Анонс: Дарынды және ынталы жас ғалымдарды инновацияның дамуына өз үлестерін


«Алты  алаштың  ауырлығын  арқасына  арқалаған



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата03.03.2017
өлшемі21,64 Mb.
#6104
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Алты  алаштың  ауырлығын  арқасына  арқалаған, 

қазақты  қазақ    қылам»  деп  қилы  заманды  басынан 

өткерген  аталарымыз қаншама десеңші. Тар жол, тайғақ 

кешуде елі мен жеріне қызмет еткен аталарымыз Ғұмар 

Қараш  пен  Елеусін  Бұйрынды  ұлыларды  ұлықтау 

мақсатында «Жайық Пресс» ЖШС мамыр айынан бастап 

«Тілші болғың келсе ...» атты байқау жариялаған бола-

тын. Байқау шарты бойынша шығармалар қазақ, орыс 

тілдерінде қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен ары-

старымыз қақында болу қажет. Бас жүлде 100 мың теңге 

ақшалай сыйлық, 1 – 2 орын жеңiмпаздары облыстық, 

аудандық газеттерге жұмысқа шақырылды. Батыс елі 

көптен  күткен  бәйгенің қорытындысын  қазанның  4-i 

күнi «Жайық Пресс» ЖШС-ның ғимаратында өткізілген 

кездесуде жариялады. 

Бұл кездесуге М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың филология 

факультетінің 1 – 2 курс студенттері де қатысқан болатын. 

Әділқазы өкілдерінің шешімін «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас 

директорының  орынбасары  Салауат  Айбатов  жариялады. 

Сонымен  3-ші  орынға    Базарова  Айнұр,  Кәрімова  Назгүл, 

Хамидуллина Айдана ие болса, 2-ші орынды қалалық білім 

бөлімінің  маманы  Шағатай  Ләззат  қанжығасына  байлады. 

Ал  1-ші  орынға  сөз  бастаған  шешен,  қол  бастаған  көсем 

Ер Сырым бабамның елінен келген сері жігіт – Мұстафиев 

Бауыржан лайық деп танылды. «Жайық Пресс» ЖШС Шағатай 

Ләззатқа «Орал өңірінен» жұмыс ұсынса, жеңімпаз Мұстафиев 

Бауыржанды аудандық «Сырым елі» редакциясына орналас-

тыратынын  хабарлады.  Студенттер  бұл  кездесуден  үлкен 

әсермен оралды. Сырымымды сағынған жабырқаулы көңіліме 

бұл кездесу үлкен қуаныш әкелгендей, жерлес ағамның биіктен 

көрінгеніне іштей қатты қуанып, өзімнің  «Тілші болуға» деген 

ұмтылысым одан сайын шарықтай түст�. «Жайық Пресс» ЖШС-

ның ұйымдастырған бәйгесі талантты жастардың талаптарына 

талап қосып, өз мақсатына жеткендей! 



Ләйлі МаҚСотова, 

02102-топ студенті 

Кто  такая  Марина  Цветаева? 

Думаю, каждый из нас ответит на этот 

вопрос по-своему: поэтесса, прозаик, 

переводчик. Если вдуматься, то сколь 

многогранна была эта личность - дочь 

профессора и пианистки, представи-

тельница русской интеллигенции. 

Именно этой великой женщине был 

посвящен литературный вечер, который 

прошел на кафедре русской филологии 

12  октября.  В  нем  приняли  участие  не 

только  студенты  филологического  фа-

культета, но и школьники Мичуринской 

СОШ, которые прочитали свои любимые 

стихотворения поэтессы.

Прозвучали  романсы  на  стихи 

Марины  Цветаевой.  Зрители  прослу-

шали записи таких романсов, как «Мне 

нравится, что вы больны не мною», «У 

зеркала».  А  студентки  Яна  Гумарова 

и  Анна  Криуля  порадовали  гостей 

замечательным  исполнением  роман-

са  «Под  лаской  плюшевого  пледа». 

Трогательные  стихи  М.Цветаевой  при-

обрели  новое  звучание.  Соединение 

музыки  М.Таривердиева  и  пронзительных  строк  поэтессы  не 

могло не взволновать сердца зрителей.

Атмосфера мероприятия была особенной, наверное, как и 

жизнь Марины Ивановны. Рябина, музыка, ее стихи – все это 

передавало необыкновенный дух Ее эпохи. Эпохи такой трудной 

для нее и ее современников и такой интересной благодаря ее 

стихам, нашему времени. Многие ее стихи, особенно последних 

лет, проникнуты грустью и какой-то безнадежностью. После про-

чтения стихотворения «Вчера еще в глаза глядел» студенткой 

1-го курса Анной Криуля, в аудитории долго звенела тишина. 

Сөз  өнері  ғасырлар  бойы  үздіксіз 

дамып,  халықтың  рухани  қажеттілігін 

өтеп келеді. Қоғамдағы әлеуметтік-саяси 

түбірлі өзгерістердің ең алдымен өнерде 

көрініс табатыны, бұл өзгерістердің оны 

соны  өзгерістерге,  тың  ізденістерге 

бастайтыны  -  ежелден  мағлұм  жайт. 

Өйткені,  қай-қай  замандарда,  уақытта  

да  өнердің  қандай  бір  түрі  болмасын 

өмір шындығынан нәр алады және сол 

шындықты  танушы  болады.  Ұлттық 

лириканың дамып-өркендеуіне зор үлес 

қосып келе жатқан ақын-жазушылардың 

шығармашылық болмыс-бітімін, ақындық 

қарым-қуатын  тану  -  әр  кезде  де  күн 

тәртібінен түскен емес.

Қазіргі  қазақ  жазушыларының 

көрнекті өкілінің бірі, бүгінде өлеңсүйер 

қауымға  танымал  жазушылардың  бірі 

Амангелді  Шахин  шығармашылығы 

әр  уақытта  да  көркем  шығарма  сүйер 

қауымның, әдеби сынының оң назарын-

да  болып,  оның  өмір,  белгілі  ақындар, 

махаббат, сезім, адам тақырыптарына 

арналып жазылған туындылары жоғары бағаланып келеді. 

Бұл  кездесуіміздің  негізгі  мақсаты  –  ақын  әрі  жазушы 

ағамыздың  шығармашылығындағы  махаббат,  көңіл-күй  лири-

касы, туған жер тақырыбы, дала образы жайлы кеңінен таны-

стыра  отырып,  әсіресе  көңіл-күй  поэзиясының  алуан  қырын 

сана  елегінен  өткізіп,  автордың  шығармашылық  әлеміндегі 

парасат  пен  сезім  дүниесінің  орнын  бағамдауда  болып  отыр, 

себебі  ақынның  сан-салалы  лирикасына,  лирикалық  кейіпкер 

әлеміне бойлай еніп, оның шығармашылығындағы парасаттылық 

пайымының  шарықтау  шегі  мен  сезім  дүниесінің  терең 

қатпарларын бағамдау.

Поэзиялық, прозалық, публицистикалық кітаптардың авторы, 

бүгінде Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз хатшы-

сы,  ақын,  Қазақстан  жазушылар  одағының  мүшесі  Амангелді 

Шахинге арналып отырған кештің шымылдығын 1-курс студенті 

Қадырбаева Құндыз «Жайық деген жанды су» атты термесімен 

ашса, ІІ курс студенті Қаршығақызы Таңшолпан  оның өмірі мен 

шығармашылығына арналған баяндама оқыды.

Бұл  кешімізге  басты  себеп  -  2012  жылғы  24  қыркүйекте 

өткен Қазақстан жазушылар одағының кезекті ХІVсъезі. Заңда 

белгіленген  ережеге  сәйкес  бес  жылда  бір  рет  өтетін  съезд 

жөнінде толық мағлұматты ақынның өзі берді.

Ақын  -  өзі  өмір  сүрген  дәуірдің  үнін  жеткізетін  ғасыр 

перзенті. Әрине біздің қоғамда заманның қайғы-қасіретін көрсе 

де  көрмегенсіп,  естісе  де  естімегенсіп,  билікке  жағыну  үшін 

«Көк байрағым желбіреп тұр» деп, жыр жазып жүрген ақындар 

жетіп  артылады.  Амангелді  ақын  арзан  сезімге  малданатын 

«ақындардың»  санатынан  емес.  Керісінше,    ол  -  өз  ұлтының 

мұңына көбірек құлақ түріп қазақтың көз жасын өлең орамалы-

мен сүртіп, жан жылуымен, жалынды өлеңімен жұбатқысы келіп 

тұратын жыр перзенті. 

Публицистикалық шығармаларының ішінде «Сол бір сүргін» 

деп  аталатын  тарихи  деректі  шығармасы  көпшіліктің  ыстық 

ықыласына бөленген болатын. 

«Сол  бір  сүргін»  атты  жазықсыз  қуғынға  ұшырағандар 

жөнінде нақты деректермен жарық көрген кітабы жөнінде айтқан 

әңгімесінен тыңдарман қауым ерекше әсер алды.

Жазушы әрі ақын Амангелді Шахиннің бүкіл шығармашылығын 

шолып шыққан адам оның шығармашылығының ең басты екі 

тірегін байқар еді: ол - ақынның туған ел мен жер, атамекен, 

қоғам, адамгершілік турасындағы салиқалы да салмақты ақыл-

парасат ұғымы мен оның махаббат пен көңіл-күй лирикасындағы 

арнасынан асқан асау сезім.  02101-топ студенттері Болатбекұлы 

Жанайдар, Ахметқалиева Самал, Татаханова Айдана ақынның 

сыры терең, сыңғыры бөлек  сыршыл өлеңдерін оқыса, ІІ курс 

студенті Орынбасаров Әділет өзінің жүрекжарды туындысымен 

кештің көркін келтіре түсті.

«Теледидарды қоссаң да, радионы ашсаң да құйылтып тіл 

безеп, ойқастап ой тербеп тұрған таныс тұлға, таныс үн. Газетке 

үңілсең де, алқалы жиынға жүгінсең де топты жарып, кесек ту-

рап, келісті сөз саптаған Шарабасов»,-деген болатын  Амангелді 

ақын өзінің  бір шығармасында.

Ақынның  ұстазы,  университетіміздің  профессоры, 

әдебиетші ғалым Серікқали Ғабдешұлы Шарабасов ізгі лебізін 

білдірсе,  кафедра  меңгерушісі  Мамыров  Азамат  Ыбырайұлы 

Амангелді  ағаның  алдағы  ақындық,  жазушылық  еңбегіне  зор 

шығармашылық табыс тіледі.

Қорыта  айтқанда,  ақын  Амангелді  Шахин  өлеңдері  - 

философиялық  түйіндер  мен  поэтикалық  қуаты  мол,  ойлы, 

өрнекті.  Ауыл  өмірінен  ойып  алынған  қысқа  да  нұсқа  әзіл 

әңгімелері  езуге  еріксіз  күлкі  үйіріп,  жан  жадыратады.  Ал 

публицистикалық  шығармалары  туған  өлке  тарихымен 

әуестенушілерді бей-жай қалдырмайтыны кәміл.



таңшолпан ҚаРШЫҒаҚЫЗЫ, 

Ырысты оМаРова,

филология факультетінің 2-курс студенттері

Отчаяние, тоска и грусть строк М.Цветаевой, посвященных воз-

любленному, передались слушателям.

Особенно  запомнилось  зрителям  стихотворение  «Знаю, 

умру на заре!», которое прочла студентка 1 курса Яна Гумарова. 

Оно настолько чувственно и проникновенно, что буквально за-

ставляет замереть сердце. 

Общее  впечатление  о  поэтическом  празднике,  конечно, 

положительное. Не может быть иначе, ведь это литературный 

вечер не простого поэта, а истинного гения женской души.



Ләззат Шыңғалиева, гр. 3107

Т

аланттарымен 



анылған

алаптылар



№ 10 (882) қазан 2012 жыл

14

«Полиглот» жаршысын әзірлегендер: 



алтын аманғалиқызы имағамбетова (жауапты редактор) 

Халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығының әдіскері;  

айдана Сұлтанмахмуд, 02302-топ студенті  

Халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығының жаршысы

№2, қазан, 2012 жыл

Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кемі үштілді болуы, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі тиіс. 

еуропада көптілділік қалыпты нормаға айналған, біз де осы қатардан міндетті түрде табылуға тиіспіз. ағылшын 

тілін кең тұрғыда білмей, ұлттың нағыз бәсекеге қабілеттігі туралы айту қиын.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының 

XII сессиясында сөйлеген сөзінен (2006 ж.,24 қазан)

  Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!               Учи все языки, родной цени навеки!              Learning foreign languages, respect your mother tongue!

Қадыр Мырза Әлі

Биылғы 2012-2013 оқу жылының басталуы тың жаңалықтарға толы  болды. Соның бірі – Қазақстан Республикасы Білім 

және ғылым министрлігінің арнайы ұйғарымына сәйкес университетіміз  осы оқу жылынан бастап көптілді бірлескен оқу 

бағдарламаларын іске асыру тәжірибесін жасауға рұқсат етілген санаулы ЖОО-лардың қатарына енуі. Бұл – министрлік 

тарапынан біздің оқу орнымызға көрсетілген үлкен сенім де. Министрліктің көптілді білім беруді дамыту бағдарламасына 

сәйкес университетімізде  алғашқылардың бірі ретінде халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығы ашылды. 

