Аннотациясы


Зерттеу жұмысының теориялық – әдіснамалық негіздері



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата05.05.2023
өлшемі444,91 Kb.
#90467
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
alimbayev-abstract-kaz

Зерттеу жұмысының теориялық – әдіснамалық негіздері. Мәңгілік 
Ел идеясының ғылыми негіздері анықталды және зерттелді. Бұл – идеяның 
пайда болуының тарихи-мәдени алғышарттарын және көне дәуірлердегі, орта 
ғасыр мен жаңа замандағы қоғамдық санада өмір сүру заңдылықтары, оның 
қазақ халқының тарихи дамуының түрлі кезеңдеріндегі фольклорлық 
аңыздаулар мен жазба ескерткіштерде бейнеленуін көрсету және бақылау. 
Қазақтардың төл фольклорлық аңыздаулары да, сондай-ақ олардың 
арғы бабаларына тән, әртүрлі дереккөздерде сақталып, біздің дәуірімізге 
жеткен сюжеттер де – нақты зерттеудің нысандары. Осыған орай, түркілік 
кезең және орта ғасырға дейінгі дереккөздер, түркі дәуіріндегі ескерткіштер 
(Күлтегін мен Тоныкөк жайлы туындылар, Әл-Фараби, Ахмет Йүгінеки, 
Жүсіп Баласағұн сынды авторлардың еңбектері талдауға алынады. Сондай-ақ 
М.Жолдасбековтің 
«Асыл 
арналар», 
Н. 
Келімбетовтің 
«Древние 
литературные памятники тюркских народов», Қ. Сартқожаұлының «Байырғы 
түркі жазуының генезисі», М. Бакировтың «Древнетюркская поэзия», Ф. 
Урманчтың «Тюркский героический эпос», Л.Х. Мухаметзянованың 
«Татарский эпос. Книжные дастаны», Talant Tekın Orhon Yazıtları Kül Tigin, 
Bilge Kağan, Tunyukuk, Prof.dr Aysu Ata Orhon Türkçes
және т.б. зерттеулері 
әдістемелік негізге алынды. 
Зерттеу нәтижесінде байырғы және одан бергі замандағы Мәңгілік Ел 
идеясының шығармашылық сабақтастығы көрсетілді және дәлелденді. 
Халқымыз сан ғасырлар бойы ұлықтаған Мәңгілік Ел Қазақстан 
Республикасының толықтай заңды түрде ұлттық идеясына айналуы үшін 


әдебиет пен әдебиеттану ғылымының теориялық және практикалық негізінің 
ықпалы зор. Зерттеу тақырыбымыз ұлттық көлемде үлкен маңызға ие 
болғандықтан, әдебиеттанушы ғалымдардың зерттеулеріндегі салыстырмалы 
талдаулары, одан шыққан қорытындылары мен құнды ойлары есепке 
алынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет