, осыған орай адамдар типі ажыралады.
Бұзақы тип - өз мүддесінің матауында қалып, оны қалайда іске асы-
ру үшін жанжалға «май құйып», үдете түсуге шебер адам. Бұл типтегі 
тек өкілдері әрдайым дауға «әпербақандықпен» дайын тұрып, көздеген 
мақсатынан қайтпайды, екінші тараптың келісім жасауға деген ниетін 
бірде  көре  білмейді  (террористер,  әкімдік  беделді  адамдар,  құбылыс 
мәнін пайымдай алмайтын тек өкілдері).
Жағымпаз тип – қойылған талаптарды ойсыз бас шұлғумен, иіле 
қабылдай  отырып,  екінші  тараптың  жанжалды  әрекеттерін  үдете 
түсуге итермелейді.
Бітістіруші тип – екеуара тиімді болған шешімдер тауып, жанжал 
өртін басуға ниетті адам.
Дау-дамайлы  жағдайларға  бақылау  қоюдың  бір  қатар  жолдары 
бар:
) болуы мүмкін жанжалдың алдын алып, оған қатысушылар жөнінде 
мәліметтер топтау ;
) жанжалды басқарымсыз қалдыруға бағытталған әрекеттерге жол 
бермеу;
3) дау-дамай шешіміне бейтарап бедел иелерін тарту;
) даулы екі тарапқа  да тиімді шешім мүмкіндіктерін қарастыру;

0
5) іскерлік, әріптестік қатынасқа қолдау беріп, оны бітістіріп, кейін 
болатын алауыздық көңіл-күй шарпуларының көзін басу.
Қазіргі заман дау-дамай мәселесімен айналысатын конфликтологиялық 
психология  жанжалды  жағдайлардан  шығу  әдістеріне  көп  көңіл 
бөлуде:
) өзара жанжалды әрекеттерден (өз беделі мен табыстарын әсірелей 
көрсету, басқаны кеміте, әдейі дауға шақыру) қашу;
) «проблеманы бірлікті шешу» ережесін (басқа есебінен пайда ниет-
темеу, екі тарапқа да тиімді шешім жолын ойластыру) ұстану;
3)  келісім  (компромисс)  –  екі  тараптың  да  көзқарас,  пікірлерінің 
үйлесім табуы;
) үшінші тараптан көмек сұрау – тікелей дау-дамайдан тыс, бейтарап 
бедел иелерін екі тарап мүшелерін бітістіруге шақыру.
49. Кіші топ психологиясы
Кіші топ –барлық мүшелері бір – бірімен тікелей қарым-қатынасқа 
келген адамдар бірлестігі. Әдетте, мұндай бірлестік өз ішіне екі не одан 
көп бірнеше ондаған адамды қамтиды.
  Бұл сипаттағы топтар қатарына отбасы, дос-жарандар, көршілестер, 
сынып, студенттік топ, спорт командасы және т.б. жатады.
  Бірігу сипатына орай кіші топтардың келесідей түрлері ажырайды:
1) диффузды топ – бірлікті іс-әрекет мазмұны болмаған, ашыналық 
қатынасқа негізделген шашыраңқы бірігім;
2) ассоциативті топ – жеке тұлғалық мәнге ие болған мақсаттар 
төңірегіндегі байланысты бірігім (аңшылар, балықшылар және т.б.)
3) корпорация – жеке – топтық ортақ мүдделермен жанамаланған өз 
дербестігі шектелмеген тұлғалар қатынасынан пайда болған ірі бірігім;
4) ұжым – жеке және қоғамдық мүдделер бірлігімен жанамаланған 
тұлға аралық қатынасқа келген адамдар бірлестігі.
Ақпарат  алмасу  арналарының  көптүрлілігіне  байланысты  топтар 
орайластырылған  және  жеке  билікті,  тізбекті,  шеңберлі  және  т.б. 
түрде бөлінеді.
Ақпарат көзі орайластырылған топта оның бір ғана мүшесі (басшы, 
лидер) топ байланысын ұйымдастырады, топ тіршілігіне жеке басшылық 
жасайды.
Жеке  билікті  топта  мүшелердің  бәрі  ақпарат  алмасуға  теңдей 
қатысады, олардың  қатынас құқы ешқандай талаптармен шектелмейді.

0
Әлеуметтік топтардың ерекшеленген түрі – референтті топ.
Референтті топ – бұл шынайы не қияли әлеуметтік бірлестік. Бұған 
мүше болған тек өкілдері өз әрекет-қылығы мен өзіндік бағасын осы топта 
қабылданған шарттар және талаптар деңгейімен өлшестіреді.
Кіші  топ  құрылымы  –  бұл  тұлғалар  арасында  орныққан  байла-
ныстар жиынтығы. Кіші топтағы тек өкілдерінің белсенділігінің негізгі 
аймағы бірлікті іс-әрекет пен сөйлесу болғандықтан кіші топты зерттеуде 
ортақ қызметтен туындаған байланыс және қатынастар құрылымына 
(нақты жұмыс орындау, ұйымдастыру,  экономикалық басқару) және тіл-
десу мен психологиялық қатынасқа (ақпарат алмасу, көңіл-күй ортақтасу, 
роль және бедел бөлісу) мән беріледі.
Кіші топтың ақпарат алмасу (коммуникативті) құрылымы – бұл 
тек өкілдері арасындағы байланыстар жиынтығы. Бұл құрылымда аса 
маңызды болатындар: ақпарат алмасу жүйесіндегі тұлғалардың иелей-
тін беделі (топ айналымындағы ақпаратты алу және жеткізу мүмкіндігі, 
ақпарат  көлемі,  оның  топ  тіршілігін  қамтамасыз  етудегі  маңызы), 
топтағы ақпарат алысудың бағдары мен жеделдігі.
Кіші  топтың  рольдік  құрылымы  –  бұл  тек  өкілдері  арасындағы 
қатынастар бірлігі.
Бұл құрылымда аса маңызды келетін жағдаят  - бұл топтық ролдерді,
яғни топтық үдеріс қатысушыларына таңылған, олардың күтетін және 
іске асыратын әрекет-қылықтарының көпке тән әдістерін бөлістіру.
Кіші  топтағы  әлеуметтік  билік  және  ықпал  құрылымы  –  бұл 
тұлғалар  арасындағы  өмір,  тіршілік  бағыт-бағдарлары  және  өзара 
ықпал жасау жеделдігімен сипатталған байланыстар тобы.
Ықпалды  жүзеге  асыруға  тәуелді  әлеуметтік  биліктің  әрқилы  типі 
өзара ажыралады: марапаттау, мәжбүрлеу, өкілетті, экспертті және ре-
ферентті.
50. Топтағы жеке тұлғалар арасындағы қатынастар
Топ көшбасшысы
Топ жасалуы – бұл алғашқыда шашыраңқы (диффузды) әлеуметтік 
бірігімдегі  адамдарды  өзара  байланысты  іс-әрекетке    және  өзара 
тәуелді қатынастарға түсіріп, қайта ұйымдастыру.
Топтық  жіктеме  (дифференциация)  –  бұл  әлеуметтік  топ 
мүшелерінің өзара қатынастарындағы қызметіне сәйкес бедел үстемдігі 
(иерархия).

03
Ресми  топтық  жіктеме  –  ресми  –  рольдік  беделдердің  өзара 
тәуелділігі  (завод  директоры  -    цех,  бөлімшелер  бастықтары  –  брига-
дирлер – жұмысшылар).
Ресмиленбеген топтың жіктеме – бірлестіктегі жеке тұлғаның 
беделі  топтың  әрқилы  мүшелерінің  оған  болған  қатынасына  тәуелді 
анықталады.
Кіші топта еленетін негізгі құбылыстар: топішілік қатынастар 
құрылымындағы бірігім мүшелерінің орны мен жағдайы, олардың бағыт-
бағдары, беделі, ролі, топтың әлеуметтік-психологиялық динамикасы, 
яғни оның пайда болуы, дамуы, топ басшылығы, топ ішіндегі қатынас- 
байланыстар, топта бекіген талаптар және топтық бақылау.
Кіші  топ  мүшесінің  ұстаным  сипаты  –  ұстанымның  топішілік 
құбылыстарға бағытталған қатынас жүйесінің тұрақтылығы. Топқа 
мүше  болған  адам  ұстанымының  (позициясының)  кемелді  тұлғалық 
деңгейге  жетіп,  орнығуы  оның  тұрақтылығына,  қайшылықсыз,  яғни 
бір  принциптігіне  және  әлеуметтік  маңыздылығына  байланысты 
айқындалады.
Топтық  бедел  (статус)  –  топ  мүшесінің  топішілік  қатынастар 
жүйесінде иеленген орны, әлеуметтік ролі.
Топ тіршілігінің негізгі реттеушісі – топта қалыптасқан талаптар
жүйесі (нормалар) мен топтық құндылықтар.
Топ басшысы (бұйрықпен белгіленген) ресми топ қатынастары мен 
қызметтеріне  жетекшілік  жасайды,  ал  топтағы  бейресми  тұлғааралық 
байланыстар  көшбасшы  (лидер)  тарапынан  орындалады.  Лидер  топ 
мүшелері  тарапынан  жоғары  бағаланатын  психикалық  сапаларға  ие 
болады да тән де, ал топ бастығы заңмен белгіленген ресми басқару мен 
бағындыру өкілеттеріне ие.
Лидер – топ ішіндегі бір адамның өзінің белгілі жағдайларда басым 
келген шешім қабылдау құқығымен топ мүшелері арасында танымал 
болып, қабылдануы.
Тұлғалық және қызметтік жөн-жосықты жоғары деңгейде тани білген 
бастық лидер де болып көріне алады, дегенмен басшылардың көбінің, 
әдетте, әкімдік басқарушы (администратор) дәрежесінен ары көтерілуге 
шамасы жетпейді.
Лидердің басшыдан айырмашылығы – ол топтың барша тіршілігіне 
араласа бермейді, әрі топ мақсатына жетекшілік ету оның міндеті емес.

0
Топқа  басшылық  жасау  қызметі  әрқилы  тәсілмен,  яғни  стильмен
атқарылуы  мүмкін.  Басқару  стильдерінің  танымал  түрлері  –  әміршіл-
әкімшіл (авторитарлы), либералды және демократиялы.
Әкімшіл  басшылық  стилі  –  жеке  өзімшіл,  субъектив  сипатты 
мадақтау және кінәлау жолымен, көбіне бұйыруды құрал еткен басқару 
түрі.
Либералды  басшылық  стилі  –  топ  өмірінің  бір  жақты  шешім 
күтетін, жауапкерлі мәселелеріне араласпауды ұстаным еткен басқару 
түрі.
Демократиялы  басшылық  стилі  –  топ  мүшелерінің  бәрімен 
жолдастық, әріптестік қатынас түзуге бағытталған, олардың жұмыс 
бабындағы ынтасы мен белсенділігін ыждағатты тану және топ тір-
шілігі мәселелерін ортақтаса талқылау сипатты басқару түрі.
Басшылықтың әміршіл-әкімшіл (авторитарлы) стилі – қай қызмет
саласында болмасын, негізінен өкім, бұйрық басымдылығымен сипат-
талады, мадақтау мен жазалау өрескел субъективтігімен еленеді.
Басшылықтың өзбастылық (либералды) стилі – топ өмірі мен оған 
байланысты көкейкесті мәселелерге араласпау, топ мүшелерінің жетігіне 
парықсыз еріп, көрінген проблемаға орай «бас шұлғып», келісімпаздықтан 
әрі аса алмау.
Басшылықтың  ұлағаттылық  (демократиялық)  стилі-  басшы
тұлғаның топ мүшелерінің баршасымен жолдастық қатынас түзе
білуімен,  олардың  қалаған  істегі  бастау  қадамына  зерделі  ден  қоя
жүріп, топ қызметінің қалаған мәселесінде дау-дамайсыз еркін пікір-
таласты қолдап-қуаттауымен ерекшеленеді.


05
М а з м ұ н ы
 1.  Психология пәні және нысаны. Психология міндеттері.........................................3
 2.  Психология әдістері. Психологиялық зерттеулер  кезеңдері. ...............................5
 3.  Психологияның қоғамдық және гуманитар ғылымдар жүйесіндегі орны............8
 4.  Осы заман психологиясының құрылымы   
 
 
 
      Психологияның арнайы және қолданбалы салалары  ..........................................10
 5.  Адам психикасы жөнінде түсінік ...........................................................................12
 6.  Ми және психика. Психика құрылымы. Психика қызметтері.............................14
 7.  Психикалық үдерістерді топтастыру......................................................................15
 8.  Сана – психиканың жоғары формасы
      Сананың пайда болуы және дамуы ........................................................................16
 9.  Психика  деңгейлерінің өзара байланысы..............................................................20
10. Психика және іс-әрекет  ..........................................................................................24
11. Іс-әрекет құрылымы және оның түрлері................................................................25
12. Негізгі психикалық үдерістер..................................................................................28
13. Түйсік: жалпы сипаттама.........................................................................................30
14. Қабылдау : негізгі қасиеттері және түрлері ..........................................................32
15.  Елес: жалпы сипаттама ..........................................................................................34
16. Зейін: негізгі қызметтері мен түрлері.....................................................................35
17. Ес: жалпы сипаттамасы және түрлері....................................................................37
18. Ойлау үдерісі: жалпы сипаттамасы .......................................................................40
19. Ойлау түрлері............................................................................................................42
20. Ойлау сапасы  ..........................................................................................................44
21. Зерде және оның құрылымы....................................................................................44
22. Ой белсенділігін көтеру әдістері  ..........................................................................45
23. Ойлау жүйесінің бұзылысы.....................................................................................47
24. Шығармашылық. Шығармашыл ойлау...................................................................49
25. Қиял: жалпы сипаттама және түрлері.....................................................................50
26. Әрекет-қылықтың эмоциялық реттелуі..................................................................52
27. Әрекет-қылықтың реттелуіндегі ерік маңызы.......................................................54
28. Ерік үдерістерінің негізгі қызметтері:....................................................................55
29. Психикалық қалыптар: түрлері, сипаттамалары және топтасуы ........................56
30. Ашық сана қалпы. Ұйқы және түс көру.................................................................59
31. Тұлға түсінігі. Тұлға және қоғам............................................................................60
32. Тұлғаның психологиялық мүмкіндіктері...............................................................62
33. Тұлғаның психологиялық ұйымдасуы...................................................................63
34. Тұлғаның психикалық дамуындағы биологиялық және әлеуметтік
жағдаяттардың өзара байланысы  ..........................................................................65
35. Тұлға теориясына байланысты тұжырымдамаларға шолу...................................67
36. Тұлғаның әлеуметтенуі және оның даму кезеңдері..............................................72
37. Тұлғаның психологиялық бітістері.........................................................................77
38. Тұлға типологиясы...................................................................................................79
39. Тұлға бағыт-бағдары. Тұлға дамуы........................................................................82
40. Мінез жөнінде түсінік. Мінез құрамы мен құрылымы.........................................85

41. Темперамент: қасиеттері мен типтері.................................................................87 
42. Қабілеттер: психологиялық тетіктері мен құрылымы......................................89 
43. Қабілет, нышан жəне нəсілдік.............................................................................90 
44. Қабілет жəне іс-əрекет.........................................................................................91 
45. Қабілет жəне дарындылық...................................................................................92 
46. Ортақтасу түсінігі. Ортақтасу жəне сөйлеу.......................................................93 
47. Тұлғааралық қатынастар психологиясы.............................................................96 
48. Дау-дамай психологиясы.....................................................................................99 
49. Кіші топ психологиясы .....................................................................................101
 
50. Топтағы жеке тұлғалар арасындағы қатынастар. Топ көшбасшысы.............102 
 
 
 
 
 
 
 
Сәбет Бап-Баба 
 
 
ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ 
Оқу-анықтамалық қолданба 
 
ЖШС «Нұр-прессі» бас директоры 
Жансеитов Н. Н. 
 
Басылымѓа жауапты ќызметкерлер: Омарќожаева Г.К., Төребаева Г.А.  
Беттеуші: Төребаева Г.А.  
Дизайн: Савельев А.О. 
Оператор: Умурова Г. О. 
 
Басуѓа 20.12.2006 ќол ќойылды. Офсеттiк басылыс. 
Пiшiмi 60х90
1
/
16

Ќаѓазы офсеттiк. Ќарiп түрi «Таймс». 
Шартты баспа табаѓы 6,6.  
Таралымы 500. Тапсырыс № 31. 
«
Нұр-пресс» баспасы 
 
050057 
Алматы ќ., 
М. Өзтүрiк к-сi, 12 үй.  
Тел/факс: (3272) 747-833, 742-650.  
Е-mail: law-literature2006@rambler.ru 
ЖШС “Нұр-пресс” баспаханасында басылѓан  
 
 
 
106 
 

Document Outline

  • б1.pdf
  • PH.pdf
  • б2.pdf


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет