Зерттеу жұмысының мақсаты. Көне түркі әдебиетінгеі «Мәңгілік Ел»
идеясының көркем жырлануын халық ауыз әдебиеті үлгілерімен салыстыра
талдау
Зерттеу жұмысының міндеті: 1. Қазақ әлеуметінің көпғасырлық тарихи-мәдени дамуындағы
Мәңгілік Ел ұғымының мағынасы мен мәнін ашу.
2.
Қазақ
қоғамының
әлеуметтік-мәдени
дамуының
әртүрлі
кезеңдеріндегі Мәңгілік Ел идеясының көркемдік игерілуінің фольклорлық
және әдеби дәстүрлердегі сабақтастығын айқындау және зерттеу.
3. Көне түркі әдебиетінің бағыттарын қарастыра отырып, сюжеттерінің
басты идеясына назар аудару.
4. Түркі эпостары мен халық ауыз әдебиетіндегі жырлардың үндестігін
сабақтастырып «Мәңгілік Ел» идеясының бастауларын анықтау.
5. Нақты шығармалар арқылы орта ғасыр дәуіріндегі түркілердің
мәңгілік ел болу үшін ұлтты, жерді сақтап, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді
жаңғырту жолдарын мотивтер мен мифтер арқылы айқындау.
6. «Мәңгілік Ел» болу философиясының негізін салып, түркілік әлемнің
дамуына аса зор ықпал еткен: Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи,
Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки т.б. ғұламалардың идеяларына назар
аудару.
7. Қазіргі қазақ елінің ұстанған «Мәңгілік Ел» идеясының түркілік
интеграциямен сабақтастығын зерделеу.
Зерттеу жұмысының мақсатына жетудің негізгі тәсілдері:
– тарихи-филологиялық және талдаудың жүйелі-салыстырмалы әдісі;
– қарастырылатын шығармалардың сюжеттерін, композициясы мен
поэтикасын, сондай-ақ олардың басты қаһармандары мен басқа да қатысушы
тұлғаларын филологиялық тұрғыда зерттеу;
– талданатын халық аңыздаулары мен әдеби, тарихи шығармалардың
қоғамдық-тарихи және мәдени-рухани негіздерін айқындау;
– шығармаларда баяндалатын оқиғалардың тарихи шындыққа
қатыстылығын айқындау;
– оқиғалар мен қаһармандар әрекетін бейнелеуде және оқиғаларды
баяндауда қолданылатын көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерді, поэтикалық
тәсілдер мен бейнелеу құралдарын талдау;
– негізгі сюжеттер мен сарындарды, қаһармандарды түркі және басқа
да халықтардағы ұқсас туындылармен салыстыра зерттеу;
– мазмұн мен идеядағы, қаһармандар мен олардың іс-әрекеттерін
көркем бейнелеудің принциптері мен тәсілдеріндегі жалпы және өзіндік
сипаттарды анықтау және түсіндіру;
– эпикалық-қаһармандық аңыздаулар мен әдеби шығармалардың өткен
дәуірлердегі және қазіргі кездегі адамдар үшін тәрбиелік және
адамгершілікке баулитын мәнін ашу.