Жинақталу операциясы ойлардың төменнен жоғарыға қозғалысын білдіреді – сезімдік заттардан олардың болмысын түсінуге дейін, ал одан ойға дейін; бөліну –
Жинақталуоперациясы ойлардың төменнен жоғарыға қозғалысын білдіреді – сезімдік заттардан олардың болмысын түсінуге дейін, ал одан ойға дейін; бөліну – біз бір нәрсені идея арқылы түсіндіргендегі жоғарыдан төмен қарайғы қозғалыс.
«Софиста» мен «Федрада» ол диалектика заттарды және заттардың түсінігін тектерге, оның ішінде түрлерге бөлу өнерінің жоғары дәрежесі екенін белгілейді. Көрініп тұрғандай, Платонның түсінігі бойынша диалектика ол екі түрлі жолмен түсінуге болатын ғылым. «Федрадағы» бірінші жолы гипотезадан ойға өтуді Платон «қосылу» деп атайды, ал екінші жолды «бөліну» дейді. Диалектика бірден барлығын байқап, бөліп және біріктіре алады.
Платон диалектикасы қарама-қайшылық арқылы дамыту туралы гераклитті ілім ғана емес, түсініктерді анықтау әдістері, түсініктер түрлері мен туыстары, категориялары туралы ілім, яғни түсіндірмелі диалектиканың, таным теориясының дамуының қажетті кезеңдері, логиканы дамыту кезеңдері деп айтуға болады. Таным туралы Платон ілімі болмыс, диалектика, оның космологиясы, тылсымдылық ілімдерімен тығыз байланысты.
Платон өзінің гносеологиясын жасаудағы шығармашылық кезеңінде алғаш рет антикалық философтарды таным үдерісінде «ақылмен санасу ойша қорыту»(интеллигибельді) түсінігімен байланыстырды. Оның гнеосологиясы онтология секілді жан туралы ілімнің ажырамас бөлігі («Менон», «Пир», «Мемлекет»). Платон болмыстың сәйкес түрлерімен, білімнің алуан түрлері бар деген қорытындыға келеді. Материалдық әлемнің пәні болып табылатын сезімдік таным Платон бойынша «болуы мүмкін емес» деп есептелген, екіншіден, ол түпнұсқа туралы мәліметтерді емес, «көзге көрінетін» болмысты сипаттайды. Ақиқат білім ақыл, санамен ал оның зерттеу пәні идея әлемі, яғни көне болмыстың ақиқатын көрсетеді. Басқаша сөзбен айтқанда, Платон идеясы сезімтал әлемнің болжағыш себептері мен бейнесі.
Білім түрлерін анықтай келе, Платон келесідей қорытынды жасайды, болмыстың ақиқаттылығын тану үшін танымның екі түрімен, болмыстың екі анықтамасы арасындағы қарама-қайшылықтарды –