Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті



бет7/78
Дата31.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#21277
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78
Байланысты:
Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)

Пропозиционалды құрылымдар – барлық менталдық процестерге тән әмбебап элементтер. Адамның жады – өзара қиылысып жататын пропозиционалды ағаштар түріндегі аса ауқымды желі (сеть).

Реалия – белгілі бір ғана ұлттың өміріне, тұрмысына тән олардың материалдық, рухани мәдениеттерін және тарихи-әлеуметтік дамуын көрсететін сөздер мен сөз тіркестері.

Сема – мағынаның әртүрлі сөздердің мағыналарын өзара қатар қойғанда айқындалатын компоненті, дифференциал семантикалық белгі.

Семантика семиотиканың негізгі құрамдас бөлігі, таңбаның таңбалаушы мен таңбаланушы арасындағы ішкі/символдық қатынасы типі;

Семантикалық өріс  тілдік бірліктердің қандай да бір ортақ семантикалық белгісі бойынша біріктірілген жиынтығы.

Семиотика – таңбалар мен таңбалар жүйесін коммуникацияны жүзеге асыру құралы ретінде зерттейтін ғылым.

Семиотикалық кеңістік тілдік таңбаның семантикалық ауқымын, прагматикалық әлеуетін және синтагматикалық бағыттылығын қамтитын ауқымды сала.

Синтагматика таңбаны сөйленімдегі басқа таңбаларға қосатын қатынастар.

Таным – болмыстың ойлауда бейнеленуі мен қайта еске түсірілу процесі. Оның нәтижесінде білімдер жинақталады. Бұл – ақпаратты қабылдау, түсіну, елестету, репрезентациялау және туындату жүйелерінің өзара әрекеттестігі.

Таңба – таңбаланушы мен таңбалаушы арақатынасының екі жақтылығымен сипатталатын ақпараттың жасалу, жеткізілу және сақталуының материалды, вербалды құралы; таңбалаушы (тұрпат межесі) мен таңбаланушыны (мазмұн межесі) репрезенттейтін екі жақты материалдық бірлік.

Типтік код – таңбаның заттық-ұғымдық мағынасы мен тілдің ұлттық спецификасы шеңберінде түрленіп отыратын прагматикалық мағынаның (коннотациялар, этномәдени компонент) және жүйеішілік тілдік (парадигматикалық және синтагматикалық) мағыналардың жиынтығы.

Тілдік жағдаят – әлеуметтік лингвистиканың маңызды ұғымдарының бірі тілдің коммуникативтік қызметін сипаттайтын аясы.

Тілдік тұлға – тек тілдің ғана субъектісі емес, адресант және адресат ретінде сөздің де субъектісі. Дәстүрлі парадигма сөз мәдениеттің түп қазығы, орталық ұғым тілдік норма болса, ендігі жерде, жаңа парадигмада сөз мәдениетінің түпқазығы тілдік тұлға болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет