Анонс: Дарынды және ынталы жас ғалымдарды инновацияның дамуына өз үлестерін


-17 октября в г. Уральске состоялся семинар по под-



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата03.03.2017
өлшемі21,64 Mb.
#6104
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

16-17 октября в г. Уральске состоялся семинар по под-

готовке заявок на грантовое финансирование научных 

исследований. Семинар был проведен  Национальным 

центром государственной научно-технической экспертизы 

при поддержке Комитета науки МОН РК в сотрудничестве 

с ЗКАТУ им. Жангир хана. 

Цель семинара - улучшение качества подаваемых научных 

заявок, а также укрепление сотрудничества с международными 

научными сообществами. 

В  работе  приняли  участие  ведущие  научные  деяте-

ли  Казахстана  и  представители  лучших  международных 

университетов  мира,  в  числе  которых  Гарвардская  школа 

медицины (США), МГУ (Россия), Империал Колледж Лондон 

(Великобритания), Университет Брайтона (Великобритания), 

Университетский  Колледж  Лондона  (Великобритания),  

Университет  Калифорнии  в  Беркли  (США),  Вашингтонский 

университет в Сэнт Луисе (США, Университет Эге (Турция). 

В  семинаре  приняли  участие  26  преподавателей  ЗКГУ  им. 

М.Утемисова.

Была создана диалоговая площадка между казахстански-

ми учеными и ведущими учеными университетов и научных 

фондов мира.

Жастар - елдің болашағы 



М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  

университетінде «Біз, жастар, діни сектаға қарсымыз!» атты 

тақырыбында конференция өткізілді. 

Бұл  конференцияның  негізгі  мақсаты  болашақ  қазақ  жа-

старын,  Қазақстан  аумағындағы  діни  ұйым  секталарының 

көбейіп,  шарықтау  шегіне  жетуіне  байланысты  жастардың 

бұрыс  жолға  түсіп  кетуіне  бағыт  беру,  діни  сауаттарын  арт-

тыру болатын. Дін мәселелері қоғам мен мемлекет үшін аса 

маңызды  да күрделі проблемалардың бірі болып табылады. 

Дін  қоғам  өмірінің  барлық  жақтарына  әсер  етіп,  қоғамдық 

дамуға зор ықпал етеді. Қазіргі таңда діни секталардың саны 

артуда. Қоғамдық ұйымдар осы мәселелерге байланысты әр 

түрлі  шаралар  ұйымдастырып,  қоршаған  ортаға  кері  әсерін 

тигізбеудің алдын алуда.

Бұл    шараға  №1  жатақхананың  студенттері  және  ғылым 

департаментінен    Мажиев  Ғилымбек  Жәдігерұлы,  Ақанов 

Жарас  Иебергенұлы  қатысып,  өздерінің  діни  ұйымға  байла-

нысты дәрістерін оқып, ой-пікірлерін білдірді. 

Құран  -  барша  мұсылмандардың  ерекше  қадір  тұтып, 

ұстанатын  кітабы.  «Құран»  сөзі  араб  тілінде  «көп  оқылатын 

кітап»  деген  мағынаны    білдіреді.  Құранның  әл-Китаб, 

әл-Фурқан,  Рахмәт,  Шифа,  Уахи,  Азиз,  т.б  атауларда 

кездесетінін айтып, мәлімдеме беріп кетті. Өзекті мәселелер 

көтерілген маңызды жиын  жастардың бойына күш-қуат беріп, 

көкейлерінде  жүрген  сұрақтарына  студент  жастар  қонымды 

жауап ала алды.

Біз,  тәуелсіз  елдің  жастары,  өзге  елдермен  тереземіз 

тең  болып,  әрі  қарай  алға  қойған  мақсатымызға  жету  жо-

лында жалықпай еңбектенуге міндеттіміз. Біздер, Қазақстан 

Республикасының жастары, қазақ жерін, қазақ елін көркейтіп, 

өсіп-өнуіне  үлес  қосуымыз  қажет.  Еліміздің  болашағы  – 

жастардың қолында!



айгерім таШБаева,

тарих және құқық факультетінің 1-курс студенті 

Мен қазақ қыздарына қайран қалам...

.

Үстіміздегі жылдың қазан айының 18-і күні «Ақ Жайықтың ақ шағаласы» 

атанған Ақұштап Бақтыгереева қасиетті білім ордасы М.Өтемісов атындағы 

Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетіндегі  әр  факультеттің  студент 

қыздарымен ашық сырласу сағатын өткізді.

  Бүгінгі  Жайықтың  қыз  Жібегі,  сұлу  Баянына  лайықты  Жайық  аруларымен 

алғашқы  сырласу  сағатының  ашылуына  аталған  оқу  орнының  тәрбие  ісі  және 

әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Дәрішева Түймеш Малбағарқызы мен 

тәрбие  жұмысы  бөлімінің  жетекшісі  Исатаев  Мейрам  Исатайұлы  қатысты.  «Мен 

қазақ  қыздарына  қайран  қалам»  деген  жерлес  ақынымыз  Жұбан  Молдағалиев 

жырымен  үндес  келген  ақын  апамыздың  бұл  дәріс  сабағы  қазақ  қыздарына  тән 

пәктік  пен  адалдыққа,  «сабырлы  таудай  салмақты  мінез»  бен  қайырымдылыққа, 

«жеңілмес мықты қару – нәзіктік» пен тәкаппарлыққа жаны жақын болуға үндеді. 

Көркем шығармаларда кездесетін сұлу әйел бейнелері арқылы өмірден сабақ алып, 

шыңдала түсуімен қатар қазақтың намысты қызы болуға шақырды.

«Өлең-жырды түсіну – сұлулықты түсіну, себебі поэзия – сұлулықтың көрінісі» 

санайтын ақын Ақұштап апамыз дәріс барысында тақырыпқа сай өзінің «Ақ шағала» 

атты жыр жинағынан өлеңдер оқыды:

Осал да болма ойыңнан оңай адасқан,

Өжет те болма орынсыз сөзге таласқан.

Алдымен қызға керегі - пәктік, адалдық,

Одан соң, жаным, жаз мінез керек жарасқан...

«Сіңліге сыр» деп аталатын бұл жыры ақынның туған жері – Ақжайық аруларының 

намысы  мен  абыройы,  ақылы  мен  бақыты  үшін  Отанына 

оралуының себебін айқындайды. «Қызға қырық үйден тыю» деп 

атам қазақ бекер айтпаса керек-ті, «Әкеме» жырынан Ақұштап 

апамыздың өз жастық шағында әке үшін қыз бала емес, «әке 

көріп,  оқ  жонар»  демекші,  ұлдай  тәрбиеленіп  өскендігін  де 

байқамау мүмкін емес-ті:

Болса да нәзік гүл өңім,

Өсірдің еркек баладай.

Қыз деуді, әке, білемін,

Көңілің жүрді қаламай.

Қалмадым елі қасыңнан,

Мен болдым қызың, ұлың да.

Үйір ғып қойдың жасымнан

Қамшыға, асау құлынға.

Тағдыры қыздың мүлде өзге,

«Жаралды жатқа» - деме сен.

Асығып күткен бір кезде,

Армандай балаң емес пе ем?!

Асау  құлындай  еркін,  ерке  кездерінде  қазақ  аруларының 

«қызым үйде, қылығы түзде», аяғын аңдамай шалыс басуының 

салдарынан бүгінде етегін кеңге жая белең алып отырған жетім, 

тастанды балалардың көбеюінің алдын алу мақсатын көздеген 

ақын  сырын  ішке  бүгіп,  тіпті  дос  құрбысына  да  ашыла  айта 

бермейтін құпиясын қағаз бетіне түсіріп отыру керектігі жөнінде 

өз ақыл-кеңесін берді. Бір заматтары қос етек көйлек, камзол 

киген, «таудан ақын құлатқан бұлақ, қол жетпеген ұнатқан ар-

ман» болған қос бұрымды, шашбаулы арулардың бұл күндері, 

«заманына қарай адамы ма?.. қалай?..» «жүнін жұлған тауықтай» 

бүгінгі бойжеткен қыз – ертеңгі бір-бір үйдің берекесін айрандай 

ұйытып  отыратын  болашақ  ана  болатынын  ұмыт  қалдырып, 

«қысқа көйлек белін ашты, кіндік тесіп, сырға тақты» қылықтары 

өз  алдына,  қызға  лайықты  ар-ождан,  ибалықтан  безгендігі 

қынжылтады ақын апамызды.

Ол қолдан шелектен су ішті бүгін,

Өжеттің кім түсінсін ішкі мұңын.

