Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі



бет4/30
Дата15.02.2023
өлшемі397 Kb.
#68046
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Өзін-өзі бағалау әдісі-тұлғаның өзін өзі, өзінің басқа адамдар ішіндегі мүмкіндіктерін, қасиеттерін және орнын анықтауға көмектесетін әдіс.
Мәліметтерді статистикалық өңдеу әдісі-зерттелетін құбылыстар арасындағы сандық байланыстарды орнататын тәсіл.
Тәуелсіз сипаттамаларды жинақтау әдісі-бақыланған адамға әр түрлі адамдар баға беретін тиімді әдіс.
Сән-таңдамалыда жиі кездесетін зерттелетін белгінің сандық мәні.
Монографиялық бақылау өзара байланысты әр түрлі шамадағы сандарды қамтиды, олардың дамуын бақылайды.
Моделдеу-педагогикалық процесс туралы теориялық түсінік. Модель педагогикалық процестің қызметінің шарттарын, байланысын, элементтер жүйесін бейнелейді.
Бақылау-процесс нәтижесінде зерттеуші нақты мәліметтер алатын белгілі бір педагогикалық құбылыстың мақсатқа бағытталған көрінісі.
Ғылыми жаңалық-бұрын ешкім зерттемеген алғаш рет алынған нәтижелер.
Тура бақылау
Зерттеуші бақылау кезінде көрген фактілерді тура тіркейді.
Үздіксіз бақылау педагогикалық құбылыс бірге және қысқа уақыт аралығында өтетін кезде болуы мүмкін.
Стандартталмаған сұхбат зерттеуші алдын ала қойылатын сұрақтарды дайындайды, алайда әңгіме барысында оны өзгерте алады.
Шолыма-сыни зерттеу
Зерттеуде проблема бойынша жасалған қорытындылардың сыны толығымен және анық көрсетіледі.
Шолыма-аналитикалық зерттеу
Зерттеу өңделген мәліметтерді, әдебиетті тақырып бойынша зерттеу және сұрыптау көрсетіледі.
Ашық бақылау
Зерттеуге оны қызықтыратын құбылыстың барлық жақтарын қамтуға мүмкіндік береді.
Ашық анкеталар-жауаптардың саны мен сипаты, олардың түрі мен формасы алдын ала дайындалмаған анкета.
Мерзімі ұзартылған бақылау-объектіні белгілі интервал арқылы бақылау, сонымен қатар педагогикалық процестің жеке нәтижелерінің көрінісін бақылау.
Бағалау/Рейтинг-берілген шкала бойынша белгілі бір құбылысқа субъективті баға беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет