Ү. ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ ДАМУЫ.
І. ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ.
1. Отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген кезең: Х- ХІІ ғ.
2. Бұрын Оңтүстік Қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, кейінгі зерттеулер бойынша қалалардың саны: 37 санына жеткен,
* Жазба деректерде алғашқы кезеңде 6 қала ғана аталса, соңғы кезде 33- ке жетті.
3. Орта ғасырда қалалардың топтаса орналасқан жері: Оңт. Қазақстан., Арыстың Сырдарияға қосылатын жері.
* Кенже аймағы- Арыстың орта ағысы. Орталығы- Осбаникет
* Фараб аймағы – Арыстың Сырдария қосылатын жері. Орталығы- Отырар
* Шауғар (Йасы) аймағы- Қарнақ, Қарашық, Шур (Сури), Шағылжан қалалары.
4. Қалалық отырықшылдық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері: Жетісу.
5. Оңтүстік –батыс Жетісудің қалалық отырықшылдық мәдениетінің орталығы: Тараз.
* Бұл аймақтан 36 қала жұрты табылды.
6. Солтүстік- шығыс Жетісудің қалалық отырықшылық мәдениетінің орталығы- Лабан, Алматы, Талхир.
* Бұл аймақтан 7 қала жұрты ашылған.
* Қалалар көлемі, экономикалық жағынан негізінен 3 топқа бөлінеді.
1. 30 га асатын қала жұрттары: Испиджаб, Отырар, Сауран, Тараз, Балсағұн.
2. 10 га- 30 га дейінгі қалалар: Бурух, Хурлуг. т.б.
3. 10 га жетпейтін қалалар: Алмалық, Лавар, Қапал, Ақтам, Арасат, т.б.
7. Х- ХІІ ғғ. Қазақстан аумағында көлемі жағынан ірі қалалар: Испиджаб, Отырар.
8. Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарында отырықшылық мәдениеттің дами бастаған кезі: Х- ХІІ ғғ.
9.Ұлытау етегіндегі ортағасырлық қалалар: Басқамыр, Аяққамыр
10. Кеңгір өзенінің бойындағы ортағасырлық қалалар: Сарайлы, Торайлы
11. Х-ХІІ ғғ. қала құрылысының жүйесіндегі басты бір жаңалық, мұсылман дінінің енуіне байланысты пайда болған: Мешіт
* Осы кездегі қалалардың құрылыс жүйесінің тағы бір жаңа түрі: Шығыс Моншасы
12. Ең ертедегі мешіттің орны табылған қала: Құйрықтөбе
13. Х-ХІ ғасырлар аралығында Боран мұнарасы салынған аймақ: Жетісу (Баласағұн маңы)
14. Х- ХІІ ғасырларда Тараз қаласының маңындағы (18 шақырым) сәулет өнерінің амаша туындысы: Айша Бибі, Бабаджа қатын.
15. Бабаджа қатын кесенесінің шамамен салынған мерзімі: Х- ХІ ғғ.
16. Тараз қаласының маңындағы Айша-бибі кесенесінің салынған уақыты: ХІ- ХІІ ғғ.
17. ХІ- ХІІ ғасырлардағы екі шығыс моншасы табылған қала: Отырар
* Отырар моншалары құдық сусын пайдаланған.
18. Қазір мұражайға айналдырылған, ХХ ғасырдың 60 жылдарына дейін жұмыс істеген шығыс моншасы орналасқан қала: Түркістан
19. Шығыс моншасының жобасымен салынған «Арслан» моншасы орналасқан: Алматы
20. ХІ- ХІІ ғасырларға жататын «қоржын үй» табылған қала: Құйрықтөбе.
* «Қоржын үй»-қатар жасалған үш бөлмелі, бір- бірімен байланысты үйлер.
21. ХІІ ғасырларда пайда болған бүгінгі көп қабатты үйлерде пайдаланып жүрген канализацияның қарапайым түрі (жуынды су ағатын құдық): ташнау
22. Терракота- күйдірілген саз балшық (оюланған кірпіш)
23. Сәулет өнерінің оюлы және жылтыратылған кірпіштер кеңінен пайдалана бастады: ХІғ.
24. Сәулет өнерінде терракоталар кеңінен қолданылған ғасырлар: ХІ- ХІІ ғғ.
* Арыстан бейнесі бедерленген терракоталық тақталар табылды: Қызылөзен қаласынан
25. Бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы: ғаныш;
Достарыңызбен бөлісу: |