«Полиглоттар тобында оқығым келеді»

ҚазаҚтың тұңғыш полиглот 

ғалымы туралы білеміз бе?



Полиглот деп кімді атаймыз?

Полиглот  -  бірнеше 

тілді  жетік  меңгеріп,  еркін 

сөйлейтін  адам.  Сандаған 

тілдерді  өз  еркімен  емін- 

еркін игеріп, өз ортасында 

танымал  болған  полиглот 

ғұламалар қазақ халқында 

көптеп саналады. Әріге бар-

май,  беріден  қайтсақ,  бұл 

сапқа Құдайберген Жұбанов,  

Ахмет Байтұрсынов, Халел 

Досмұхамедов,    Мағжан 

Ж ұ м а б а е в ,   Б а у ы р ж а н 

Момышұлы  және  та ғы 

басқаларын  қосар  едік. 

Десек те, олардың ішінде тұңғыш полиглот ғалым атанған 

көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері - Асфендияров 

Санжар Сейітжапарұлы.

Ол  1889  жылы  Ташкентте  дүниеге  келген.  1907  жылы 

Ташкенттегі реалдық училищені, ал 1912 жылы Петербургтағы 

әскери-дәрігерлік академияны бітіреді. Әскери министрліктің 

теңіз  ведомствосының  стипендиясына  оқып,  төрт  жыл 

қатардағы  әскерде  қызмет  еткен  Санжарды  өмір  толқыны 

сансыз рет толқытады. 1914 жылы Жоғары Әскери басшылық 

қателіктерінің кесірінен 5-ші Түркістан атқыштар полкы Лодзъ 

неміс қоршауында қалып, Санжар басынан ауыр жарақат алып, 

жау тұтқынына түседі. Осы кезден-ақ, неміс тұтқынында патша 

үкіметі  тағдырдың  тәлкегіне  салған  мыңдаған  жауынгерге 

медициналық көмек көрсетіп, Торн, Кутно, Александровка кон-

центрационалды лагерінде бір жылға жуық уақыт өткізеді. Тек 

1915 жылдың аяғында Қызыл Кресттің тұтқындарымен алмасу 

бағытында  алдымен  Швецияға,  сосын  Санкт-Петербургке 

оралады. Бұл жерде арнайы медициналық тексерістен өтіп, 

денсаулығы нашар деп танылған Санжар Түркістан әскери- 

медициналық басқармасының резервіне жіберіліп, 1919 жылы 

Ташкентке оралады.

Туған жерге табан тіреген, дала ауасынан кең тыныс алған 

Санжар Асфендияров 16 жылға жуық уақыт бойы Түркістан 

Республикасының  Мәскеудегі  өкілі,  РСФСР  Кеңхалкомы 

ұлттық  мәселесі  жөніндегі  коллегиясының  мүшесі,  БОАК 

Президиумының мүшесі, КСРО ҒА-ның қазақстандық база-

сы  бөлімшесінің  орынбасары  сынды  жауапты  қызметтер 

атқарады.  Өзге  халықтардың  тұрмыс  ерекшелігін,  дәстүр-

салты  мен  мәдениетін  кеңінен  зерттеп,  ерінбей-жалықпай 

еңбектенуі, табанды түрде тер төгуі арқасында орыс, ағылшын, 

француз,  араб  тілдерін  жетік  меңгереді.  Соның  негізінде 

Қазақстан тарихының күрделі мәселелерін зерттеген тарихшы 

өзге тілдерде жазылған мағлұматтармен танысып, сараптама 

жасап,  еліміз  үшін  маңызы  зор  бірқатар  ғылыми  еңбектер 

жазады. Өкінішке орай, Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы 

жөнінде ашық айтылған, отаршылдықты әшкерелеген тарихи 

шығармасы үшін жұбайы Рабиға КарЛАГ-та 5 жыл айдауда 

болып, өзі жалған жаламен ату жазасына кесіледі. 

Ақыры,  өмір  қанша  сынаса  да,  сынына  мойымастан 

мақсатына ұмтылған белгілі ғалым  С. Асфендияров еңбегі тек 

1958 жылы 26 мамырда ғана ақталады. Бүгінгі таңда Алматы 

медициналық академиясы осы атақты ғалым атымен аталады. 

Көрнекті  қоғам  қайраткері  қиындық  кемесімен  жүзіп  жүріп, 

өзінің қазақ халқының тұңғыш полиглоты екенін сезбеген де 

шығар. Алайда, Санжар Асфендияров есімі қазақ үшін тұңғыш 

полиглот ретінде тарих беттерінен табылады.



Қадірлі  құрбылар!  Қиын-қыстау  заманда  сансыз 

теперіш,  тепкі  көрген  Санжар  сынды  ағаларымыздың 

білімге  құштарлығынан,  ел  үшін  еңбек  етуге  деген 

намысшылдығынан үлгі алсақ болар!

айдана СұЛтаНМаХМуД,

«Полиглот» жаршысының тілшісі

Орталыққа  директор  тағайындалып,  әдіскер,  аудармашы 

мамандар  тартылды.  Орталықтың  жылдық  жоспары  әзірленді. 

Бұл – осы  орайдағы іргелі істің басы ғана. Көптілді білім беруді 

дамыту  бағдарламасына  сәйкес  университетіміздегі  5В011900 

«Математика»  (8  студент),  5В011000  «Физика»  (8  студент) 

мамандықтарындағы  II  курс  студенттері  үш  тілде  (қазақ,  орыс, 

ағылшын тілдерінде) оқи бастады. Әзірге 16 студентті қамтыған 

бөлімге бүгінгі таңда тілдік білік-дағдыларына сәйкес жігерлі де  

алғыр,  мамандықтарын  құлай  сүйетін  лайықты  студент  жастар 

іріктелді.  Студенттер  контингенті  –  негізінен,  Батыс  Қазақстан, 

Маңғыстау,  Ақтөбе  облыстарының  ұландары.  Жуырда  аталған 

бөлім студенттері бас қосып, университетімізге Польша елінің Ұлы 

Казимир атындағы университетінен арнайы келіп, дәріс оқыған 

оқымысты ғалымдары Казимир Фабисяк, Петр Своровскилермен 

кездесу-сұхбаттасу барысында байқағанымыз – студенттеріміздің 

көптілді  білім  алуға  құлшыныстарының  зор,  ынта-жігерлерінің 

мол, қызығушылықтарының телегей-теңіз екендігі. Университет 

тарихындағы алғашқы полиглот  топ студенттеріне сәтті қадам 

тілеп, ендігі кезекте студент жастардың өздеріне сөз беруді жөн 

санадық.

ибалы тоқтамысова, 04203а-топ («Физика» мамандығы): 

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал» дегендей, көптілді 

игеру – заман талабы. Біз қазіргі таңда үш тілді меңгерудеміз. 

Осылайша жан-жақты жетіліп, жоғары талаптарға сай маман 

Көп тіл білгендік - көрегендік

Тіл - адамның, мемлекеттің бірден-бір айрықша белгісі. Тілі 

жоқ - нөл адам, мемлекеттік тілі жоқ ел глобуста болмайды. Қазақ 

тілі  ұзақ  та  қиын  жылдарды  бастан  кешірді,  сөйте  тұра  дана 

халқымыз жерін, елін, ділін сақтап қалды. Апыр-ай! Тәуелсіздік 

алған  күннің  өзінде  «мемлекеттік  тілге  орыс  тілін  жалғайық, 

қостілді ел болайық» деген мүләйім, жансыз ұсынысқа депутат-

жазушы  Шерхан  Мұртаза:  «Тіл  адамда  -  жалғыз-ақ,  ал  айыр 

тіл - жыланда ғана!» деп ана тіліміздің жауларын бір жуасытып 

алып еді...

Тәуелсіздік  алғанымызға  20  жылдан  асты.  Мемлекеттік 

тіл  нығайды.  Орыс  тілі  еш  салада  жетім  күн  көрген  емес. 

Енді  әлемдік  экономикалық,  техникалық,  сауда,  ғылым 

қауымдастықтарына  белсене  қатысу  үшін  үшінші  тілді  игеру 

мақсатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев қолдап отыр. Университеттің 

көрнекті ғалымы, тілші Ғабдырахым Әбухановқа баласы: «Қай 

мамандық  таңдайын,  әке,  жәрдем  беріңіз»,  -  десе,  ол  кісі: 

«Қызым, қандай төңкеріс - бұлғақтарда мектеп өлмеген, сірә, шет 

тілін қолайлаған жөн. Ең кемі екі тіл білген, кәдімгі құсша парлап 

ұшады емес пе?», - десе керек. Өте дұрыс шешім ғой.

Бүгінгі заман - кибернетика, нанотехнология заманы. Енді, 

сірә, үш тілді еркін меңгерген жөн. Мұнсыз әлемдік биіктерді 

игеру  мүмкін  емес.  Қазір  тіл  үйренуге  шекара  жоқ.  Жастар, 

болашақ  үшін  тиімді  сәттерден  қапы  қалмаңыз!  Көптілділік  - 

болашақ кепілі!



С.Ғ. ШаРаБаСов, 

М. Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры,

филология ғылымдарының кандидаты

болуға ұмтылуымыз керек. Мен өзім осындай бағдарламамен оқып 

жатқаныма өте қуаныштымын. Үш тілді өз мамандығымның 

нағыз иесі болатыныма сенемін. Әрине, бас кезінде қиналып, 

түсінбей де жатқан кездеріміз болды. Дегенмен «басы қатты 

болса, аяғы тәтті болады» деген бар емес пе? Осы жылдың сәуір 

айының 1-і мен 17-сі аралығыда университетіміздің делегациясы 

Еуропаның бес елінде (Франция, Германия, Польша, Люксембург, 

Бельгия) іссапарда болдық. Әр ел өзінің белгілі бір қасиеттерімен 

ерекшеленеді. Мен өз университетімнің арқасында шет елге 

шыққаныма шексіз бақыттымын. Өз елімнен жырақ жүріп, өміри 

тәжірибемді толықтырдым. Шет елге шығу үшін, әрине, тіл білу 

қажет. Тіл білмей елден шыға алмаймыз. Сондықтан да универ-

ситет қабырғасында жүріп, тілді меңгеріп, алыс шет елдерге 

өз мамандығым жөнінде тәжірибемді молайту мақсатында оқуға 

барсам  деп  армандаймын.  Сол  үшін,  ерінбей-жалықпай  еңбек 

етемін. 

Нургуль Бердишова, гр. 4201 (спец. «Математика»): Я хочу 

учиться в полиязычной группе. Так как считаю, что умным и 

квалифицированным специалистом можно лишь при стремлении 

студента к самопознанию и саморазвитию. Я думаю, что в по-

лиязычной группе можно развить именно такие качества. 

Наш университет имеет мощную базу для подготовки об-

разованных специалистов.  Так почему бы не воспользоваться 

такой возможностью. Наряду с казахским языком знание других 

языков  полностью меняет сознание студентов. Обучение в 

группах с таким направлением определенно дает преимущество 

обладать всеми навыками XXI  века в обучении полиязычного 

образования и подготовке специалистов. И я верю в то, что 

студенты обучающиеся по данной программе добьются успехов 

в этой сфере. 

Tursynay  Islyamova,  gr.  04201a  (spec.  “Mathematics”):  We 

live in innovative and information-advanced age. For broadening of our 

outlook and intellect, we have to comply with modern tendencies that 

require a learning of foreign languages. We are very glad that this year 

in our university was opened the International centre for development of 

polylingual education. And in this connection in physical and mathemati-

cal faculty organized polylingual groups by specialties “Mathematics” 

and “Physics”.  Since the beginning of the academic year we learn in 3 

languages, Kazakh, Russian and English. We need additional courses 

to improve our knowledge in these languages and centre gives us such 

opportunity. In the middle of October, the director and methodists of the 

International centre for development of polylingual education arranged a 

meeting for polylingual groups where were invited professors of physics 

and mathematics from Poland, Cazimir Fabisyak and Peter Svorovski. 

The meeting was devoted to discussions and acquaintance with the 

tasks of the academic year, concerning polylingual education, especially 

to development in improving knowledge in English. All participants of 

the meeting expressed their opinions and wishes. I was impressed with 

the event and now I have a desire to improve my knowledge in foreign 

languages.  

№ 10 (882) қазан 2012 жыл

15

Экономика 



- танымы терең сала

№7, қазан  2012 жыл

Экономика және басқару     

         факультетінің жаршысы



М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың  экономика және басқару факультетінде  қазан айының 

19-шы жұлдызында «Есеп және қаржы» кафедрасының оқытушысы, қаржы мамандығының 

09309, 09409 топтарының кураторы Махаббат Нұрланқызының ұйымдастыруымен  «Татуаж, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет