Анонс: Дарынды және ынталы жас ғалымдарды инновацияның дамуына өз үлестерін


симфонического оркестра РК. Дирижер – Лауреат Международных конкурсов Ерболат



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата03.03.2017
өлшемі21,64 Mb.
#6104
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

симфонического оркестра РК. Дирижер – Лауреат Международных конкурсов Ерболат 

Ахмедьяров. 

Е.Ахмедьяров – достойный продолжатель 

семейных музыкальных традиций своего отца, 

замечательного  музыканта,  композитора-

исполнителя,  кюйшы  и  педагога  Каршыги 

Ахмедьярова.

Для  профессорско-преподавательского 

коллектива и студентов ЗКГУ концерт стал со-

бытием большой значимости, ведь не так часто 

университет и наш город посещают большие 

творческие коллективы.

Артисты оркестра во главе с дирижером 

показали высочайший исполнительский про-

фессионализм. В программе концерта прозву-

чали произведения различных направлений и 

жанров, казахских современных композиторов 

и классиков симфонической музыки.

Первый номер программы симфонический 

кюй Еркегали Рахмадиева «Кудаша-думан» вы-

звал бурные аплодисменты зрительного зала. 

А следующая за ним симфоническая поэма 

Евгения Брусиловского «Дударай» заставила 

слушателей подпевать полюбившуюся всем 

знакомую народную мелодию о любви русской 

девушки к казахскому джигиту. На интонаци-

ях  этой  популярной  песни  и  построено  все 

произведение.

Знаменитое  итальянское  «Фуникули-

фуникуля» («На качелях») композитора Денца, 

не раз исполнявшееся на университетских кон-

цертах студентами специальности «Вокальное 

искусство», на этот раз прозвучало на высоком 

эмоциональном подъеме в исполнении заслу-

женного артиста РК Вениамина Ли. Прекрасное 

артистичное выступление столичного вокали-

ста не оставило зрителей равнодушными – в 

ритм песни звучали дружные аплодисменты.

И  вновь  заполнили  зал  звуки  знако-

мой  всем  мелодии  любимого  всеми  кюя 

Даулеткерея «Косалка». Это оркестр заиграл 

танец  «Косалка»  из  оперы  «Абай»,  который 

написали  Ахмет  Жубанов  и  Латиф  Хамиди. 

Следующий за ним «Вальс» А.Хачатуряна к 

драме М.Лермонтова «Маскарад» покорил слу-

шателей широкой мелодией, звучащей у группы 

струнных, а затем у духовых инструментов.

«Полька» Аллена очень понравилась не-

искушенному зрителю свей легкой и веселой 

мелодией. Затем последовали произведения 

венского «короля» вальса – Иоганна Штрауса. 

Это полька «Трик-трак» и оркестровая увертюра 

к оперетте «Летучая мышь».

Бурные зрительские аплодисменты вызва-

ло появление на сцене Народного артиста РК, 

Лауреата Госпремии РК Нургали Нусипжана. 

Под аккомпанемент симфонического оркестра 

в его исполнении прозвучала казахская народ-

ная песня «Алконыр».

«Шалкыма»  современного  казахского 

композитора Алмаса Серкибаева и заключи-

тельный номер «Шашу» мэтра казахской про-

фессиональной музыки Евгения Брусиловского 

вызвали  несмолкаемые  аплодисменты  зри-

тельного зала.

Кстати сказать, концерт прошел при полном 

аншлаге, для  опоздавших слушателей в зале 

не осталось свободных мест.

Концерт «Отаным бақыт мекенім»  оста-

вил неизгладимые впечатления у студентов 

и преподавателей ЗКГУ. Хотелось бы, чтобы 

выступления таких высокопрофессиональных 

творческих коллективов проходили как можно 

чаще.

у.а.МЫНБаева, 

преподаватель кафедры 

«Вокал и инструментальное искусство»

Алматинской филармонии им. Жамбыла, парал-

лельно дирижирую в ГАТОБ им. Абая. В моем 

становлении  как  дирижера  сыграл  большую 

роль  Тулепберген  Абдрашев,  хотя  вначале  я 

учился  по  классу  фортепиано.  Являюсь  лау-

реатом конкурса «Шабыт» в качестве пианиста. 

Как дирижер в 2004 году завоевал 1-е место в 

Республиканском конкурсе молодых дирижеров 

им. Нургисы Тлендиева, в это году в мае получил 

в этом же конкурсе Гран-при.

-Каковы Ваши творческие планы?

-Творческие планы? – с улыбкой переспра-

шивает музыкант. – В данное время так много 

работы, что нет времени думать о планах. Хотя 

есть большое желание выезжать на гастроли, по 

Казахстану прежде всего. Музыка, настоящая, 

по опыту знаю – лечит. В современном мире 

есть возможность слушать музыку на разных 

носителях. Но живую музыку ничем не сравнить. 

И неважно, профессиональная будет сцена или 

сцена обыкновенного сельского дома культуры 

– зритель должен слышать нашу игру. Потом, 

приехав в Алматы, он сможет сказать, что зна-

ет этот коллектив, он слышал нашу игру. Так 

же и молодежь приобщается к сокровищнице 

классической музыки. В Алматы мы проводим 

детские абонементные концерты для учащихся 

музыкальных школ. Это бесплатные концерты, в 

практике совместное выступление школьников 

и профессионального оркестра. Мы не просто 

учим будущих музыкантов, растим коллег, но и 

воспитываем своего зрителя.



-Какова роль музыки в Вашей жизни? Это 

только работа?

-Я слушаю музыку всегда, даже в машине 

всегда звучит музыка. Причем самая разная. 

Очень интересно слушать исполнение одного 

и того же произведения разными оркестрами. Я 

уже говорил, что музыка меня лечит, я живу ею.



-Большое спасибо. Желаем Вам творче-

ских успехов и исполнения всех желаний.

-И я желаю вашему университету и лично 

ректору духовного обогащения. А в связи с пред-

стоящим юбилеем – 80-летием ЗКГУ – дальней-

шего процветания, роста возможностей и чтобы 

студенты не подводили своих учителей!



Беседу провела М.ДЖуМаГаЛиева

«Так завоевывают души и сердца!»

Студенты ЗКГУ наслаждались игрой прославленного ансамбля, его яркой артистичностью, 

романтической приподнятостью, в то же время строгой классической уравновешенностью. 

Мы благодарим гениальных певцов, дирижера, прославленный оркестр. Нам осталось только 

позаботиться о сохранении прекрасного настроения, подаренного артистами. Уверена, что 

именно так завоевывают души и сердца!

Отдельное спасибо руководству в лице ректора Асхата Салимовича Имангалиева за воз-

можность  быть  причастными  к  празднику  вечной  музыки.  Всем  огромная  благодарность  и 

наши дружные рукоплескания!



Саулеш иСМаГуЛова, 

студентка гр. 07104

Масылдыққа жол жоқ немесе 

Жалпыға ортақ еңбек қоғамы Идеясы

Патриотизм - өз еліңе қолдау көрсету. 

Франклин Рузвельт

2 4   қ а з а н   к ү н і   Е л б а с ы 

Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның 

әлеумет тік  жаң ғыртылуы: 

Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына 

қарай  20  қадам»  атты  кешенді 

бағдарламасын  талқылауға 

арналған дөңгелек үстел болып 

өтті. 

Д ө ң г е л е к   ү с т е л г е   Б Қ О 

Жастар  саясаты  мәселелері 

б а с қ а р м а с ы н ы ң   б а с т ы ғ ы 

С.Б.Молдағалиев, «Нұр Отан» ХДП 

БҚО  филиалы  қоғамдық-саяси 

жұмыстар  бөлімінің  кеңесшісі 

А.Тарасқызы, М.Өтемісов атындағы 

БҚМУ,  дүниежүзілік  тарих  және 

әлеуметтік-саяси  пәндер  кафедрасының 

оқытушысы  М.Б.Гайсина,  БҚО  «Жастар 

қауымдастығы»  заңды  тұлғалар  бірлестігі 

төрағасының  орынбасары  С.А.Тоқмамбетов, 

«Заман» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы 

А.Е.Өкшебаев,  «Интеграл»  жастар  қоғамдық 

бірлестігінің  төрайымы  А.Н.Мектепқалиева, 

«Жас  толқын»  жастар  қоғамдық  бірлестігі 

төрағасының  орынбасары  Б.Б.Оразаева 

және  жастар  ұйымдарының  жетекшілері  мен 

белсенділері қатысты. 

Дөңгелек үстелге қатысу шылар Мемлекет 

басшысының қазақстандық қоғамды әлеу мет-

тік жаңғырту саласындағы жаңа бастамаларын 

жоғары бағалады. Дөңгелек үстелде тыңдалған 

баяндамаларда  ел  Президентінің  мақаласы 

барлық  қоғамның,  мем лекеттік  қызметтің,  ел 

жетістігінің экономикалық факторын әлеу мет-

тік фактормен теңестіруші болып табылатыны 

аталып өтті. Қатысушылар, сон дай-ақ Н. Ә.На-

зарбаевтың  қазақ стан дықтардың  әл-ауқатын 

жақ сар ту  сала сын дағы  тың  идеялары ның 

маңыз дылығын атап өтті. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қа зақ  станның 

әлеуметтік жаңғыр тылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек 

Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық 

мақаласы  еліміз дің  әлеуметтік  дамуының 

басым  бағыттарын  тиянақтап,  алда  ат қарар 

істердің  ауқымын  айқын дап  берді.  Соның 

ішінде  2030  жылға  дейінгі  кезеңге  арналған 

Қазақстан Республикасын әлеу меттік дамытудың 

Жалпы ұлт тық  тұжырымдамасын  жасау,  өзін-

өзі еңбекпен қамтығандар тобындағы еңбекке 

қабілетті  ха лықты  нақты  жағдайларды  және 

жұмыспен  қамту  саласының  перс пективасын 

ескере  отырып,  жұмыспен  қамтуға  қарай 

ойыс тырудың әдістемесін жасау тапсырылды. 

2020 жылға дейінгі біліктіліктің ұлттық жүйесін 

кезең-кезеңімен  әзірлеу  жоспарын  дайындау 

ұсынылды.  Еңбек  дауларының  алдын  алу, 

еңбек ақы жүйесін қамтамасыз ету мәселелері 

қойылды. Кәсіподақ тар  дың рөлін күшейту, қолже-

тімді баспана мәселесі, жоғары оқу орындарының 

санын оң тайландыру және кадрларды сапалы 

дайындау, жаңа пәндер ен гізу, денсаулық сақтау, 

спорт, туризм мәселелері жөнінде айқын тап-

сырмалар  берілді.  Журналистердің  қоғамдық 

бір лестіктермен  бірлесіп  Жур на листік  этика 

кодексі жобасын әзірлеу тапсырылды. Еңбекке, 

адал  кәсіби  табысқа,  Отанға  қыз мет  етуге, 

жоғары патриот тық ниеттерге оң көзқарастар 

қалыптастыратын отандық әлеу меттік-мәдени 

өнімдерді  жаң ғыр   тудың  салалық  бесжылдық 

жоспарын әзірлеп қабылдау мін деті жүктелді. 

Қысқасы, Нұр сұлтан Әбішұлы белгілеп берген 

20 тапсырманың барлығы да саламатты қоғам 

құруға, сауатты ұрпақ тәрбиелеуге, өркениетті 

елдер қатынасын дамытуға ба ғытталып отыр.


№ 10 (882) қазан 2012 жыл

10

шықтым. 1 және 2 сұраққа жауап бердім, 3-ші 



сұрақ  Қ азақс танның  жер  ас ты  сулары 

болатын. 

Бұ л  с ұ р а қ қ а  ә з і р л е н г е н д е  м е к т е п 

оқулығында  Қазақстанның  жер  асты  сулары 

тақырыбы 1 бет-ақ болатын, сондықтан көбірек 

ойланып,  газет-журналдан,  өзімнің  совхоз 

шаруашылығында  жұмыс  жасап  жүргенде 

үлкен  кісілерден  естіген-көргенімді  айтуға 

бел будым. 

Республикалық  «Социалистік Қазақстан» 

газетінде  жер  асты  сулары,  оларды  игеру 

жөнінде бір белгілі ғалымның (есімін ұмыттым) 

үлкен  мақаласы шыққан, соны қоса айтамын 

деп шештім.

Үшінші  сұраққа  Қазақстанның  картасын 

пайдалана отырып, еліміздегі жалпы жер асты 

сулары туралы айта келіп, газеттегі мақаланың 

көтерілген  мәселелеріне  қысқаша  тоқталып, 

өзіміздің Батыс Қазақстан, ол кезде ол Орал 

облысы  болатын,  ондағы  жер  асты  сулары 

аздығын, әсіресе оңтүстік аудандарда ауыз су 

тапшы екендігін айттым да, картадан көрсете 

отырып,  Қаратөбе  ауданының,  ондағы  өзім 

тракторшы болып жасаған «Қалдығайты» сов-

хозы туралы айтып келіп, бұл өңірде су тапшы, 

әсіресе  ауыз  су,  бірақ  зерттеулер  жүргізіліп 

жатыр,  «Тышқантай»  деген  ауыз  су  көзі  бар, 

көлемі  үлкен  болуы  мүмкін  деген  пікірімді 

қосып  айтып,  сұраққа  толық  жауап  бердім.  

Сол  мезетте  манағы  үлкен  кісі,  яғни  Георгий 

Ефремович, орнынан түрегеліп, тақта алдында 

тұрған маған жақындады. «Балам, атың кім?» 

деді.  Мен  «аты-жөнім  -  Мұрат  Нұрсұлтанұлы 

Әлжанов» деп жауап бердім.

Өз өлкеңді, облыс пен ауданды жақсы біледі 

екенсің, өзінің туған өлкесін жақсы білетін адам, 

жақсы географ бола алады, - деді де, «біздің 

  М.Өтемісов атындағы БқМу-дың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында



Білім  ордасына  биыл  80  жыл  толып  отыр.  Осы  жылдар  ішінде  оқу  ордасында  білім  алған  түлектер  еліміздің  түкпір-түкпірінде  абыройлы  қызмет  атқарып 

жүр. Олардың оқу орнының ғана емес, еліміздің мақтанышына айналып, есімдерінің асқақтай түсеріне сеніміміз мол. Университетіміздің туын желбіретіп жүрген 

түлектердің естелік әңгімелерін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Университеттің

 

баға жетпес мұрасы



Өнер – оқу, ізденуді қажет етеді

Газетіміздің бүгінгі кейіпкері 80 жылдық мерейтойын тойлап жатқан қасиетті қара шаңырақ - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан 

мемлекеттік университетінің (бұрынғы «Құрмет белгісі» орденді  А.С.Пушкин атындағы педогогикалық институтының) жаратылыстану-

география факультетінің 1975 жылғы түлегі, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосының тұрғыны - Әлжанов Мұрат Нұрсұлтанұлы осы уни-

верситетте білім берген ұлағатты ұстаздарды ерекше құрметпен, сағынышпен еске алады...

Мұрат ӘЛЖАНОВ: 

                                                         

«Ұстаздарымды еске аламын...»

Тәлім  алып,  үлкен  өмірге  жолдама  алған 

білім бұлағының алтын орда бесігі - институт-

ты,  жаратылыстану-география  факультетін, 

ондағы  дәріс  беріп,  білім  шыңына  шығуыма 

тер төккен аяулы да құрметті ұстаздарымның 

есімін ұмытпақ емеспін.

С о л а р д ы ң  а р а с ы н д а  ф а к ул ьтет т і ң 

негізін  қалаушылардың  бірі,  география 

ғылымының  кандидаты,  доцент  Москалев 

Георгий  Ефремович,  факультет  ақсақалы, 

ботаник,  ғылым  докторы,  профессор  Иванов 

Всеволод  Вечяславович,  кезінде  факультет 

деканы  болып,  кейін  осы  институттың  рек-

торы,  Алматы  қаласындағы  КАЗПИ  ректоры 

болған  Ағелеуов  Есенбай  Ағелеуұлы,  ғылым 

кандидаттары - Петренко Анатолий Захарович, 

Мазницына Клавдия Тимофеевна, Амангелді 

Галимов секілді ұстаздарымның орны біз үшін, 

шәкірттері үшін өте жоғары, сондықтан болар, 

ұлағатты  ұстаздарымыз  студент  жастардың 

зор ілтипатына бөленіп жүретін.

Олар әрдайым дәріс сабақтарын өте тар-

тымды, қызғылықты өткізіп, өмірмен байланыс-

тыра  отырып,  бізге  ақыл-кеңестерін  айтып 

жүруден әсте жалықпайтын.

Марқұм,  доцент  Г.Е.Москалев  жарқын 

мінезді, жоқтан өзгеге ренжіп тарылмайтын, кең 

пейілді жан болатын. Кім-кіммен де ортақ тіл та-

быса кететін, адамды өзіне тартып тұратын.

Мен  Георгий  Ефремовичпен  сонау  1970 

жылы институтқа түсуге талапкер болып жүрген 

кезде танысып едім: - Қабылдау сынағын гео-

графия пәні бойынша тапсырып жатқан кезім. 

Қабылдау комиссиясында 3 адам, ортасында 

жасы елуден асқан, ақ шашты, кең маңдайлы, 

ашық жүзді, орта бойлы кісі отырды. Ол кезде 

мен оның Г.Е. Москалев екенін білмеймін ғой. 

Билетті  суырып,  әзірленіп,  жауап  беруге 

факультетте осындай жастар оқуы керек»- деп 

комиссия мүшелеріне бұрылды. 

Сөйтіп, мен осылай «5» деген баға алып, 

институтқа  қабылдандым.  Кейін  бұл  кісі 

менің  курстық  жұмыстарыма  жетекші  болды, 

география  қағидаларын  дұрыс  түсінуіме, 

географияның  нақты  өмірмен  байланысын 

білуге, табиғат пен айналаны, қоршаған орта 

мен туған өлкені қадірлеп, сүюге үйретті.

Мен Георгий Ефремовичке Орал қаласына 

келген сайын сәлем беріп, барып тұратынмын. 

Оны  соңғы  рет,  облыс  ауруханасында  іздеп 

көңілін сұрауға барып, жолығып едім, бұл менің 

соңғы рет көргенім екен, кейін қайтыс болды.

Келесі  ұлы  тұлғаның  бірі  -  ботаникадан 

және өсімдіктер әлемі жөнінде дәріс оқыған - 

профессор Иванов Всеволод Вячеславович.  

1973  жылы  жазда  Ресей  Федерациясы 

Орынбор облысы, Бузулук   қаласы маңындағы  

қарағайлы  орман  қорығында  далалық  прак-

тиканы өткізген біздің курсқа жетекшілік етті. 

Ондағы Боровка өзені жағасындағы студент-

тер далалық лагері, орман ішіндегі ғажайып 

табиғат,  қызықты  практикалық  жұмыстар 

ұмытылмақ емес. 

Сонымен қатар тағы бір ұстазымыздың бірі 

- Ғұмар Сарсенғалиев 1974 жылы Астрахань-

Грозный-Орженикидзе (Владикавказ)-Тбилиси-

Сухуми-Ростов-Волгоград  қалаларына  алыс 

комплексті  практикаға  апаруға  жетекшілік 

етті.  Онда  біз  тарихи-географиялық  орын-

дар,  кәсіпорын-завод,  өндіріс  ошақтарымен 

тікелей  таныса  отырып,  физикалық  геогра-

фия, экономикалық география, ботаника мен 

өсімдіктер,  жануарлар  әлеміндегі  сабақтар 

өткізуге зор тәжірибе жинақтадық.

«Ат тұяғын тай басар» деген халықта мақал 

бар, марқұм Амангелді Галимовтың ұлы - Мирас 

Галимов әкесінің жолын жалғастырып, геогра-

фия кафедрасында жұмыс жасайды екен, оған 

табыс тілеймін.

1975  жылғы  түлектер  қазір  еліміздің  әр 

тарапында еңбек етіп, бірі жас ұрпаққа тәлім-

тәрбие беріп жүрсе, бірі өзге салаларда табы-

сты қызмет етуде. 

С о н ы ң  б і р і  -  В а л е н т и н  И в а н о в и ч 

Амельченко, біздің арамыздағы үздік студент, 

қазіргі  таңда  осы  университеттің  география 

кафедрасының  меңгерушісі,  география 

ғылымының кандидаты, доцент.

Объезянов Александр Николаевич - Орал  

газ,  мұнай  және  салалық  технологиялар 

колледжінде  директордың  өндірістік  оқыту 

жөніндегі орынбасары.

Өзім  алғашқы  ұстаздық  еңбек  жолымды 

туған  жерім  Қаратөбе  ауданында  бастап, 

1981  жылдан  бері  мемлекеттік  қызмет  сала-

сында жемісті еңбек етіп келемін.

Біздің  нәтижелі  қызмет  етуіміз  –  ұлағат-

ты  да  көреген  ұстаздарымыздың  жемісті 

еңбегінің  арқ асы  деп  білеміз.  Сапалы 

біліммен  бізді  қаруландырған,  дүниеден 

озған ұстаздарымызды сағынышпен еске ала 

отырып, аруақтарына тағзым етеміз.

Еліміздегі іргелі білім ордасы - М.Өтемісов 

атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универ-

ситетінің  80  жылдық  мерейтойы  қарсаңында 

профессорлар-оқытушылар  құрамы  мен 

еліміздің жарқын болашағы – студент жастарды 

мерекелерімен  құттықтай  отырып,  зор  табы-

стар  тілеймін.  Киелі  қара  шаңырақтың  алар 

асулары асқақ болсын.



Тәжірибелі де ұлағатты, еңбегі елге елеулі ұстаздар тәлім-тәрбие алған, қабырғасынан 

талай  таланттылар  қанат  қаққан  батыс  өңіріндегі  киелі  қара  шаңырақта  бір  әулеттің 

ұрпақтары әр жылдары білім алып, өмірден өз жолдарын тауыпты. Кәсіптің бір саласына 

шынайы берілген мұғалімдердің бір шаңырақтан шығуы - ол өзі сирек кездесетін құбылыс. 

Осы сиректер қатарынан орын алатындардың бірі – Айталиевтер әулеті.

Ұстаздар отбасы

Сатпай Айталиевтен бастау алған ұстаздық 

ұлы жолды бүгін де балалары мен немерелері 

жемісті жалғастыруда.

Соғыс  және  еңбек  ардагері  Айталиев 

Сатпай 1916 жылы Орда ауданы, Шонай ауыл 

кеңесіне  қарасты  Қаракөл  деген  жердегі 

Калинин  колхозында  (соңынан  құрылған) 

дүниеге келген. Орта білім алғаннан кейін 1933 

жылы Оралда мұғалімдер даярлайтын арнау-

лы курсты бітіріп, 1933-34 жылдары Қаракөлге 

келіп,  қазақ  балаларына  арналған  орыс 

класында сабақ беріп, ұстаздық жұмысын ба-

стайды. Шоңай, Қасымтау ауыл кеңестерінде 

хатшы  болып  істейді.  1939  жылы  азаматтық 

борышын ақтау үшін Қызыл Армия қатарына 

алынады.  Міндетін  атқарып  қайтар  алдын-

да  Ұлы  Отан  соғысы  басталып,  ел  қорғауға 

қатысады.  Ұлы  Отан  соғысының  басынан 

аяғына дейін болып, жеңіспен 1946 жылы елге 

старший лейтенант атағымен оралады.

Сол жылдан бастап түрлі салада қызмет 

атқарған  С.Айталиев  1960  жылы  Бисен 

ауылына  келіп  мектеп  директоры,  интернат 

меңгерушісі,  кейіннен  өмірінің  соңына  дейін 

ұстаздық қызмет жасаған. Сатпай Айталиевтің 

еңбегі  жоғары  бағаланып,  жоғарғы  партия, 

совет, халық ағарту органдарының грамота-

ларымен, медальдарымен наградталған. Ол 

1985 жылы дүниеден озған. 

С а т п а й   а т а й д ы ң   б а л а л а р ы н ы ң 

үлкені  -  Айталиева  Тайба  1958-1962  жыл-

дары  университеттің  физика-математика 

факультетінде білім алып, физика мамандығын 

алып шыққан. Тайба апай «атақты ұстаз - Үміт 

Қобланова  апайды  терең  де,  сапалы,  нақты 

білім  бере  білген  мықты  ұстаз  еді»,-  деп 

ерекше еске алады. Апай ұзақ жыл ұстаздық 

қызмет атқарып, зейнетке шыққан. Оның ұлы 

– Қабдолов Бауыржан да – осы университеттің 

түлегі, қазір жемісті еңбек етуде.

1964-1969  жылдары  білім  ордамыз-

да  білім  алған  Айталиева  Қалима  -  қазақ 

мектептеріндегі  орыс  тілі  мен  әдебиеті 

мамандығын алып шыққан, отыз жылдан астам 

уақыт шәкірттерін білім нәрімен сусындатқан 

ұстаз, қазір зейнет демалысында. Сол кездегі 

ректор  В.К.Сидоров  өте  білімдар,  талапшыл, 

адамгершілігі  мол  кісі  еді.  Ал  ұстаздарымыз 

орыс тілі мен әдебиетінің сан қилы сырларын 

терең түсіндіріп, бойымызға дарытып, білімді 

маман  болып  қалыптасуымызға  зор  септігін 

тигізген жандар дейді,- Қанипа апай. Апайдың 

қызы – Гауһар да – университет түлегі.

Айталиева  Қания  -  институтта  1972-1977 

жылдары  оқып,  математика  мамандығын 

игеріп  шыққан.  Жас  ұстаздарды  тәрбиелеп, 

тәжірибесімен  алмасудан,  математиканың 

ғажайып  сырларын  шәкірттеріне  үйретуден 

әсте жалыққан емес, қажырлы еңбегі зая кет-

пей, ондаған шәкірттері үздік нәтиже көрсетіп, 

«Алтын белгі» иегерлері атанып та үлгерді. 

Айталиев  Сатпайдың  немере  ұлы  мен 

келіні Шәкір мен Айнұр да университетті тарих 

мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 



Әр уақытта бір әулеттен ата, әке, ана, ұл-

қыз, немерелердің мұғалім мамандығын алып 

шығып, осы жолда абыройлы қызмет атқарып 

жүру  –  ұрпақтар  сабақтастығының  үлгісі 

емей  немене?!  Қасиетті  қара  шаңырақты 

80 жылдық мерейтойымен құттықтай оты-

рып,  ұлағатты  өмірімізге  жол  ашқан  білім 

ордамның барлық ғалымдарына, оқытушылар 

қауымына Айталиевтер жанұясы атынан бас 

иеміз,-дейді Қалима Айталиева.

Өз тілшіміз

Сол жақта Сатпай  айталиев және 

генерал Шәкір Жексенбаев, 1946 ж. 

№ 10 (882) қазан 2012 жыл

11

ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЙТ.....



Қазақ «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Сондай жанның бірі – Аққүн Халиоллақызы. Ол  80 жылдық 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет