Ќанныѕ биохимиясы



бет5/6
Дата24.04.2023
өлшемі1,21 Mb.
#86152
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6

Жалғасы

  • Жедел фаза белоктары – қалыпты жағдайда болмайтын, қабыну, суыққа шалдыққанда, қан плазмасында пайда болатын белоктар. Бұл белоктың атқаратын қызметi белгiсiз. Бiрақ, фагоцитозға мүмкiндiк берiп, лейкоциттердiң белсендiлiгiн арттырып, иммундық реакцияларды белсендендiредi және комплементтiң байланысуын қамтамасыз етедi деген болжамдар бар.
  • “Жедел фаза” ақуыздары
  • С-реактивті белок

Жалғасы

  • -глобулиндердiң негiзгi бiр бөлiмi -липопротеин түрiнде кездеседi. ТТЛП, ТЖЛП, ТӨТЛП т.б.

- Глобулиндер

  • Иммундық қорғаныс қызметiн атқаратын белок. Бұлардың барлығының антиденелiк белсендiлiгi бар, яғни вирустың, бактериалардың антигендерiмен кездескенде оларға қарсы күресетiн антиденелiк қасиет көрсетедi.
  • Иммуноглобулиндердiң 5 түрi: IgG, IgA, IgM, IgD, IgE .

Иммуноглобулиндер

  • Иммуноглобулиндердiң 5 класқа бөлiнуiнiң өзi осы ауыр тiзбекке негiзделген.
  • G – иммуноглобулинi барлық иммуноглобулиндердiң 70-75 -i. Көптеген антигендерге қарсы тұратын антиденелерi бар, сондықтан иммундық реакцияларда үлкен маңызы бар.
  • А – иммуноглобулинi – барлық иммуноглобулиндердiң 20 , кiлегейлi қабаттардың жергiлiктi иммунитетiн қамтамасыз етедi.
  • М – иммуноглобулинi барлық иммуноглобулиндердiң 10 . Полисахаридтiк антигендерге қарсы антиденелерi бар, граммтерiстiк бактерияларға қарсы антиденелерi бар. Бiр жасқа дейiнгi балаларда синтезделедi.
  • Е – иммуноглобулинi қанда өте аз кездеседi. Организмнiң аллергияға қарсы күресi осы иммуноглобулинге тәуелдi.
  • D – иммуноглобулиннiң ролi әлi белгiсiз.

Қан плазмасындағы белоктардың концентрациясының өзгеруі

  • Адам ауырған кезде қан плазмасындағы белоктардың түзiлуi мен ыдырауы бұзылады. Соның нәтижесiнде олардың қандағы концентрациясы өзгередi. Қан сары суындағы белок мөлшерiнiң артуы гиперпротеинемия, ал азаюы гипопротеинемия деп аталады. Кейбiр науқастарда белоктардың жалпы мөлшерi өзгермесе де, олардың өзара қарым-қатынасы өзгередi, оны диспротеинемия деп атайды. Кейбiр ауруларда қанда оған тән емес, өзгеше белоктар пайда болады, ол парапротеинемия деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет