интер - -трипсиндi тежеушi глобулиндер жатады.Бұлар протеиназалық ферменттердi тежеушi белоктар болады. Клеткалардың бұзылуы не жойылу кезiнде түскен трипсин, химотрипсиндердiң жұмысын және қанның ұюына қатысатын көптеген ферменттердi тежеуге қатысады.
1-қышқыл – гликопротеин – суық тигенде бұлардың да мөлшерi артады. Жедел фаза белогы.
2-Глобулиндер
Олардың қатарына:
2– макроглобулин – тромбин мен кининогеннiң белсендiлiгiн реттеп отырады. Суыққа шалдыққанда бұл белоктардың мөлшерi артады, қалыпты жағдайда 2,0-2,5 г/л., сондықтан, бұл белоктарды жедел фаза белогы деп атайды. Құрамында мырышы бар белок.
Жалғасы
Ретинолды байланыстырушы белок – А витаминiн тасымалдауға қатысады.
Церулоплазамин – мысты тасымалдауға қатысады. Бұл белоктың ролi бауырдағы, тканьдердегi мыстың деңгейiн бiрқалыпты сақтап отыру және сонымен қатар, аскорбин қышқылын, адреналиндi, диоксифенилаланиндi және т.б. заттарды тотықтыруға қатысады.
Жалғасы
Гаптоглобин деген белок та жатады. Бұл белок гемолиз кезiнде түзiлген гемоглобинмен байланысып, гаптоглобин - гемоглобин комплексiн түзедi, сөйтiп ретикулды-эндотелиальды жүйелердiң клеткаларымен сiңiрлiп глобин және гем ыдырауға ұшырайды, ал босаған темiр қайтадан гемоглобин түзуге жұмсалады. Осының нәтижесiнде бүйректiң гемоглобинмен зақымдалуына және темiрдiң несеппен организмнен шығуына кедергi жасалынады. Гемолиттiк анемиямен ауырған кiсiлерде гаптоглобиннiң мөлшерi аз болады.
- Глобулиндер
Жалғасы
Гемопепсин – бұл да -глобулиннiң қатарына жатады. Гемопепсин гемдi өзiне байланыстырып, бүйрек арқылы оның сыртқа шықпауын қамтамасыз етедi.
С – реактивті белок – денсаулығы жақсы кiсiлерде жоқ есебiнде, ал қабыну процестерi кезiнде науқастың қанында пайда бола бастайды, бұл да жедел фаза белогы.