Антикалық философия М. Ш. Хасанов


гераклиттық және элеаттық



бет10/11
Дата11.12.2023
өлшемі50,88 Kb.
#137071
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
sciPaper3622

    Бұл бет үшін навигация:
  • Құдай
гераклиттық және элеаттық түрімен шешу қажет. Ол «еске түсіру» теориясына негіздей отырып, қарама-қайшылықтарды жеңуге тырысады: адамның өлмес жаны (оның саналы бөлігі) эйдос әлеміндегі денемен бірлескенге дейін идеяларды «еске» түсіреді. Ол нақты шындыққа бағытталған жағдайда танылады. Осы жағдайда жан – идея әлемі мен зат әлемі арасында байланыстырушы ретінде қарастырылады.
Платон таным теориясында «диалектиканы» пайдаланады, яғни маңыздылығы туралы ілім, білім мен көзқарас арасындағы айырмашылықты анықтайды, Эростың жартылай мифтік бейнесін танымды байланыстыруды көрсетеді, білім мен сезім бөлінбейтін «махаббат пен шығармашылық демоны» болып табылады.
Платон білімнің ұшар шыңына шығу жолын «пире» түрінде бейнеледі: Эрос байлық пен кедейшіліктің баласы ретінде (яғни білім және білімсіздік) ақылдылық пен надандықтың арасында тұрады. Білімді іздеудегі жан эйдос әлеміндегі білімге жоғары махаббатпен ұмтылады, сонда ғана шындықты «еске» түсіреді. Платон «мемлекетте» Эростың Абсолютке және одан жерге қайтадан қонатын домен-байланыстырушы қанаттарынан шығатын жанды тазалау бұл таным екендігін көрсете отырып, эристиканы дамытады. Бұл философтарға қолайлы танымның орташа жолы. Білім сезім және ақылмен бірігуі керек. Пирада ол А.Ф. Лосевтің анықтамасы бойынша, «қалыптасу бірлігі» деп көрсетілген.
Философияда даналылыққа деген махаббат Платон бойынша бәріне бірдей болмауы мүмкін: білімі бар Құдай үшін философия қажет емес. Ол өз-өзіне сенімді және надандықты да қажет етпейді. Білімге ұмтыла отырып, саналы түрде философ білімінің жетілген деңгейіне өтеді, яғни білім мен білімсіз (байлық және кедейшілік) арасында тұратындар толық жетілмегеннен толық жетілген білімге ұмтылуға тырысады.
Платон бойынша таным – «анамнез» яғни «еске» алудың жалғыз формасы, яғни біздің жанымыздың терең түкпірінде орналасқан. Көріп отырғандай, ойшылдардың гносеологиялық және онтологиялық көзқарастары жан түсінігімен, оның тылсым, мифологиялық көзқарастармен үндеседі. Бөтен болмыстың ашылуы, категориалдық аппарат пен таным әдістерін жасау объективті идеализм жүйесін құру осы кезеңді аяқтайды.
Платон шығармашылығының үшінші кезеңі алдыңғы идеяларды түсінуді қайта бағалау, саяси тақырыпқа оралу,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет