Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
М. Хакімжанова
Ұстаз... қандай
қ а с и ет т і с ө з ! Ә р
адамның жүрегіне
е р е к ш е ж ы л ул ы қ
нұрын себетін аяу-
лы тұлға бейнесімен
ө з е к т е с ұ ғ ы м .
А дам ба лас ының
ж ү р е г і н д е қ а д і р
тұтып, құрметтейтін
екі ұғым болса, оның
бірі – ұстаз.
« А д а м н ы ң
адамшылығы жақсы
ұстаздан болады» де-
ген А.Құнанбаевтың
с ө з і н т і л г е т и е к
ете отыр ып, м е н
ө з і м н і ң с ү й і к т і
ұстазым, информа-
тика кафедрасының аға оқытушысы Мұхамбетова Ғайнеш
Ғұмарқызы жайында сыр шертпекпін...
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
А з б а й т ұ ғ ы н а д а м н ы ң а л т ы н д ы ғ ы,-де п а қ ы н
Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән - осындай
ұстазымыз бар болғанын мақтаныш етемін.
Ғ.Ғұмарқызы бізге 2-курстан бастап сабақ береді. Өзінің
әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір
студентке деген қамқорлықтың, аналық сезімнің, дана
ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай болады. Иә, адамның
жан-дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу -
бұл нағыз шеберлік емес пе?! Бұл қасиеттің барлығы осы
аяулы ұстазымыз Ғ.Ғұмарқызының бойынан табылады.
Сонымен қатар Ғ.Ғұмарқызы - өз ісіне берілген, жаңалықты
жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өзі
де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп
жүретін ұстаздардың бірі.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,-
деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры
мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін
баршамыз мойындаймыз. Ғ.Ғұмарқызы - қандай жағдай
болмасын, шәкіртінің ығына жығылып, шәкірті үшін жан
аямайтын, әрқашан көмектесуге дайын, ақжарқын ұстаз.
... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете
түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің
барлығын жадында сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын,
алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі...
Ғ.Ғұмарқызының өзіме ұнайтын, өзім еліктейтін мінезі -
оның шыншылдығы. Ол - бала бойына ата-анадан кейінгі
ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-
сезімді сіңіріп келе жатқан екінші анамыз десем, артық
айтқан болмас едім.
Ғ.Ғұмарқызы өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен,
жайдары мінезімен, тіпті сырт-пішіні, киген киімімен де
әрбір шәкіртіне жақсы мағынада әсер етеді. Егер біреуіміз
сабақты түсінбей, үлгермей жатсақ, Ғ.Ғұмарқызы - сабақтан
кейінгі алтын уақытын бөліп, түсіндіріп, нәтижеге қол
жеткізгенше, аянбай еңбек етуге дайын, жақсы оқыта
білетін ұстаз.
Бүгінде Ғайнеш Ғұмарқызы - екі қыздың аяулы анасы.
Өмірге ұрпақ әкелген аналарды қалай ардақтасақ, сол
ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай дәрежеде
ардақтауға міндеттіміз. Себебі, ұстаз - ана, ұстаз -
дана. Ғ.Ғұмарқызы - даналықты жүрекпен ұға білетін
педагогикалық шебер иесі. Ол - адамның күрделі де
қызықты, шым-шытырығы мол, рухани жан-дүниесіне үңіле
білетін ерекше ұстаз.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әрі сыртқа шашпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы Ғ.Ғұмарқызындай ұстазын тапса адам!
Бұлбұл оРаЗҒаЛиева,
информатика мамандығының студенті
Ардагер ұстаздармен кездесу
Қазан айының тоғызында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Физика-математика» факультетінде университеттің
80 жылдығына орай ұстаздар мерекесі аясында көргені көп, көрегендігі асқақ ардагер ұстаздармен кездесу кеші
оздырылды.
Кездесуге осы білім ордасынан қанат қаққан, ұрпақтар
игілігі үшін аянбай еңбек еткен Ө.Қ.Құспанов, М.Ғ.Ахметов,
М.С.Хусаинов, Ю.К.Ермолаева, М.Қ.Нұрмұханбетова сынды
факультеттің ардагер ұстаздары және оқытушылары мен сту-
денттер қатысты.
Кездесудің шымылдығын ашқан факультет деканы
А.Б.Медешова қонақтарға қош келдіңіз айтып, ізгі лебізін
білдірді. Кездесу барысында сөз алған ардагерлер өздерінің
жастық шақтарын тамсана, тамылжыта баяндады. Студенттік
шақтарына саяхат жасап, біраз еңбек еткен факультеттің,
ұстаздық қызметтің қыр-сырларымен бөлісті. Көздерінің жана-
рынан, жүздерінің қуанышынан, жаныңды жадыратар сөйлеген
сөздерінен мейірімділіктің, адалдықтың желі есіп тұрды. Өйткені,
ұстаздық - пәктік айнасы.
Кездесу физика-математика факультеті студенттерінің
дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты. Әсем әннің,
мың бұралған бидің әуенінде тербелген ардагерлер көңілі бір
серпілді.
Көңілді күймен ардагерлер университеттің 80 жылдығына
орай қазақтан шыққан атақты ғалым-математиктерге арналып
безендірілген №310 дәрісхананы тамашалап, ақ дастарханнан
дәм татып, факультет ұжымына үлкен алғыстарын білдірді.
Кездесу соңында ардагер ұстаздарға сыйлықтар мен гүл
шоқтары табыс етілді.
Зухра МакСиМҚЫЗЫ,
информатика кафедрасының оқытушысы
Академиялық ұтқырлық -
білім берудің биік белесі
Ұтқырлықтың негізгі мақсаты – оқушыға өзі таңдаған мамандық бойынша көпжақты білім алуына мүмкіндік беру.
Физика және математика мамандығы бойынша білім алып
жатқан 3 курс студенттері қазан айының 15-27 аралығында
Польша мемлекеті Быдгощ
қаласынан Ұлы Казимир
универсиетінен келген
жо ғары оқ у орнының
қ ұрметті профессоры
Фабисяк Казимир мен
Своровски Пиотр атты
P�D докторының дәрісін
т ы ң д а д ы. Ле к то рл а р
дәрісті шет тілінде оқыса
да студенттерге жаңа
тақырыптарды түсініп,
оны тереңірек түсініп,
игеріп кету жеңіл бол-
ды. Дәрісте физика мен
математика пәндерінің
ерекшеліктері, күрделі
есептердің шығару жол-
дары, сонымен қатар
қызықты жаңалықтар ай-
тылды. Бір ерекшілігі,
дәріс сұхбаттасу және
көрнекіліктерді толық қолдану арқылы өткізілді. Дәрісті тыңдау
арқылы біздер кәсіби деңгейдегі шетел тілін де меңгеріп үлгердік
деуге болады. Профессор Фабисяк Казимир мен P�D докторы
Своровски Пиотр дәріс оқу барысында өз тәжірибелерімен
бөлісе отырып, біздерді Ұлы Казимир университетінде білім
алуға шақырды.
Бізге алыс шет елге бармай-ақ көпжақты білім алуға
мүмкіндік жасағаны үшін студенттер атынан университет рек-
торы, академик Асхат Сәлімұлына, физика-математикалық
факультетінің деканы Айгүл Бақтығалиқызына және физика-
математика кафедрасының меңгерушісі Айман Амангелдіқызына
алғысымызды білдіре отырып, осындай дәрістер алдағы уақытта
жалғасын тапса дейміз.
Роза ХаЙРуЛЛиНа,
физика мамандығының студенті
№ 10 (882) қазан 2012 жыл
18
Жаратылыстану-географиялық факультетінің жаршысы
№7, қазан 2012 жыл
2012 жылдың қазан айының 18-ші жұлдызында университетіміздің акт залында қара шаңырағымыздың
дамуына көп еңбек сіңірген, БҚМУ-да жемісті еңбек етіп, елеулі қызмет атқарған, зоолог ұстаз – Хавкин
Станислав Максимовичпен кездесу өтті.
Ұлағатты ұстаз қара шаңырақта
Өмірі үлгі, әр сөзі өнеге болған
Станислав Максимович жиналған
студенттерге өз өмірінен мысалдар
келтіре отырып, ұзақ та, қызықты
ғұмырынан түйген ой-пікірлерімен
бөлісті, студенттерді керемет кезең
– жастық шақты бағалауға шақырды,
өзіне тәлім берген мұғалімдерін есіне
ала отырып, нағыз педагог қандай
болуы керектігі жөнінде кеңестерін
айтты.
Кездесуге қатысқан студенттер
қонағымыздың әңгімесін бар зейінімен
тыңдап, әңгіме барысында қызу арала-
сып отырды. Станислав Максимовичтей
білімдіден шыққан сөз, біздің талапты
студенттерімізге кез болып, олар осы
кездесуден үлкен тәлім алды.
- Алған әсеріміз керемет, Станислав
Максимович өте ашық-жарқын, көңілді,
көзінен ұшқын көруге болардай жанып
тұр. Ол кісі өте патриот екен. Атайдың
айтқан сөздері бойымызға күш-қуат,
жанымызға жігер бергендей болды,-
дейді кездесуден алған әсерлерімен
бөлісіп студенттер.
80 жылдық тарихы бар білім орда-
мызда ұлағатты өнегесімен шәкірттер
алдында тағзым мен дәріпке ие
ұстаздарымыздың орны ерекше.
Сырлы да мәнді сұхбат студент
жастарымыздың жігерін жанып,
көздерін жандыра білді. Осы кешті
ұйымдастырушыларға барша сту-
денттер қауымы атынан шынайы
алғысымызды білдіреміз! Осындай
тәлімі мол кездесулер жалғасын таба
берсін!
Динара ЗиНеДеН,
01212-топ студенті
ҰСТАз - ҰЛЫ еСім
(апталық аясында өткен іс-шаралар)
Ұстаз - білімге, мәдениетке жетелейтін бірден-бір тұлға. Бала білімді өз
бетімен кітаптан оқып үйрене алады, бірақ тәрбиені өз бетінше ала алмайды,
өнеге мен үлгі ата-анадан қан арқылы дарыса, ұстаздан тәлім арқылы дариды.
Ұрпақ тәрбиесінде ұстаздардың алатын рөлі ерекше.
Факультетте ұстаздардың төл мерекесіне орай көптеген іс-шаралар
ұйымдастырылды. «Ұлы тұлға ұстазға» атты факультет студенттерінің
қабырға газеті бойынша 1-ші орынды биология мамандығының 01104-тобы,
2-ші орынды химия мамандығының 01103б, 01113б-топтары, 3-ші орынды гео-
графия мамандығының 01110-тобы иеленді. «Менің қиялымдағы ұстаз » атты
шығармалар байқауы бойынша 1-ші орынды 01105-топ студенті Чандыбаева
Гүлнұр, 2-ші орынды 01101-топ студенті Базарбаева Мөлдір, 3-ші орынды
01101-топ студенті Жұмахметова Гүлім қанжығаларына байлады. «Ұлылық
ұстаздан таралады» атты қаламгерлер байқауы бойынша 1-ші орын 01105-
топ студенті Утяшова Алмараға, 2-ші орын 01105-топ студенті Чандыбаева
Гүлнұрға, 3-ші орын 01107-топ студенті Молдагалиев Қуанышқа бұйырды.
Факультет ішінде «Жыл ұстазы-2012 ұстаздар арасындағы байқау өткізіліп,
Сейфуллина Баян Серікқызы «Жыл ұстазы-2012» атағын жеңіп алды. Бекқалиев
Бауыржан Үмбетқалиұлы «Аспаз ұстаз», Айманова Ерсін Ерденқызы «Өнерлі
ұстаз», Молдагалиева Мәншүк Айтуғанқызы «Білімді ұстаз», Хрысева Наталя
Андреевна «Өнегелі ұстаз» номинацияларымен марапатталды.
Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған шаралар жоғары деңгейде өткізілді.
Біз, болашақ маман ретінде ұстаздарға қарап бой түзейміз, сондықтан дәл
осындай іс-шаралардың жиі өткізілуін қалаймыз.
«Ұстаз деген - ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін қара шашты»- дей келе, шәкірттерге ақылдың дәнін сеуіп,
нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иелеріне баянды бақыт, еңбектеріне
толағай табыстар тілейміз.
«Жас талант»
15-19 қазан күндері аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс
Қазақстан мемлекеттік университетінің жаратылыстану-географиялық
факультетінде «Жас талант» ән байқауы өткізілген болатын. Байқаудың
мақсаты - жастардың елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу, жастар
шығармашылығына қолдау көрсетіп, талантты жастарды анықтау,
ән өнерінің құдіреті мен әсемдігін көрсетіп, студент-жастардың бой-
ында әнге деген құштарлықты ояту, өнерпаздардың орындаушылық
шеберліктерін шыңдау, жастардың қоғамдық өмірде белсенділігін
арттыру.
Байқауға жаратылыс-
т а н у - г е о г р а ф и я л ы қ
факультетінің 1-3 курс
студенттері дуэт, трио,
квартет болып сынға
түсті. Байқау «Әнім саған
туған ел» атты патриот-
тық тақырыптағы 1-ші
ке з е ң н е н жә н е е р к і н
тақырыптағы 2-ші кезең-
нен тұрды.
БҚМУ-дың 2012 жылғы
түлегі, «Нұр Отан» ХДП
жанындағы Жас Отан
Ж а с т а р Қ а н а т ы н ы ң
Б атыс Қ аз ақс тан об -
лысы филиалының жо-
ба л ар ү й л е с тіру ші с і,
Батыс Қазақстан облы-
сы студенттік құрылыс
және жастар еңбек жасақтары штабының офис менеджері Ешимова
Жанбота Есенғалиқызы, БҚМУ-дың 2011 жылғы түлегі, бірнеше облыстық,
республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Даулетқалиев
Айтемір Тілекқабылұлы, облыстық және республикалық байқаулардың лау-
реаты, мәдениет және өнер факультетінің музыкалық білім мамандығының
3-курс студенті Кабиев Азат Маратұлы, облыстық Ғұбайдолла Хибашевтың
әндерін орындау байқауының бас жүлдегері, 2007 жылы Украина еліндегі
Одесса қаласында өткен «Созвездие, море, солнце» атты байқауының ди-
пломанты, 2010 жылы Алматы қаласында өткен «Ғұмырдария» байқауының
бас жүлдегері, «Вокалдық өнер» мамандығының 3-курс студенті Бақтығалиев
Асылан Мұхтарұлы, республикалық және халықаралық ән байқауларының
лауреаты, мәдениет және өнер факультетінің музыкалық білім мамандығының
3-курс студенті Баймағанбетов Әмірхан Амантайұлының қазылығымен өткен
ән байқауына 11 топ қатысқан болатын.
Жоғары деңгейде өткен байқау нәтижесінде әділқазылар алқасының
шешімімен «ЖасSt�r» тобы бас жүлдеге ие болды. «К 3» тобы І дәрежелі дип-
ломмен, «БИО-�t�r�» тобы ІІ дәрежелі дипломмен, «Ая - Нұр» тобы ІІІ дәрежелі
дипломмен, «MANDS» тобы «Жарасымды жұп», «Ай - Хан» тобы «Көрермендер
көзайымы» номинациясымен марапатталды.
«SAVI», «2 �� 1», «B��t �t�d��t�»,
«Қуаныш», «Тарлан» топтары алғыс хатпен марапатталды.
Студенттер қауымы үшін осындай байқаулар мен іс-шаралардың өткізілуі
- өте маңызды. Жаратылыстану-географиялық факультетінің студенттік дека-
натына алғысымыз шексіз,- дейді студенттер.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында
жаратылыстану-география факультетінде 1-курс студенттері арасында «ЖІГІТ СҰЛТАНы - 2012» байқауы
өткізілді. Байқаудың негізгі мақсат-міндеті - жастарды елін, жерін, Отанын сүюге, ержүректілікке тәрбиелеу,
жастардың қоғамдық өмірде белсенділігін арттыру, жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа
баулу, талантты жастарға қолдау көрсету.
анықТалды
Жігіттің сұлтаны
«Жігітке жеті өнер де аз», -
дегендей, өз бойындағы өнерін
сарапқа салатын «ЖІГІТ СҰЛТАНЫ
- 2012» байқ ауына 10 с т удент
қатысты. Жыл сайын дәстүрлі түрде
ұйымдастырыып жүрген мұндай
іс-шараның орны ерекше. Себебі,
шығыс философы Әбу Насыр әл-
Фарабидің айтуынша, «Тәрбиесіз
берілген білім – адамзаттың қас
жауы», яғни, студенттердің арасында
осындай тәрбиелік мәні бар шара-
ларды ұйымдастырудың нәтижесі
де соғұрлым жемісті болмақ. Кеш
студенттерді болашаққа бағыттап,
оларды жігерлілік пен ұстамдылыққа,
тапқырлық пен ақылдылыққа, ізгілік
пен ісмерлікке, әдептілік пен әдемілікке
тәрбиелеу мақсатын көздеді. Кермеге
тартылу, ұзындыққа секіру, кір тасын
көтеру, қол күресі секілді кезеңдерден
тұрған бірінші турда, таныстыру, тап-
сырмаларды орындау, өнерін көрсету,
тағам әзірлеу сайысынан тұрған
кезеңдерде де қатысушы сері жігіттер
бар өнерлерін көрсете білді.
«Жігіт сұлтаны - 2012»
атағын
бейорганикалық заттардың химиялық
технологиясы мамандығының 1-курс
студенті Құрманалы Жеңісбек жеңіп
алса,
биология мамандығының
1-курс студенті Ситешев Айдос
«Өнерлі жігіт» номинациясымен, хи-
мия мамандығының 1-курс студенті
Бақтығалиев Қуаныш «Сері жігіт»
н о м и н а ц и я с ы м е н, г е о г р а ф и я»
мамандығының 1-к урс ст уденті
Шынжырбеков Ернар «Сегіз қырлы,
бір сырлы жігіт» номинациясымен,
химия мамандығының 1-курс студенті
Мырзагерей Сырым «Аспаз жігіт» но-
минациясымен марапатталды.
Биология мамандығының 1-курс
студенті Мулдагалиев Куаныш,
география мамандығының 1 курс
студенті Нұғмаров Нұрлыбек, биоло-
гия» мамандығының 1 курс студенті
Батыргалиев Алихан, география
мамандығының 1-к урс ст уденті
Ахмедалиев Алтынбек, биология
мамандығының 1-к урс ст уденті
Бектұрғанов Ерғалилар Алғыс хатпен
марапатталды.
Сайыстың жоғары дәрежеде
өткендігін атап өткен әділқазылар
алқасы «Ата салтын ардақтайтын,
өз елін сүйер нағыз қазақ жігіттері
көбейсін »,- деп жылы лебізін
білдірді.
Гүлім ЖұМаХМетова,
химия мамандығының 1-курс студенті
№ 10 (882) қазан 2012 жыл
19
Оқытушылар арасындағы сайыс
2012 жылдың 23-24 қазан күндері БҚМУ Спорт сарай-
ында университетіміздің 80 жылдығына орай Ректор
кубогіне арналған университет студенттері арасында
волейболдан жарыс болып өтті.
РЕктоР
кубогінЕ
арналған
волейбол жарысы
Жарыстың салтанатты ашылуына орай тәрбие жұмысы
жөніндегі бөлім жетекшісі М.И.Исатаев құттықтау сөз сөйлеп,
қатысушыларға сәттілік тіледі. Бар факультеттің басын
біріктірген бұл жарыс өте тартысты өтті. Жарыс қорытындысы
бойынша жеңімпаз командаларды тәрбие жұмысы және
әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Т.М.Даришева
марапаттады. Жүлделі І орынды мәдениет және өнер
факультетінің құрама командасы, ІІ орынды экономика және
басқару факультетінің құрама командасы, ІІІ орынды физика-
математика факультетінің құрама командасы иеленді.
Жүлделі орындармен қоса ең үздік ойыншылар арнайы
номинациялармен марапатталды. «Үздік шабуылшы»
номинациясымен мәдениет және өнер факультетінің
2-курс студенті М.Демеуов, «Үздік қорғаушы» номинация-
сымен физика-математика факультетінің 1-курс студенті
Н.Құлшаров, «Үздік байланыстырушы» номинациясымен
экономика және басқару факультетінің 3 курс студенті,
студенттік деканы Т.Бердібай марапатталды.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 80 жылдығына орай
ұйымдастырылған РЕКТОР КУБОГІНЕ арналған студент-
тер арасында өткен волейбол жарысы жоғары дәрежеде
өтті. Ұйымдастырушылар алқасына студенттер атынан
алғысымызды білдіре отырып, әдемі ойын өрнегін көрсете
білген факультет студенттерін жүлделі орындарымен
құттықтаймыз.
Өз тілшіміз
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында
«Дені сау ұлт үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы
жоғары. Балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен
спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер
туғызуға ерекше ден қойылуы тиіс, 30%- ға дейінгі
қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек»
деген болатын. Елбасымыздың Жолдауын жүзеге асы-
ру, салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің
бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 2012 жылдың
19 қазан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік университетінің БҚМУ Спорт сарайында
«Жас экономист» жастар қоғамдық бірлестігі мен «БҚМУ
Студенттер кәсіподағы» қоғамдық бірлестіктерінің
ұйымдастыруымен университеттің 80 жылдығына арналған
дәстүрлі «Шынықсаң, шымыр боларсың» атты спорттық
жарысы өтті.
Жүйріктен
Ж
үйрік
озар арысқанда
Жарысқа барлығы 15 команда қатысып, жарыс 5 кезеңді
қамтыды. Биылғы спартакиаданың басты ерекшелігі жарысқа тек
жастар қоғамдық бірлестіктері мен әр бөлімінің командалары ғана
емес, университетіміздің магистранттарынан (М.Берлигужин,
Е.Жақсылықов, Б.Меңдіғалиев, А.Сейтқазиев, А.Дәулетбаева,
А.Жақсығалиева) құралған команда да қатысқан болатын.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды педагогика
және психология бөлімінің командасы, 2 орынды экономика және
басқару факультетінің құрама командасы иеленсе, 3 орынды
БҚМУ колледжінің құрама командасы қанжығаларына байлады.
Жүлделі орындармен қоса, үздік қатысушылар «Ең жүйрік» номи-
нациясымен педагогика және психология мамандығының 1 курс
магистранты А.Жақсығалиева, «Ең шымыр» номинациясымен
дене шынықтыру және спорт мамандығының 3 курс студенті
Т.Бақтығалиев, «Ең мерген» номинациясымен экономика
мамандығының 1 курс студенті Д.Турдалиева марапаттал-
ды. Сонымен қоса жарысқа белсенді қатысқан Қ.Рахметов,
Н.Айболатов, А.Меденов сынды студенттеріміз үздік деп таны-
лып, естелік сыйлықтармен марапатталды.
«Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды.
Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен
елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып
отырды» деп - Елбасымыз айтқандай, бұл эстафаталық ойын-
да ұйымшылдығы мықты команда жеңімпаз атанды деген
сенімдемін.
Үміт ЖӘңГІРова
2012 жылдың 20 қазан күні М.Өтемісов
атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университетінің 80 жылдығына орай Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауын жүзеге асыру, оқу ордамыздың та-
рихы мен салт-дәстүрін құрметтеуге шақыру,
оқытушылар мен қызметкерлер арасында са-
лауатты өмір салтын насихаттау мақсатында
өмірге талай талант иелері мен біртуар
азаматтар тәрбиелеп ұшырған, бақыты
байлықпен емес, шәкіртінің жетістіктерімен
Достарыңызбен бөлісу: |