Гераклит – (б.д.д. 544-480 жж.) Эфестен (Кіші Азияның батыс жағалауындағы қала) шыққан. Лақап аты – Қараңғы, милеттіктердің ойын ары дамытып, динамикалық заттың универсалдылығын, яғни пайда болу, даму, жоғалу түсінігін қарастырды. Ол дүниенің тұрақсыздығын, үнемі қозғалыс пен өзгерісте, дамуда болатындығын айтты. Дәл иондықтардың еңбегі сияқты біздің заманымызға Гераклиттің философиялық еңбектерінен қысқа үзіктері ғана жетті. Ол үш бөлімнен тұратын «Табиғат жайлы» кітабының авторы екені белгілі. Онда бірінші бөлім Табиғат, екінші бөлім Мемлекет туралы, үшінші бөлім Құдай жайында айтылады. Платон, Аристотель, Диогеннің айтуынша бәріненде оның афоризмдері белгілі: бәрі қозғалады, тынбайды, бәрі ағады, өзгереді және т.б.
Гераклит қарама-қарсылықтардың бірінсіз-бірі өмір сүрмейтіндігін дәлелдеп шықты. Ол дүниенің тұрақсыздығын, оның үнемі қозғалыс пен өзгерісте, жалпы дамуда болатынын айқындап берді. «Өзендегі суға екі рет түсе алмайсың, өйткені, ол ағып жатыр» дейді. Мұның өзі барлығы ағып, үнемі дамуда болады деген пікірді білдіреді. Гераклит қарама-қарсылықтардың бір-бірінен ажыраспайтынын, бір-біріне өтетінін, алмасатынын, бірін-бірі толықтыратынын, бірі жойылса, екіншісі де жоғалатынын айқындап берді.
Гераклиттің пайымдауынша, дүние толық және әрқашан өзгеріс үстінде болады. Оның бастамасы – от: бәрі от бейнесінде және бәрі қоюлану және сұйылу жолымен бір күйден екінші күйге ауысып отырады. «От – бұл қажеттілік пен қажетсіздік, контраст және гармония, бәрі араласу нәтижесі болады. От – мәңгілік қажеттілік пен тойымдылық және қарбалас пен тұрақтылық». От Гераклит үшін проматерия ғана емес, үнемі болатын өзгерістің белгісі. Бүкіл тірінің метаморфозасы, мәңгілік өзгеріс символы.
Гераклит тұрмыс негіздерін қарастырғанда «Орталық философияны» ұстанған. Оның «Мәңгілік оты» тіршілік негізі, тән мен дене орталығы, оның «Мәңгілік оты» тіршіліктің субстанционалды негізі, ол материя мен рухтың бірлігін ұсынады. Ол материя мен сананы бір-біріне қарсы қоймайды. Керісінше гилозоизм барлық тіршіліктің жандылығын, олардың тұтастығын және бірге дамуын көрсетеді.
Гилозоизм позициясы тұрғысынан қарағанда Гераклит бірлікті, тіршілік дамуындағы өзара байланысты негіздеді. Бізге жеткен үзік-үзік еңбектерінде ол материя мен логостың синтетикалық бірлігінен гөрі материя туралы көп айтады. Инерцияға немесе толық беруді қаламағандықтан материализмге қатысты әдебиеттің басым бөлігі «Таза суға» жіберілген. Гераклит гилозоизмі екені күдік тудырмайтын, терең, мұқият жүргізілген талдауларды В.Асмус, А.Лосев, Г.Югай зерттеулерінен көрінеді.
Гераклиттің ағымдық диаликтикасында тіршілік шексіздігі және материя атап айтылады. Бұл дүниені Құдайлардың ешқайсысы және адамның ешқайсысы жаратпаған дүние болды, бар және мәңгі от болып «жанып тұрады». Ол дүниенің өзгерісі дамуының негізінде оның бірлігі және күресі болғандығын ойша түсінген. Ерте христиандық жазушы Оригеннің пайымдауынша Гераклит «қарама-қайшылықтар күресі – тұрмыстық негізі болып табылатындығын мойындайды, әрі негіздеп, оны дамытты». Қарама- қайшылықтар бір-бірімен алмасып тұрады: «суық зат жылынады, суық зат жылиды, дымқыл құрғайды, құрғақ суланады».
Сонымен Гераклит түсіндіруі бойынша заттардың шынайы табиғаты мынадай: мәңгілік қозғалыс, үнемі ауытқулардың, қарама-қайшылықтардың алмасуы заттарға, тіршілікке тән. Дүние біртұтас, онда бәрі тығыз байланысты.
Гераклит алғашқы болып тағы бір философиялық принциптің іргетасын қалаған. Гераклит бұл дүниедегі барлық нәрсе қажеттілікпен және тағдыр заңдылықтарына бағыну арқылы жүзеге асады деп пайымдаған. Адамдардың логості зерттеуі оларға дүниеде болып жатқан құбылыстарды түсінуге мүмкіндік береді. Гераклиттің үйретуінше «Логос – Дана Ақыл – ол дүние шындығы». Адамдардың көпшілігі логосқа тән ойланбайды. Тек қаны таза, иманды адамдар ғана және ең жақсы адамдар, тек қана солар ортақ ақиқатты және логос дүниені басқаратындығын мойындап соған сенеді.
Гераклит үшін таным тек факт жинау емес, заттардың ақиқатын іздеу, оны табу бәрінің қолынан келмейді. «Логостық» дүние басқаруына қарамастан көптеген адамның ойы Логоспен екіге айырылады. Олар заттың ақиқатын білу (даналық, философиялық білім) қажеттілігін білгірлік және тапқырлықпен шатастырады. «Білгірлік ақылды көбейтпейді. Басқаша айтқанда, Гесиод пен Пифагор және Ксенофан мен Гекатей бәлкім басқаша болар еді».
Басқаша айтқанда Гераклит философияның негізгі принцицпі – релятивизмге (салыстырмалылыққа) барынша тығыз жақындаған. Ол жалпы байланыс, яғни қарама-қайшылықтар арасындағы байланыс жайлы нақты айтқан, толық және жарты, қилысатын және қилыспайтын, келісу және келіспеу осының бәрінің түбі бір. Ол заттар мен құбылыстардың жалпы байланысының: «бүтін және бөлшек, бірігу және ажырау, үндестік және әртүрлілік, жалқыдан жалпы, жалпыдан жалқы құралатынының толық анықталғанын» айтады.
Диалектика балаң, стихиялы, ғылыми негізделмегеніне қарамастан Гераклитті диалектиканың негізін салушы дейміз.
Гераклитті диалектиканың негізін салушы деп айтуға толық негіз бар. Бұл сұраққа бірінші болып пифагорлық діни мистикалық мектебінің жақтаушылары жауап берген. Бұл бағыт Элладада (Оңтүстік Италиядағы Кротоне қаласы) қалыптасқан. Осы уақытта осы мектептің негізін салушы Самос тұрғыны Пифагор (б.д.д. 580-300 жж.) Диоген Лаэртскидің айтуынша, үш шығарма жазған: «Табиғат жайлы», «Тәрбие жөнінде», «Қауым туралы». Ол өзін ең алғаш рет «философ» атаған және «космос» сөзін «ғалам» деген сөзбен байланысты хаосқа байланыссыз деген ұйғарым иесі. Өзін тұңғыш «философ» (даналықты сүюші) атаған алғашқы ойшыл космос ұғымын ғалам сөзімен синоним ретінде, хаос ұғымына антоним ретінде қолданды. Сонымен космосты біртұтас, «сан мен үйлесім» заңына бағынған әлем ретінде сипаттайды. Космос осы дүниенің нақ өзі, ол тұтас болып қарастырылады және ол заңдылықтарға бағынады.
Пифагордың пайымдауынша дүние тірі шар тәріздес отты дене. Ауаны, энергияны, қуатты, бостықты жұтады. Ол ауа, бостық ішке кіріп заттарды бөледі. Барлығының негізі ретінде Пифагор санды алған, гректерше өлшем ретінде есептелген. Кейінгі Пифагорлықтар сан барлық өлшемнің бастауы екенін анықтады. Сан шек ретінде қарастырылады. Сан – шексіздіктің (рәсімделмеген заттар) рәсімнің бастамасы болып табылады.
Алғашқы пифагорлықтар әлемнің біртұтастығын және әр қилылығын негіздегісі келді. Ол әлемдік гармония үйлесімділікті қамтамасыз ететін мызғымас заң және өзара қарым-қатынас арқылы жүреді. Оны олар «аздық көпте, көптік аздықта»деп пайымдады. Олар математикалық заңдылықтармен түсіндіріліп отырды. Тіршіліктің алғашқы бастамасы сан көпке жинақталады. Онда дыбыстық үйлесім принциптері мен барлық өлшемнің бастамасы бар, олар математикалық заңдылықпен анықталады.
Иондықтардың көзқарастарын тағы Элей мектебінің (б.д.д. V ғ.) жақтаушылары дамытты. Ксенофан, Парминид, Зенон, Мелисс бұлардың Сократқа дейінгілердің көпшілігі, элеаттықтар жаратылыстану ғылымының мәселелерімен айналыспады, болмыс туралы ілімді дамытты, классикалық грек онтологиясының іргетасын қалады. Сократтықтарға қарағанда элейліктер дүние жаратылыстану ғылымымен айналыспай көбіне болмысты тереңдетті.
Анаксимандрдың шәкірті Ксенофон (б.д.д. 580-487 жж.) өлең түрінде бірнеше еңбек жазды, соның бірі – «Табиғат жайлы» поэмасы, ол тапқыр, «Гомер өтірікшінің жаласын ашушы» деген лақап ат алған. Ксенофон «барлық миф (аңыз) – өтірік» деп айтты. Оның нақты зерттеуі – әлем тұтастығы. Оның ілімінің негізгі пункті: «Бар болу бірлікте» екенін мойындау. Бәлкім, Ксенофон тұтастық деп жаратушыны да және тұтас әлемдік денені де қарастырған. Басқаша айтқанда Құдай ол дүниедегі тыныштық нышаны. Дүние – мәңгілік, аяқталуы мүмкін емес. Жаратушы адамдардан өзгеше және мәңгілік, шар тәріздес тұтас, өзгереді, қозғалады, жаралады, шарықтайды және бәсеңдейді. Мұның бәрі алма кезек болады, болмыстың негізін ақыл-ой (логос) арқылы түсінуге болады. Ал сезім бізге ақиқаттың баламасын ғана береді, ол алдамшы пікір.
Ксенофанның болмыс туралы ілімін тереңірек Парменид (б.д.д. 540-480 жж.) жетілдірді. Плутархтың айтуынша, сезім алдамшылығын жоққа шығармайды(табиғатта саңылау болмайды). Дүние жалғыз, онда жекелеген заттардың көптігі жоқ (тек бірлік бар, көптік жоқ).
Парменид алғашқы болып философиялық анализге болмыс түсінігін енгізген. Ол тіршілікті үлкен біртұтас шар тәрізді дененің ортасында қалыптасқан деп есептеді. Әлем біртұтас оның ішінде бөлек заттар мүлдем жоқ. Табиғатта саңылау болмайды, дүние жалғыз онда жекелеген заттардың көптігі жоқ (Тек бірлік бар, көптік жоқ).
Парменид пайымдауынша, тіршілік бар нәрсе, жоқ нәрсе болмайды. Бар зат – жоқ заттың қарама-қайшылығы. Өйткені бүкіл әлем біртұтас және ол тұрақты, өзгеріссіз. Сондықтан ол мәңгілік және ешкім жаратпаған. Тек қана өзгеріссіз тіршілік жоқ, ол өзгермелі.
Парменид – «болмыс бар», «болмыс емес жоқ», болмыс – бар болу, не нәрсе жоқ – (болмау, жоқтық) өмір сүрмеу» деді. Болмыс тұтастай болмауға қарама-қайшы ұғым. Қаншалықты әлем жалғыз болса, қозғалмау, өзгермеу оның негізгі сипаты болып табылады. Сондықтан ол мәңгілік, оны ешкім жасаған жоқ. Тек жалғыз, өзгермейтін болмыс ақиқат, ал өзгергіштік, көптік елес қана (иллюзия).
Парменидтың айтуынша тіршіліктің өткен шағы, болашағы болмаған, ол мәңгілік осы шақ. Тіршілік бейнесі толық сфера тәріздес. Ол ойша тіршілікті тек ой өрісіне байланысты ол уақытша өзгермейтін құбылыс. Оны бөлуге болмайды. Ойлаудың өзі тіршілік. Болмыс өзгермейді, қозғалмайды, егер қозғалыста болса өзгермелі болса ол болмыс емес. Болмыс пішіні егінсіз.
Біз сезіммен танимыз бірақ тек оймен аяқтаймыз. Ой сезімді басып озады. Сезім бізді алдауы мүмкін. Оның айтуынша, ақиқат ойлауда, ал сезім бізді адастырады. Ой бізге болмыс тұрақты, ал басқаның бәрі алдамшы деп пайымдайды. Біздің ойымыз – әрқашан зат туралы ой. Бұл заттан болмысты ажыратуға болмайды. Ой – бұл әрқашан болмыс. Басқаша айтқанда, «ойлану» рационалды жолмен жүзеге асады.
Оның ілімдері Зенонның апорияларында жалғасын тапты, Самостық Мелисс тезистерінде «Ешнәрсе жоғалмайды. Жоқтан бар пайда болмайды, бар ешқашан жоғалмайды» деген ой айтылады.
Парменидтің сүйікті шәкірті Зенон (б.д.д. 480-430 жж.) оның ілімін ары қарай дамытқан. Оның ойынша зерттеп-білу ғана дұрыс, ал сезіну қиындықтар туғызады. Мұны айта отырып, Зенон дүниеде нақты ақиқаттан бөлек диалектикалық қарама-қайшылықтар барлығын айтқан. Ол пифагорлықтардың уақыт және кеңістік жайындағы ойларына қарсы болған. Ол өзінің «Ахилл және тасбақа», «Дихотомия», «Ұшқан оқ», «Стадион» апорияларында олардың математикалық көзқарастарын айыптаған. Ал оның жоққа шығаруларын сатылы принциппен түсіндірген. Мұның бұл еңбектері оның диалектикалық танымға қосқан үлкен үлесі болды.
Зеноның қарсыласының қатесін табу арқылы ақиқатқа жету өнерін айта кеткен жөн. Аристотель оны диалектиканың негізін салушы деген.
Ол диалектиканың негізі қарсылықты ойлауда жатқандығын дұрыс түсіндіреді.
Сонымен элеаттықтардың принциптерінің негізі, тіршілік тұтастығы, ал өзгеріс дұрыс емес деген ойы өріс алған. Олар біртұтас дүние әрдайым қозғалыста деп үйреткен. Ол үшін сезімдерден бөлек нақты ойлайтын және алдамшы сезімдерді жеңіп ақиқатқа жете алатын ой өрісті болуы керек дейді.
Олар ойлау мен сезінудің айырмашылығын көрсетіп айтты. Одан бөлек элеаттықтар ойлау мен сезінуді бір түсінік ретінде қарастырады, нәтижесінде мифологиялық ойлаудан абстракты ойлауға ауысу жүзеге асты. Жалпы айтқанда, олардың көзқарастары болмыстың метофизикалық түсінігі қарастырды.