Емдеуұстанымдары 1 түрдегі қант диабетінің емі инсулин екпесін тұрақты алу болып табылады . Препарат түрі, гормон бірліктерінің саны, қолдану жиілігі әр науқасқа жеке таңдалады.
Қант диабетінің екінші түрінде науқастарға қантты төмендететін препараттар тағайындалады. Ауруды дәрімен емдеу нәтиже бермесе немесе ауыр асқынулар пайда болған жағдайда инсулин тағайындайды. Ішкі органдар жұмысындағы анықталған өзгерістерге байланысты емдеу басқа дәрілік заттармен толықтырылады.
Бірақ тек дәрілерді қолдану жеткіліксіз. Диабеттің дамуын тоқтату үшін науқастар белгілі бір тағамдарды тұтынулары керек. Ол жеңіл сіңімді көмірсулардың тұтынылуын шектеуге негізделген. Инсулинге тәуелді ауру түрінде науқастар тым майлы тағамдарды тұтынуды да шектеулері керек. Эндокринологтар диабетпен ауыратындардың 9-шы емдік диетаны алуға кеңес береді.
Аурудың екінші түріндегі қант диабетімен ауыратындар қант жеуден бас тартуы керек және тұтынылған тағамдардың калориясын төмендетулері қажет. Тамақтану міндетті түрде жиі-жиі және дәрумендерге бай болуы тиіс, тамақ мәзіріне қант алмастырғыштары қосу ұсынылады. Емдік тамақтанудың барлық қағидаларын қатаң ұстану инсулин мен қантты төмендететін дәрілердің мөлшерін төмендетуі мүмкін, зат алмасудың барлық түрлерін қалыпқа келтіреді және осылайша өмірге қауіпті асқынулардың дамуына жол бермейді.
Эндокринологтар диета терапиясына қосымша арнайы табиғи кешендерді пайдалануға кеңес береді, олардың бірі – Ламифарэн.
Ламифарэн – сипаты мен құрамы Ламифарэн емдік-профилактикалық қасиеттерге ие толықтай табиғи өнім болып табылады. Оның негізінде қоңыр балдырлар жатыр, ал химиялық құрамы макро және микроэлементтерден, түрлі топтағы дәрумендерден, полисахаридтерден, йодтан тұрады. Өнімнің құрамы туралы мына жерден оқыңыз Ламифарэн 98 пайызға дейін сіңіріледі, жанама әсерлер тудырмайды, барлық дәрілермен бір уақытта қолданыла береді. Өнімге өткізген клиникалық зерттеулер кең таралған созылмалы ауруларды айтарлықтай жеңілдететінін, пайдаланып жүрген дәрілік заттардың мөлшерін төмендетуге көмектесетінін, жалпы денсаулықты жақсартатынын, иммунитетті күшейтетінін дәлелдеп берді.
Ламифарэнді екі түрдегі қант диабетінен зардап шегетіндер үшін аурудың кез келген сатысында қолдануға болады. Егер емдік-профилактикалық гель түріндегі өнімді аурудың ерте сатысында немесе қант диабетіне дейінгі кезеңде ішсе, онда глюкозаны төмендететін препараттарды көп қабылдаудың және өмір бойы инсулинді салудың қажет болмауы мүмкін.