өлшенген университетіміздің профессор-
оқытушылар қауымы арасында шағын
футболдан университет біріншілігі өтті.
Күнгейге бет алған керуен іспетті күн са-
нап жасампаздықпен алға басып келе жатқан
университетіміз қашан да құзыретті профессор-
оқытушылар қ ұрамымен, талай байрақты
бәсекелерде ел намысын ту қылып, жеңіс
тұғырынан көрінген спортшыларымен, олимпиа-
да ойындарының чемпиондарымен, облыстық, республикалық,
халықаралық байқаулардың лауреаттарымен, ең бастысы
«Елімнің тағдыры – менің тағдырым» дейтұғын жалын жүректі
жастарымен мақтанады. Университетіміздің 80 жылдығына
арналған шағын футболдан өткен біріншілікте «Жаратылыстану-
географиялық» факультетінің құрама командасы (команда
жетекшісі - Е.Ө.Ақмұқанов), «Филология» факультетінің құрама
командасы (команда жетекшісі - М.К.Телагисов), «Физика-
математикалық» факультетінің құрама командасы (команда
жетекшісі - А.Х.Джумағалиев), «Педагогика» факультетінің құрама
командасы (команда жетекшісі - Ж.Г.Тулеутаева), «Тарих және
құқық» факультетінің құрама командасы (команда жетекшісі -
А.Қ.Каукеев), «Экономика және басқару» факультетінің құрама
командасы (команда жетекшісі - Ғ.Н.Жумагулов),
«Мәдениет
және өнер» факультетінің құрама командасы (команда жетекшісі
Р.А.Молдабеков), БҚМУ колледжінің құрама командасы (команда
жетекшісі - М.К. Мурзагалиев), Университет әкімшілігінің құрама
командасы (команда жетекшісі - Т.Т. Темешев), ІТ бөлімінің құрама
командасы (команда жетекшісі - Д.Г. Габдуллаев), Қауіпсіздік
қызметінің қызметкерлері құрама командасы (команда жетекшісі
- Б.Н. Хайрушев)
қатысты. Құт дарып, қасиет қонған киелі қара
шаңырағымыздың 80 жылдығына арналған жарыстың салтанат-
ты ашылуына орай алғашқы құттықтау сөз алған университеттің
І проректоры, тарих ғылымдарының докторы Ә.С.Тасмағамбетов
жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. «Мәдениет және
өнер» факультетінің оқытушысы, республикалық, халықаралық
байқаулардың лауреаты Қ.Қисметов ән шашуын тарту етті.
Спорт өнері мен достықты ту еткен университеттің
Студенттік еңбек жасақтары - сенің жастық
жалының мен күш-жігерің, бақытты жарқын өмірің!
2012 жылдың 26 қазан күні «Нұр Отан» ХДП БҚОФ акт
залында БҚО ішкі саясат басқармасы, «Нұр Отан» ХДП
БҚО филиалы «Жас Отан» жастар қанаты және «Студенттік
құрылыс» және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының
облыстық штабының ұйымдастыруымен «Студенттік
құрылыс» және «Жасыл ел» еңбек жасақтары ІІІ еңбек
семестрінің үздіктерін марапаттау кеші болып өтті.
Студенттік құрылыс және еңбек жасақтарының жұмысын
жандандыру және белсене атсалысқандарды марапаттау,
атқарылған істерді қорытындылау бұл шараның негізгі мақсаты
болып табылды.
Республикада өзінің бастауын 2001 жылдан алатын
«Студенттік құрылыс» және «Жасыл ел» жастар еңбек
жасақтарының жұмысы жыл санап жанданып келеді. Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың ізгі бастамаларының бірі ретінде студенттік
құрылыс жасақтары елімізде зәулім ғимараттардың бой
көтеруіне, қала көшелерінің ажарлануына зор септігін тигізуде.
Жастар саясатын жүзеге асыру бағытында студенттік құрылыс
және жастар еңбек жасақтарының алатын орны ерекше.
Жаз маусымында студенттердің демалыс уақыттарын тиімді
пайдаланып, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде,
жасақ сарбаздарының демалыс күндерін ұйымдастыру
бойынша студенттік құрылыс жасақтары облыстық шта-
бымен маңызды шаралар жүзеге асырылуда. Оған дәлел
ретінде, биылғы жылы студенттік құрылыс және жастар
еңбек жасақтары құрамында 700-ден астам сарбаздың
еңбек етіп, 5 құрылыс компаниясының қолдау көрсеткенін
атап өтуге болады.
2012 жылдың ІІІ еңбек семестріндегі студенттік
құрылыс және жастар еңбек жасақтарының жұмысы
қорытындыланып, жылдың үздік сарбаздарын анықтап
және «Жыл үздігі» арнайы төсбелгісі 8 аталым бойынша
табысталып, жеңімпаздар марапатталған болатын.
Жеңіс тұғырынан оқу ордамыздың студенттері де көріне
білді. Атап айтар болсақ, «Ең үздік командир» номинация-
сын «Мәдениет және өнер» факультетінің 2 курс студенті,
«Жас қыран» құрылыс жасағының командирі Ә.Орашев, «Ең
үздік жас жауынгер» номинациясын БҚМУ колледжінің 2 курс
студенті, колледж белсендісі, «Жас саясаткер» мектебінің
қатысушысы М.Сейтақов, «Ең үздік жасақ – 2012» номинациясын
университетіміздің «Тұмар» командасы (командирі - Б.Такушева)
оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы дүбірлі додада
жүлделі І орынды «Жаратылыстану-географиялық» факультетінің
командасы, ІІ орынды «Физика-математика» факультетінің
командасы, жүлделі ІІІ орынды «Экономика және басқару»
факультетінің құрама командасы иеленді. Жеңіс тұғырынан
көрініп, үздік деп танылған оқытушыларымыз «Үздік қорғаушы»
(Б.Бекқалиев), «Үздік шабуылшы» (Т.Т.Байгутов) және «Үздік
қақпашы» (А.Х.Жумагалиев) номинацияларымен және бағалы
сыйлықтармен марапатталды.
жеңіп алды. Аталмыш номинациялардан өзге белсенді жұмыс
атқарған Т.Бердібай, Н.Хамзин, А.Кузеняткин, М.Нагметов секілді
жауынгерлерді Алғыс хатпен марапаттады.
Кеш барысында өңірімізге, республикаға танымал Б.Орахаев,
Е.Өтегенов, Н.Хибашева сынды әншілеріміз әсем әндерін тарту
етті.
Өз тілшіміз
спорт
№ 10 (882) қазан 2012 жыл
20
МеНШІк иеСІ:
М.Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік
университеті.
Газет айына бір рет шығады.
ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитетінің
келісімімен мерзімді баспасөз басылым-
дарын және (немесе) ақпарат агенттіктерін
26.01.2011ж. есепке алу туралы №11390-Г
куәлігі берілген.
Индексі 090000
Таралымы 2000
РеДактоР:
Марта Орынбасаровна
ДЖУМАГАЛИЕВА
тІЛШІЛеР:
Әйгерім ҚАУЕН
Үміт ЖӘңГІРОВА
коРРектоР:
Светлана БЕККУЖИЕВА
Бет ҚұРуШЫ & ДиЗаЙН:
Асель АБДУЛЛИНА
ФотоСуРет:
Рафхат ХАЛЕЛОВ
Оқу теледидары және
графикалық жобалау зертханасы
Газет БАҚ және баспа орталығында
теріліп, беттелді. «Полиграфсервис»
ЖШС баспаханасында басылды.
ҚОЛЖАЗБАЛАР АВТОРЛАРЫНА КЕРІ
ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ. ДЕРЕКТЕРДІң
ДӘЛДІГІ ҮШІН АВТОР ЖАУАПТЫ.
ЖАРИЯЛАНЫМ АВТОРЛАРЫНЫң
ПІКІРЛЕРІ РЕДАКЦИЯ КӨЗҚАРАСЫН
БІЛДІРМЕЙДІ.
Достық даңғылы, 162, тел.: 50-94-45
Біздің сайт: www. wk��.kz
�-m���: IC_SMI@wk��.kz
Шаңырақ
Өмір-өзен өтпелі... Алма кезек бірінен соң бірі жалғасып жатырған дүние – керуен. Әр адамның әр сәті өз естеліктерімен есте қалары
хақ. Әсіресе, қызығы мен шыжығы қатар жүретін студенттік өмірдің өзі бір төбе. Бірі оқу деп шабады, бірі одан асып оқу мен жұмысты
қатар алып жүреді. Ал біреулері тіпті бұл екеуін де шаң қаптырып отбасын құрып жатады. Мойнына зор міндет жүктеген бұл батырлар
«кішігірім мемлекетінің» қамы үшін күндіз күлкі, түнде ұйқыдан ада болады. Әрине, «бас екеу болмай, мал екеу болмайды». Мұндай ерлікке
нартәуекел қадам жасаған арамыздағы студент жастарға қарап разы боласың. Ерлік емей немене? Осындай жұптың бірі М.Өтемісов
атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «би және саз бөлімінің» студенттері, «Қорған» тобының белгілі
әншілері Дамир мен Қатима Сатыбаевтарды әңгімеге тартқан едік.
- Алғашқы таныстықтарың қалай
басталды? Өздеріңіз жайлы айта
отырсаңыздар...
Дамир: - Өзіміз жайлы айта
кетс ек, мен 199 0 ж ылы Ора л
қаласында дүниеге келгенмін.
Кейін отбасы жағдайымен Теректі
ауданының Аңқаты ауылына қарасты
Тасаншеген деген ауылына қоныс
аударғанбыз. Сол ауылдан мектепті
тәмамдадым. Ал, Қатима 1990 жылы
Жалпақталдың Қарасу ауылында дүниеге
келген. Екеуміз де М.Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің
бір факультетіне оқуға түстік. Тек мен «Вокалдық
өнер» мамандығын, Қатима «Аспапта орындау»
мамандығын таңдаппыз. Бұл мамандыққа Қатима
өз жүрек қалауымен келсе, менің оқиғам өзгеше.
Бұрын-соңды сахнаға шықпаған мен аудандық
«Абай оқулары» байқауынан І орын алып, өнер
саласына оқуға тапсырамын деп шештім. Бірінші
жылы оқуға түсе алмай, уақытымды текке
өткізбейін деп кәсіптік - лицейді бітіріп шықтым.
Одан кейін де оқуға түсе алмасам да, нар тәуекел
деп ақылы бөлімге оқуға тапсырдым. Студенттер
санының аз болуына байланысты Қатима
екеуміздің тобымыз біріктіріліп, бірге білім алдық.
Біздің алғашқы таныстығымыз сол
кезден басталған болатын.
Мен Қатимаға бір көргеннен
ғашық болып, бірден
қ ұ р б ы - д о с т а р ы м а :
«4-курсты тәмамдаған
соң, міндетті түрде
о с ы қ ы з д ы ө з і м е
жар етіп аламын», -
деген едім. Алайда
жоспарлағанымнан
с ә л е р т е р е к т е у
сезімімді білдірдім.
- «
Үйлену оңай, үй
болу қиын ба»?
Дамир: - Қатимаға менен
бұрынырақ жігіттер көз сала бастағанын
көз көріп жүргендіктен, одан айырылып қалам ба
деген ой мазалап, үйленіп, отбасы құруды жедел-
детуге тырыстым. Мінезін білгендіктен, алдымен
сөз салып, 1 жылдай кездесіп жүрдік те, шаңырақ
көтеруге батыл бел будық.
Көптеп-көлемдеп, асарлатып тойымыз-
ды жасадық. Тума-туыс пен достарымыздың
арқасында, құдайға шүкір, өзгелерден артық
болмасақ, кем түспедік. Әрі студент, әрі жас от-
басы болғандықтан, әлеуметтік-материалдық
қиындықтар да жоқ емес. Мен ақылы бөлімде, ал
Қатима грант бөлімінде оқиды. Жалпы отбасын
әлеуметтік жағдаймен қамтамасыз ету негізі
менің мойнымда. Күндіз сабақ, кешке, әрі кетсе
түнде жұмыс, таңертең қайта сабақ... Қатиманы
сабағынан кейін үй шаруасы күтіп тұрады.
Жақында, Алла қаласа, сәбилі болмақпыз. Күйбең
тірлігімізден аса қызықтырып айтарлық ештеңе
де жоқ. Әзірге тұрғын үй мәселесі қиындау бо-
лып тұр. Құдай қаласа, биыл 4-курсты тәмамдап,
жұмысқа орналасармыз. Мемлекетіміз түрлі
жағдайлар жасап жатыр ғой, жастарға ипотекалық
үйлер, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы және
бар. Мүмкін солардың біріне ілігерміз деген
ниеттеміз. Болашағымызды солай бағдарлаймыз.
Жоспарлағанымыз болмас, бірақ бұйырғаны бо-
лар. Бәрін сыйластықпен, түсіністікпен бірге жеңіп
шығамыз деп ойлаймыз.
-
Ата-ана, ағайындарыңыздың тара-
пынан мұндай нартәуекел әрекеттеріңізге
қарсылықтар болған жоқ па?
Дамир: - Алғашқыда отау құрып, шаңырақ
көтеруіме менің тарапымнан әжемнің қарсылығы
басымырақ болды. Оқуыңды бітіріп, аяққа тұрып
ал, тұрақты жеке меншік баспана тап деген
сияқты... бірақ, әжемнің өзі 80 жасқа келді. Ал
әкем 50 жаста, анам жоқ. Жасыратыны жоқ,
үйдегі үшеуіміз, әсіресе біздер, екі ер адам
үшін кір жуу, тамақ әзірлеу істері қанша жерден
қолымыздан келсе де, оңай емес, әжеме де үлкен
қолғабыс болардай жан керек. Оның үстіне сүйген
сұлуымнан айырылып қалам ба деген ойларым
тағы бар. Сөйтіп, маған тұрмысқа шығуға Қатима
да қарсылық білдірмеген соң, ортақ келісіммен
оны алып қаштым. Біздің үй ішінің жастығымызды
ескергені ештеңе емес, 22-23 жастағы біздердің
жанымызда 17-18 жастағы қыз-бозбалалар да
үйленіп, отау құрып жатқаны бар емес пе?
Қатима: - Ал менің тарапымнан әуелі әкем
түбегейлі қарсылық білдірді. Ағайындарым да әлі
ерте, жассың, оқуыңды бітір деген қарсылықтар
танытты. Алғашқы 2-3 күннен соң рұқсаттарын
берді. Олардың негізінен менің бұл шешімімді
қалай қабылдаған түрлерін көрмедім, телефон-
мен хабарласып қана айтып түсіндірдім. Себебі,
мен оқуда жүрген едім, ал ата-анам ауылда
болатын.
-
«Сұлу - сұлу емес, сүйген сұлу» дейді
атам қазақ... Студенттік өмірдің дәл бел
ортасына жетіп барып, үйленулеріңізге себеп
боларлықтай бір-біріңді өзгелердің бойынан
табыла бермейтін қандай қасиеттеріңізбен
баурай алдыңдар?
Дамир: - Ақылына көркі сай жар таңдағаныма
өкінбеймін. Қатима адаммен ешқашан сөз тала-
стырып, жағаласып сөйлеу дегенді де білмейді.
Үй жоқ деп үйленуден қашпағандар...
А л ғашын да ұ ялып, мені аға
тұтатынын айтып, кейін 1 жылдан
соң ғана өзінің де ғашық екенін мой-
ындады. Өз алдына ұяңдығы бір төбе,
үй шаруасын да тиянақты атқарады. Ең
басты қасиеті, жүрегі таза, жан баласына
жамандық ойламайды. Бірақ, шындығын айтар
болсам, мен әуелі сұлулығына ғашық болғанмын.
Кейін араласып, танысып-біліскеннен соң одан
бетер ғашық бола түстім.
Қатима: - Бірінші рет Дамир маған сөз
айтқанда күнде көрісіп жүрген ағамдай жан еді,
ыңғайсыздау болды енді. Тіпті бетіне қарауға
ұялатынмын. Бір жылдай кездескеннен кейін
тұрмысқа шығуға келісімімді бердім.
- Жалпы өмірде барлық әлеуметтік-
материалдық жағдайларын бір қалыпқа
түсіріп барып, қатарластарының арты боп, жай
үйленетін жастардың әрекеттерін қолдар ма
едіңдер? Бұған қалай қарайсыңдар?
Дамир: - Бір қызық күлдіргі әңгіме бар емес
пе?.. «Бір қыз карьера, карьера... деп оқи беріпті.
Нәтижесінде оқи, оқи кітапханашы боп қызмет
атқарып кетіпті». Бұрын басым бос, бойдақ кезімде
шашпа жігіт болдым, яғни тапқан табысым қайда,
қалай кетіп жатқанын да есептемедім. Ал қазір
мүлдем өзге... Бәрі де есеппен... Ортақ табысы-
мызды үнемдеп, орнымен жұмсаймыз. Басты
қиындығымыз – пәтер жалдап тұратындығымыз.
Бар жағдайымды жасап алсам, қыздар
ешқайда қашпайды, өздері-ақ жаныма үйіріледі
деген қате түсінік. Шынайы махаббатқа бедел-
байлықтың қатысы жоқ. «Ақша – қолдың кірі»...
- Бір-біріңіздің өнерлеріңізді қаншалықты
бағалайсыздар? Болашақта Қатиманың өнер
жолын қууына қарсы емессіз бе?
Дамир: -Өзім де өнерге біртабан жақын адам
болғандықтан, барша адамның ауасыз, сусыз
өмір сүре алмайтыны секілді, өнер адамының
сахна әлемін қажетсінетінін түсінемін. Сондықтан
болашақта Қатиманың өнер жолын қууына
қарсы емеспін. Қайта қолпаштап, көтермелеп,
мүмкіндігінше өз көмегімді де тигізіп отырамын.
Оның үстіне екеуміз де «Қорған» тоында өнер
көрсетеміз. Бірге облыстық, республикалық, тіпті
халықаралық деңгейлердегі байқауларға қатысып
жүрдік. Ал енді болашақта Қатима «Қорғанда»
қала ма, жоқ әлде мамандығы бойынша скрипка-
сымен өз алдына бөлек шығып кете ме, белгісіз...
Бәрі де уақыттың еншісінде.
- «Қорған» тобы туралы айтып кеттіңіз...
«Қорған» тобының енді болашағы не болмақ?
Топпен бірге байқ ауларға баруыңызға
отбасылық өмір тұсау болмайды ма?
Дамир: - Қисметов Қуаныш ағамыз жетекшілік
етеін «Қорған» тобының екі солисті былтыр бітіріп
кетіп, әзірге топтың бұрынғы құрамы демалыс
үстінде. Яғни, әркім белгілі бір себептерімен,
өз ж ұмыс бабымен әр арна дамыз қ азір.
Бірақ, жаңадан жаныма Әмірқан, Азат есімді
университетімізге танымал жеке орындаушы-
ларды біріктіріп, ақын Қайрат Жұмағалиевтің 75
жылдық мерейтойында алғаш рет өнер көрсеткен
болатынбыз. Бастапқы бастамасы жаман болма-
ды, алдағы уақытта «Жас қанат» республикалық
ән байқауына барып, өнерімізді ортаға салып
қайтамыз ба деген жоспардамыз. Байқауға өтіп
өтпеуіміз беймәлім, бірақ «үмітсіз шайтан»,
дайындық үстіндеміз. Мұндай байқауларға
қатысуыма Қатима қарсы болмайды, керсінше
қолдау көрсететініне 100%-ға сенімдімін. Мұндай
жағдайларда тек қана қаражат мәселелері тұсау
болады деп ойлаймын. Ал, жалпы осы «Қорған»
тобы туралы қорытып айтар болсам, бұл топ әрі
қарай біздер университет бітірген соң да өнер
сахнасынан кетпейді, өз жұмысын жалғастырады.
Әлі талай биік шыңдарды бағындырамыз деген
сенімдемін.
- Екеуіңіз де өнер адамысыздар. Бір-біріңізді
сырт көзден қаншалықты қызғанасыздар?
Қатима: - «Қорған» тобында Дамир ән салып
жүргендіктен, тыңдармандары көп. Бірақ, мен өзім
де өнер адамы болғандықтан оны жақсы түсінемін,
қызғаныш деген сезімімді тежеуге тырысамын.
Дамир: - Әрине, Қатима өзі айтпақшы, ол
қызғанған жағдайда мен басу айтып отырамын.
Кейде арада кикілжіңдер туындаған жағдайда,
сенім мен сыйластықты бірінші орынға қоямыз.
«Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» деген
нақыл сөзге көзіңіз жетті ме? Қатима үйде
қандай келін?
Дамир: - Үйде келін болғасын, қанша деген-
мен де «сырт көз – сыншы»... Қатиманың келін
ретіндегі орнын әжем мен әкемнен сұрау керек
сияқты (күлді). Ақиқатына келер болсам, Қатима
да әуелгіде үйренісе алмай жүрді. Ал әкем қашан
да менің қолға алған ісімді қолдап отырушы еді,
бұл жолы да сол қалпынан айнымады. Алған жа-
рымды сынға алмады. Олардың «жаным, күнім»
деп Қатиманы өз қыздарындай көріп, көңіліне
қарап, ауырып-сырқамауы үшін алаңдап, асты-
үстіне түскендігінен әжеме де, әкеме де ұнағанын
білдім. Қатима да өз орнын біледі: уақытымен
тамақтарымызды дайындап отырады, киім-
кешектеріміз де кіршіксіз, үй де таза. Одан артық
не керек?.. Әрі-беріден соң баламыз болғанда,
тіптен бауыр басып кетеді ғой... Ондайда әжем
немереден асып, шөбересін тым жақсы көріп кете
ме деп қызғанамын кейде (күлді).
- «Еркекті төрге де, көрге де сүйрейтін
әйел» деген сөз рас па екен? Қатима сізді
қаншалықты өзгерте алды?
Дамир: - Бүгінде үйден асып шыққанның
өзінде-ақ отбасыңды ойлай бастайсың. Сахнаға
шығатындықтан киім-кешекке баса назар аудара-
тынбыз. Ерекше, қымбаттау киінгенді ұнатамыз.
Ал, 1 жылдан бері ондай киім үлгісін ұмыттық
(күлді). Мінезіміз салмақтырақ күйге ауысты.
Бәрін ақылдасып, бірлесіп шешім қабылдаймыз.
Айтарлықтай өзгердік...
- Қонақ күте білесіздер ме?
Дамир: - Қазақ өзі - қонақжай халық, қонағымыз
күнде келеді демесек те, келген қонақтарымызды
дәм-ауыз тигізбей қайтармаймыз, барымен
базар. Қонағымызға әрқашан да есігіміз айқара
ашық. Бұл күнде тамақ жағынан да қиындық
жоқ, дүкенге барсақ, не керектің бәрі дайын,
бесбармақты да оңай сатып ала саламын. Оның
үстіне достарымыздың көбі - өздеріміз сияқты
студенттер. Бізді олардан артық кім түсінеді?!
- Ж ы р а қ т а ж ү р г е н д е к і м к ө б і р е к
алаңдаушылық танытады?
Қ а т им а: - Бұ р ы н - с о ң д ы ү н е м і бі р г е
жүргендіктен алаңдамайтынмын. Себебі, ол
үнемі жанымда, көз алдымда. Ал бүгінгі уақытта
сабақта, осы қала ішінде жүргенде ештеңе емес,
Ресейге кетіп қалатын кездері болады. Сондай
жағдайларда менің ол үшін алаңдайтыным сонша,
кеткеннен үйге оралғанынша телефон соғумен бо-
ламын. Кейде желіден тыс кездері де боп қалады.
Сондай сәттерде аман-есен келуін тілеп, үйде
тосып отырамын.
Дамир: - Иә, шыны керек, бәріңізге аян біздер
көбіне ән өнеріне жақын адамдар той-думандарға
жиі барып тұрамыз. Былтыр факультет деканы
Нағымова Меңдіғаным Мергенбайқызының
қолдауымен «Ректорлық грантқа» ілігіп, бір жыл
болса да ақысыз білім алып шықтым. Бірақ,
есесіне «Қорған» тобының, жаңа әндер жазуы,
дыбыстық өңдеу, дыбыстар жазу, киім-кешекпен
қамтамасыз етілуі - бәрі, бәрі өз қалтамыздың
қаражатымен ғана қамтамасыз етіліп отыр-
ды. Кейде тіпті 50 мыңнан да асып түсетін
шығын мен сияқты жанұялы студент үшін
көп ақша ғой. Сондықтан тойлар біздің ақша
табуымыздың бірден-бір көзі болды. 6-7
сағат халықтың алдында өнер көрсету де
оңай емес. Қолпаштап отырса, өзің де дема-
лып қаласың. Енді біреулері қаққан қазықтай
қадалып отырып қалады. Бар энергиямызды
шашып, әркімнің бір көңілін аулап, көтермелеу
қиынның - қиыны. Оның үстіне үйде Қатимаға
бірдеңе боп қалмады ма екен, ауырып жатырған
жоқ па деп тағы алаңдайсың. «Адамның сырты
алдамшы» демекші, біздің сырт киімімізге қарап,
ұстаздарымыз да түсініспестік танытып жатады.
Сондай сәттердің бәрін бастан өткеріп, үйге
оралғанымда бір қуанып қаламын. Сүйген жарың
алдыңнан шығып қарсылап, көңілімді көтеріп,
асты-үстіме түсіп тамағымды беріп жатырғанын
көріп бәрін лезде ұмытып та кетеді екенсің.
- Өздеріңіздің қатарластарыңызға не айтар
едіңіздер? Студенттік өмірде отбасын құру
тиімді ме екен?
Дамир: - Егер оқуды, болса жұмысты, отбасын
қатар алып жүре аламын деген студент жастар
тәуекелмен отбасын құруына болады ғой. Бәрі
жүре-бара түзеледі. «Отан отбасынан бастала-
ды» деген мақал бар емес пе? Отбасы - шағын
мемлекет. Біздің мемлекетіміз құлпырып, гүлденіп
келеді. Отбасымызбен сұхбаттасуды жөн санаған
газет ұжымына, соның ішінде Сізге ерекше алғыс
айтамыз. Шығармашылық табыстар тілей отырып,
биік белестерден көріне беріңіз демекпіз!
Өз жарыңды жаттай күт,
Жат көрсін де түңілсін.
Бір-біріңді қадір тұт,
Жұрт үлгі алсын, үңілсін! – дегендей,
өзгелерге үлгі боларлық шаңырақтарыңызға
шаттық, былдырлаған сәби күлкісін тілеймін.
Бақыт сендерден көзін жазып қалмасын! Сыр
бөліскендеріңізге рахмет!
Әңгімелескен:
Әйгерім ҚауеН