Антропоөзектік парадигма – тілді адамның танымдық ойлау қабілетімен байланыстыра қарастырады. Антропоөзектік бағыттар – этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, когнитивтік лингвистика және лингвомәдениеттану. Қазіргі таңда қазақ тіл білімінің мәселелері осы бағыттардың негізінде зерттеліп, қазақ тілінің жүйелі- құрылымдық қызметімен қатар, танымдық қызметтерінің шеңбері кеңейе түсті.
Әуезелеуші – айтатын сөзіне өзін қатыстырмай, өзінен тысқары ғаламда болған істі әңгіме қылатын адам.
Баяндаушы – жазушының сөзі, ал баяндаушының бейнесі (өзін автор ретінде көрсететін) – жазушының әдеби артистизмінің формасы. Онда автордың бейнесі өзі жасаған сахна бейнесіндегі актердің бейнесі сияқты қарастырылады.
Білім – болмыстың объективті қасиеттері мен белгілерінің адам санасында бейнеленуі, нәтижелерінің когнитивті ұйымдастырылуының базалық формасы. Жадтың бір бөлігі, санада сақталатын мәліметтер.
Дискурс (фр.discours) – тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз – уақыттың мәдени тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады.
Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ.
Коммуникация – латын тілінен аударғанда «ортақ атқару», «хабарлама» деген мағына беретінін атап көрсетеді: «Кез келген коммуникацияның екі қыры болады. Мәселен, хабар таратушы – хабар алушы, жазушы – оқушы, сөйлеуші
– тыңдаушы, продуциент – реципиент, адресант – адресат.
Достарыңызбен бөлісу: |