Платон (б.д.д. 427-347 жж.) атақты және аса ауқатты бай жанұядан шыққан. Оның шын есімі – Аристокл. Оның Платон деп аталуы денесінің екі бөлігі – кеудесі мен маңдайы кең көлемді болғандықтан. Оны Платон деп атаған Сократ. Шыққан тегі бойынша аристократ, Аттиканың соңғы ханы, Кодр ханның ұрпағы, 20 жасында Сократпен танысып, өмірінің соңына дейін оның шәкірті болған. Ол басқа да сол заманның байларының ұлдары секілді өзін мансапқа дайындаған. Бірақ аристократтар мен демократтардан көңілі қайтып, Сократпен кездескеннен кейін, философияны өмірінің мақсаты деп таңдады. Ұстазы қайтыс болғаннан кейін, 20 жылға Афинаны тастап кетіп, Египет, Оңтүстік Италияны, Сицилияны аралап кетеді. Грециядан тыс оның ғылыми және саяси-экономикалық көзқарастары қалыптасады. Сициялида Платон өзінің идеал мемлекет жобасын жүзеге асырамын деп, оны ішкі саяси істерге араласқаны үшін, құлдыққа сатып жібереді. Оны пифагориялық Архит құтқарып алады. Достарының қарызын өтеу үшін жиналған ақшасын Архит қабылдамайды. Сонда Платон ол ақшаны алып, өз Отанына оралады, бақ сатып алып, оған Академ атауын береді және өзінің философиялық мектебін ашып, оны Академия деп атайды.
Платон академиясы антикалық иделизмнің ортасы болды. Бұл уақытта дейін Эллада да идеализмді ешкім орнықтырмаған еді. Диоген Лаэрцийдің ескеруінше, Платонның еңбектерінде эллеаттардан бастап, Гераклит пен Пифагор, Сократқа дейінгі аралықтағы философтардың барлық идеалистік көзқарастары орын тапқан. Әйтсе де идеалистік жүйені ең бірінші қалаған Платон болады. Ол бай философиялық мұраларын қалдырып кетті: диалог түрінде қалдырған отыздан астам еңбегі – «Тимей», «Федр», «Заңдар», «Саясаткер», «Мемлекет» «Сократқа апология» деген еңбегінде ұстазының атынан өзінің көзқарастарын ұсынады.
Платон және Сократ софистердің философиялық көзқарастарын құлиеленуші мемлекеттің тұрақтылығын қорғайды деп есептейді. Олар мұны Грекиядағы афиналық, анархиялық демократияның жабайы түрі деп есептейді. Егер софистердің «жеке» бостандық идеясы өмірде жүзеге асса, индивидтер мен жекелер арасында қарама-қайшылық туады. Құлиеленушілік қоғамда азаматтардың бір бөлігінің екіншісіне сөзсіз бағынуы үлкен қоғамдық апаттарға алып келеді. Платон мұны өмірден байқаған. Мұндай құбылыстардан шығу жолы мемлекеттіің, демократияның заңдарды күшейту емес, азаматтардың моральдық танымы мен саяс көзқарастарын қолдау болып табылады.
Платонның сенімі бойынша