...Асаудан жуас болдық, өмір деген,

Қояр  ма  мойындатпай  күштілігін,-  деп  жырлағанындай, 

өмірдің  бой  бермес  қиын  белестерінде  сонау  1945  жылдары 

зұлмат соғысты көзі көрген ұшқыш Хиуаз Доспанова, «Максим» 

пулеметін  серік  қылған  Мәншүк  Мәметова,  мерген  Әлия 

Молдағұлова сынды батыр апаларымыздың ерліктерін бір сәт 

еске алып, ескеруді үлгі-өнеге етеді.

Мұндай дәріс сабағы – сырласу сағаттарының әлі де бола-

тынын жоспарына нық бекіткен екен ақын. Біздер де қасиетті 

білім ордамызда ақын апамызды дәл осылай құшақ жая қарсы 

алатын күндерді асыға күтеміз әлі-ақ.

Әйгерім ҚауеН, 

филология факультетінің 2-курс студенті

Жайықты 


әнмен тербеткен... 

2012 жылдың 24-25 қазан күндері аралығында Қазақстан 

және  Қырғызстан  Республикаларының  еңбек  сіңірген 

мәдениет қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 

ҚР  «Парасат»,  Қырғызстан  Республикасының  «Дәнекер» 

ордендерінің  иегері,  Жамбыл  және  Шыңғыс  Айтматов 

атындағы  халықаралық  әдеби  сыйлықтардың  лауреаты, 

белгілі  сазгер,  жазушы,  өнер  зерттеушісі  Илья  Жақанов 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ мәдениет және өнер факультетінің 

студенттеріне және магистранттарына жеке дәріс оқыды.

Илья Жақановтың жазушылық, композиторлық мұрасының 

ішінде Жайық өңірі ерекше көркемдікпен мазмұндалады. 

Композитор  өз  шығармашылығында  өңірдің  табиғатына, 

геосаяси  жағдайына  үлкен  мән  беріп,  көкірегіндегі  үлкен 

сезімін әнге қосады. Оның көптеген  туындыларының ішіндегі 

Жұбан  Молдағалиевтің  сөзіне  жазылған  «Еділ  мен  Жайық» 

әнінің  орны  бөлек.  Халық  арасына  тез  таралған  әнде  қос 

өзеннің  ағысы  секілді,  шекаралас  жатқан  халық  өмірінің  бір-

бірімен астасып жатқан тұрмыс-тіршілігі, тарихы жырланады. 

Қазіргі  кезде  И.Жақановтың  бұл  туындысы  достық  символы 

ретінде халық арасына тез таралып, республикамыздың ше-

бер орындаушыларының репертуарынан табылып, концерттік 

бағдарламалар, ақпарат құралдары арқылы кең насихатталу-

да. Сонымен қатар, композитордың Ақжайық өңіріне арналған 

«Оралдың ерке самалы», «Ағады, Жайық, ағады» атты әндері 

де ел арасында кеңінен орындалады. 

Ән деп жүрегі соққан, жастық арман жылуында маужыраған, 

туған жерге деген асыл сезім құшағында тербелген, достыққа 

деген пәктікті жүрегінде әлдилеген қазақ елінің әрбір перзенті 

Илья әндерінің жаныңды баураған сазының ғажайып лиризмге 

бөккен мелодиясымен сусындап өсті.

Композитордың  өзі  елдің  қай  бұрышына,  қай  түкпіріне 

барса да, қай республикаға қадам басса да, оны бауырындай 

қабылдайды. Илья Жақановтың саз өнерін Ақ жайық жастары да 

ерекше ілтипатпен қастерлейді және қастерлей бермек.



№ 10 (882) қазан 2012 жыл

4

руханият



АО  «НЦНТИ»  крупный  информационный  центр 

Казахстана, занимающийся вопросами создания госу-

дарственных ресурсов научно-технической информа-

ции,  изучения  информационных  потребностей,  обе-

спечения научно-технической информацией ученых и 

специалистов и доступа потребителей к отечественным 

и зарубежным источникам информации, основанный 

в 1957 году. 

ДеятельнОсть 

национального центра 

научно-технической информации



Главная задача АО «НЦНТИ» - формирование массива 

государственных информационных ресурсов в научно-

технической  сфере  страны,  включая  информацию  о 

научном потенциале в целом. В их составе массивы до-

кументов и сведения о национальных, республиканских, 

целевых, отраслевых, межотраслевых, региональных 

научно-технических программах и программах фунда-

ментальных исследований, завершенных НИР и ОКР, 

защищенных диссертациях, депонированных рукописях 

научных работ, научно-технических разработках.

За эти годы Национальным центром научно-технической 

информации подписаны Национальные лицензии с Научным 

подразделением ТhomsonReuters, центром обслуживания 

клиентов SpringerGmbH, а также с компанией  Elsevir. Что 

позволяет казахстанскому академическому сообществу по-

лучать бесплатный доступ к данным электронным ресурсам 

в пределах вуза. Учитывая острую необходимость научного 

сообщества  Казахстана  в  зарубежных  информационных 

ресурсах - научных журналах, базах данных, АО «НЦНТИ» 

занимается популяризацией зарубежных ресурсов и повы-

шением престижа казахстанской науки на международном 

уровне.

Ра б о т а  н а п р а в л е н а  н а  ул у ч ш е н и е  н ау ч н о -



исследовательской  активности  казахстанских  ученых, 

изучение информационных потребностей, создание госу-

дарственных ресурсов научно-технической информации.

Связаться с филиалом НЦНТИ в ЗКО можно по адре-

су: 090000, г.Уральск, пр. Достык-Дружбы 218/2, каб.107,e-

mail: zkf_ncnti@mail.ru, тел: 8 (7112) 53 58 76; сот: 8775 408 

76 19; 8777 183 47 17.

Жақсы кітап – жан азығы

кітапханашылардың 

басқосуы


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында «Әлемнің шапағатнұрлы 

адамдары» атты ақпараттық-танымдық, әдістемелік жинақтың тұсаукесер рәсімі болып өтті.

«ТаугулПринт» баспасынан Қазақстан Республикасы 

Тәуелсіздігінің  20  жылдығына  арналған  «Әлемнің 

шапағатнұрлы адамдары» атты жинақтың тұсаукесер 

рәсіміне  БҚМУ  оқытушылары  мен  студенттері, 

баспасөз  басылымдарының  өкілдері,  БҚО  білім 

басқармасының өкілі мен ұстаздар қауымы қатысты.

Жастардың дүниетанымын толықтыру бағытында 

жасалған  «Әлемнің  шапағатнұрлы  адамдары», 

«Одаренные  люди  земли»  атты  екі  тілде  жазылған 

ақпарат тық-танымдық ,  әдіс темелік  ж инақ ты 

құрастырушылар  -  облыс  мектептерінде  көптеген 

жылдар бойы қызмет еткен, 1968 жылы А.С.Пушкин 

атындағы Орал педагогикалық институтының  тарих-

филология факультетін тәмамдаған Миуа Ғалымқызы 

Наурызғалиева  мен  университет  түлегі,  мәдениет 

және өнер факультетін үздік дипломмен тәмамдаған 

Гаухар Амангелдіқызы Капушова.

Алғашқы сөз кезегін алған М.Өтемісов атындағы 

БҚМУ-дың  тәрбие  ісі  және  әлеуметтік  мәселелер 

жөніндегі проректоры Түймеш Малбағарқызы Дәрішева 

кітап  авторы  М.Ғ.  Наурызғалиеваны  жарық  көрген 

жинағымен құттықтап, еңбегіне зор табыстар тіледі. Жаңа кітаптар 

кітапхана сөресінен табылсын деген ізгі ниетін білдірді.

Тұсаукесерге қатысқан облыстық «Жайық ұстазы» газетінің 

редакторы Ақмаржан Бақытқызы Таубаева «Жаңа кітап – жан 

азығы»  атты  баяндамасында  кітаптың  тарауларына  талдау 

жасап,  ақпараттық-танымдық  жинақтың  берері  мол  екендігін 

барша тыңдаушы қауымға баяндап берді.

Кеш  барысында  жинақта  топтастырылған  Ерназар 

Қисахметовтың «Азаттық» өлеңін 02202-топ студенті Әмірашев 

Нұркен  орындаса,  02105-топ  студенті  Лесов  Наурызбек 

Қ.М.Тарыбаевтың «Қорқыт баба» өлеңін оқыды. Ал, Махамбеттің 

күйі  «Қайран  Нарынды»  БҚМУ  оқытушысы  Асқар  Құсайынов 

орындап берді.

БҚО  Білім  басқармасының  әдіскері  Нұржан  Жұмабекұлы 

Сәбитов  «Ілгілік  ілімі  –  болашаққа  қорған»  тақырыбындағы 

мәліметінде  атаулы  іс-шараның  мән-жайын,  жинақ-кітаптың 

әдістемелік  құрал  ретінде  қолдануға  болатындығын  айтып, 

авторға шығармашылық табыстар тіледі. 

Кеш соңында сөз алған құрастырушы автор Миуа Ғалымқызы 

Наурызғалиева  кітаптың  қандай  мақсатпен  жазылғандығын, 

берері  мол  дүние  екендігін  баса  айтып,  кітаптың  соңында 

электронды  нұсқасымен  қатар,  музыкалық  шығармалардың 

жиынтығы  бар  екендігін  көрсетті  және  шара  қонақтарына, 

ұйымдастырушыларға шексіз ризашылығын білдірді.

  «Кітап  дегеніміз  –  алдыңғы  ұрпақтың  кейінгі  ұрпаққа 

қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан 

да тыйылар едік» деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, кітап адам 

баласының  сан  ғасырлық  ақыл-ойының  жемісі,  тарихы  мен 

тағылымының алтын сандығы екенін ұмытпайық, ағайын!

Назгүл еРМекҚаЛиева,

 ғылыми кітапхана әдіскері

М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ-дың  80  жылдық  мерей-

тойына  орай  Батыс  Қазақстан  облысындағы  жоғары 

оқу  орындары,  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру 

ұйымдары  кітапханаларына  әдістемелік  орталық  болып 

табылатын  университет  ғылыми  кітапханасы  «Оқу  орны 

кітапханаларының оқу үрдісіндегі рөлі, даму кезеңдері мен 

бағыт алысы» атты облыстық семинар өткізді. 

Конференцияға  Жәңгір  хан  атындағы  БҚАТУ  ғылыми 

кітапханасы,  Біліктілікті  арттыру  институтының  кітапханасы, 

Жәнібек,  Шыңғырлау,  Переметное,  Ақсай  техникалық  кол-

ледж  кітапханалары,  Орал  қаласындағы  №12,  №1,  №3, 

№4  кәсіптік  лицей  кітапханалары,  Орал  гуманитарлық-

техникалық колледжі, Орал медициналық колледжі, Орал газ, 

мұнай  және  салалық  технологиялар  колледжі,  Орал  қаржы-

экономикалық колледжі, Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық 

колледжі, Ж.



 Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж 

кітапханаларының кітапханашылары қатысты.

Конференцияның  ашылу  мәжілісінде  сөз  алған  т.ғ.д.,  про-

фессор, БҚМУ-дың ҒЖ және ХБ жөніндегі проректоры Ә.Қ.Мұқтар 

университет ғылыми кітапханасының арнаулы кәсіптік білім беру 

орындарының  кітапханаларына  әдістемелік  орталық  болып 

табылатындығын,  жыл  сайын  жоспарға  сай  түрлі  тақырыпта 

семинарлар өтетіндігін баса айтып өтті. БҚМУ-дың 80 жылдық 

мерейтойына орай ұйымдастырылған облыстық конференцияға 

қатысушы кітапханашыларға ақ жол, шығармашылық табыстар 

тіледі.

К ітапхана  дирек торы  Т.А лимбекерова  облыс тық 



конференцияға қатысушыларға қош келдіңіз айтып, жұмыстарына 

сәттілік тіледі. Ғылыми кітапхананың даму кезеңдерін қамтыған 

«Университет інжу-маржаны»: 80 жылдық тарихы бар ғылыми 

кітапхана өмірі мен даму барысы» атты баяндамасын оқыды.

Конференцияның жұмыс бағдарламасына сәйкес Жәңгір хан 

атындағы БҚАТУ кітапханасының директоры А.Б.Есенаманова 

электронды кітапхананың даму барысын, әр түрлі жобалармен 

жұмыс  жасайтындығын,  жеткен  жетістіктерін  слайд  арқылы 

тізгіндеп айтып берді. Орал газ, мұнай және салалық техноло-

гиялар  колледжі  кітапханасының  меңгерушісі  К.Ж.  Умбетова 

«Кітапханада  ақпараттық-электронды  ресурстарды  қолдану» 

атты  мақаласында  кітапхана  саласында  қолданылып  жатқан 

жаңа  ақпараттық  технологиялар,  электрондық  ресурстар, 

пайдаланушыларға  қызмет  көрсетудің  жаңа  формалары, 

кітапхана қорларын сақтау – бұл бүгінгі күннің белесі екендігін 

баса айтып, колледж кітапханасында 12 компьютерден тұратын 

электронды  оқу  залы  жұмыс  жасайтындығын  мақтанышпен 

атап өтті.

Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің 

кітапханашысы Т.С.Шимко мен Орал қаржы-экономикалық колледж 

кітапханасының меңгерушісі В.Искакова өз баяндамаларында 

білім беру ошақтарындағы кітапханалардың қалай жабдықталуы 

керектігін, оқырмандармен жүргізілетін жұмыстарды, заманға сай 

жүргізілген ақпараттық-библиографиялық іс-қызметтерді атап 

өтті. Ғылым мен техниканың қарқынды дамыған қазіргі кезеңінде 

кітапхананың қызмет көрсету ауқымы электронды ресурстармен 

толығып жатқандығын көрсетті.

Ж.

 Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі кітапхана-

сының меңгерушісі М.Ә.Такеева «Колледж кітапханашыларының 

кәсіби біліктілігі, оқырмандармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары» 

атты  баяндамасында  кітапханада  басқа  жұмыс  түрлерімен 

қатар  өткізілетін  түрлі  іс-шаралар  ұйымдастырылатындығын, 

жастардың  рухани  жан-дүниесін,  ой-өрісін  байытуға,  жоғары 

эстетикалық  талғамын,  адамгершілікке,  елі  мен  жерін  сүюге, 

құрметтеуге, кітапқа деген өзіндік махаббатын оятуға ықпал етуге 

маңызы зор  екендігін атап өтті.

Конференцияның қадірлі қонақтары Краснодар мемлекеттік 

мәдениет және өнер университетінен келген п.ғ.д., А.А. Горбачев, 

университет ғылыми кітапханасының ардагерлері Ф.Н.Сұлтанова, 

Г.Т.Бурекешева,  Г.З.Таушевалар  кітапхана  тарихы  мен  даму 

кезеңдерінен  естеліктер  айтып  өтті.  Университет  ұжымына, 

кітапханашыларға жетістіктер тіледі.

Конференция барысында кітапхананың өзекті мәселелері де 

көтерілді. №13 кәсіптік колледж кітапханасының кітапханашысы 

И.П.Черкова жалпы кітап қорын, жасалып жатырған жұмыстарды 

айта келе, кітапханада компьютердің жоқтығын айтты. Жәнібек 

колледжінің  кітапханашысы  А.С.Баташева  кітапханада  өтетін 

көпшілік іс-шараларды, мектеп кітапханаларымен байланысын, 

бірлесе  жұмыстанып  жатқандығын,  баспасөз  басылымдарын 

уақытымен  алатындығын,  кітапханада  жұмыс  компьютерінің 

бар  екендігін,  жұмыс  барысының  қанағаттанарлық  тұрғыда 

жүргізіліп  жатқандығын  тілге  тиек  етті.  Сондай-ақ,  қаладағы 

колледж кітапханалары кітапханалық бағдарламалармен әлі де 

болса жабдықталмағандығы сөз болды. Автор Дильмуханованың 

«Библиотечное дело» бағдарламасы тиімді, әрі арзан екендігі осы 

бағдарламаны алып қолданысқа енгізу қажеттілігі айтылды.

Оқу  орнындағы  кітапханалардың  өзекті  мәселелері  мен 

алдағы  жоспарлары,  жасалып  жатырған  жұмыстары  мен 

жетістіктері  айқындалған  конференция  жұмысы  өз  мәресіне 

жетті.  Конференцияға  қатысушыларға  естелікке  университет 

тарихынан кітаптар мен қалта кітапшасы ұсынылды.

22 октября в ЗКГУ состоялся семинар Thomson 

Reuters  «Как  опубликовать  статьи  в  журналах  с 

импакт-фактором», организованный при информаци-

онной поддержке АО «Национальный центр научно-

технической информации».

Семинар  провел  Сергей  Парамонов,  кандидат  хи-

мических  наук,  специалист  по  обучению  и  поддержке 

клиентов. Принявшие участие в семинаре преподаватели 

и магистранты получили сведения по публикации статей в 

научных журналах с импакт-фактором. Прежде чем статья 

будет опуликована, необходимо пройти несколько этапов. 

Прежде всего необходимо выбрать журнал. Затем озна-

комиться с требованиями к оформлению статей. Затем 

следует отправка статьи на рецензию в журнал. И если 

статья будет принята, она будет отправлена на доработку. 

И лишь после исключения всех замечаний статья будет 

опубликована.

Вполне вероятно, что поступит отказ от публикации. 

Тогда необходимо вернуться к первому этапу – выбору 

журнала.


Господин Парамонов детально рассказал, как и где в се-

тях можно найти необходимые сайты поиска журналов, а также о 

различных стратегиях публикации научных работ, рекомендовал 

Thomson Reuters

 о публикации статей

наиболее приемлемые платформы и программы. 

По кончании семинара участники получили сертификаты.


№ 10 (882) қазан 2012 жыл

5

кездесу



 история зкГу им. М.утемисова в датах 

ЗКГУ - один из старейших 

вузов страны

 

(основан в 1932г.)



(Продолжение. Начало в №2, №3, №7, №8)

В 2005 году был создан и на сегодняшний день плодотворно 

осуществляет свою деятельность студенческое самоуправление. В 

его состав входят: студенческий ректор, председатели молодежных 

общественных объединений, студенческие деканы. 

Традиционным в университете является проведение мероприя-

тий: «Посвящение в студенты», «БҚМУ дарабозы», «Студенческая 

весна», «Ана тілі аруы», «Ана тілі сұлтаны», танцевальный марафон 

ко Всемирному Дню борьбы со СПИДом, акции: «Мы поддерживаем 

здоровый образ жизни»; новогодние вечера, «Ректорский бал», 

тематические встречи, КВН, творческие выставки, вечера встречи, 

круглые столы, спортивные мероприятия и спортивные эстафеты.

Молодежные  общественные объединения: дебатный центр 

«Акикат», «Студенческий профсоюз», «Жас экономист», «Альянс 

студентов  Казахстана»,  клуб  «Достық»,  студенческий  театр 

«Мұрагер», юридическая клиника, студенческий отряд содействия 

полиции, студенческий отряд «Жасыл ел», студенческий строи-

тельный отряд, молодежное крыло «Жас Отан» является центром 

для реализации идей студенческой молодежи, творческого роста 

студентов.

К Международному Дню студентов ежегодно в университете 

проводится торжественный вечер, где проводится награждение 

студентов, особо отличившихся в учебе, в науке, спорте и в обще-

ственной деятельности. Студенты награждаются грамотами, ди-

пломами, ценными подарками. Лучшие студенты представляются 

в номинациях: «Лучший в науке», «Отличник учебы», «Лучший ор-

ганизатор», «Лучший спортсмен», «Лучший в творчестве», «Лучший 

боец ССО», «Лучший боец Жасыл ел».

Студенты, достигшие высоких результатов в учебе, науке, обще-

ственной деятельности, получают именные стипендии: имени Н.А. 

Назарбаева, Аль-Фараби, Г.Мусрепова, М.Толебаева, А.С.Пушкина, 

М.Утемисова, В.Иванова, М.Тлеужанова, А.Тайманова. 

Университет  имеет  прекрасную  учебно-образовательную  и 

материальную базу:

- 8 учебных корпусов;

- научная библиотека с читальными залами и абонементами во 

всех   учебных корпусах;

- компьютерный комплекс (1200 ед. компьютеров и оргтехники, 

бесплатный Интернет для студентов и магистрантов, 14 мобильных 

интерактивных и мультимедийных классов);

- учебные лаборатории и телевидение;

- издательский центр и СМИ;

- пять филиалов музея университета: музей археологии и этно-

графии, музей экологии, исторический музей, музей декоративного 

и прикладного  искусства; 

- пять конференц-залов;

- студенческая юридическая  клиника;

- Дворец спорта;

- студенческое общежитие;

- студенческая поликлиника;

- балетные залы;

- швейная мастерская;

- ювелирная мастерская;

- мастерская по изготовлению музыкальных инструментов;

- студенческие столовые и кафе;

- туристическая база на озере  Чалкар;

- агробиостанция.

В 2011 года Западно-Казахстанский университет им.М.Утемисова 

возглавил академик 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет