Аннотациясы



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата05.05.2023
өлшемі444,91 Kb.
#90467
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
alimbayev-abstract-kaz

Зерттеу жұмысының нысаны. Мәңгілік Ел идеясының әдебиеттегі 
тарихи негіздері анықтау, оның салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық таным, 
болмыс тұрғысынан фольклор мен өзара салыстыру, талдау, көркемдік, 
идеялық ерекшеліктерін көрсете отырып, оның мәні мен мазмұнын 
пайымдау. 
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалық дәрежесі. 
1. Түркі ескерткіштерінде мәңгілік елдің негізін қалайтын дәстүрлі
мотивтер жүйеленді. 
2. Көне түркі ескерткіштері мен ауыз әдебиеті сюжеттеріндегі мифтік 
танымның қызметі айқындалды.  
3. Көне түркі әдебиеті мен фольклорлық туындылардағы «Мәңгілік Ел» 
идеясының сабақтастығы пайымдалды. 
4. Көне түркі әдебиеті мен халық ауыз әдебиетіндегі ұлттық сана, 
ұлттық код ерекшеліктері зерделенді. 
5. Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұн, Ахмет 
Иүгінеки еңбектеріндегі ізгілікті қоғам, тұғыры берік мемлекет болудың 
сипаттары талданып, тұжырымдар жасалды. 
Келесі тұжырымдар қорғауға ұсынылып отыр: 
1. Көне түркілердің жазба мұраларынан «мәңгілік» мотивінің кеңінен 
орын алғандығын байқаймыз. 
2. Мотив – сюжет құрауға негізі болып, маңызды ақпарат береді. 
Әсіресе, эпостық жырларда қайталанып кездесіп отыратындығымен 
ерекшеленеді. 
3. Түркі 
халықтарының тұрмыс-тіршілігінен, өзіндік дәстүрінен 
ақпарат беретін «Мәңгілік бейне», «Мәңгілік су», «Мәңгілік өмір», «Мәңгілік 
алау», «Мәңгілік Ел», «Мәңгілік тас», «Мәңгілік жарық» тіркестері 
шығармадағы мотивтерден түркі халықтарының наным-сенімдерін байқауға 
болады. 
4. Күнге табыну, Көк Тәңіріне табыну, отқа табыну, табиғатқа табыну 
т.б. мифтік наным-сенімдерден түркі дүниетанымынан нақты ақпараттар 
аламыз. 
5. Түркілердің мәңгі тасқа қашап жазған жырлары бүгінгі күн 
тұрғысынан әдебиеттің барлық шарттарына сай келмейтіні рас. 
Дейтұрғанмен, бүгінгі әлем әдебиетімен терезесі теңескен қазақ әдебиетінің 
күре тамыры, өзегі осы түркілік әдебиетте жатыр. 
6. Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қайырымды қала» шығармасында, Жүсіп 
Баласағұнның «Құтты білік», Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы», Ахмет 
Яссауидің «Диуани хикмет» т.б. еңбектеріндегі ізгілікті қоғам, тұғыры берік 
мемлекет болудың сипаттары талданған. 
7. Елбасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Қазақстан халқының 
ұстанымы ғана емес, барша түркі әлемі интеграциясының феномені болуы 


тиіс. Демек, ұлттық идеяны жүзеге асыру жолында әлі де көркем туындылар, 
тың зерттеулер дүниеге келері анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет