Аннотациясы



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата05.05.2023
өлшемі444,91 Kb.
#90467
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
alimbayev-abstract-kaz

 
ҚОРЫТЫНДЫ 
«Мәңгілік Ел» болу біздің, қазіргі жас ұрпақтың арманы емес, ата-
бабаларымыздың ертедегі арман мақсаты. Сол мақсатқа жету үшін сыртқы 
жаудан елін, жерін қорғау жолында аянбай күресті. Түркі жұрты енгізген 
«Мәңгілік Ел» идеясын бүгін де қайта жаңғыртып, ұлттық идеямызға 
айналдыруымыздың өзі ел болып қалуға жұмылдыруда өзекті мәселе болмақ. 
Көне түркі халқының ескерткішттері көне дәуірдің қоғамдық-мәдени, әрі 
әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен ақпарат беретін қазына ретінде бүгінгі күні 
барлық түркі тектес халықтарының ортақ мұрасына айналды. 
Түркі халықтарының ертедегі мәдениеті, өткен тарихы, жалпы даму 
кезеңдері көне түркі әдебиетінің қалыптасуына да негіз болды. Ерлік эпосына 
жататын түркі ескерткіштерінен-ақ, ел мен жер қорғаудағы жойқын 
жорықтарынан түркі халқының ел болудағы ізгі арманын, мақсат-мүддесін 
байқаймыз. 
«Көне түркі әдебиетіндегі «Мәңгілік Ел» идеясының жырлануы» 
тақырыбындағы диссертациялық жұмысымызда «Мәңгілік ел» идеясының 
түп төркінін көне түркі әдебиетінен де, фольклорлық туындылардан да 
байқай отырып, Мәңгілік Ел идеясының мәселелерін жан-жақты қарастыруға 
арнадық. 
Зерттеу аясында қазақ әдебиетінің түркілік кезеңіндегі ел билеу 
негіздері мен бағыттары, елдің әлеуметтік, мәдени, рухани өмірінің тасқа 
қашап жазылған жырлардан және түркілік кезеңнен кейінгі ойшылдардың 
жекелеген туындыларының негізінде қарастырылды. 


Түркілік кезең және орта ғасырға дейінгі дереккөздер, түркі дәуіріндегі 
ескерткіштер, фольклорлық мұраларындағы Мәңгілік Ел идеясының 
шығармашылық сабақтастығы көрсетіліп, ұлы дала ойшылдары (Әл-Фараби, 
А. Иүгінеки, Ж. Баласағұни, Қ. Яссауи) еңбектерінде жалғасын тапқандығы 
зерделеніп, ізгілікті қоғам, тұғыры берік мемлекет болудың сипаттары 
талданды, тұжырымдар жасалды. 
Түркі халқының елдігінен айрылып, қағансыз қалып, тағы да 
басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан 
кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз 
отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын 
бергені» паш етіледі. Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде 
айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар мұнда Мәңгілік Ел ұғымы, тәуелсіздік 
рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр.
Мәңгілік Ел идеясының негізін, оның көркемдігі мен эстетикалық 
құдыретін біз көне дәуірлерден іздейтін болсақ, әлбетте, фольклорлық 
шығармалардан табамыз. Фольклорлық туындылардағы сюжеттерді 
жинақтап, талдап, саралайтын болсақ, елдік мұраттың негізін анықтаймыз. 
Фольклор ел арасында ауызша тараған шығармалар ғана емес. Себебі, 
фольклортану кең мағынада қолданылады. Оған халық өлеңін, халық 
музыкасын, халық биін, халық әдебиетін, халық театрын, халық қолөнерін, 
халық қолданатын салттар мен наным-сенімдерді ырымдар мен ғұрыптарды 
жатқызады. Демек, фольклор дегеніміз – халықтың бұрынғы замандарда өмір 
сүрген бабалары шығарып, пайдаланып, ұрпақтан ұрпаққа аманат қылып, 
қазіргі заманға жеткізген рухани байлық. Фольклор көп салалы, көп 
функциялы синкертті өнер. Бұған дәлел бүгінгі күнге дейін өз сипатынан 
айырылмай жетіп отырған айтыс өнерін айтуға болады. Фольклорлық 
шығармалар өте ерте заманда туып, жүздеген ғасырлар бойы өмір 
сүргендіктен көне дәуір дүниетанымын осы күнге дейін жеткізген бірден бір 
құнды ақпарат көзі. Мәселен, жылқы атаулары жөніндегі алғашқы 
мәліметтер көне түркілер жазған Орхон-Енесей жазба ескерткіштерінен 
азбан, ат, йылқы, йунт, арқун, айғыр, бие, қысырақ, қатыр, тай, құлын деген 
сияқты атаулар кездестіреміз. Халық ауыз әдебиетінде жылқы, ат түрлеріне 
қатысты фольклорлық шығармалар өте көп. Жылқы малы ұғымына 
байланысты туған мақал-мәтелдердің өзі халықтың тұрмыс тіршілігінің 
жылқымен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Ел қорғаған атақты 
батырлармен бірге олардың ерекше қасиетке ие тұлпарлары қатар айтылады. 
Әсіресе осындай сәйгүліктердің есімдері эпостарда, тарихи жырларда, ел 
аузында және жер атауларында жиі кездеседі. Қобыландының Тайбурылы, 
Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы, Қабанбайдың Қубасы т.б. 
аттар батырдың сенімді серігі болып жырланады. 
Көне түркі жырларында 
да сипатталған жылқыларды тарауларда талдадық. Айырмашылығы көне 
түркі эпостарындағы батыр мінген аттар ақылды, қаһарман болып келсе, 
ауыз әдебиетіндегі батырдың жылқыларына тіл бітіп, сөйлейді, тылсым іс-
әрекеттер көп кездеседі. 


Мәңгілік Ел идеясын фольклор және әдебиеттану контексінде зерттеу 
әдістемесінің негізі ежелгі таным-түсініктен бастау алады. Ұлт болмысының 
ерекшеліктері оның дүниетанымы рухани дүниесі арқылы анықталғаннан 
әдебиеттану ғылымы да елдікті сақтап, оның жетілдіру мақсатында 
атқаратын қызметі зор. Адамзаттық таным-түсініктің қоғамдық құрылысқа 
сай дамып, сараланып, даралануы ұлттық сипат, ұлттық еркешеліктің 
қалыптасуына алып келеді. Жер бетіндегі халықтардың өмір-салтын, тұрмыс-
тіршілігін, мәдени құндылықтарын қалыптастыратын, ұлт ретінде өмір 
сүруіне кепіл болатын, оның өрлеуі мен дәуірлеуіне негіз болатын да ұлттық 
руханияты болып табылады.
Түркілік дәуірде негізі қалаған бұл идеяның өміршендігі бекер емес. 
Заманалар ауысып, аумалы-төкпелі кезеңдерден ұмыт қалмай, осы күні 
жаңғыруы түркілердің асқақ рухы мен түп негіздің мықтылығында.
Әдебиеттегі уақыт пен кеңістік тұрғысынан алып қарасақ, өмір сүріп 
жатқан кеңістігіміз сол болғанымен, уақыт басқа деп айтып жатамыз. Қазақта 
«дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген мақал бар. Озығы – осы күнге дейін 
жеткен елдігіміздің белгісі, нақты айғағы деп айтуға толық құқылымыз. Бұл 
тұста археология ғылымы нақты дәлелдеп, көк түркілердің тікелей ұрпағы 
екенімізге шек туғызбайды. Обалар мен қорғандардан табылып жатқан 
жәдігерлер – осының айғағы. Әр ойды тұжырымдап, қорытынды жасап, «осы 
күнге дейін үзілмей келе жатыр», «дәстүр сабақтастығы», «үйлесімділік пен 
үндестік» деп аяқтап отыруымыздың мәні Мәңгілік Ел идеясының 
өміршеңдігін көрсеткіміз келгендігінде. Мәңгілік Ел болу үшін сонау көне 
түркілерден бері қарай сақталып келе жатқан салт-дәстүрлерімізді сақтап, 
ұрпақтан ұрпаққа жеткізу басты міндет, қанға сіңген қасиет болып қала беру 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет