Ќант ќызылш асы


Тұқымдық қант қызылшасын қайта отырғызбай өсіру



бет11/12
Дата07.03.2022
өлшемі211,5 Kb.
#27193
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
ҚонысбайӨсімдік шаруа

Тұқымдық қант қызылшасын қайта отырғызбай өсіру. Қазіргі кезде қолданылатын екіжылдық көшіріп отырғызу тәсілімен қант қызылшасы тұқымын өсіру көп еңбек және қаражат шығынын қажет етеді: көптеген үрдістер (аналық тамыржемістер отырғызу, тұқымдықты жинау) осы кезге дейін толық механизацияланбаған. Тұқымдық қант қызылшасын қайта отырғызбай өсіру тәсілі Орта Азия елдері мен Ресейдің Краснодар өлкесінде кеңінен қолданылады.

Қант қызылшасы тұқымын көшірмей отырғызумен алу тәсілі АҚШ, Венгрия, Болгария, Турцияда көп таралған.

Көшірмей қант қызылшасы тұқымын алудың табиғи жағдайлардан басқа маңызды жайы - қант қызылшасы тамыржемісінің қысқа төзімділігін көтеруге бағытталған кешенді агротехникалық тәсілдерді қолдану болып саналады. Ксероморфты, ұсақ ағзалы құрылымды, жақсы өткізгіш ұлпалы тамырлы қант қызылшасының қысқа төзімділігі өте жоғары. Сондықтан көшірмей отырғызу тәсілімен қызылша тұқымын алу агротехникасының негізі аналық өсімдікті қатаң жағдайда баптау - оларды жиі орналастыру, бірқалыпты ылғал мен қоректену, қыстайтын тамыржемістердің көлемін кішірейту үшін кеш себу және т.б.

Аналық қызылшаның алғы дақылдары ерте жиналатын дақылдар - асбұршақ, күздік рапс, күздік арпа, күздік қарабидай мен бидай болуы мүмкін, егер оларды жинағаннан кейін жеткілікті жауын-шашын болса.

Аналық қызылшаны арпа, зығыр, қыша, рапс дақылдарымен бүркемелеп егуге болады.

Тамыржемістің қысқа төзімділігін арттыру үшін азот мөлшерін негізгі енгізуде кәдімгіге қарағанда екі есе азайтады, ал фосфор мөлшерін шамамен 30 кг көбейтеді. Егу кезінде қатарға тек фосфор мен калий тыңайтқыштарын енгізеді.

Тұқым себер алды қопсыту жырту қабатының тығыз құрылымын сақтау үшін беткі қабатта (4-5 см) жасалынады. Сонан соң, дереу себу ауыр таптауышты пайдаланумен бірге жүреді. Қатараралық ені 70 см немесе 70x15 см. Көп дәнді қызылшаны егістік жер гектарына себу мөлшері 18-20 кг, бір дәндіні - 12-15. Аналық қызылшаның қысқа төзімділігі мен тұқым өнімі көбінде себу мерзіміне байланысты.

Аналық қызылшаның жақсы қыстап шығуы үшін, топырақ қабатында орналасқан оның үстіне тұрақты салқын түскенде 10-15 см, ал солтүстік аудандарда 20-25 см дейін топырақ үйеді. Тамыржемістер өз орындарында қыстап шыққаннан кейін күтіп-баптау тәсілдері өсімдіктің дұрыс өсіп-жетілуіне бағытталуы керек. Ерте көктемде қызылша тамырларын топырақ үйіндісінен тырма, сүйреткілер мен егіс қатарына көлденең немесе қиғаш жүріп аршып босатады. Минералдық және органикалық тыңайтқыштармен, әсіресе көң садырасымен тамырларды үстеп қоректендірудің маңызы зор. Вегетация кезеңдерінде кемінде екі рет үстеп қоректендіру керек.

Қант қызылшасы плантациясы топырағын қопсыған және арам шөптерден таза ұстау үшін кемінде 2-3 рет қатараралықтарды өңдейді.

Көшірмей қант қызылшасының тұқымын алу тәсілінің ерекшелігі тұқымның біркелкі пісуі мен тұқымдық бұталардың жатып қалуының азаюында. Бұл қант қызылшасы тұқымдығын бөлектеп оруға мүмкіндік береді. Тұқымдықты өсімдік тұқымының 20-25% қоңырланғанда егісті қосарланған пышақпен жабдықталған лафетті және аспалы дестелегішпен орады. Дестедегі өнім кепкеннен кейін оны комбайнмен бастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет